Материалдар / Адамгершілік-рухани тәрбиенің маңызы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Адамгершілік-рухани тәрбиенің маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Адамгершілік-рухани тәрбиенің маңызы. Тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қаңтар 2024
139
1 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін.

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

















«Адамгершілік-рухани тәрбиенің маңызы»



Сынып жетекші:





















2023-2024 оқу жылы



Сынып жетекшінің аты-жөні


Күні:


Сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының тақырыбы

«Адамгершілік-рухани тәрбиенің маңызы»

Тәрбие жұмысының бағыты


Мақсаты

Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, баланың жеке тұлғалық қабілетін  қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына жауапкершілігін қалыптастыру

Бағалау критерийлері:


Тәрбие сағатының барысы

Барысы

Тәрбие сағатындағы орындалуы тиіс іс-әрекеттер


Ресурстар

Кіріспе

5 мин























Негізгі бөлім

35 мин


Шаттық шеңбері

«Жарқыраған күн» (Сары жіптің ұшын мұғалім ұстап, қарама-қарсы тұрған оқушыға жақсы қасиет тілеп, жіпті лақтырады. Жіпті алған оқушы келесі оқушыға жіпті осылайша жақсы қасиет тілеп лақтырады. Осылайша сары тор пайда болады. Ол-Күн)

Мұғалім: Балалар қараңыздаршы бір-бірімізге жан тебірентер жақсы тілек тілеуіміздің арқасында керемет ерекше күн пайда болды. Ендеше осындай көңіл күймен сабағымызды бастаймыз. Рахмет сіздерге. Балалар біз ертелі жақсы қасиеттер туралы айтып жатырмыз. Бұлардың барлығын жалпы қандай қасиет деп айтамыз? (Адамгершілік)

-Дұрыс айтасыздар. Ендеше біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Адамгершілік-рухани тәрбие негізі» деп аталады. Бүгін біз адамгершілік тақырыбында пікір алысып, ой бөлісетін боламыз.

Кіріспе сөз. Ұлы педагог В. А. Сухомлинский, «Тәрбиесіз адам адамгершілік жағынан надан, бұл да бір, ақаулы двигательмен ұшырылған самолет те бір, өзі өледі, өзгені де ала кетеді» деген екен.
Тәрбиесіз адамгершілік қасиеті жоқ адам өзін де, өзгені де өлтіреді екен. Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді. Сонымен адамгершілік дегеніміз не?


Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар балалар. Ал ендеше балалар экранға назар аударайық. Қазір видеоролик көрсетіледі. Мұқият назар қойып тыңдаңыздар. (видеоролик көрсетіледі «Көлеңке») бұл видеодан не түйдік?

Сонда көлеңкенің жақсы да, жаман да жақтары да бар екен. Сол сияқты адамның да жақсы да, жаман да қасиеттері бар. Ендеше мында қарайықшы. Жарқын күн көлбейленіп тұр, күнді біз мейірбан, жан шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңесек, біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейік, ол үшін бетіндегі түнерген бұлттарды ашайық. Күн көзін бұлттардан тазартсақ, әрине күн көзін ашатыны, жан-жағына жарығын, жылуын беретіні анық. Ендеше топ болып әр бұлттың тапсырмаларын орындайық.


Топтық жұмыс

Бірінші бұлт – Рухани тәрбиелі, адамгершілігі мол адамның бойында қандай қасиеттер болады?

Екінші бұлт- Адамда асыл қасиеттермен қатар жағымсыз қасиеттер де болады. Ол қандай қасиеттер? Одан құтылу амалдары бар ма?

Үшінші бұлт- Жағдаяттық сұрақ.

Сынып ішіндегі бір баламен сенің досың ойнағысы, қарым-қатынас жасағысы келмейді.Тіпті «оны мазақтаңдар» деп үгіттейді. Ал сендер не істер едіңдер?

Төртінші бұлт- Мәдениетті болу дегенді қалай түсінесіңдер? (Тамақ ішіп болған соң «рахмет» айт. Телефонға біреуді шақырғанда «рұқсат болса» дегенді ұмытпа. Байқаусызда біреуді қағып кетсең «кешіріңіз» деу керек)

Мұғалім: Жарайсыздар. Біз бірлесе жұмыс жасаудың арқасында күннің көзін бұлттан аштық. Бірақ бізде жаңбыр тамшылары қалып қойыпты. Бұл тамшыларды біз бойымыздағы жаман қасиеттер деп есептейік. Кім бойындағы жаман қасиеттен арылғысы келеді? Келіп өз бойындағы жаман қасиеттерді атап, жаңбыр тамшысын қоқыс жәшігіне тастаймыз.

Мұғалім: Ендеше осы айтылған адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттер бойынша ой қорытайық.


Жағдаятты тапсырмалар

Мұғалім:Енді балалар біздің электронды почтамызға мынадай құпия хаттар келіп түскен екен осы хаттарға үңіліп, пікір білдірейік.

«Хаттар сыр шертеді»

1-топ Құрметті достар!

Менің көршімнің бір баласы бар, өзі өтірікші. Көзбе-көз өтірік айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба?

2-топ Құрметті достар! Менің досым бар. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін, қылығын айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба? Айтыңдаршы.

3-топ Қоңырау кезі еді. Сыныптағы оқушылардың барлығы сыртта жүрді. Сыныпқа кіріп келсем, менің бір сыныптасым біреудің қалтасын қарап жатыр екен. Не істеймін? Кеңес беріңіздерші.

4-топ Құрметті достар! Сыныптас досым үй тапсырмасының орындалмау себебін өтірік айтып мұғалімді алдады. Менің досыма қандай кеңес бересіздер?


Оқушыларға алдың ала дайындалған таратпа қағаздар беріледі, оқушылар қағаздағы ой-тұжырымдарын оқып, өз ойларымен толық ашып, түсіндіріп береді.


Оқушы: «Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» дейді Абай.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден бөлек

Сабыр деген - әр іске шыдамдылық,

Қатты керек адамға бұл бір қылық.

Қолы жетпей талмай талап ізденеді,

Осыдан кеп шығады адамшылық.


Оқушы: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, сонан қашпақ керек» дейді Абай. «Әуелі надандық, екіншісі-еріншектік, үшіншісі-залымдық. Надандық-білім, ғылымның жоқтығы, дүниеде еш нәрсені оларсыз біліп болмайды. Еріншектік-күллі дүниедегі өнердің дұшпаны, талапсыздық, ұятсыздық - бәрі осыдан келіп шығады. Залымдық-адам баласының дұшпаны.



Оқушы: Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік түрлері отбасынан басталады.


Оқушы: Отбасындағы тәрбиені адам өз өмірінің «Алтын бесігі» мектеп қабырғасында жалғастырып, өмір заңдылықтарын үйренеді. Мектепте халқымыздың әдептілік, әдемілік, имандылық, қайырымдылық, яғни рухани адамгершілік тағылымдарын – еліміздің дәстүрін ата - ана мен ұстаз тағылымдарын өз білімдерімізбен жалғастырамыз.

Оқушы: Адамгершілік қасиет ең бірінші әр оқушының отбасын сыйлаудан басталады. Әке - шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата - анасын сыйламаған адам басқа біреуді сыйлап жетістірмейді. Ата - ананы ренжітпеу – әр баланың өмір бойғы міндеті. 


Оқушы: Адам қандай жоғары лауазымда қызметте жүрсе де ізеттілікті жоғалтпауы тиіс.
Үлкен адамдарға қоғамдық көліктерде орын беру, сұрақтарына дұрыс жауап беру қажет.


Оқушы: Адамгершілік парасатты сөз. Сөз ғана емес, адамның ең асыл қасиеттерін анықтайтын бірден – бір аяулы ұғым. Ұғым ғана емес, тіршіліктің мәнін, дүниенің сәнін ұстап тұрған ең ұлы ұстаным. Шынын айтқанда, жеке дара ұстаным емес, заңның да, заманның да, адамның да құдіреттілігін танытатын ең ұлы күш.


Оқушы: Адамның адамгершілігі-оның жоғары қасиеті. Оның негізгі белгілерінің бірі-өзі үшін ғана емес, ел, қоғам үшін өмір сүру, адамдық ар-намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу.




Жіп





















Видеоролик


































Таратпа қағаздар






















Таратпа қағаздар

Қоры

тынды

5 мин


Мұғалім: Көк аспан аясында күлімдеген күнімізді түнерген бұлттан қорғадық, артынан жадырап кемпірқосақ керілді, міне осындай әсем табиғат аясына асыл қасиеттерге толы «Адамгершілік ағашы» да өсіп тұр. Осы әсем ағаш алдағы уақытта сіздерге сая болсын, бір-біріңізге деген ықылас сезімдеріңіз еш уақытта жойылмасын, үнемі қайырымды, мейірімді, адал, ақкөңіл, еңбекқор, әділ, ақылды парасатты болыңыздар! Қазір бізде күз мезгілі. Күзде ағаш жапырақтары сарғайып жерге түсіп, жерді алтынға бөлеуде. Бүгінгі «Адамгершілік ағашы» да біздерге өзінің адами қасиеттерін сыйға тартпақ. Ендеше әрқайсысымыз бір-бір жапырақтан алып, бір жақсы қасиет болса да бойымызға сіңіре білейік.

(Әр оқушы «Адамгершілік ағашынан» бір-бір жапырақ алып, жақсы қасиеттерді оқиды.)

Адам бойындағы кішіпейілділік, сыпайылық, мейірімділік, рақымшылдық, жанашырлық, тілектестік, сыйластық сияқты қасиеттерді дарыту және өзгелерді қадірлей, сыйлай, құрметтей білуге, тыңдай білуге, қолынан келгенше адамдарға көмектесу, кешірімді болуға үйрену осы аталғандардың барлығы бір жақсылық болып есептеледі. Осы жақсылық атаулының барлығын бойымызға сіңіретін, жақсы рухани адамгершілігі мол тұлға боп өсулеріңізге тілектеспін.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!