400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

"Адами қарым-қатынас ізгіліктері." ашық сабақ 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды сыпайы, тәрбиелі,мәдениетті сөйлеуге үйрету.Кіші мен үлкенді сыйлауды, ізгілікті сән-салтанатын,мейірімділікке,бірін-бірі сыйлай білуге, қамқорлыққа, әдептілікке тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы
21 қаңтар. 2017 жыл.Адами қарым-қатынас ізгіліктері.Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сыпайы, тәрбиелі,мәдениетті сөйлеуге үйрету.Кіші мен үлкенді сыйлауды, ізгілікті сән-салтанатын,мейірімділікке,бірін-бірі сыйлай білуге, қамқорлыққа, әдептілікке тәрбиелеу.Дәйексөз: Әдептілік-әдемілік.С.барысы:Мұралардың ең қымбаты - сөз. Сөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн жылытпас суық көңілді жылытады, асылы адам-да, нәрсе де тозады, жоғалады. Асыл сөз мәңгі жасайды.Оқушылар орындауында тақпақтар."Бір ауыз сөз".Сөздің бағасы бес белгімен айқындалады:1. Дұрыстық. 2.Айқындық.3.Қысқалық.4.Орындылық.5.Әрлеу.Оқушылар осы бес белгіні айтып береді.Дұрыстық дегеніміз - айтылған сөздің қатесіздігі.Оған тәрбие арқылы жетеді.Айқындық дегеніміз - ойдың мазмұнын дұрыс бере білу.Қысқалық - мәселені түсіндіруге немесе ойды жеткізуге керек сөзді ғана пайдалануды айтады.Орындылық - сөздің айтылар жері мерзімін абайлау.Әрлеу - жасандылықтан аулақ бола тұрып әсем сойлеу. Адами қарым-қатынастағы ең басты әдептілік - бұл сәлемдесу болып табылады. Қазақ халқында сәлемдесудың түрлері көп. Бейнетаспа.Сәлемдесу туралы.Би "Саржайлау" Адами қарым-қатынастағы маңызды іс-әрекеттің бірі-бұл сөйлесу болып табылады. Сөйлеу мәдениеті тілден, тілдің тазалығынан басталады. Әрбір адам ана тілінде сөйлегенде ғана ұлт өркен жаяды. "Туған тілім - тірлігімнің айғағы Тілім барда айтылар сыр ойдағы. Өссе тілім, мен де бірге өсемін, Өшсе тілім, мен де бірге өшемін." Ә.Тәжібаев.Тіл адам баласының көңіліндегі ашу, махаббат, жұмсақтық, қаттылық, оқу, әдеп сияқты алуан турлі құбылысты көрсетеді. Сол үшін тіліңіз шындықтан басқаға қозғалмасын.Біреуге тіл тигізіп, сөз тасып, өсек айтпаңыз. Білмеген нәрсені сөйлеуге кіріспеңіз. Біреудің сөзін бөлмеңіз. Біреу жаңылысса, сөкпей, жаймен түзетіңіз. Өзіңіз қателессеңіз,мойындаудан ұялмаңыз. Біреудің сөзін қайталамаңыз. Нақыл сөздер;1. Сөз қадірін білмеген-өз қадірін білмейді. (Халық мақалы). 2.Ақылдының сөзі - қысқа, айта қалса-нұсқа.(Халық мақалы)3.Ақылды орнымен сөйлер де, жауабын күтер.(С.Сараи)4.Көп ойлап жақсы сөйле-нұсқа болсын,Сұраса-жауабың да қысқа болсын. Ж.Баласағұни.5.Текті сөз текке айтылмас, Кекті сөз көпке айтылмас. (Мақал).Адами қарым-қатынастағы игі әрекеттердің бірі - тіл табысу және өзара түсінісу болып табылады.Басқа адамды түсіну оңай емес.Сондықтан біздің өмірде шиеленіскен кикілжінді жағдайлар болады.Бейне таспа Ник Вуйчич. Қандай шиеленіскен жағдай болмасын, эмоцияға беріліп, қызығушылықпен іс-әрекет етпеңіздер.Ашуланып тұрған кезде жоғалған қарым-қатынастарыңыз, кейін қалпына келмеуі мүмкін. Омірде адамның ашулану, ызалану сезімін тудыратын әр түрлі жағдаяттар болып жатады. Сол жағдаяттарды мәдениет тұрғасынан шешкен дұрыс. Биші қыздар орындаунда "Достық биі"Адами қарым-қатынастағы және бір әрекет кешірім сұрау.Кешірім қалай сұралуы керек?Өкпелей салып, кешіру оңай емес. Дегенмен мына жайларды есіңізде ұстаңыз.Адам кешірімшіл болып, кешіре білуге үйренгенде өмір қуанышқа, жақсылыққа толы болады. Ондай адам өзімен-өзі, өзгелермен үйлесімділікте өмір сүреді.Кешірімді болу - айналана деген мейірімді болудың,ақылдың өзара түсінісудің көрінісі. Адамдар өзгелерді кешіру арқылы мейірімді бола түседі.





ОҚО Білім басқармасы Сайрам көмекші мектеп-интернаты коммуналдық мемлекеттік мекемесі.







Тақырыбы:





Адами қарым-қатынас ізгіліктері.





















Тәртіп мәдениеті пәні мұғалімі: Ибрагимова С.П
Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
566
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі