400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

"Адами қарым -қатынас жасаудың ізгіліктері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушы бойына әдептілік туралы ұғым қалыптастыру, әдептілік,инабаттылық жайында ойын дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Адами қарым-қатынас жасау ізгіліктері.

Мақсаты:

Әдептілік туралы ұғым қалыптастыру, әдептілік,инабаттылық жайында оқушылардың ойын дамыту, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстай білуге, ізгілікке, мәдениеттілікке, парасатты болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге үлгі бола білуге үйрету.



Көрнекілігі: Әдептілік туралы жазылған қанатты сөздер, слайд.

1.Ата-баба дәстүрі- әдептілік негізі.

2.Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді.

3.Әдепсіз өскен адамнан

Тәртіппен өскен тал жақсы.

4.Адамның нағыз байлығы затта емес ақыл парасатта, рухани қазынада

( В.Сухомлинский)

Барысы:

1.Ұйымдастыру .

2.Негізгі бөлім:

А) Әдептілік-тәрбие бастауы.

Ә) Әдептілік ,сыпайлық туралы мақал-мәтелдер

3.Өлең шумақтарынан үзінді оқу (әдептілік,сыпайылық туралы өлеңдер)

4.Қорытынды.(Әдептілік )

Қайырлы күн құрметті мұғалімдер! Оқушылар! Бүгінгі біздің парасаттылық тақырып аясындағы «Әдептілік-тәрбие бастауы» атты тәрбиелік іс- шарамызға қош келдіңіздер. Бүгінгі тәрбие сағатымыз әдептілік, парасаттылық, мәдениеттілік, ізгілік жайында болмақ.

Әдепті болу деген сөздің мағынасы өте кең. Олай дейтініміз: адамның жасаған әрбір іс-қимылы, жүріс-тұрысы, сөйлеу мәнері, өзін-өзі ұстай білуі оның әдептілігі, мәдениеттілігі жайлы сыр шертіп тұрады.

Үш бөлімнен тұрады. Оның іші толған әдептілік, мәдениеттілік жайлы сұрақтар, құпия хаттардан тұрады.

1-Бөлім: «Әдептілік-тәрбие бастауы»

Тақырыптар:

1-ші топ:



1.Сәлем-әдептіліктің белгісі.

2. Қоғамдағы көліктегі әдептілік.

2-ші топ:

1.Дастархан басындағы мәдениет.

2.Мәдени - көпшілік орындардағы әдептіліктің ережелері.

1 – ші топқа:

Тақырыбы: Сәлем-әдептіліктің белгісі.

1.Адамгершілік қасиетінің қайнары сәлем берудің мәнін түсіндіріп өтіңдер.

2.”Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді” деген аталы сөзге түсінік беріп өтіңдер

3.”Ассалаумағалейкүм” сөзінің мағынасын ашып беріңдер.

4.Сәлемдесу түрлерін білесіңдер ме?

Асанова Ақбота:

Қазақ тәрбиені амандасудан,есен сау сұрасудан бастаған. Кейбір егде адамдар ”Ассалаумағалейкүм” дегеннен –ақ кім екенін білдім” деп жатады.Бұл кездейсоқ айтыла салған сөз емес,олай болса мәнісіне үңіліп көрейік.

Біріншіден, сәлем берген кісінің дауысының шығуын,сәлем беру ырғағын байқайды.Екіншіден,сәлем бергенде өзіңді қалай ұстайсың,қалай тұрасың?Үлкендер осының бәріне де назар аударады,сынайды.

Тажиханова Ақбота:

Үлкеннің алдындағы сәлемің,басшымен амандасу,қол қысысың да бірталай нәрсені аңғартады:егде кісінің не жас баланың қолын қаттырақ қысып жіберсең,дөрекелігіңіз бірден көрінеді.

Сіз амандасып болғанша,сәлем алушы үсті-басыңызға қарап та үлгереді,жарасымсыз екенін де байқайды.Осылардың бәрін ой елегінен өткізе келіп сен туралы пікір түйеді.

Дамир:

Жалпы сәлемдесу мәдениеттің сырт көрнісі болып көрінгенімен,адамның ішкі мәдениетінде біраз көрсетіп тастайды.”Сәлеміңнен жаңылма”,”Сәлемің дұрыс болсын” деген талаптың өзі ақ сәлемдесу мәдениетінің адамгершіліктің бегісі екендігін анықтап тұрғандай.

Аяжан:

Қазақта “Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді” деген аталы сөз бар,өйткені сәлемдесу-кісіліктің белгісі.Сәлемдесу,амандасу адамның бір-біріне ізет, сый-құрмет көрсетеді,Адам баласының рухани тарихында қолы жеткен зор игілігі-сәлемдесу.

Сәлемдесу о заманнан құдайшылық,имандылық кісілік нышаны ретінде түсініліп қабылданған.Сәлемдесудің мәні,ең алдымен,бір-бірінің аман-саулығын сұрасу,өздерінің аманесен дидарласып тұрғандарына қуанып,шүкіршілік жасау,ниеттерінің ақ адал,таза екендігін білдіреді.

Орта Азиядағы түркі халықтары барлық мұсылман елдердегідей ”Ассалаумағалейкүм” деген араб сөзімен амандасады.Оның мағынасы ”Сізге тыныштық тілеймін” дегенді білдіреді.Оған жауап яғни сәлем алу ретінде айтылатын “Уағалайкумассалам” сізге де тыныштық тілеймін деген сөз.Одан кейін барып үйішіңіз,мал-жаныңыз аман ба?Денсаулығыңыз жақсы ма? Деген сияқты қал- жағдайды білісу,жөн сұрасу рәсімі жалғасады.

Сәлем берудің түрлері: Қос қолдап амандасу,төс қағып амандасу. Құшақ жая амандасу,қуанышты сәлемдесу.

1-ші топқа:

Тақырып: Қоғамдағы көліктегі әдептілік.

Мұғалім:

Сен өз көлігіңді аялдамада көп тосып тұрдың,шаршадың.Көлігің келіп тоқтады да,сен ішке еніп бос орынға келіп жайғастың.Келесі аялдамада үлкен қария кісі мінді,бос орын жоқ. Сен не істер едің?

Асанова Ақбота:

Қоғамдық көлікке басқаларды итермелемей,мәдениет түрде кіру керек.Жол ақысын төлеуді ұмытпау керек.

Көлік ішіндегі адамдарды қағып соғып итермелеме,дауыс көтеріп ұрыспа.Абайсызда қағып кетсең кешірім сұра.

Үлкен кісілерге, мүгедектерге,балалы аналарға орын бер.

Билетіңді аяқ астына тастай салмай көліктен шыққаннан кейін арнайы жәшікке сал. Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден аулақ болу керек. Әдепті адамдар - қоғамның баға жетпес байлығы әрі мәртебесі.



2-ші топқа:

  1. Дастархан басындағы мәдениет.

Тапсырма:1. Тамақтану мәдениеті дегенді қалай түсінесің?

  1. Дастархан басында өзіңді қалай ұстау керек?

Ақбілек:

Тамақтану мәдениеті дегеніміз – бір қалыпты тамақтану,тағамдардың түрліше болуы, қай кезде және қандай мөлшерде ішіп- жей білу, дастархан басында өзіңді дұрыс ұстай білу.

Дастархан басында аяқ-қолыңды кермей жинақы отыр Дастархан басында отырып қатты сөйлеудің,қатты күлудің,балағат сөздер айтудың қажеті жоқ

Мұғалім:

Оқушылар, адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып әдеп әліппесін бойымыздан шығармауымыз керек.



2-ші топқа:

2. Мәдени-көпшілік орындардағы әдептіліктің ережелері.

Мұғалім:

  1. Концерт басталып кетті,сен сәл кешігіп келдің. Өзіңнің билетте көрсетілген орның алдыңғы жақта. Сен не істер едің?



Асем:

“Адам көркі -шүберек” демекші, мәдени көпшілік орындарға барғанда әдемі,таза,үйлесімді киіне білу керек.Театрға немесе концертке кешікпей баруға тырыс.

Егер кешігіп кірсеңіз жаймен,көрермендерден кешірім сұрай отырып орныңызды тауып алыңыз.

Ұлданай:

Қатты қол шапалақтау немесе ысқыру әдепсіздіктің белгісі.Қасыңдағы жолдасыңмен қатты сөйлесіп,пікір таластырып, жұрттың көңілін бөлме.Отырған жеріңде сусын ішіп,тамақтанып қалдығын тастап кетпе.

Концерт немесе спектакль аяқталмай жатып тұрып кетіп қалма.Ол сахнадағы адамдарды,өнерді сыйламағандық болып есептеледі.

Мұғалім:

Әдеп - діннің жаршысы. ”Әдепті кісіде ұят бар,ұяты бар кісіде иман бар” дегені бекер емес екен.

2 - Бөлім: Әдептілік , сыпайлық туралы мақал-мәтелдер.

Әдептілік-барлық адамға жарасатын қасиет. Ол-адамның жасынан алған тәрбиесіне, өскен ортасына, төңіректегі адамдардың қарым-қатынасына байланысты қалыптасатын қасиет.

Әдептілік,сыпайылық туралы өлең,мақал-мәтелдеріңді тыңдасақ:



Саят:

”Ақыл жастан,асыл тастан

Шығады” деп дарынды

Халық айтса,халық сөзі

Әрқашан да нанымды.

Сол өнердің жолын қуған

Осы сынып атынан,

Қабылдаңыз шын жүректен,

Сәлем сізге жалынды.



Бөріхан:

2.Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен,

Біздер сәлем береміз:

- Сәлеметсіз бе, ағай!- деп

- Сәлеметсіз бе, апай!- деп

- Амансыз ба, әжей!- деп

-Амансыз ба,атай! – деп



3 –Бөлім: Өлең шумақтарынан үзінді оқу (әдептілік,сыпайылық туралы өлеңдер)



Ұлданай:

Мен жолымды берейін,өт,қарағым,

Несін күттің, несіне көп қарадың?!

Анасының бергенін саған берген

Аруағынан айналдым текті ананың!

Жалған-ай жарасымды-ау ізет деген

Иілген “сіз өт” пенен “біз өт” пенен.

Ару:

Десек те жаңа өмір,жаңа заман,

Жақсы ғой бірін-бірі бағалаған.

Түйсіксіз тайлақтардан сақта құдай,

Тайраңдап алды-артына қарамаған.

Қарағым,ата-бабаң момын халық,

Өтіпті бір-бірінің жолын бағып.

Өсиетін бабаңның орындай сал,

Одан ешкім кетпей тоныңды алып.



Асем:

Атам менің әр таңда,

“Әдепті жан бол” деген

Ата сөзі санамда

Жасы үлкенге жол берем.

Алдын орап кісінің

Кесіп өтпей көлденең

Ізетімен кішінің

Сәлемдесіп қол берем.



Жансая:

Анам маған “Үлкенді сыйла” деген

Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.

Үлкендерден ауысқан кішілікті

Үлкендердің өзіне сыйға берем .



Бағлан:

Дастарханның басында

Әдептен біз озбаймыз.

Үлкендердің қасында

Қолды бұрын созбаймыз.

Тамақ ішер кезінде біз

Сөйлемейміз,күлмейміз.

Астан басқа өзгені

Елемейміз,білмейміз.



Ұлан:

Кім үлкенді сыйласа

Кім үлкенді тыңдаса

Сыйлы болар өзі де

Үлкен болған кезіңде.



Мырзахан:

Сыйлап сәлем береміз

Көршілерді көргенде

Ізетті де білеміз

Үйге қонақ келгенде.

Әдепсіз деп сөкпесін

Анама айтып өкпесін.



Құрметті оқушылар міне, бүгін әдептілік жайлы білетіндерімізді ортаға салдық. Енді өздеріңнен кейінгі кіші іні, қарындастарыңа үнемі үйрете жүріңдер. Адам әрқашанда бет сұлулығымен емес ішкі жан дүниесімен, әдептілігімен, ізеттілігімен, мәдениеттілігімен, парасаттылығымен әдемі. «Біздің бойымызға біткен қасиеттердің ішіндегі ең маңыздысы және ең ізгісі- парасат»,-дейді.

Құрметті ұстаздар сіздерге үлкен алғыс айта отырып, мектебіміздің басшысы Сламов Нұрлан Даулетбайұлына және тәрбие жөніндегі орынбасар Ибраимова Матлюба Асанқызына сөз береміз.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
8 қараша
2512
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі