400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

"Адамгершілік рухани тәрбиенің маңыздылығы" тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге адамгершілік тақырыбында тәрбие сағатын өткенде өз көмегін тигізеді деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тәрбие сағатының тақырыбы: Адамгершілік рухани тәрбиенің

маңыздылығы.


Мақсаты: Пікірсайыс тудыра отырып, өз ойларын дәлелдеп, өз бетінше ойлай білуге дағдыландыру, оқушылардың бойында мәдениеттілікке қалыптасқан әдептілік, әділеттік, білімқұмарлық, сыпайылық, инаббаттылық, кішіге қамқор, үлкенге құрметпен қарап, ізетті болу дағдыларын қалыптастыру.

Оқушыларды адамгершілікке, жүйелі ойлауға, топ болып жұмыс істеуге дағдыландыру.


Көрнекіліктер: Сұрақтар, нақыл сөздер, кестелер, сөзжұмбақ.


Тәрбие сағатының барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпты екі топқа бөлемін. 1. «Мәдениет». 2. «Парасат».

  1. Тақырып бойынша мұғалімнің кіріспесі.

  1. Абайдың «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңімен сабақты бастаймын.

Мәдениетті адам деп айта салу оңай екен де, ал ол туралы ой қозғау оңай шаруа емес екен. Шын мәнінде мәдениетті адам деп кімді айтамыз? (Бәріміз ойлана отырайық)

Тақтадағы Ә.Марғұланның нақыл сөзін оқимын.

Жан-жақты ойлап сарапқа салар болсақ, Мәдениетті адам деген ұғымның шарттары көп екен. Олай болса, мәдениетті адам деп кімді, қандай адамды ойлайсыңдар?

Оқушылардың жауаптары тыңдалады.

  1. Сонымен ең әуелі мәдениетті адам деп –оқыған арнайы білімі бар адамды айтадыекенбіз.

(Топтастыру стратегиясы бойынша сызбаны бастайды)




DrawObject1

  1. Біліміне сай ақыл-парасат болу керек.

  2. Білімі мен ақылына сай биязы мінез керек.Ұлы Абай «Мінез-ақылдың сауаты»- дейді. Яғни, біліммен ақылды ұстап тұратын, оған мән-мағына беретін ұстамды, байсалды әрі жайдары мінез адамды көріктендірмек.

  3. –Ана тілінде дұрыс сөйлей алмайтын адамды біз мәдениетті адам дейміз бе?

-Жоқ, әрине. Олай болса, мәдениетті адам ана тілінде таза, мәнерлі, жүйелі сөйлеуі керек.

5. Ұлы Абайдың 38-ші қара сөзінде: «Қашан баланың ғылым-білімге махаббаты оянғанда ол адам бола бастайды, оның адам болғанына үш түрлі нәрсе себеп болады: 1. Жақсы ата-ана. 2. Жақсы ұстаз. 3. Жақсы құрбы-құрдас»,-дейді. Яғни, ата-ананың тәрбиесін алған, жақсы ұстаздың өнегесін көрген, жақсы досы бар адам мәдениетті адам болып қалыптасады.

6. Ізгілік пен жылы жүректен туатын-адамгершілік.

7. Эстетикалық талғам.

8. Айтқан сөзде тұру.

9. Уақытты бағалау керек. Өз сөзін тыңдата білу, өзі кісіні тыңдай білу. Абай: «Тіліңді алмас, құлағын салмас, көп наданнан түңілдім»,- дейді.

10. Көзі ашық, көкірегі ояу дегенге қалай түсінесіңдер? (теледидар, радио, газет т.б.)

11. Көркем әдебиетке құмар.

12. Өнерді сүю, қадірлеу.

13. Шеберлік.

14. Спортпен айналысу.

Адамның мәдениеттілігінің барлық қырлары отбасындағы тұрмыс-күйінде, береке-бірлігінде.

  1. Сонымен, балалар, мәдениетті адам деген кім, қандай адам?Сұраққа жауапты таптық. Адам бойында ізгілік пен жылы жүректен туатын не дедік?

-Әрине, адамгершілік. Олай болса, «Адамгершілік» деген сөзжұмбақты шешейік. (Топтық сайыс)

3. Мәдениетті адам қандай адам екенін біз білдік. Ұлы Абай атамыз Егер есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәрте, болмаса жұмасына бір, не болмаса айына бір өзіңнен-өзің есеп ал»- дейді. Олай болса, біз өзімізден-өзіміз есеп алайық. (Кесте толтырады өзін-өзі зерттеу)

4. Балалар, адам мәселесіне сөз қозғағанда біз Абайды айтпай кетпейміз. Солай ма? Өйткені, адамның бойындағы барлық қасиеттер ақын өлеңдерінде, қара сөздерінде кездеседі.

5. Балаларға қағаз таратып, әңгіме жаздыртамын. «Мен қандаймын?»

Абайдың Сегіз аяқ өлеңін оқимын.






Адамгершілікке тәрбиелеу құралы — еңбек пен ата-ана үлгісі.

Ыбырай Алтынсарин

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс.

. Атақты педагог Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады.

Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ляззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жасбаланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық«, деп атап көрсеткен.

«Жақсымен жолдас болсаң- жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң- қаларсың ұятқа...» «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» — деген мақалдардан көруге болады. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау адамгершіліктің бір негізі. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында, әр түрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті азамат қалыптасады.

«Еліміздің күші- патшада, сәбидің күші- жылауында» демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз- адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін Ақанның осы үш қасиетін бала бойына дарыта білсек-ұлы жеңіс болары анық.

6. Үйге тапсырма

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қазан
1335
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі