400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Адамгершілік-рухани тәрбиенің маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, баланың жеке тұлғалық қабілетін қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына жауапкершілігін қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Адамгершілік-рухани тәрбиенің маңызы

juka shaikova 8 қараша 2014 19785 0

0

Адамгершілік-рухани тәрбиенің маңызы

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, баланың жеке тұлғалық қабілетін қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына жауапкершілігін қалыптастыру.

Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, ұлы тұлғалардың ұлағатты сөздері.

Әдісі: Пікірталас, сұрақ - жауап, әңгімелесу.



Тәрбие сағатының барысы:

I кезең: Тәрбие сағатымен таныстыру

II кезең: Оқушылардың Адамгершілік жайлы түсінігі

III кезең: Саяхатқа шығу ойыны

IV кезең: Адамгершіліктің негізгі қағидаларын білесің бе? (Өз ойын ортаға салу)

V кезең: Пікірсайыс (қорытындылау)



Кіріспе сөз. Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі оның тәртібі мен іс - әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген.

«Тәрбиесіз адам адамгершілік жағынан надан, дүмше, - деп жазды В. А. Сухомлинский, - бұл да бір, ақаулы двигательмен ұшырылған самолет те бір, өзі өледі, өзгені де ала кетеді».

Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді.

Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді.

Адамгершілік – адамның асыл қасиеті.

Жүсіп Баласағұн адамгершілік пен инабаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан, 72 тараудан тұратын «Құтты білік» дастанында көрсетіп берді.

Шығыстың ұлы ғалымы Әл - Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен.

Бүгінгі тәрбие сағатымызда адамгершілікті сендер қалай түсінесіңдер, әдеп нормаларын білесіңдер ме, өзара пікірлесіп ой бөлісеміз. Ал балалар, сөз кезегі өздеріңде.



Адамгершілік бастауы неде?

1 - оқушы. Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік түрлері отбасынан басталады.



2 - оқушы. Отбасындағы тәрбиені адам өз өмірінің «Алтын бесігі» мектеп қабырғасында жалғастырып, өмір заңдылықтарын үйренеді. Мектепте халқымыздың әдептілік, әдемілік, имандылық, қайырымдылық, яғни рухани адамгершілік тағылымдарын – еліміздің дәстүрін ата - ана мен ұстаз тағылымдарын өз білімдерімізбен жалғастырамыз.



3 - оқушы. Адамгершілік қасиет ең бірінші әр оқушының отбасын сыйлаудан басталады. Әке - шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата - анасын сыйламаған адам басқа біреуді сыйлап жетістірмейді. Ата - ананы ренжітпеу – әр баланың өмір бойғы міндеті.

Адам қандай жоғары лауазымда қызметте жүрсе де ізеттілікті жоғалтпауы тиіс.

Үлкен адамдарға қоғамдық көліктерде орын беру, сұрақтарына дұрыс жауап беру қажет.



Мұғалім. Адамгершілікке байланысты проблемалық жағдаяттарды шешу үшін саяхатқа шығу ойынын ойнайық. Елімізде үлкен қалалар бар:

Астана, Алматы, Ақтау, Жезқазған, Көкшетау, Ақтөбе, Семей, т. б.

Ал, балалар, өздеріңе қай қалалар ұнайды? Ұнаған қала аты жазылған қима қағазда сұрақ бар. Соған жауап беру керек.



Сұрақтар:

– Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің?

– Үлкен кісімен амандасып жол беремін.

– Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?

– Үлкендердің әңгімесін бөліп, сөзге араласуға болмайды.

– Егер тығыз шаруам болса, «кешіріңдер» деп айтар едім.

– Көшеде біреу жөн немесе жол сұраса не істер едің?

– Асықпай түсіндіріп беремін.

– Автобуста, қоғамдық орындарда егде адамдарды көрсең не істеген жөн?

– Үлкен кісілерге әрдайым орын беру керек.

– Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?

– Үлкен кісімен «Сіз» деп сөйлесу керек.

– Әдептілік деген не?

– Адамдардың жүріс - тұрысы мен өзара қарым - қатынасының ережелері.





Тәрбие сағаты.







Сабақтың тақырыбы:



«Адамгершілік – рухани байлық»







Мақсаты:



Білімділік: Адамгершілік сана мен мінез-құлықтың маңызды компоненті адамгершілік қажеттілік,ерік,тілек,тұрақтылық,өмірде адамагершілік таңдауын жүзеге асыра білу білігі.

Дамытушылық: оқушыларды адамдық асыл қасиеттерді, өмір заңдылықтарын оқып үйренуге тәрбиелеу, жаман қасиеттерден бойын аулақ ұстауды үйрету.

Тәрбиелік: Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.



Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, ой толғау,



Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар.



Жүру барысы:



Мұғалім:



Адам өмірінің алтын бесігі мектеп қабырғасында адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын үйренеді.



Оқушылар, адамгершілік дегеніміз не......?



Адамгершілік – қоғамдық өмірдің заңдылығына сәйкес адамдар арасындағы қарым – қатынастарды зерттеуге негіз болатын, белгілі бір ізгілік ұстанымдарын білдіретін моральдық ұғым. Адамгершілік адамдардың бірін – бірі құрметтеуінен, оған сенуінен, басқаның мүддесі үшін өзін құрбан етуінен, шыншыл болу әрекеттерінен байқалады. Осы адамдық асыл қасиетке қарсы нәпсі деген ұғым бар.



Нәпсі деген не?



Нәпсі – адам бойындағы ең жаман қасиеттерінің жиынтығы. Адамның бойында адамгершілік қасиеттер мен нәпсі қатар жүреді.



Жаман қасиеттерге нелер жатады?



Жаман қасиеттерге ұрлық, қорлық, тонаушылық, арақ – шарап ішу, біреуге жамандық ойлау, күндеу, өтірік айту, балағаттау, ұру, жер –жебіріне жете ұрсу т.б жатады. Осындай жаман қасиеттерден әрқашан да аулақ болу қажет.



Ал адамгершілік қасиеттерге нелер жатады?



Адамгершілік қасиеттерге әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, әділдік, өзара көмек, достық, адалдық, үлкенді сыйлау, кісілік т.б жатады.



Әдептілік - өзге біреудің жанын жараламауды, адамға қуаныш әкеле алатынның бәрін түсінуді, басқа біреудің уайым – қайғысына ортақтаса білуді талап етеді. Әдепті адам әрқашан қоғамға, басқа адамға қиянат жасаудан бойын аулақ ұстайды. «Әдебі жақсы - әдемі» деген қанатты сөз осының айқын дәлелі.







Намыс, ерлік, рухтандырушылық, адамгершілік, патриоттық сынды игі қасиеттерді бастан ұрып, көзден шұқып үйретпейді. Мұндай дүниелер тәрбие, ұлттық мәдениет, тарих пен ана тілін білу арқылы келеді. Тек білу аздық етеді. Бойға сіңірмейінше, ұлттық рух пайда болмайды.



Қазақ халқы арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдық орындары көшпелі заманда болмаса да, өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен бастап-ақ өлең-жыр, әңгіме, ертегі, тақпақ, санамақ арқылы тәрбиелеп отырған. Кәсіби тіршілігі мал шаруашылығына байланысты болғандықтан бала 5-6 жасынан бастап ат құлағында ойнаған.



Ғалым Ш.Ахметов өзінің қазақ отбасындағы тәрбие ісі зерттеулерінде негізінен басты сегіз түрлі мәселені қамтыған.



Біріншіден, тәрбие басы алдымен әдептілікке үйретуді көздеген. Әке-шеше баласына «Әдепті бол»дегенді басты міндет етіп алған.



Екіншіден, олар баланы қайырымды, иманды, мейірімді болуға тәрбиелеген.



Үшіншіден, тіл алғыш,елгезек болуға баулыған.



Төртінші, адал, шыншыл болуға үйреткен.Өтірік өрге баспайды деген сөздің мәнін түсіндіре білген.



Бесіншіден, өнегелі ұстазбен көпті көрген қариялардың сөзін тыңдап, зерделеп есте сақтауға дағдыландырған, ақпа құлақ болмай, құйма құлақ бол деп үйреткен, біздерге жүрегінің есігі бар, құлағының тесігі бар, зерделі құйма құлақ бала керек деген.



Алтыншыдан, үлкендерді, ата-анасын сыйлап, құрметтеп, оларды риза қылып, бата алуға тәрбиелеген.



Жетіншіден, кісі айыбын әшкерелемей, біреуге тіл тигізбей, адамның табиғи кемдігін бетіне баспауға тәрбиелеген.



Сегізіншіден, ел қорғаған батыр бол, халық алдында қызмет ет, бар өнеріңді соған жұмса, адам баласына қайырымдылық, жақсылық, қамқорлық жасауға үйреткен.



Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев өзінің шығармаларында адамгершілікке байланысты көп үгіт-насихаттар айтады. Егер санатты білікті адамдардың қатарына қосылғың келсе, күн сайын күннің аясында өзіңе-өзің есеп бер, күн сайын есеп бере алмасаң 3 күн есеп бер. 3 күнде есеп бере алмасаң 1 апта есеп бер.Егер есеп бере алмасаң, онда сен санатты адам емессің, сонымен бірге бес нәрсе асық бол, бес нәрседен қашық бол деген.







«Ситуациялық сұрақтар»







Велосипедпен жарысып келе жатқан Қанат жолдың



шетінде тұрған қарияны көреді. Не істеу керек? Жол беріп, өткізіп жіберсе, жолдастарынан қалып қояды. Жолдастарының жол шетінде тұрған қарияға қарар түрі жоқ. Жарыстың аты – жарыс. Қанат қарияның жолын кесіп кетті. Қанаттың қылығы дұрыс па? Егер Қанаттың орнында болсаңдар не істер едіңдер?











Үйде отбасыңмен теледидар қарап отырсың делік. Болып



жатқан бағдарлама саған мүлде ұнамайды. Сенің басқа арнада болып жатқан киноны қатты көргің келіп отыр. Не істер едің?







Мектептегі әдептілікке нелер жатады?



Мектептегі әдептілікке мектеп ережесін сақтау, сабаққа кешігіп келмеу, мұғалімдермен, жолдастарыңмен дұрыс амандасу, мектеп мүлкін сақтау, сабаққа дұрыс дайындалып келу, үлкендер мен кішілерге дөрекілік көрсетпеу т.б. жатады.



Амандасу - әдептіліктің басы. Оқушылар, сендер бір –бірлеріңмен, ұстаздармен амандасқанда не деп айтасыңдар?



Әрқашан үлкендерге жастар бірінші болып амандасу қажет. Қол алысып амандасса, қолғабын шешу керек. Әркез инабатты, кішіпейіл бола білу керек. Екі қолыңды қалтаға салып шіреніп тұру - әдепсіздіктің, сыйламағандықтың белгісі.







«Ситуациялық сұрақтар»







Сыныптас досың үй тапсырмасының орындалмау себебін



өтірік айтып мұғалімді алдады. Сен не істер едің?



«Дос жылата, дұшпан күлдіре айтар» дегендей жолдасыма өтірік айту жаман қылық екенін, ұстаздарды сыйлау керек екенін айтамын.







Қоңырау кезі. Сыныптағы оқушылардың барлығы



сыртта жүр. Сыныпқа кіріп келсең, сенің бір сыныптасың біреудің қалтасын қарап жатыр екен. Не істер едің?



«Ұрлық түбі – қорлық» екенін айтып түсіндірер едім.







Әрбір адамда намыс оты болады. Игілікке бастаған іс намыс, қайрат, жігер берер. Бойында ерік жігері бар болса, еңбегіңнің игілігі өзіңдікі. Міне, оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды. Ешқашан да адамгершілік қасиетімізден арылмайық.









Тәрбие сағаты.



Сабақтың тақырыбы:

«Адамгершілік – рухани байлық»



Мақсаты:

Білімділік: Адамгершілік сана мен мінез-құлықтың маңызды компоненті адамгершілік қажеттілік,ерік,тілек,тұрақтылық,өмірде адамагершілік таңдауын жүзеге асыра білу білігі.
Дамытушылық: оқушыларды адамдық асыл қасиеттерді, өмір заңдылықтарын оқып үйренуге тәрбиелеу, жаман қасиеттерден бойын аулақ ұстауды үйрету.
Тәрбиелік: Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, ой толғау,

Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар.

Жүру барысы:

Мұғалім:

Адам өмірінің алтын бесігі мектеп қабырғасында адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын үйренеді.

Оқушылар, адамгершілік дегеніміз не......?

Адамгершілік – қоғамдық өмірдің заңдылығына сәйкес адамдар арасындағы қарым – қатынастарды зерттеуге негіз болатын, белгілі бір ізгілік ұстанымдарын білдіретін моральдық ұғым. Адамгершілік адамдардың бірін – бірі құрметтеуінен, оған сенуінен, басқаның мүддесі үшін өзін құрбан етуінен, шыншыл болу әрекеттерінен байқалады. Осы адамдық асыл қасиетке қарсы нәпсі деген ұғым бар.

Нәпсі деген не?

Нәпсі – адам бойындағы ең жаман қасиеттерінің жиынтығы. Адамның бойында адамгершілік қасиеттер мен нәпсі қатар жүреді.

Жаман қасиеттерге нелер жатады?

Жаман қасиеттерге ұрлық, қорлық, тонаушылық, арақ – шарап ішу, біреуге жамандық ойлау, күндеу, өтірік айту, балағаттау, ұру, жер –жебіріне жете ұрсу т.б жатады. Осындай жаман қасиеттерден әрқашан да аулақ болу қажет.

Ал адамгершілік қасиеттерге нелер жатады?

Адамгершілік қасиеттерге әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, әділдік, өзара көмек, достық, адалдық, үлкенді сыйлау, кісілік т.б жатады.

Әдептілік - өзге біреудің жанын жараламауды, адамға қуаныш әкеле алатынның бәрін түсінуді, басқа біреудің уайым – қайғысына ортақтаса білуді талап етеді. Әдепті адам әрқашан қоғамға, басқа адамға қиянат жасаудан бойын аулақ ұстайды. «Әдебі жақсы - әдемі» деген қанатты сөз осының айқын дәлелі.



Намыс, ерлік, рухтандырушылық, адамгершілік, патриоттық сынды игі қасиеттерді бастан ұрып, көзден шұқып үйретпейді. Мұндай дүниелер тәрбие, ұлттық мәдениет, тарих пен ана тілін білу арқылы келеді. Тек білу аздық етеді. Бойға сіңірмейінше, ұлттық рух пайда болмайды.

Қазақ халқы арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдық орындары көшпелі заманда болмаса да, өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен бастап-ақ өлең-жыр, әңгіме, ертегі, тақпақ, санамақ арқылы тәрбиелеп отырған. Кәсіби тіршілігі мал шаруашылығына байланысты болғандықтан бала 5-6 жасынан бастап ат құлағында ойнаған.

Ғалым Ш.Ахметов өзінің қазақ отбасындағы тәрбие ісі зерттеулерінде негізінен басты сегіз түрлі мәселені қамтыған.

Біріншіден, тәрбие басы алдымен әдептілікке үйретуді көздеген. Әке-шеше баласына «Әдепті бол»дегенді басты міндет етіп алған.

Екіншіден, олар баланы қайырымды, иманды, мейірімді болуға тәрбиелеген.

Үшіншіден, тіл алғыш,елгезек болуға баулыған.

Төртінші, адал, шыншыл болуға үйреткен.Өтірік өрге баспайды деген сөздің мәнін түсіндіре білген.

Бесіншіден, өнегелі ұстазбен көпті көрген қариялардың сөзін тыңдап, зерделеп есте сақтауға дағдыландырған, ақпа құлақ болмай, құйма құлақ бол деп үйреткен, біздерге жүрегінің есігі бар, құлағының тесігі бар, зерделі құйма құлақ бала керек деген.

Алтыншыдан, үлкендерді, ата-анасын сыйлап, құрметтеп, оларды риза қылып, бата алуға тәрбиелеген.

Жетіншіден, кісі айыбын әшкерелемей, біреуге тіл тигізбей, адамның табиғи кемдігін бетіне баспауға тәрбиелеген.

Сегізіншіден, ел қорғаған батыр бол, халық алдында қызмет ет, бар өнеріңді соған жұмса, адам баласына қайырымдылық, жақсылық, қамқорлық жасауға үйреткен.

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев өзінің шығармаларында адамгершілікке байланысты көп үгіт-насихаттар айтады. Егер санатты білікті адамдардың қатарына қосылғың келсе, күн сайын күннің аясында өзіңе-өзің есеп бер, күн сайын есеп бере алмасаң 3 күн есеп бер. 3 күнде есеп бере алмасаң 1 апта есеп бер.Егер есеп бере алмасаң, онда сен санатты адам емессің, сонымен бірге бес нәрсе асық бол, бес нәрседен қашық бол деген.



«Ситуациялық сұрақтар»



  1. Велосипедпен жарысып келе жатқан Қанат жолдың

шетінде тұрған қарияны көреді. Не істеу керек? Жол беріп, өткізіп жіберсе, жолдастарынан қалып қояды. Жолдастарының жол шетінде тұрған қарияға қарар түрі жоқ. Жарыстың аты – жарыс. Қанат қарияның жолын кесіп кетті. Қанаттың қылығы дұрыс па? Егер Қанаттың орнында болсаңдар не істер едіңдер?





  1. Үйде отбасыңмен теледидар қарап отырсың делік. Болып

жатқан бағдарлама саған мүлде ұнамайды. Сенің басқа арнада болып жатқан киноны қатты көргің келіп отыр. Не істер едің?



Мектептегі әдептілікке нелер жатады?

Мектептегі әдептілікке мектеп ережесін сақтау, сабаққа кешігіп келмеу, мұғалімдермен, жолдастарыңмен дұрыс амандасу, мектеп мүлкін сақтау, сабаққа дұрыс дайындалып келу, үлкендер мен кішілерге дөрекілік көрсетпеу т.б. жатады.

Амандасу - әдептіліктің басы. Оқушылар, сендер бір –бірлеріңмен, ұстаздармен амандасқанда не деп айтасыңдар?

Әрқашан үлкендерге жастар бірінші болып амандасу қажет. Қол алысып амандасса, қолғабын шешу керек. Әркез инабатты, кішіпейіл бола білу керек. Екі қолыңды қалтаға салып шіреніп тұру - әдепсіздіктің, сыйламағандықтың белгісі.



«Ситуациялық сұрақтар»



  1. Сыныптас досың үй тапсырмасының орындалмау себебін

өтірік айтып мұғалімді алдады. Сен не істер едің?

«Дос жылата, дұшпан күлдіре айтар» дегендей жолдасыма өтірік айту жаман қылық екенін, ұстаздарды сыйлау керек екенін айтамын.



  1. Қоңырау кезі. Сыныптағы оқушылардың барлығы

сыртта жүр. Сыныпқа кіріп келсең, сенің бір сыныптасың біреудің қалтасын қарап жатыр екен. Не істер едің?

«Ұрлық түбі – қорлық» екенін айтып түсіндірер едім.



Әрбір адамда намыс оты болады. Игілікке бастаған іс намыс, қайрат, жігер берер. Бойында ерік жігері бар болса, еңбегіңнің игілігі өзіңдікі. Міне, оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды. Ешқашан да адамгершілік қасиетімізден арылмайық.







«Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы».

 Мақсаты:  Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.

 Міндеті:

1)Ана тілі болып қалатынын негіздеу, қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті мен ділін, салт-дәстүрі мен дінін құрметтеуде жастардың ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру, бүгінгі қазақ елінің индустриалық-инновациялық жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін парасатты, ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу.

 2) Білім және мәдени-рухани тұрғыда басқа өркениеттермен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету.

 3)  Қоғам мен адам, адам мен табиғат қарым-қатынасының өркениеттілік сана-сезімін ұлттық рухта қалыптастыру.

                

Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы

         Тәуелсіздігімізді алып,өркениеттілікке құлаш сермеген бүгінгі таңда адамгершілігі мол,сапалы да салауатты ұрпақ тәрбиелеуде халықтық тәрбиенің алатын орны ерекше.Қазір оқу орындарында ұлттық тәрбиеге айрықша мән берілуде. «Жастар біздің болашағымыз» дейтін болсақ, сол жастарымызды ұлтын сүйетін ұлтжанды, Отанын сүйетін патриот, жоғары адамгершілік иесі, ұлттық рухы биік парасатты азамат етіп тәрбиелеу үшін оларға ұлттық тәрбие қажет екенін өмірдің өзі-ақ көрсетіп отыр. Сабақ үрдісінде оқушыларға тұрмыстық тәрбиеге байланысты салт-дәстүрлер, бала дүниеге келгеннен өскенге дейінгі аралықта қолданылатын салт-дәстүр, ырым-тыйымның рөлі, сәлемдесу әдебі, сыйластық, қонақ күту, ас ішу әдебі, инабаттылық дәстүрлері, сөйлеу әдебі және киім кию тәрбиесі, ұлттық тәрбиедегі еңбек тәрбиесінің орны, қазақ халқының озық мәдениет үлгілері мен олардың тәрбиелік мәні сияқты ұлттық құндылықтарымызды оқытуымыз керек. .

  Ұлттық тәрбиенің мақсаты – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.

        Ұлттық тәрбиенің  міндеті – мәдени-әлеуметтік өзгермелі жағдайдағы ұлттық тәрбиенің діңгегі – ана тілі болып қалатынын негіздеу, қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті мен ділін, салт-дәстүрі мен дінін құрметтеуде жастардың ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру, бүгінгі қазақ елінің индустриалық-иннова­циялық жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін парасатты, ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу, білім және мәдени-рухани тұрғыда басқа өркениеттермен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету, қоғам мен адам, адам мен табиғат қарым-қатынасының өркениеттілік сана-сезімін ұлттық рухта қалыптастыру. Тәрбиенің басты нысаны елдік сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді негіздеу, ұлтсыздықпен күресу болса керек. 

 Халқымыздың сан ғасырлар бойы ұстанған ұлттық салт-дәстүрлер мен рухани құндылықтарын әлем елдерінің озық дәстүрлері мен озық тәрбие үлгілерімен байытып, жаңа тәрбие тұжырымдамаларын жасауда. Осы арқылы білім беру ісі мен ұлттық тәрбие бірлігіне қол жеткізіп, жаңа ғасырдың жаңа сипаттағы интеллектуалды ұрпағын қалыптастыру ісі басты нысанаға алынып отыр.

 Ендеше, «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демекші, ел болып, ұлт болып қаламыз десек,  «Ұлттық тәрбие»  балабақшалар мен мектептерден бастап қолға алғанымыз жөн  деп ойлаймын

 Ұлттық тәрбие:

1.      «Отбасындағы ұлттық тәрбие»

2.      «Балабақшадағы ұлттық тәрбие»,

3.     «Мектептегі ұлттық тәрбие»    деп бөліп талқыланады.

       1. Ұлттық тәрбиенің көздері: Фольклор, халық ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сөздер, мақал-мәтелдер, ұлы ойшылдардың еңбегінде жатыр. Мысалы: Данагөй сөзі

Ауыл адамдары бір данагөй қартпен кездесіп, пікірлесіп отырғанда бір адам тәрбие туралы сұрайды. Сол кезде қария:

-         Осы ауылдарыңда балаларыңды кісі өлтіруге, ұрлық пен тонауды қалай жасау керектігін үйретіп жүрген жалмауыз бар,-дейді.

Адамдар:

-         Ол кім? Бізге көрсет, оны тез арада өлтіруіміз керек,-деп шулайды.

-         Сонымен қатар қыздарыңды жалаңаш жүруге, зинақор жасап, ер адамды өзіне қаратуды, жаман, лас жолға түсуді үйретіп жүрген әйел бар,-дейді.

-         Олар қандай адамдар, көрсетші. Оларды өлтіріп, жоюдың амалын айтшы,-деген халыққа данагөй қария:

-         Қолдарыңнан келмейді, оны жоюға ешбіреулеріңнің арларың жібермейді,- дегенде:

-         Сонда кімдер?

-         Ол әрбіріңнің үйіңдегі теледидар,- деген екен

Мектептегі ұлттық тәрбиеге: «Ұлттық тәрбие және қазақ әдебиеті», «Абай шығармаларындағы ұлттық тәрбие мәселелері»,«Өз халқыңның қадір-қасиетін ұқ»,  «Қазақ өнеріндегі ұлттық тәрбие»,  «Ұлт патриоты болайық» , «Ұлттық тәрбие: салт-дәстүр, әдет-ғұрып негіздері», «Ұлттық тәрбиенің этика-эстетикалық негіздері», «Ұлттық тәрбие және дін мәселесі» т.б қарастырылып келеді.

2.  Отбасы тәрбиесінің ұлттық ерекшеліктері; туыстық қарым-қатынас, жеті ата туралы түсінік, перзенттік парыз бен қарыз, ұлттық намыс, сана-сезім, отансүйгіштік, еңбексүйгіштік қасиеттер ұлттық тәрбиенің негізгі бағыттарына жатады.Тұрмыс – салтқа байланысты туған әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің, бәрінде халықтың арман-тілегі, ой-пікірі, келешек ұрпаққа айтар өсиеті көрініс беріп отырады.    

 

 

 

Қазақта мынадай құнды өсиеттер бар.   Мысалы:

Жеті қазына                                  Жеті ата                            Жеті жұт

Ер жігіт                                         1. Бала                          1. Құрғақшылық

Сұлу әйел                                      2. Әке                           2. Жұт (мал қырылу)

Ақыл, білім                                   3.Ата                            3.Өрт

Жүйрік ат                                      4.Арғы ата                   4. Оба (ауру)

Қыран бүркіт                                5. Баба                          5. Соғыс

Берен мылтық                               6. Түп ата                     6. Топан су

Жүйрік тазы (ит)                           7. Тек ата                     7. Зілзала (жер сілкіну)

 

Жеті күн                Жеті ғалым                                  Жеті әулие

Бүгін                        1. Шығыс                            1. Меке шәріп

Ертең                       2. Батыс                               2. Мәдина шәріп

Бірсүгіні                  3. Оңтүстік                          3. Бұхар шәріп

Арғы күні                4. Солтүстік                        4. Шам шәріп

Ауыр күн                5. Аспан (жоғары ғалым)                     5. Қатым шәріп

Соңғы күн               6. Жер орта                          6. Құддыс (Мысыр) шәріп

Азына                      7. Жер асты( төменгі ғалым)         7. Кәләм шәріп (Құран)

 

Жеті жоқ                                                                        Жеті жетім

Жерде өлшеуіш жоқ                                    1. Тыңдамаған сөз жетім

Аспанда тіреуіш жоқ                                   2. Киюсіз тозған боз жетім

Таста тамыр жоқ                                           3. Иесіз қалған жер жетім

Тасбақада талақ жоқ                                     4. Басшысы жоқ ел жетім

Аққуда сүт жоқ                                              5. Аққу – қазсыз көл жетім

Аллада бауыр жоқ                                         6. Жерінен айырылған ел жетім

Жылқыда өт жоқ.                     7. Замандасы болмаса  – бәрінен де сол жетім

 

 

Бес қару                                    Бес өсиет                                      Бес намаз

Садақ                               1. Топасқа сенбе                                 1. Таң намазы

Мылтық                          2. Жауға иілме                                     2. Бесін намазы

Найза                               3. Сақ жүр                                            3. Екінді намаз

Қылыш                            4. Аз үйге сенбе                                  4. Ақшам намазы

Айбалта                          5. Жарлыдан сый алма                      5.Жашиық намазы

 

Бес жаратылыс                                                  Бес қатер

Күн                                                                          1. От

Ай                                                                            2. Жау

Жұлдыз                                                                   3. Борыш

Күндіз                                                                     4. Ауру

Түн                                                                          5. Сөз

 

Үш даусыз                           Үш арсыз                                Үш тәтті

Мінез                               1. Ұйқы арсыз                            1. Жан тәтті

Кәрілік                            2. Күлкі арсыз                            2. Мал тәтті

Ажал                               3. Тамақ арсыз                           3. Жар тәтті

 

Үш ғайып                                 Үш қадірлі                                   Үш қуат

Ажал ғайып                              1. Ырыс                                     1. Ақыл қуат

Қонақ ғайып                             2. Бақ                                         2. Жүрек қуат

Несібе ғайып                            3. Дәулет                                   3. Тіл қуат

 

 Яғни халық педагогикасы тәрбиені еңбек пен өнерге негіздей жүгізеді. Тек бертін келе ғана оқу-білім дамып, ғылым мен техника өрістей бастаған кезеңде ғылыми педагогика дүниеге келді.  «Ұлттық тәрбие» пәнінің тиімділігі мен мазмұнын арттырудың ғылыми негізі толық қаланып, бүгінде ол жаңа тәжірибелермен байытылуда. 

 Ұлттық тәрбиенің көздері: фольклор, халық ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сөздер, өнеге-өсиеті бар мақал-мәтелдер, туған топырағымызда дүниеге келген ойшыл ғұламаларымыздың еңбектеріндегі тәрбие қағидалары болып табылады. Ұлттық тәрбие – ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ  жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі.

 Міне, бұл орайда  ұлттық салт-дәстүрлерді үйрету сабақта және сыныптан тыс сабақтарда,тәрбие сағаттарында көрсету үрдіске айналып келеді . Еліміздің ертеңін сеніп тапсыратын отансүйгіш, еңбекқор ұрпақ тәрбиелеу үшін аянбай тер төгіп келеміз.
 «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» болғандықтан әдебиет сабағында оқушыларға  тақпақтарды жалаң жаттатып, ертегілерді құр оқытып қана қоймай, оны оқушының  санасына сіңіріп, мағынасына терең бойлатуға тырысамын. Ол үшін түрлі көрнекі құралдарды пайдаланып  «Тазша бала», «Қожанасыр», «Алдар көсе» сынды ертегі кейіпкерлерін балалардың өздеріне ойнатып, жан-жақты амал-тәсілдерді қолданамыз.  Сондай-ақ  ежелгі ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымызды, тарихымызды балалардың жадына жастайынан сіңіріп өсіруіміз шарт.
  Мысалы өткен тарихымыздан сыр шертетін «Көшпенділер» фильмін, одан соң Желтоқсан оқиғасын, тәуелсіздіктің қалай келгендігін жас балдырғандарға ересектер сияқты түсіндіре алмайсың. Сондықтан осы жолда «Тәуелсіздігім тұғырым», «Желтоқсан ызғары»т.б тәрбие сағаттарын өткіземіз.Ол болашақ ұрпақты ұлтын сүйе білуіне мүмкіндік береді.Бұл бір жағынан балалардың  егемен еліміздің тарихы мен тәуелсіздігіміздің тартуы – рәміздерімізді таныстыруға мол мүмкіндік туғызады.
  Сонымен қатар «Сақина салу», «Орамал тастау» сияқты ұлттық ойындар қабақ үстінде де ойнатамыз. Бұл олардың өз халқына деген сүйіспеншілігі мен құрметін арттыра түсетіні кәміл.  Болашақ ұрпақ осы бастан қазақтың ұлттық киімдері мен ою-өрнектерімен танысып, «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» дегендей, домбырамыз бен «бесік жырын» айтып, ақ бесікке әлдилеп жолбарыс жүрек батырлар мен ақындарды тәрбиелеген апа-әжелеріміздің бізге қалдырған ақ бесігін көріп өссіндеген ниетпен  «Бесікке салу, тұсау кесу,сырға салу т.б салт-дәстүрлерді тәрбие сағаттарында көрсетуге тырысамын.
 Әрине, қазіргі балаларды бұрынғылармен салыстыруға болмайды. Ертеректе балалармен жұмыс жасау бүгінгіге қарағанда әлдеқайда жеңіл болатын. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» көрсетіп, айтқаныңды екі етпейтін. Қазіргі балаларымыз бір үйдің еркесі, бір үйдің жалғызы дегендей... Оларды тек «алдап» көндірмесең ештеңе істете алмайсың. Оның үстіне бұл тек мектептің  ғана емес, үйдегі тәрбиеге де байланысты. Сондықтан біз, көбінесе, балалардың ата-аналарымен кеңесіп, бірлесіп жұмыс істейміз. Мені қынжылтатын тағы бір мәселе – қазіргі балалар уақытын пайдалы істерге жұмсамай, компьютердің алдында өткізеді. Ол баланы еңбек етуден алыстатып, ойлау қабілетін төмендететіні сөзсіз.Сондықтан «Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге»нақыл сөздердің құндылығымен тәрбиелеуге жетелейміз.

 
  Халықтық педагогика – қоғамның рухани, мәдени және адамгершілік қарым-қатынастарындағы ең қымбат қазына дейтін болсақ, оқушыларға ұлтымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін үйрету, оны оқушы ойына ұялату арқылы ізгілікке, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, өз салт-дәстүрін құрмет тұтуға баулу – ұстаздардың басты мәселесі.

Бүгін де өзгелермен тереземіз теңесіп, өркениетті елдер қатарынан көрініп келе жатқан біз үшін ұлттық дәстүрімізді терең меңгеріп, ұлттық болмысымызды сақтап қалу өте қажет деп білемін. Сондықтан еліміздің болашағын тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатып отырған ұстаздар үшін бұл ең басты міндет деп санап, өз сабағымда осы мәселеге баса назар аударуға тырысамын. Жалпы қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқытуда халықтық педагогикасыз болмайтыны белгілі ғой. Әйтсе де оны  оқушы санасына терең бойлату үшін күнделікті сабақта тиімді пайдаға асыра білу өте қажет.  Мысалы, 5-сыныптарда халық ауыз әдебиетін оқытудың өзі - халықтық педагогика.  Қазақ  халқының  тәлімдік мәні, ой-толғаныстары бесік жыры мен батырлық эпостарда, ертегілер  мен аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс-термелерде, мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні — адамгершілік-имандылық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, дене, отбасы тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі. Халқымыз өз ұрпағын бесікте жаткан кезінен  өлең-жыр мен әңгіме, ертегі, тақпақ, санамақ арқылы тәрбиелеп отырған. Бала аяғын жерге нық басқаннан кезден қоршаған ортаның құпиясын ғылыми  тұрғыдан  сезініп білмесе де, жұлдыздарға, түрлі белгілерге  қарап жол тауып, қаршадайынан  есту, көру сезімдері шынығып, алыстағыны болжайтын, жоғалғанды  табатын  ізшіл де, мерген де болған. Кәсібі, тіршілігі  мал  шаруашылығына  байланысты болғандықтан,  бала 5—6 жасынан  ат құлағында ойнай бастайды, бір естігенін қалтқысыз есте сақтайтын қабілеті күшті, әңгімеге үйір көшпелі халықтың баласы небір қызық ертегілерді, жыр-дастандарды жаттап алатын болған. Сөз өнерінің әдемі кестелері олардын сөйлеу корын байытып, мағыналы да мәнді сөйлеуге жаттықтыра беретін. Халықтық шығармалар ішіндегі әр жакты айқын бейне, қызықты оқиға, әдемі қисын, жақсы  ұйқастардың  бәрі  балаларды  қуантып, еліктіре әсер етіп, ой-пікірін  шыңдап отырған. Сондықтан халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқытуда тек оны оқытып, жаттатып, талдатып қана қоюға болмайды. Сол арқылы тәрбиелеу керек. Ата - дәстүрімізді мақтан етіп, оқушы жүрегінде өзінің қазақ болып туғанына мақтаныш ететіндей сезімді оятуымыз қажет.  Мысалы:«Айналдырған тас» туралы аңызды тыңдап көріңіздерші: «Ел кезіп жүрген бір адам келе жатса, бір алдында жатқан үлкен тасты көреді. Ол таста «Аудар да, оқы» — деп жазылған жазуды көреді. Ол тасты әрең дегенде аударып, екінші жағын қараса, «Өз білгеніңе назар аудармай, жаңа білім неге іздейсің?» — деген жазуды оқиды», яғни бала тәрбиесінде туындап жатқан мәселенің шешімі өзімізде екендігін көруге болады.

Бүгінгі күнде Қазақстан Республикамыздың тағдырына үлкен үлесін қосып отырғанын оқушыға дәлелмен жеткізу керек. Сондай-ақ, халық педагогикасының мәйегіне айналған бесік жырында халықтың төл тарихының, дәстүрлі мәдениетінің, ежелгі наным-сенімінің, дүниетанымының көрнісі барын, бесік жырын дана халқымыз ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп танитынын оқушы санасына берік орнатуға тиіспіз.Қазақ халқының  ұлттық тәлім тәрбиесі мен  мәдениеті  талай  халықтардың  өкілдерін  таң қалдырғаны  тарихи  жазбалардан  белгілі. Ұлы саяхатшылар  мен  зерттеушілер  қазақтың  ежелгі  тұрмыс тіршілігі, мәдениеті  мен  ауыз  әдебиеті  туралы, ер адамдар  мен  әйелдердің  моральдік этикалық ерекшеліктері  туралы, олардың  тұрмыстағы, кәсіптегі, отбасындағы, әулеттегі, рудағы  әлеуметтік   орны  туралы, ұлттық  наным, сенім, әдет ғұрпы, мінезі, көшпенді  өмір  сүргеніне қарамастан  салты  мен  дәстүрінің  біртұтастығы, біртұтас тілде сөйлеуі, қолөнері мен  бейнелеу  өнерінің, ауыз  әдебиеті  және  музыка  өнерінің  жалпы  дала мәдениетінің  таң  қаларлық  үлгілері  туралы  таңдай  қаға  айтып, баяндайды. Ендеше осындай ұлылықты, халқымыздың бай саралы да саналы дәстүрлерін еліміздің болашағы -өзіміздің алдымызда отырған ұрпағымызға үйрету –ұстаз қауымының бірінші міндеті деп білемін.


ұлттық құндылықтар негізінде білім мен тәрбие беру

Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін, білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері  негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» деп атап көрсетілген. Аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану секілді мәселелерді анықтап алу, білім беру жүйесіндегі басты ұстаным ретінде әркімнің өзінің білім алуға деген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді көздейді.

Яғни, білім заңында әрбір азаматтың білім алуға құқықтығын негізге ала отырып, оқушы бойына ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастырып, құрметтеуге тәрбиелеуде дидактикалық шарттар яғни оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үрдісін жан-жақты қамту қажеттілігі туындайды.

Ұлттық тәрбие деп, жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз.

Ұлттық мәдени құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда ұлттық мәдени құндылықтар – белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән зат, адами қадір-қасиет, яғни халық ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтар.

Адамдардың бойында қалыптасқан имандылық қадір-қасиеттер рухани құндылықтарға, ал адамдардың қолымен жасалған тұтыну заттары мен кәсібі материалды құндылықтарға жатады.

Өзімізді өзіміз бағалай білуге бет бұру – ұлттық байлығымызды игеру, ұлттық санамызды дамыту. Ұлттық құндылықтарды іріктеп, оқыту процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, отбасында да, мектепте де ұлтжандалылық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғаларды тәрбиелеп шығару.

Өз ұлтын қадірлеп-қастерлеген, ұлт қадірін білген азаматтың бірі Ж.Аймауытов: «Мен халыққа кіндігіммен байланып қалғанмын. Оны үзе алмаймын.Үзу қолымнан келмейді» - дейді. Сырым Датұлы: «Мен ағайынды екеумін: бірі -өзім, екіншісі-халқым» - дейді.

Қазақ халқының осындай дәріптеуге, қастерлеуге, дамытуға тұрарлық ұлттық  рухани және материалдық құндылықтары туралы ұлағатты, құнды ойларын халық игілігіне, келешек ұрпақты, ел-жұртқа ие болар азаматтарды тәрбиелеуге неге қолданбасқа? 

Қоғамдағы адамдар жасаған рухани, материалдық, мәдени құндылықтардың алмасуы оқыту процесі арқылы жүзеге асырылады. Соның ішінде сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы оқыту – саналы процесс екенін айтқым келеді. Интеллектуалдық деңгейі жоғары тұлғаны қалыптастыру үшін, оны оқытып қана қою жеткіліксіз. Оны тұлға ретінде жан – жақты дамытуға қолайлы, оқытудың шығармашылық түрін жасау қажет, яғни шығармашылық оқу әрекетін туғызу қажет. Бұл баланы, берілген оқу материалын жаттап алу ғана емес, керісінше өз бетімен білім алу үшін ізденуге үйретеді.

Жеке тұлғаны ұлттық тәрбие арқылы дамыта отырып, нақты әрекет арқылы оқытуда төмендегі құндылықтардың болуы қажет:

- белсенді қарым-қатынас:  оқушы мен мұғалімнің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы;

- индивидтік: мұғалімнің әр жеке оқушының ерекшелігін дамытуы, қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы;

- өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту;

- шыдамдылық: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау.

 «Адам мен адамның бір-бірімен араласу, өзара қарым-қатынасында ғана адамның адамдығы өзі үшін де, өзгелер үшін де ашылады»,-дейді философ М.М.Бахтин. Оның пікірінше, диалог тұлғаны қалыптастырудың құралы ғана емес, оның адамдық болмысын да көрсетеді. Тұлғаның белсенділігі, өзін-өзі дамытып отыруға ұмтылуы өзгелерден бөлек жағдайда емес, өзге адамдармен диалогтық қатынастарға түсу кезінде жүзеге асырылады. Бірлескен қарым-қатынас негізінде оқушы-оқушы, мұғалім-мұғалім, оқушы-мұғалім арасында өзара құрметтеу, мойындау, түсіне білу және сыйластық әрекеттері пайда болып, толеранттық пен мейірімділік көзқарастары қалыптасады.

Сонымен бірге сыни ойлау арқылы тұлға бойында рефлексиялық сапаларды қалыптастыру. Рефлексиялық сапа дегеніміз білім мен тәрбиені өзіндік сана арқылы қабылдап, тұлғаның рухани дамуы, ғылыми ақпараттарды игеруі болып табылады.

Оқушы бойында  рефлексиялық сапалардың қалыптасуы білім беруді ізгілендірудің нәтижесі болып табылады. Оқушының өзін тану үшін және өмірлік проблемаларын шешудің бірден-бір тәсілі - рефлексиялық басқаруды жүргізе алуы. Ол үшін төмендегі басты ерекшеліктерді дағдыға айналдыруың маңызы зор:

-  өз тәжірибесін пайдалана отырып, жаңа білім арқылы дүниеге өзіндік түсінік пен танымды қалыптастыру;

-  өзге адамдардың ұсынатын идеяларына конструктивтік көзқараспен қарай алу;

-  өзіне қарама-қарсы идеяларды жоққа шығаруға емес, түсінуге ұмтылу, одан өзі үшін нәтиже шығару;

-  өз біліміндегі олқылықтарын көре білу және оны жоюдың жолдарын табу.

Рефлексиялық әрекеттер барысында оқытудың жолдары талданады, өзіндік шешім қабылдауға жағдай туғызылады. Сөйтіп, бала өзін-өзі дамыту, тәрбиелеу, өз әрекеттерін ұйымдастыру мүмкіндігін алады. Өз ерекшелігі мен деңгейін таниды.

Білім беру мен тәрбиелеудің мақсатын айқындау үшін қазақ білімпазы Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн. “Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек” –деген екен.

 Олай болса, оқушылардың ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру негізінің бірден-бірі мектепішілік жүргізілетін тәрбиелік іс-шаралар. Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы, өнер-білімді игеруі – тәрбиеге, өскен ораға, үлгі-өнеге берер ұстазға байланысты. Осыны жақсы түсінген халқымыз “Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы”, “Тәрбие басы – тал бесік” деп ұлағатты ұстаздың еңбегін текке кетпейтіндей өсиет еткен.

Жеке тұлғаны ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеуде алдымен төмендегідей мақсаттар қойдым.

-   Өз халқы оның мәдениеті мен дәстүрлерін мақтаныш тұтатын Қазақстан азаматын тәрбиелеу.

-   Жалпы  адамзаттық негіздер мен құндылықтарды құрайтын саналы көзқарастары мен қағида ұстанымдарын тәрбиелеу.

-  Қазақстан Республикасының азаматын тәрбиелеудің үлгісіне сәйкес этнопедагогика,этнопсихоголия, этномәдениет негізінде тәрбие үрдісін ұйымдастыру.

-  Оқушыларды табысты іс-әрекетте бағыттау, олардың шығармашылығы мен білім құмарлығын дамыту, қолдау.

Ақын  Мағжан Жұмабаев «Баланы тәрбиеші дәл өзіндей  қылып емес, келешек заманына лайық қылып шығаруы қажет,» - деген ойлары арқылы тәрбиені келер күн талабымен  ұштастырады. Қазақ халқының тәрбие дәстүрі қай халықтың тәрбиесінен кем түсіп көрген емес. Олай болса бүгінгі ұрпағымызды халқымыздың баға жетпес бай салт-дәстүрлері негізінде тәрбиелеу, оларға ата-бабаларымыздың озық дәстүрлерін сіңіруіміз керек.

Өз тәжірибемде қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда ұлттық құндылықтарымызды өз сабақтарымда пайдаланамын. Сабақты түрлендіру арқылы мақал-мәтелдер, шешендік сөздерді қолданып бала бойында ұлтымызға ғана тән терең ойлау, шебер сөйлеу дағдыларын дамытып, тіл көркемдігін сақтауға өз үлесімді қосудамын. Халықтың тілі-халықтың жаны, тамыры, ойы, өрісі. Қазақтың ұлтшыл ақыны М.Шаханов:

«Қай тілмен ақса перзенттік түйсік өрісің,

 Сол тілдің гүлі, сол тілдің қайраткерісің,

 Бар кезде таным, таныту өрлейді.

 Тек баба тіліңді дамыта бермейді,

Өзге тілдегі жеңісің»

Жеке тұлғаны ұлттық құндылықтарды пайдалана отырып тәрбиелеуде, халық ауыз әдебиетінің қарапайым үлгілерін біртіндеп күрделенуіне қарай таңдап алдым. Тұлғаның рухани дүниесіне әсер ете отырып, ең алдымен әдептілігіне аса назар аудардым. Өйткені әдептілік-халқымыздың ұлттық психологиясының өзегі, оның ғасырлар бойы қалыптасқан барысында «әдеп», «әдептілік» деген түсініктер төңірегінде ұйымдастырған мақал-мәтелдер сайысы, ұлттық ойындар игі нәтижесін көрсетті. Тұлға бойында қайырымдылыққа баулып, жанашырлық, аяушылық сезімдердін туғызып тәрбиелеуде ертегілер рөлі жоғары. Себебі ертегі халық ауыз әдебиетінің құрылымы жағынан алғанда қарапайым, ал рухани құндылығы жағынан баға жетпес аса қымбат, көркем туынды болып есептеледі. Ертегілерді оқыту көріністер даярлау арқылы тұлға бойында сөз байлығының  баға жетпес інжу-маржанын жинап, қиялына қанат бітіріп, өсіп-жетілуіне қажет нәрсенің мол қорын алдым. Тіл білімінің атасы А.Байтұрсынов «Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты я кескінді суреттер болсын, қандай әдемі ән-күй болсын - сөзбен сөйлеп, суреттеп көрсетуге  болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді. Ал басқа өнердің бәрінің де, қызметін шама шарқынша сөз өнері атқара алады» деген.

Еліміздегі бүгінгі оқушылар нарықтық реформа және өзгеден қоғамдық қатынастар жағдайында өскен ұрпақ. Ұлттық құндылықтар бұл жастардың құндылық бағыттылығына қалай да болса бір әсерін тигізеді. Қазіргі ұстазға қойылған негізгі талап бала санасында қай кезде де сапалы білім алдыңғы қатарлы әлеуметтік құндылық болып есептелетінін сезіндіру. Сапалы білім алу мен ұлттық құндылықтарды сіңіру арқылы ғана өзгеріп жатқан өмір жағдайларына дағдыландыру. Қазақ халқының поэтикалық өнерінің бала бойында жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуына ықпалы мол. Балалардың әсемдікке, сұлулыққа деген көзқарасын қалыптастыруда Абай өлеңдерінің рөлі ерекше. «Қуатты ойдан бас құрап, еркеленіп шығар сөз» деп ұлы ақынның өзі айтқандай, ақынның өлеңдері туған жердің сұлу табиғатын, қазақ ауылының көріністерін, ақ көңіл ауыл адамдар бейнесі сан алуан сезімдерімен ұласып отансүйгіштік  қасиеттерін қалыптастырады.

Тұлғаның дамуы – өте күрделі, ұзақ және қарама-қайшылыққа толы процесс. Өйткені тұлғаның дамуы қарама-қайшылықтар күресінен туындайды. Осы тұрғыда И.Г.Песталоции «Адамның ақыл ойының қалыптасуы, дұрыс дамуы ұлт тіліндегі оқулықтың мазмұны мен оқыту әдісін дұрыс ұйымдастыруға байланысты » -деп ерекше атап көрсеткен. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні сабақтары ұлттық құндылықтарды пайдалану арқылы оқушының ішкі жан дүниесін демократияландыру идеясын басшылыққа алады. Қазақ тілі барлық білімнің негізі, алғашқы басқышы болғандықтан, тұлға шығармашылыққа қажетті білімді, дағдыны осы пәндерден игереді.

Елбасы Н.Назарбаевың: «Мағжанның жүрек тебірентерлік мөп-мөлдір асыл лирикасы, Мұхтардың көркем прозасы, Шоқанның барша әлемді таңқалдырған жаңалықтары, ұлы Абайдың түпсіз терең философиялық толғаулары сияқты осынша мол рухани қазына әрбір адамның ішкі жан дүниесін байытып, сана-сезімін шарықтата көтеретініне күмән келтіре алмаймыз» деуінің өзі біздің жоғарыда айтылған пікірлерімізге толық дәлел бола алады.

Ендеше, бүгінгі таңда белең алған жастар арасындағы келеңсіз жайттардан арыламыз десек, ұлттық тәрбиеге баулитын салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыздың маңызының тереңде екендігіне көз жеткіземіз. Жалпы баланы  қадір-қасиетін жоймаған салт-дәстүрлермен, әдет-ғұрыптармен, жыраулық қисса-дастандар, шешендік және нақыл сөздермен, эпостық және батырлар жырымен, мақал-мәтелдер, ұлттық ойындар арқылы тәрбиелеуге де болады.


Тәрбие сағаттың тақырыбы: «Еңбек етсең емерсің» Тәрбие сағаттың мақсаты: «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Тәрбие сағаттың міндеттері: - еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру; - еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту; - еңбексүйгіштікке тәрбиелеу; Көрнекі құралдар: Сара Назарбаева туралы бейнефильм, фотосуреттері, үнтаспа, «Қайдан келдің бауырсақ?» өлеңі бойынша сахналауға арналған құралдар, презентациялар, түрлі-түсті суреттер, жүрекшелер. Амандасу Біз әдепті баламыз, Біз ерекше боламыз, Қонақтарды көргенде, Сәлеметсіздер ме! – деп Сәлемдесіп аламыз. Мұғалім сөзі: - Балалар, мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын. Бүгін біздің сабағымыз аптаның сәтті күнінде яғни, сәрсенбі күні өтіп жатыр. Сондықтан сабағымыз сәтті өтсін деп тілейік. Мен барлығыңды жылулық шеңбері – шаттық шеңберіне шақырамын. Шаттық шеңбері Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі, бүгінгі күнге тілек айтып, А.Меңжанованың «Болайықшы осындай» әнін орындайды. Жақсы бала еңбекшіл Таза бала мұнтаздай, Ер азамат болады. Сүйсінеді қараған Қиындықты жеңіп кіл, Ұқыпты деп бұл қандай Құшағы гүлге толады. Жақсы көрер бар адам. Қайырмасы: Еңбекшіл досым – ай, Болайықшы осындай. Ой шақыру Сөзжұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын анықтап, мақсатын айқындау. Сөзжұмбақ шешейік. 1. Қасиетті сан. 2. Қателігіңді түсінген кезде айтатын сөз. 3. Біз өткен тақырып « ............ мен сауап» 4. Үлкенге - ..........., кішіге – ізет. (құрмет) 5. Аптаның соңғы күні. Әңгімелесу Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – «Еңбек бәрін жеңбек». Тақырып төңірегінде бірнеше сұрақтар қойылып, әңгімелесу жүргізіледі. - Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар? - Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз? - Өздерің қандай еңбекпен айналысқанды ұнатасыңдар? - Адам бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады? Слайд арқылы «еңбектің пайдасы» деген сөзге топтастыру жасау. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. Балалардың жауаптары тыңдалып болған соң, мұғалім толықтырып, адамның өмір сүруіне қажеттінің барлығы еңбекпен келетіні түсіндіріліп, өзін - өзі тану пәнін мектеп бағдарламасына енгізуге ұсыныс жасап, осы жолда аянбай еңбек еткен еңбекқор жан Сара Алпысқызы Назарбаева жайлы фотосуреттер және бейнефильм көрсетіледі. Тәрбие сағаттың дәйексөзі Оқушыларға бейнефильм көрсетіліп болған соң, тақтаға итальяндық ғалым, суретші Леонардо да Винчидің «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді» деген сөздің анықтамасын, ұқсас түсініктерді, бақыт деген түсініктің артықшылығын және кемшілігін анықтату Сахналау Еңбектің адам өміріндегі мәнін түсіндіру үшін Ө.Тұрманжановтың «Қайдан келдің бауырсақ?» атты өлеңін рөлдік орындаулар арқылы үш оқушы (автор, қуыршақ, бауырсақ) оқиды. Осыдан кейін оқушылар «Нан дастарқанға қалай келеді?» деген сұрақ аясында сөйлейді. Сергіту сәті 1. Денеге арналған жаттығу 2. Көзге арналған жаттығу Шығармашылық жұмыс Оқушылар екі топқа бөлініп жұмыс істейді. 1 – тапсырма: Мақал – мәтел кітапшасын жасау тапсырылады. Оған еңбек туралы мақал – мәтелдер жазып, мағынасын түсіндіреді. 2 – тапсырма: «Еңбек – бақыт бастауы» әңгіме құрастыру. Тыныштық сәті Дәптермен жұмыс Берілген суреттерді пайдаланып әңгіме құраңдар, суретті бояңдар. Қорытындылау - Балалар, осымен сабағымызды қорытындылайтын кез де келді. Ендеше, біз «Еңбекқорлар еліне» барып, саяхат жасап қайтайық. Ол үшін «Біз не үйрендік? Не білдік?» деген сұрақтарға жауап береміз. Әрбір дұрыс жауап берген оқушы әртүрлі суреттермен еңбекқорлар елін безендіреді. Жүректен – жүрекке Тәрбие сағат сәрсенбі күні өтіп отырғандықтан «сәрсенбі сәтті күн» деген мақалмен басталса, енді осы ырымды жалғастырып, кішкене жүрекшелерге жазып, балалар бір – біріне бата береді. Мысалы: - Ерасыл, еңбегің жемісті болсын! - Алма, еңбек етсең емерсің деген. Осыны есіңе сақта. - Олжас, сүйіп істеген іс шаршатпайды. Сондықтан өзіңе ұнайтын істерің көп болсын. - Аделия, өмірдегі тірегің еңбек болсын, - Мұхаммед, «Еңбек – қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап», - деп ұлы Абай атамыз айтқандай ешқашан жалқау болма. Жүректен – жүрекке осылайша жалғаса береді.

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/tarbie/2420-enbek.html#read
© www.ZHARAR.com



 











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
1144
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі