Қазіргі
таңда еліміздегі оқу-тәрбие жұмысына
байланысты болып жатқан жаңартулар
білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауды
міндеттейді. Бүгінгі таңда тиянақты
білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие
жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр.
Осыған байланысты мектептің алдына
қоятын ең басты мәселесінің бірі –
өркениетті , прогресшіл бағыттағы
азаматтық- адамгершілік қасиеті мол ,
сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған ,
өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде
бәсекелесе алатын биік , өрелі , терең
білімді ұрпақ тәрбиелеу. Сонымен қатар
жеке басының сапасын көтеру.
Тәрбие-
қоғамдық үрдіс , қоғам мен жеке тұлғаның
ара-қатынасын қамтамасыз ететін басты
жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті
тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту
болып табылады. Оқушылардың сапалы
тәртібі мен байымды мінезін қалыптастыру
, оған сәйкес сезімін және сенімін
тәрбиелеу мұғалімнің мақсатқа
бағытталған іс-әрекетіне байланысты.
Тәрбиенің
негізгі міндеті- қоғамның қажетті
талаптарын әрбір баланың борыш , намыс
, ождан , қадір-қасиет сияқты биік
адамгершілік стимулдарына айналдыру.
Қазіргі
таңда әсіресе, көп көңіл бөлінетін
мәселе -адамгершілік тәрбиені күшейту.
ҚР-ның
« Ұлттық энциклопедиясында» адамгершілік
ұғымына былай деп анықтама деп анықтама
берілген:»Адамгершілік- адам бойындағы
гуманистік құндылық , әдеп ұғымы».Халықтың
дүниетанымында мінез-құлықтың әртүрлі
жағымды жақтары осы ұғымнан
таратылады.Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде
көзге түсетін төмендегідей адамгершілік
белгілерін атап өтуге болады: адамды
қастерлеу , сену , ар-ұятты сақтау ,
имандылық пен рақымдылық , ізеттілік
пен кішіпейілділік , әділдік , қанағатшылық
, т.б.
Дүние
жүзінде , оның ішінде Қазақстанда толық
жетілген тұлғаны тәрбиелеу және соған
байланысты әлеуметтік-экономикалық,
психологиялық мәселелер күннен-күнге
күрделене түсуде.Осыған орай , бүгінгі
күні әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып
қалыптасуында ізгілік , яғни адамгершілік
тәрбие шешуші фактор болуы заңдылық.
Адамгершілікке
тәрбиелеудің маңызды педагогикалық
міндеттері- оқушылар-
дың
белсенді өміршілік позициясын , қоғамдық
борышқа сапалық көзқарасын, сөз бен
істің бірлігін , адамгершілік
нормаларынан ауытқушыларға жол бермеуді
қалыптастыру . Ол баланың жеке басын
қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды
бір саласы.Бұл арқылы оқушының ата-анаға,
ұжымға , қоғамға , Отанға , еңбекке қа-
тынасын
айқындайды . Тәрбиелі ұстаз шәкірттерге
жан-жақты тәрбиені осы адам-
гершілік
тәрбиесінен бастайды. Себебі бұл оның
адамгершілік сезімін ,сенімін , бел-
гілі
мақсатқа , бағытқа жетелеу іс-әрекетін
ұйымдастыруды жетілдіреді. Сонда ғана
ұстаз шәкірттердің ізгі ниеттілігін
, адалдығын , кішіпейілділігін
қалыптастырады.
Адамгершілік
тәрбиесі бірнеше міндеттерді шешуге
көмектеседі:
-өмір
талабына сай қоғамның моральдік
нормасын орындауға лайықты шәкірттерді
тәрбиелеу;
-оқушының
санасына және мінезіне ұстаздық
ықпал жасау;
-
Отанға , халқымызға , еңбек және қоғамдық
іс-әрекетке жауапкершілік сезімін
күшейту .
Бұл
міндеттерді жүзеге асыру үшін тәрбие
шаралары балалардың жас ерекшеліктеріне
, жеке бас ерекшеліктеріне , қызығушылығына
лайықты жасалады.
Адамгершілік
тәрбиесі оқу-тәрбиесі оқу-тәрбие
үрдісінің барлық салаларында , яғни
оқыту , білім беру барысында және еңбек
үрдісінде жүзеге асырылады. Тәрбиелі
болу үшін адамгершілік нормаларын
құр жаттап алу жеткіліксіз , оны терең
ой елегінен өткізу , бастан кешіру және
толғануды мінез-құлыққа бекіту керек.
Тәрбие
ісі нақты кезеңнің өзіне тән
ерекшеліктерін сақтай отырып, болашаққа
бағдар ұстайды , жеке басты соған
әзірлейді.
Жеке
адамның адамгершілік жағынан қалыптасуы
оның өмірге келген күнінен басталады.
Жеке
адамның адамгершілік жағынан қалыптасуы
оның өмірге келген күнінен басталады.Мектепке
дейінгі жаста балалардың бастапқы
адамгершілік сезімдері мен ұғымдары ,
мінез-құлықтың ең қарапайым дағдылары
қалыптасады.
Мектеп
оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу
ең алдымен- оқыту үрдісі барысында
жүзеге асады. Түрлі пәндерді оқу кезеңінде
бастауыш сынып оқушыларының достық ,
жолдастық , өмірге белсенді көзқарасы,Отан
туралы ұғымдары қалыптасады және
кеңиді.
Жас
жеткіншектер 5-9сынып оқушылар өздерін
ересектер қатарына санып , өз бетімен
тіршілік етемін деп таза қиялға да
кетеді . Бұл жастағы шәкірттердің дамуына
ұйымшылдық, тәртіптік , қамқорлық ,
құнттылық т.б. қасиеттер әсер етеді.
«Егер
баланы тәрбиеленген дәрежеге жеткізудің
сәті түссе , адамгершілік тәрбие жеке
адамды жетілдіруде тиімді ықпал
жасайды,- »дей отырып ,»Егер біз балаға
қуаныш пен бақыт бере алсақ, ол бала дәл
сондай бола алады»-деген болатын
В.А.Сухомлинский.
Сайып
келгенде , адамгершілік тәрбиесі –
үзіліссіз жүргізілетін үрдіс , ол адамның
өмірге келген күннен бастап өмір
бойы жалғаса береді. Оның мазмұны
оқушының жеке бас қасиеттерінің кең
шеңберін қамтиды. Сондықтан оқу тәрбие
жұмыстарын ұйымдастыруда оқушылардың
жеке бас ерекшеліктерін ескеру
негізгі орын алмақ.