Материалдар / Адамгершілік асыл қасиет
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Адамгершілік асыл қасиет

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағатын өткізу үшін қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қазан 2018
917
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:Адамгершілік асыл-қасиет.

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, баланың жеке тұлғалық қабілетін қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына жауапкершілігін қалыптастыру.
Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, тақырыптық суреттер, шарлар,слайд.
1. Нақыл сөздер:
а) Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан басталады. (Абай)
ә) Адамгершілік деген ұлы сөз. Адамның іс-әрекеті, еңбек, достық, татулық – осының бәрі адамның адамгершілік 
Әдісі: Пікірталас, сұрақ-жауап, әңгімелесу. 
Барысы:
I-кезең: Тәрбие сағатымен таныстыру 
II-кезең: Оқушылардың Адамгершілік жайлы түсінігі 
IІІ-кезең: Адамгершіліктің негізгі қағидаларын білесің бе? (Өз ойын ортаға салу)

ІV Қонақтарға сөз беру.
V-кезең: қорытындылау 
Кіріспе сөз. Қымбатты оқушылар,құрметті қонақтар! Бүгінгі: «Адамгершілік – асыл қасиет» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда деп елбасы халыққа сенім артып, “Рухани құндылық, биік адамгершілік жоқ жерде үлкен өркен орнату мүмкін емес.” Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі оның тәртібі мен іс-әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген. «Тәрбиесіз адам адамгершілік жағынан надан, дүмше, - деп жазды В.А. Сухомлинский. Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді. Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді. Адамгершілік – адамның асыл қасиеті. Бүгінгі бағдарламамызда адамгершілікті сіздер қалай түсінесіздер, әдеп нормаларын білесіздер ме, өзара пікірлесіп ой бөлісеміз. 
Олай болса қыздар, адамгершілік бастауы неде, қалай ойлайсыңдар? 
Нұргүл:
Жақсыны алыс, жаманды жақын көрме, 
Жақсы атансаң, басқаның хақын жеме.
Жақсымын деп момынның малын жеме,
Жаман адам сол болар, мақұл деме.
Екі арыстан қосылса, дәуді өлтірер.
Ажал келсе, ауру түгіл, сауды өлтірер.
Ауылыңда шайпау тілді жаман болса,
Аман тұрған басыңа дау келтірер.
Назгүл:Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік түрлері отбасынан басталады. 
Балауса:Отбасындағы тәрбиені адам өз өмірінің «Алтын бесігі» мектеп қабырғасында жалғастырып, өмір заңдылықтарын үйренеді. Мектепте халқымыздың әдептілік, әдемілік, имандылық, қайырымдылық, яғни рухани адамгершілік тағылымдарын – еліміздің дәстүрін ата-ана мен ұстаз тағылымдарын өз білімдерімізбен жалғастырамыз. 
Еркеайым: Адамгершілік қасиет ең бірінші әр оқушының отбасын сыйлаудан басталады. Әке-шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата-анасын сыйламаған адам басқа біреуді сыйлап жетістірмейді. Ата-ананы ренжітпеу – әр баланың өмір бойғы міндеті. 
Жүргізуші:
Балалар Адамға ақыл беретін кімдер? ( ата-ана, дос, ұстаз,). 
1. Жалпы адамгершілік қасиеттерге не жатады?
2. Қазіргі кезде адамның бойынан қандай қасиеттерді көп байқауға болады?
3. Кей адамның жаман әдетке үйір болуының себебі неде деп ойлайсың?
Бейнеролик. Отбасы 
Пікірталас: бұл бейнероликтен не байқадыңдар? 
Бүгінгі бағдарламамыздың
қонағы тәрбиеші Смадилова К. әкпейге сөз кезегін берсек.Бірнеше жыл тәрбие саласында еңбек етіп, жасөспрімдерге ұлттық құндылықтарымызды сақтап, саналы, адамгершілігі мол жас жеткіншектер тәрбиелеуде талмай еңбек етіп келе жатқан ұстаз.
«Әр адам өзінің адамгершілік қасиетімен таныла біледі» деген пікірде. 
1. Адам бойындағы қандай адамгершілік қасиеттерді жоғары бағалайсың?
2. «Адам адамға дос, жолдас және бауыр» деген сөздің мағынасында не жатыр?
3. Адам адамнан несімен ерекшеленеде?
Ендеше келесі көрініске назар салсақ. 
Әңгіме:Үш ана 
--Үш ана басы қосылып, әңгімелесіп тұрды.
Бірінші ана: «Менің балам өте ақылды, әнші, өнерлі, математикадан нашар болғанымен болашақта керемет бір танымал кісі болатынына сенемін» - дейді баласын мақтап.
Екінші ана: «Менің балам әдемі, таза киінгенді ұнатады. Ақшаның да есебін жақсы біледі. Шамасы болашақта балам үлкен бизнесмен болады - ау»,- деп мақтанады.
Үшінші ана үндемей тұрып қалады.
Сол кезде үш ана қарияның жолдан өтуіне көмектесіп, қолтығынан демеп, сөмкесін көтерісіп келе жатқан баланы көреді. Бұл үндемей қалғаны үшінші ананың баласы еді. Қария балаға алғысын жаудырып кете берді.
Үш бала аналарына жақындады. Алғашқы екі ананың балалары аналарынан балмұздаққа ақша сұрай келді. Ал, үшінші бала анасына бүгінгі сабақтан «бестік» баға алғанын айта келді.
Сұрақ? Қай баладан болашақта не күтуге болады? (Оқушыларды сөйлете отырып сұраққа жауап алу)
Жүргізуші көріністі мақалмен қорытындылайды:
«Жақсы жаман болу міндет емес,
Жақсы адам болу борыш»
Сұрақ: Қай баладан болашақта не күтуге болады?
1. Адамгершілік қасиеттерді қаншалықты бағалап жүрміз?
2. Сен өзің жіберген қателігіңді мойындай аласың ба?
Өзіңнен баста! 
Тәрбиеші:«Не айтамыз! Жақсылық жасаудың өзі рухани адамгершілік. Әрқашан жақсылық жасауға ұмтылу керек. 
Қартайса қарт бабаңды сыйлай біл. Күндердің күні болғанда кімдерде кімнің белі дейсің бүгілмес» деп Бұқар жырау данамыз айтқан екен.
Өте жақсы ендеше балалар бүгінгі бағдарламадан адамгершіліктің қандай негізгі қағидаларын білдік?(Қолдарындағы қасиеттерді тақтаға жапсыру)

Диана:Кешірімді болу, кек сақтамау, сөйлесе білу, әділ болу, ізеттілік. Рұқсат сұрау, кешікпеу, амандасу, өсек айтпау, уәдеде тұру, имандылық, мейірімділік, сабырлылық, қайырымдылық, т.б. 

Мадина: Ізеттілік – айналасындағыларды құрметтеу, кішілік мінез таныту. Амандасу – бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі, мінез- құлықтың нормасы. 

Фатима: Әділ болу – адамшылықтың асыл белгісі. Әділетті қоғам адамдар имандылық қағидаларын қатаң сақтағанда ғана құрылады. Әдет-ғұрып дәртүрлеріне қалыптасқан қағидаларға, құқықтық нормаларға, заңға сүйенгенде ғана әділдік жеңеді. 
Нұрай: Рұқсат сұрау – адамдар қарым-қатынасындағы ішкі мәдениетті айғақтайтын этикалық қағидалардың бірі. Адамның меншік құқығын құрметтеу және оған қол сұқпау. Әр адам бір-бірінің құқығын құрметтей білуді үйренгендері жөн. 

Мерей: Имандылық – әр адам ұлтына, нәсіліне, жынысына, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекілікке бармайды, ата- анасын ардақтайды, кісіге қиянат жасамайды. Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар. 

Құрманжан: Кешікпеу – бұл дағдыны адам өзіне бала жастан дарытқаны жөн. Кешігу адамдарды сыйламау. Жұмысқа немесе туған күнге, кештерге кешігіп бару барып тұрған мәдениетсіздік. Уәделі жерге ерте бару керек, кешіккен жағдайда кешірім сұрау керек. 

Ақбөпе: Сабырлылық – адам бойына екі жолмен дариды, бірі туа біткені де, екіншісі адам өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез-құлқына ие бола алатынын көрсетеді.

Жанерке: Қайырымдылық – айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді. Қайырымды бала қашанда ата-анасының мақтанышы. 
Қорытындылау. Бүгінгі тәрбие сағатынан біздер бойымызға адамның адамгершілік қасиетін ұялата білдік. Келген қонақтарға рахмет айтамыз.
Адам болып туғаннан соң өмірге,
Адам болып келгеннен соң өмірге.
Адамдықты ұмытпайық ағайын,
Адам болып жаратқан соң өмірге. 
Ендеше Адамгершілік қасиеттің өзі біздің бойымызға жылы жүрек арқылы берілмейма қымбатты оқушылар. Олай болса барлығымыз ортаға шаттық шеңберіне тұрып бір бірімізге жылы алақанымызбен жүректен жүрекке жететіндей жақсы тілектер тілейікші!
Тақтада жазылған нақыл сөздермен сабағымызды аяқтаймыз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!