Адамгершілік және жыныстық тиіспеушілік тақырыбында ұлдар мен қыздар жиналысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Адамгершілік және жыныстық тиіспеушілік тақырыбында ұлдар мен қыздар жиналысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Адамгершілік және жыныстық тиіспеушілік тақырыбында ұлдар мен қыздар жиналысы
Материалдың қысқаша нұсқасы















«Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу»



(ата аналар жиналысы)

























2022-2023 оқу жылы



Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың алдын алу

Педофилия бүгінгі таңда маңызды мәселенің біріне айналды. Сондықтан өз балаларымызды қорғау үшін барлық шараларды ұйымдастыруымыз қажет. Балаларымызды қалай қорғаймыз? Педофилдан қыздарымыз да, ұлдарымыз да зардап шегуі мүмкін. Баланың жынысы ол үшін маңызды емес. Кез-келген бала құрбан бола алады, алайда зорлаушының қолына басқаларға қарағанда жиі түсетін балалар бар.

Бір қызығы, бұл мойынсұнғыш балалар. Әдетте олардың ата-аналары қатал «үлкендер әрқашан дұрыс», «сен өз пікірінді айтатын жасқа жеткен жоқсын» «сенің басты міндетін-үлкендерді тыңдау»,- деген сөздерді жиі еститін балалар. Мұндай балаларға педофил онымен бірге жүруді ұсынады, олар одан бас тарта алмайды.

Сенімді балалар. Педофил жоғалып кеткен мысықты бірге іздеуді, үйде жаңа компьютерлік ойын ойнауды ұсына алады. 

Жабық, тастанды, жалғыз балалар. Бұл міндетті түрде үйсіз және маскүнемдердің балалары емес. Ата-аналарының жұмысқа уақытын көп бөлуіне байланысты, балаларға назар аудармайтын, бала мен ата-ананың арасында ашық, жылы қарым-қатынас жоқтығы. За взрослым человеком, оказавшим такому ребенку внимание, он может пойти куда угодно. Бұндай балалар ересектердін қандай-да бір назары үшін бәріне дайын.

Ересектер сияқты көрінгісі келетін балалар. Ерте бояна бастаған, барынша ересек көрінгісі келетін қызбала; жастайынан қымбат сағат киген, қымбат ұялы телефоны бар, бар балалар педофилдың назарына түседі. Қылмыскер мұны хабар ретінде қабылдайды: мен ересектер сезімін сезінгім келеді.

Ата-аналары тым қатал ұстайтын жасөспірімдер. Балаға оянып келе жатқан жыныстық жетілімі үшін олар оны айыптайды және жазалайды.

«Қылмыстық әлемге» қызығушылығы бар балалар.  Бандиттер туралы шексіз сериалдар баланы нағыз ер адамдар түрмеде отырғандар деп санайды. Мұндай балалар өздеріне «қылмыстық әлемнен достар» іздей бастайды.

Педофилия-қорқынышты құбылыс, бірақ жақын туыстары балаларды зорлаған кезде одан да жаман. Сонда өмір нағыз қорқынышқа айналады.

Мұндай «отбасылық» қылмыстар, әдетте, ұзақ уақыт созылып, балалар төтенше шаралар қабылдаған кезде ғана ашылады: олар өз-өзіне қол жұмсауға тырысады, үйден қашады. Әдетте балалар бұл қорқынышты фактілерді жасырады, өйткені олар барлық болып жатқан құбылысқа өздерін кінәлі санайды. Азғырушы балаға егер болған жағдайды біреу білсе,  оны бәрі кіналап жақсы көрмей кетеді деп сендіреді.  

Көбінесе балалар бұл қиындықтан өз бетінше шыға алмайды.

Отбасында зорлық-зомбылық болған жағдайда не істеу керек?

Ең алдымен, баланың заңмен қорғалатын құқықтары бар екенін есте ұстаған жөн!

Бұл ата-аналар үшін есте сақтау маңызды! Балаңызды құрметтеңіз, оның өз еркінен тіс іс-әрекетке баруға мәжбүрлеменіз. Егер сіздің балаңыз күйеуіңіздің (бірге тұратын адамның) оған деген зиянды қызығушылығы туралы айтса, оның сөздеріне назар аударыңыз, күйеуімен (бірге тұратын адаммен) сөйлесіңіз, баланы онымен жалғыз қалдырмаңыз.

Егер қарым-қатынас тым алысқа кетіп бара жатса, ол адаммен ажырасыңыз, себебі өз балаңыздың бақытынан артық ештеңе жоқ.

Егер сіз баланың мінез-құлқындағы оғаштықты байқасаңыз, оны не мазалайтыны туралы сұраңыз.

Баламен сөйлесуге анасының қатысуынсыз әкесі сөйлескен дұрыс.

Балаларыңызды қорғау үшін не істей аласыз:

  • Кішкентай баланы көшеде қараусыз қалдырмаңыз. Егер сіздің мектеп жасындағы балаларыңыз болса, олар әрқашан қайда және кіммен уақыт өткізетіні жайлы хабарласын.

  • Баланың қауіпті жерлерде жүруіне, қыдыруға бейім бұзық балалармен жүруіне тыйым салыңыз;

  • Балаға көшеде немесе үйде жалғыз қалғанда мінез-құлық ережелерін түсіндіріңіз;

  • Балаңызға күмән келтіретін адамдардың қасынан алшақ болған жөн екенін түсіндіріңіз;

  • Баланы теледидардан, интернеттен қандай бағдарламалар, қандай ақпараттар алып жатқаның бақылау қажет. Жыныстық көріністер, зорлық-зомбылық көрсететін фильмдер көрулеріне жол бермеңіз. Баланың интернетте өткізетін уақытын бақылауды ұмытпаңыз, балаңыздың интернет желісінде кіммен байланысатыны туралы хабардар болыңыз.

  • Кіреберістің жанында, мектеп ауласында, балабақша қоршауының жанында мақсатсыз жүрген ер адамдарға мұқият болыңыз. Бұл туралы полицияға хабарлаңыз. Қаскүнем көлікпен жүруі мүмкін, ол машинаны мектеп немесе бала-бақша жанына қойып балаларды сырттан бақылауы мүмкін. Егер сіз күдікті көлікті байқасаңыз, оның нөмірін жазып алыңыз, оның түсін, маркасын есте сақтап алыңыз, жүргізушінің немесе жолаушының сыртқы түрін жадыңызға бекітіңіз. Бұл туралы мектепке дейінгі мекеме басшысына, мектеп директорына хабарлаңыз.

  • Егер сіздің балаңызды мектептен, үйірмелерден жеке күтіп алуға мүмкіндік болмаса,оны сыныптармен, достарымен бірке оралуын сұраңыз.

  • Балаңызға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін балабақша тәрбиешісімен, мұғаліммен, балалар мекемелеріндегі психологпен байланысыңыз.

  • Баламен жылы, сенімді қарым-қатынас орнатыңыз. Үйде махаббат, сүйіспеншілік пен түсіністік жоқ балалар жиі қиындыққа тап болады.

Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, сіздің балаңыз қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдай алады және қылмыскермен кездесуден аулақ болады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.02.2024
521
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі