400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Адамгершілік-асыл қасиет

Материал туралы қысқаша түсінік
Адамгершілік қасиеттері жайлы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Адамгершілік –асыл қасиет.

Мақсаты: Оқушыларға адамгершілік, имандылық, эстетикалық тәрбие беру.Адамгершілік жайында түсінік беру, жауапкершіліктерін одан әрі дамыту. Таным белсенділіктерін арттырып, тәрбиелік дағдыларын қалыптастыру.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, тірек сигналдары, суреттер, шар т.б.

Әдісі: «Топтастыру», сұрақ-жауап, пікір алысу, топпен жұмыс.

Барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбері:

Арайлы таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды еліміз,

Жайнай түсті даламыз

Қайырлы таң балалар,

Қайырлы таң қонақтар,

Қуан, шаттан, алақай!

Қуанатын күн келді.

Кіріспе: М\м сөзі: Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне деген сенімділігі, оның ата-анасы мен басқа адамдар арасындағы сыйластығы, өнегелі, ұстамды, адамгершілігі мол азамат болып қалыптасуында.

ІІ. Әдеби монтаж: Бүгінгі «Адамгершілік –асыл қасиет» тақырыбындағы сабағымызды өлең жолдарымен бастайық.(Оқушылар адамгершілік, имандылық, әдептілік жайлы өлеңдер айтады).

Хормен: Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Барша жанды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

ІІІ. Топқа бөліну:

1-топ аты: Әдептілік.

Ұраны: Сәлемдесу- әдептілік белгісі.

2- топ аты: Достық.

Ұраны: Достық- сыйластықтан басталады.

3- топ аты: Сыйластық.

Ұраны: Сыйласаң- сыйлы боларсың.

Әр топ атына сай мақал-мәтелдер айтады. Белгіленген орындарға отырады.

Музыкалық үзіліс: «Кеш жарық» әнін Марал мен Зере орындайды.

ІҮ. Ғажайып хаттар . Құпия хаттарға жауап беру (ойланып жауап береді)

Ү. «Топтастыру» әдісі бойынша жұмыс:

Адамгершілік, жақсы бала, жаман бала стикерге жазып , қорғау.

ҮІ. Есім жайлы:

Көңілге түй сен мұны,

Әр бүлдіршін ел гүлі.

Бақытты елде туғаның,

Есіміңнен белгілі,- дегендей әр бала өз есімін жақсы қасиеттермен айтады.

Аян-айбындымын. Гүлайым- гүлдей жайнаймын. Бауыржан- батырмын. Нұрай-нұрланып тұрамын.

Хормен: Бәрі жаксы есімнің ,

Өмірге қуат беретін.

ҮІІ. Шығармашылық жұмыс: жүректі құрап сөйлем құрау.

1.Жақсы болғым келеді.

2.Үлгілі болғым келеді.

3. Жақсылық жасағым келеді.

ҮІІІ. Қорытынды:

Адамгершілік қасиеттерің әрқашан жоғары болсын! Бұл сендердің басты міндеттерің! Адам ақылды, кішіпейіл, әділ, батыл да, қайырымды болуы тиіс. Тек сонда ғана осынау АДАМ деген мәртебелі атпен аталуға құқы болады.(Тақтадағы нақыл сөздермен қорыту)

Мейірімді жүрекпен,

Бөлісейік бақытты.

Ақ ниетпен шын тілеп,

Аяқтаймыз ізгі істі,- деп сабағымызды аяқтаймыз.

Аяқтау: топтарды марапаттау









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 желтоқсан
555
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі