Адамгершілік сананы қалыптастыру әдістері.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Адамгершілік сананы қалыптастыру әдістері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогика пәнінен адамгершілік сананы қалыптастыру әдістері бойынша сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық техникалық колледж

Сабақ жоспары


Сабақтың тақырыбы:  Адамгершілік сананы қалыптастыру әдістері

Модуль /пән атауы: Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесінің теориялық және практикалық негіздерін кәсіби қызметте қолдану

Педагог:

«18 » желтоқсан 2024 жыл

1.Жалпы мәліметтер
Курс,топ: ІІ

Сабақ түрі: жаңа білімді хабарлау


2. Мақсаты:

-Адамгершілік сананы қалыптастыру әдісіне түсінік беру;

- Тәжірибелік бағытта қолдану жолдарын, амалдарын, әрекеттерін ұсыну.


3. Міндеттері:

- Тәрбие әдістерін түсіндіру, түрлері мен қолдану жағдайларын талдау;

- Педагогикалық жағдаяттарды адамгершілік сананы қалыптастыру әдістеріне сүйене отырып шешу.

4.Күтілетін нәтижелер:

-Адамгершілік сананы қалыптастыру әдістерін тәрбиелік жағдаяттарды шешуде қолдана алады;

-Адамгершілік сананы қалыптастыру әдістеріне сипаттама береді;

-Адамгершілік сананы қалыптастыру әдістерін мектеп тәжірибесіндегі тәрбие беру мақсатында қолдана алады;

-Білім алушылардың тәрбиелік танымдарын аталған әдістер тобы арқылы қалыптастыруға ықпал ете алады.


5.Қажетті ресурстар:

Презентация материалдары, бейнефильм, үлестірмелі материалдар, қима қағаздар, педагогикалық жағдаяттар, панель тақтасы.


Әдебиеттер:


  1. Құрманалина Ш.А. Мұқанова Б. «Педагогика» Астана. «Фолиант» 2007ж. 656 бет.

  2. Əбиев Ж.Ə, Бабаев С.Б, ҚұдияроваА.М. «Педагогика» Оқу құралы. Алматы, 2006ж. 193 бет.

  3. Қоянбаев Ж.Б, Қоянбаев Р.М. «Педагогика» Университеттер студенттеріне арналған оқу құралы. Алматы, 2000ж. 384 бет.

  4. Әбенбаев С.Ш. «Тәрбие теориясы мен әдістемесі» Алматы. «Дарын» 2004ж 152 бет.

  5. Набуова Р.А. «Тәрбие жұмысының әдістемесі» Оқу құралы. Алматы. «Отан» баспасы 2023ж. 280 бет.



6. Сабақтың барысы:


І.Ұйымдастыру кезеңі. (1-минут)

А) Сәлемдесу

Ә) Сабаққа психологиялық даярлық

Б) «Асығың алшысынан түссін » түрлі-түсті асық арқылы топқа бөлу.

(6 топқа бөлінеді)


ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру (5-минут)


«Бейне баян» Бейнефильм көру, талдау

https://youtu.be/bSN4Sg2Tg7E?si=i6I1yC5LU95VQISC

  1. Отбасының тәрбиесі баланың болашағына қалай әсер етті?

  2. Отбасының тәрбиесінің нәтижесінде бала қандай жетістіктерге жетті?

  3. Екі отбасының тәрбиесін салыстыра отырып, ең маңызды айырмашылықтарды атап көрсетіңіз.

  4. Неліктен екінші отбасының тәрбиесі баланың болашағына жағымды әсер етті?

  5. Бейне баяннан қандай тәрбие әдістерін байқадыңыз?

Көрсетілген бейнебаян арқылы білім алушылар сұрақтарға жауап бере отырып,бүгінгі сабақтың тақырыбын айқындайды.


Сабақтың тақырыбы: Адамгершілік сананы қалыптастыру әдістері

Тәрбие әдісі дегеніміз – білім алушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері.

Әдістерді мұғалім тәрбиенің мақсатына, мазмұнына балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне қарай іріктейді. Әдістер тәрбие мақсатына жетуге, оқушыларды қоғамдағы тәртіп ережелерін үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға, олардың жақсы тәжірибесін алуға көмектеседі.

Адамгершілік санасын қалыптастыру әдістері.

Адамгершілік санасын қалыптастыру әдістері (ұғым, пайымдау,пікірін айту, баға беру, сендіру)





Этикалық әңгіме - этикалық, эстетикалық әңгімелерді оқушыға талдату. Мұғалім оқушылармен әңгімелескенде, олардың ойын тыңдап, ынтымақтаса жұмыс істеп, адамның мінез-құлқына, жүріс-тұрысына көңіл бөліп, қойылатын талаптарды бұзған оқушылардың іс-қылықтарын талдайды.

Әңгімелесу. Әңгіме тақырыбына байланысты техникалық құралдар қолданылады.

Әңгіме мұғалімнің қысқаша сөзінен басталады. Ол оқушыларға айтылған әңгіме бойынша сұрақтар қойып, талдатып, қорытындылайды.

Пікірталас -сананы,сезімді мақсат-мұраттарды,құндылық бағыттарды қалыптастырудың күрделі әдісі. Пікірталаста тақырып бойынша оқушы өзінің көзқарасын, ойын дәлелдейді. Сонымен бірге басқаның пікірін тыңдауға үйренеді, келісу немесе таласу пікірлер де пайда болады. Пікірталасқа мұғалім де, оқушылар да дайындалады. Оның тақырыбын және сұрақтарын күні бұрын хабарландырады.Пікірталас оқушыларды қателіктер мен жалған көзқарастармен күресуге үйретеді. Пікірталастың құндылығы сонда ол оқушылардың ойлану сезімін оятады, талаптандырады, ал бұл дұрыс идеяларды ұстауға, қателіктерден бас тартуға мүмкіншілік береді. Пікірталастың соңында басқарушы оқушылардың жауабын жинақтайды, талдайды, баға береді, қорытады.

Түсіндіру - бір топқа жеке оқушыларға жаңа ережелерді түсіндіру, басқа адамды құрметтеу, өзін басқа кісінің орнына қою, т.б. түсіндіріледі. Партаны сызу, дөрекілік жасау теріс қылық екенін түсіндіре берудің қажеті болмағандыңтан басқа әдіс қолдану керек. Мұғалім адамгершілік қасиет туралы баланың пікірін сұрап, баланы теріс қылығы үшін ұялтып, түзелуге бағыттайды.

Өнеге - бұл әдістің негізіне алынған заңдылық :көрумен қабылданған санада тез, жеңіл бекиді. Үлгінің психологиялық негізі – еліктеушілік. Үлгі – бірінші, ал сөз – екінші сигналдық жүйе деңгейінде әсер етеді. «Уағыз жолы ұзақ, үлгі жолы қысқа» - деген байырғы Рим ғұламасы Сенека. Бала өміріндегі тұңғыш жанды өрнек – ата-ана, тәрбиеші, дос-жаран. Әдебиет, фильм кейіпкерлері, тарихи қайраткерлер, ұлы ғалымдар да үлкен тәрбиелік ықпал жасайды. Осыған орай бала әлеуметтік және инабаттық тәжірибе жинақтайды. Мектеп жасындағы балалар өздері аса ұнатқан адамдарға еліктейді. Өмір өнегесі ұдайы оңды болса, тіпті жақсы, бірақ олай бола бермейді, балаға әсер етуші кері өрнек аяқ астында. Оқушылар назарын өмір, адам келеңсіздіктеріне аудару, болымсыз қылықтар салдарын талдап, олардан қорытынды шығару – міндетті шарт. Мұғалім оқушыларға әдебиеттегі және өмірдегі түрлі кейіпкерлерді үлгі еткенде оқушы өзінің ішкі жан-дүниесіне үңіле бастайды. Балалар әдеби және тарихи кейіпкерлерге, құрбыларына, ересектерге, ата-аналарына, мұғалімдерге, бұқаралық ақпарат құралдарының, өнердің жас ұрпаққа үлгі ететін адамдарына еліктейді.


Сендіру – басқа адамның немесе адамдар тобына олардың пікірін, көзқарасын, қылығын, ниетін белгілі бір дәрежеде өзгерту немесе шешімін өзгерту, қажетті қасиеттерді жетілдіру үшін оның сана-сезіміне, ерік күшіне ықпал ету, ақпаратты қабылдау, саналы түрде әсер ету.

Сенімді адам мақсатқа жетудің тәсілдерін саналы түрде таңдау керек. Біреуге бір нәрсені сендіру - сенімді, қисынды ойлар мен тұжырымдардың арқасында белгілі бір көзқараспен келісетін және оны қорғауға немесе соған сәйкес әрекет етуге дайын болатын жағдайды білдіреді.


ІІІ. Сабақты бекіту

Білім алушыларға өзін-өзі бағалау әдісі түсіндіріледі.Әрбір тапсырма 15-25 балл аралығында бағаланады.


1-тапсырма «Жарнамалау» әдісі. (15-минут)

«Ең тиімді әдіс..» Білім алушыларға адамгершілік сананы қалыптастыру әдістері мәтіндер ұсынылады.


Бағалау критерийі:

  1. Жарнама дизайны.

  2. Тақырыпқа сай креативті құрылуы.

  3. Әдістің тиімділігіне көз жеткізу.


2-тапсырма Педагогикалық жағдаяттарды талдау (10-минут)

Педагогикалық жағдаят №1


Сіз мектепке практикант болып келдіңіз. Сізге алтыншы сыныпқа жетекшілік ету міндеті тапсырылды. Бұл сыныптағы оқушылардың көпшілігі өте белсенді, ашық, бір-бірімен қарым-қатынастары да жақсы. Бір аптадай өткен соң Сіз сыныпта ұжымнан шеттетіліп, тұйықталып қалған оқушы бар екенін байқадыңыз. Ол өз пікірін көпшілік алдында айтуға ұялады, ешкіммен тығыз араласпайды, көбінесе үндемей отырады, үзіліс кезінде де өзі жалғыз жүреді, улгерімі орташа. Педагог ретінде Сіз оны сөзге тартқыңыз келіп сабақ үстінде қосымша сұрақтарға жауап беруін қалап орнынан тұрғыздыңыз. Ол орнынан тұрып жауап қайтаруға біраз кідіріп қалған кезде, басқа бір оқушы:

  • Апай (ағай), одан несін сұрайсыз, ол бәрібір жауап бермейді, оданша бізден сұраңызшы – деп қолын көтерді. 

  • Ал жауап беруге тұрғызылған бала ұялғанынан қатты қызарып орнына отыра салды. 

Осындай ыңғайсыз жағдайда тұйықталып қалған балаға Сіз қандай көмек көрсете аласыз? 

  1. Орнынан айқайлап отырған «белсенді» оқушының адамгершілік қасиеттері, тәрбиелік деңгейі туралы қандай қорытынды жасай аласыз? 

  2. Осы жағдаятты қандай тәрбие әдістеріне сүйеніп шешуге болады?


Педагогикалық жағдаят №2


Жоғары сыныптың оқушысы мектепке бара жатқан бірінші сынып оқушысының ақшасын тартып алды. Жәбірленген оқушы сабақтан кейін болған жағдайды ағасына айтты, ертеңіне ағасы оны ұрып, арты төбелеске айналды.

  1. Осы жағдайға қалай ықпал етуге болады?

  2. Өз әрекетіңіз

  3. Адамгершілік сана –сезім әдістерінің ішінен қай әдістерді қолданып шешуге болады?


Педагогикалық жағдаят №3


Жексенбі күні Айдар әкесімен бірге орманға саңырауқұлақ теруге барды. Күні бойы орман кезіп, шаршаған, ашыққан олар автобустың ішінде бір-біріне қарама-қарсы отырған еді. Кезекті аялдамадан автобус қозғалған кезде Айдар отырған орындықтың тұсына бір әйел келіп тұрды. Үстіне әдемі мерекелік көйлек киіпті. Айдар орын беру керектігін түсінді, тіпті орнынан тұрғысы келгендігін қимылмен байқатты да, бірақ әйелдің өзіне көңіл бөлмегенін көріп, терезеге бұрылып отыра берді. Әкесі орнынан тұрды.

  • Отырыңыз! – деген әкесінің даусын Айдар естіді. Оның құлағының ұшына дейін қызарып, орнынан ұшып тұрып:

  • Отыр! Мен түрегеп тұрамын, - деді. Әкесі Айдардың ісінің солай болу керектігін ұғып, орнына отыра бере, сыбырлай сөйлеп:

  • Байқампаз болу керек, балам! – деді.

Талдауға арналған сұрақтар:

  1. Айдар нені сезінді, ол оның мінез-құлқына қалай әсер етті?

  2. Айдардың әкесі қандай педагогикалық әдісті пайдаланды?



Педагогикалық жағдаят №4


Педагог ұялы телефон қолынан түспейтін оқушыға: Ұялы телефонды дыбыссыз режімге қойыңыз не болмаса өшіріңіз дейді. Оқушы болса – мен олай жасай алмаймын, себебі мен « WhatsApp» желісінде отырмын. Мен ешқашан телефонсыз жүре алмаймын, ұйыктасамда телефонмен бірге ұйыктаймын дейді.

  1. Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?

  2. Адамгершілік сана –сезім әдістерінің ішінен қай әдістерді қолданып шешуге болады?







Педагогикалық жағдаят №5


Оқушы үздік оқиды, оқу материалын жылдам меңгереді. Бір жыл бұрын ата-анасы оған жақсы оқығандығы үшін компьютер сыйлады. Қазіргі күнде бала бос уақытының барлығын компьютер алдында өткізеді. Дұрыс тамақтанбайды, ұйқысы да бұзылған, жүйкесі тозып, агрессияға бейім болған.

  1. Баланың бойындағы жағдайды қалай шешуге болады?

  2. Адамгершілік сана – сезім әдістерінің ішінен қай әдістерді қолданып шешуге болады?


Педагогикалық жағдаят №6


Айғаным апай оқушыларға үнемі «Сендер ересек азамат болдыңдар, сондықтан өз ерік, жігерлеріңді көрсете біліңдер. Мен сендерден қайда жүрсем де үлкен үміт күтемін» - деген сөздерді айтып отырады.

Мұғалімдер: Айғанымның жолы болғыш, сыныбында жақсы оқушылар оқиды - деп айтады.

Мұғалімдер сөзіне түсінік беріңіз, Айғаным апайдың жетістігі неде?


Бағалау критерийлері:

Педагогикалық жағдаяттарды адамгершілік сананы қалыптастыру әдістеріне сүйене отырып шешеді;


3-тапсырма «Педагогикалық Батл» әдісі арқылы дебат жүргізу (10-минут)

Топ екі топқа бөлінеді. Бір адам бір рет сөйлейді факт немесе пікір айтады.

1-топқа «Адамгершілік сананы қалыптастыруда ата-ананың рөлі»

2- топқа «Адамгершілік сананы қалыптастыруда оқытушының рөлі» тақырыбында пікірталас.

Бағалау критерийлері:

Білім алушылар өздерінің пікірлерін білдіріп, дәлелдейді.

IV.Сабақты қорытындылау (2 минут)

«Мен саған, сен маған» әдісі



Бүгінгі өтілген тақырып бойынша әр топ 4 сұрақ дайындайды.Әр топ дайындаған сұрақтарымен алмасады, сұрақтарға жауап береді.


Бекіту сұрақтары

    1. Адамгершілік сананы қалыптастыру әдістерінің негізгі қызметі қандай?

    2. Сөз арқылы қалай ықпал етуге болады деп ойлайсыздар?

    3. Баланы өзінің істеген немесе істейтін ісіне қалай ойландыруға болады?

    4. Адамгершілік сананы қалыптастыру әдістерін қолданудың тиімділігі қандай деп ойлайсыз?


V Білім алушыларды бағалау


Өзін-өзі бағалау парағы


VI Рефлексия «Жолға шығу» әдісі (2 минут)


  • Жолға шыққан жолаушы қандай заттар алады?

  • Бүгінгі сабақ барысы бойынша өзіңіздің педагогикалық жолыңызға нені алар едіңіз?



VIІ Үй тапсырмасы


1.Этикалық әңгіменің жоспарын құру

2.Қабырға газетін жасау /ақпараттық, жарнамалық/




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.11.2025
37
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі