|
Уйымдыстыру
кезеңі
|
Мұғалім: Бүгінгі «Адамгершілік
сабақтар мөлдір бастауы »
атты тәрбие сағатымыз сіздерге
терең ой салатын өзіндік салмағы бар тақырып деп ойлаймын.
Барлығыңызды тақырып бойынша ашық әңгімеге шақырамын. (Алдын - ала
дайындалған сұрақ белгісі түрінде қиылған фигураларға жазылған
сұрақтарды бір - бірден тақтаға жапсыра отырып, сұрақ - жауап
әдісімен оқушыларды
сөйлету).
- Адамгершілік дегенімізді
қалай түсінесіңдер?
- Адамның адамгершілік қасиеті
қай кездерде көрініс береді?
- Ол қасиет бізге керек
пе?
- Әдепті адам қандай
болады?
- Әдепсіз адам қандай
адам?
- Адалдық дегеніміз
не?
- Әдет дегеніміз
не?
Сергіту сәті “Жылы шеңбер”
ойыны
Балалар бір –
бірінің қолынын ұстап, шеңбер құрап көршісіне “Мен сенімен бір
сыныпта оқығаныма қуаныштымын себебі …” (сен адал доссың), (сен
қайырымдысың) – деп әрі қарай жалғастырып, жақсы сөздерді арнайды.
– Балалар міне осындай жақсы қасиеттерді бір сөзбен қандай
қасиеттер деп атаймыз? – Адамгершілік
қасиеттер
|
Адамгершілік деген не? Бұл
сұраққа жауап беру үшін «Рухани бай адам деген қандай адам, рух
деген не?»- сұрақтары төңірегінде ой өрбітемін. Рух – адам
бойындағы бір қуат. Ол қуат - адам бойында кездесетін барлық жақсы
қасиеттер мен жасайтын барлық игі істердің қайнар көзі.
Жаратылыстың барлығы екі қарама - қарсы нәрседен тұрады: ақ - қара,
күн - түн, ыстық - суық, жақсы - жаман. Адам бойындағы барлық жақсы
қасиеттер рухтан туындайды, ал жаман қасиеттер нәпсінің көрінісі
болып табылады. Адам денесі бір болғандықтан, оның ішінде билік
үшін үнемі осы екі қуаттың - «рух пен нәпсі» күресі жүріп жатады.
Осындай қасиеттерді бар адамға адамгершілігі мол
болады.
Сахналық көрініс:
Бір ана жұқа қалтаға толтырып салынған алмасы бар, аялдамаға
жақындай бере сүрініп кетіп, қалтасы жыртылып алмасы шашылып
қалады. Аялдамада тұрған топ бала шу етіп күліп жібереді.
Оқушыларға сұрақ қойылады: сендер сол балалардың ішінде боласыңдар
не істер едіңдер? (оқушылар өз ойын айтады, мұғалім
қорытындылайды)
|
Пікірлердің
мазмұндылығы және әр білім алушының талқылауға
қатысуы.
|
1. Нақыл
сөздер:
Адамның ішінде болмайды
аласы,
оларды бұзатын - нәпсінің
таласы.
(Шәкәрім)
Адамға ең бірінші білім емес,
рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың
қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат
әкеледі.
(Әл –
Фараби)
|
|
Негізгі
кезең
|
Оқушыларды «Жасырынған
әріптер» әдісі арқылы топқа
біріктіремін.Тапсырма-1
Оқушыларды адамгершілік және
адалдық екі топқа бөліп, әр топқа тапсырмалар
береді.
Әр топқа адамгершілікке
қатысты тақырыптар немесе ситуациялар
береді.
Топтар адамгершілік
туралы мысалдар келтіріп,
талқылайды.
|
Оқушылар әріптерді құрастыру
арқылы топтың атауын тауып сол топқа біріктіріледі. Топтарға
бөлініп, топтық тапсырманы орындауға
кіріседі.
Әр топ
адамгершілікке қатысты жағдайларды талқылап, өз шешімдерін
ұсынады.
|
Топ ішінде
пікірталас кезінде сыйластықты
сақтау.
|
Тапсырмалары бар карточкалар:
Әдептілікке қатысты ситуациялар жазылған
карточкалар.
Плакаттар: Топтар өз шешімдерін жазып,
плакатта көрсетеді.
|
|
Тапсырма-2
|
Оқушыларға жеке жұмыс
ретінде адамгершілік қасиеттеріне қатысты эссе жазуды
ұсынады.
Жазылған эссені тексеріп, пікірлерін
тыңдайды.
|
Әр оқушы жеке жұмыс істеп,
адамгершілік туралы эссе
жазады.
Эссе жазу кезінде өз
ойларын еркін білдіреді.
|
Оқушының өз пікірін жеткізу
барысында әдептілігін бағалау..
|
Дәптер мен
қарындаш: Жеке жұмысқа қажетті
құралдар.
|
|
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
|
Оқушылардың сабақ бойынша
ой-пікірлерін жинақтау, адамгершілік құндылықтарын өмірде
қолданудың маңыздылығын
қорытындылау.
Оқушылардың
пікірлерін тыңдайды, қорытынды сөз айтып, адамгершілік
құндылықтарының өмірдегі рөлін
түсіндіреді.
|
Оқушылар өз
пікірлерін ортаға салады, сабақтан алған әсерлерін
айтады.
|
Оқушы өз тапсырмаларын уақтылы
және жауапкершілікпен
орындауы
Оқушыларға берілген
тапсырмалардың сапалы орындалуы мен олардың өзара көмек көрсетуін
бағалау
|
Тақта: Оқушылардың ойларын
жазу үшін тақта
пайдалану.
Плакаттар:
Қорытындыға арналған слайдтар (адамгершілік құндылықтарын
суреттеу).
|
|
Үй
тапсырмасы
|
Оқушыларға адамгершілік
құндылықтарын терең түсініп, оларды өз өмірінде қолдануға мүмкіндік
беру.
Үй тапсырмасын
түсіндіреді.
Оқушыларға өздеріне
маңызды адамгершілік құндылықтары туралы эссе жазуды
ұсынады.
|
Үй тапсырмасын
тыңдайды.
Эссе жазуға
дайындалады.
|
Эссе жазу кезінде
оқушының жауапкершілігі және өзін-өзі тексеруін
бағалау
|
Дәптер мен
қарындаш.
Эссе үлгісі: Үлгі
ретінде ұсынылған эссе
тақырыптары.
|