Тренингтің
мақсаты: Оқушылардың ҰБТ – ке дайындық
кезінде өз – өзіне
сенімділігін арттырып, көңіл –
күйін көтеру.
Алдымен сергіп
алайық!
Тренингімізді бастамас бұрын бір- бірімізді танымайтын
ойыншыларымыз болса, танысып аламыз. Шеңбер бойына тұрып, әр ойыншы
өзінің есімінің алғашқы әріпі мен өзінде кездесетін жақсы бір
қасиетін айтады. Осылайша, шеңбер бойымен таныстық
жалғасады.
Ойынға
белсене қатысып, жаңа сезімдерді сынап көруге, ерекше нәтижеге
жетуге әзір болыңыздар!
Тапсырмалар:
1.Қатысушыларды ойынға емес, жеңіске
бағыттау.
2.Жаттығудың өту процесіне қатысушылардың назарын толық
аудартуға үйрету, тек қана жеңіске жету жолдарын емес, сонымен
қатар алға қойған мақсатқа жетуді
үйрену.
3.Қатысушылардың жалпы жеңісінде әр бірінің маңызды екенін
көрсету.
4.Қатысушылардың жаттықтырушымен және өзара қатынастарын
бағалау.
5.Қарсылас топтардың осал тұстарына назар аударып, соған
байланысты келесі жаттығуларды
таңдау.
Қосымша талаптар:
·Жалпы
үнсіздікте орындау
Жаттығуды тоқтатуға арналған
белгілер:
·Қауіпті орындау
әдісі
·Ережелерді
бұзу
·Әрі қарай орындауға нақты
мақсаттың болмауы
·Қатысушылардың шамадан тыс
шаршауы
·Кейбір қатысушылардың
денсаулықтарының күрт төмендеуі
Ережені бұзған
кезде:
Барлық
жаттығулар қайта басынан бастап
орындалады
«Қолдау» жаттығуы
Қажетті құралдар: қажет
етпейді.
Ережесі: қатысушылар шеңбер жасап қолдарынан
ұстап тұрады. Аяқтарын бір бірлеріне тақайды. Жаттығу нұсқаушының
белгісінен кейін қолдарын үзбей, жерге дейін отырып, қайтадан
орындарына тұрулары қажет.
Талдау: Ойын аяқталғаннан кейін қатысушылар
алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға
салады.
«Ақша
қар» жаттығуы
Қажетті құралдар: жіп, қарындаш, бос шырын
құтысы.
Ережесі: Жіп қатысушылар санына қарай бөлінеді.
14 қатысушы 7 бөлікке бөлінген екі метр жіп қажет. Әр қатысушының
қолында жіптің бір ұшы қалуы тиіс. Ақылдаса отырып, жіптерді
алмасып, қағаз үлгісін жасайды. Ортасына қарындаш қойылады.
Қарындашты жерге түсірмей құтыға салу керек. Егер қарындаш жерге
түсіп кетсе, ойын қайта басталады.
Талдау: Ойын аяқталғаннан кейін қатысушылар
алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға
салады.
«Қауіпті шұңқырлар» жаттығуы
Қажетті
құралдар: үлкен шүңқырлары бар мата немесе қағаз,
доп.
Ережесі:
шұңқырлары бар матаны ойыншылар қолдарына ұстап тұрып, шұңқырларға
түсірмей, допты соңына дейін алып шығу
керек
. Талдау: Ойын аяқталғаннан кейін қатысушылар
алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға
салады.
«Күрек» жаттығуы
Мақсаты: Топты біріктіру, команда
қалыптастыру. Көшбасшыны анықтау. Мақсатқа командамен бірге
жету.
Қажетті
құралдар: балаларға арналған күрек,
жіптер, кішкене доптар
Ережесі:Қатысушылар күрекке байланған
жіптің ұшынан ұстап тұрады. Жерде шашылған кішкене доптарды
күрекпен алып шелекке салулары қажет. Күрекке қолдарын тигізбеулері
қажет. Барлық допты шелекке салғаннан кейін ойын аяқталады.
Талдау:ойын жаттығуы аяқталғаннан кейін қатысушылар алған
әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға
салады
«Құбыр» жаттығуы
Мақсаты: Топты біріктіру, команда қалыптастыру.
Көшбасшыларды анықтау.
Қажетті құралдар:
А4
қағазы (қатысушылар санына орай)
Ережесі: Қатысушыларға бір А4 қағазы беріледі.
Қағазды екі бүктеп қолдарымен астау кейпіне енгізеді. Барлық
қатысушылар қолдарындағы астауша тәріздер иілген қағазды
бір-біріне қосып беті ашық құбыр жасайды. Дайын болған кезде
нұсқаушы кішкентай допты жібереді. Қағазды үзіп алмай допты өткізіп
шығулары керек. Доп түсіп кеткен жағдай ойын қайта басталады.
Талдау:ойын жаттығуы аяқталғаннан кейін қатысушылар алған
әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға
салады
«Опорный орта мектебі»
мемлекеттік мекемесі
«Адамгершілік - асыл
қасиет»
Тренинг
сабақ
Өткізген:
Ш.Сисенғалиева
2018
Ақпарлама
Жүргізілген
жұмыс: Тренинг
сабақ
Уақыты: 10.10.2018
Қатысқан
адамдар: 7-8 сынып
оқушылары
Жұмыстың
тақырыбы: «Адамгершілік-асыл
қасиет»
Жұмыстың
мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке
тәрбиелеу. Бір – біріне қолдау көрсете білуге, бірліктерін нығайта
түсуге ықпал ету.
Ресурстар: фломастерлер, ақ қағаздар,
шұңқырлары бар мата,доп т.б.
Жұмыстың
нәтижесі: Оқушылар тренингке топпен
біріге отырып, зор қызығушылықпен ат салысты. Өздеріне деген
сенімділіктерін арттырып, көңіл күйлерін көтерді. Сынып
оқушыларының бірлігін топпен жұмыста
байқадық.
Қорытынды
пікір: Тренингімізді ең алдымен
«Қолдау» жаттығуымен бастадық. Тренингті жүргізу мақсатымыз сынып
оқушыларының бір бірлеріне деген сенімділіктерін арттыру. Келесі
«Ақша қар» жаттығуы жалғасты. Оқушылар жіп арқыры қардың сұлбасын
жасап, ортасына қарындаш қойып, жердегі құтыға ұйымшылдық танытып
қарындашты дәлдікпен салды. Бұл ойында оқушылар аса қызығушылық
танытты.»Қауіпті шұңқырлар» ойынында оқушылар шұңқырлары бар
матадан допты аман келесі бетке өткізді. Топтың ұйымшылды маған
ұнады. «Күрек» жіптік ойынында күректі топ болып жіп арқылы ұстап,
жердегі дотарды жинады. «Құбыр» ойынында оқушылар ақ қағаз арқылы
құбырлар жасап, бойынан доптарды өткізді. Оқушылар барлық жаттығу
түріне аса қызығушылық танытып, белсене ат салысты. Тренинг өз
мақсатына жетті.