Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Адами құндылықтар
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақты өткізген: Аюбекова К.Т.
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы
№3 «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты.
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі.
7 «Б» сыныбы
Тақырыбы: «Отбасылық құндылықтар»
Мақсаты: жас ұрпақты адамгершілік-рухани дамытуда отбасының тәрбие мүмкіншіліктерін пайдалану арқылы отбасы құндылықтарының рөлін насихаттауға және бекітуге мүмкіншілік ету.
Міндеттері: балаларда өз отбасыларын мақтан тұту сезімін қалыптастыру;
ұсынылған тақырып бойынша өз ойын білдіре алуға бағыттау; тілдесу барысында сөйлеу мәдениетінің нормаларын білуге және қолдануға үйрету;
отбасылық құндылықтарды бағалай білуге жетелеу;
әлеуметтік серіктестікте жұмыс істеу қабілетін дамыту.
1.Мұғалім сөзі:
Адамның адамшылығы — ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
Абай Құнанбаев
Отбасы — бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді кажеттіліктерді қанағаттандыратын, некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.
Отбасының маңызды сипаты - оның қызметі, құрылымы және динамикасы болып табылады.
Адамға ең қымбаты-отбасы.Отбасында сүйіспеншілік,сыйластық,татулық,бауырмалдық болғанда ғана бірлік болады.Ата-ана отбасының ұйытқысы десек,бала отбасын берік ұстауға қажетті алтын діңгек. Әрбір бала өз ата-анасын қадірлеп,Отанына,туған жеріне сүйіспеншілікпен қараса,болашақта өз-өзін танумен қатар,өміріне нық сеніммен қадам басады.
Отбасы құндылықтары
Отбасылық құндылықтар дегеніміз- бір-бірін сүйіп қосылған жанұялардың отбасын сақтау үшін қолданатын ежелден келе жатқан салт-дәстүрі. Әрбір отбасының өз құндылықтары болады. Ол құндылықтар ежелден бері келе жатқан немесе жаңадан шығарылған құндылықтар болуы мүмкін.Бұдан басқа адамдар отбасылық құндылықтарды басты 3 топқа бөледі. Олар дәстүрлі, қазіргі,тәрбиелі, отбасылық құндылықтар деп аталады.
Дәстүрлі отбасылық құндылықтар
Адамдар отбасылық құндылықтар дегенді естігенде көз алдарына бірден құндылықтар түсіп , бір-бірімен ортақ тіл таба алады. Бірақ дәстүрлі отбасылық құндылықтардың әртүрлі болғанына байланысты адамдар осы тақырыпта ортақ тіл таба алмайды.
Дәстүрлі отбасылық құндылықтар дегеніміз қарт адамдардың жас отбасыға берген ақыл-кеңестері. Қазіргі таңдағы жас отбасылардың ажырасу статистикасы өскеніне байланысты жас отбасыларға олардың дәстүрлі отбасылық құндылықтары туралы теледидардан , ғаламтордан көруге болады. Әр отбасында бұл құндылықтар әртүрлі.Бірақ олардың ұқсас жақтары да бар. Мысалы, кез-келген жанұяда дінді сақтау, некені бұзбау, ұрпақ жалғастыру, балаларды тәрбиелеу деген дәстүрлі отбасылық құндылықтар ортақ болады.
Қазіргі отбасылық құндылықтар
Қазіргі таңдағы отбасылар бұрынғы салт-дәстүрді ұстануда. Бірақ сол ұстанымның өзгеруіне байланысты олар әр отбасында әртүрлі. Ол ұстанымның өзгеру себептері заманның өзгеруіне байланысты. Себебі әр замандағы адам әртүрлі. Мысалы, бұрынғы замандағы отбасы құндылықтарымен қазір өмір сүру мүмкін емес. Бұрын адамдар әйелдеріне орамалды сыйға тартса, қазіргі жас отбасылар бір-біріне гүл немесе көйлек сыйлайды.
Сонымен қатар қазіргі отбасылық құндылықтарға махаббат, сенім, түсіністік және т.б жатады.
Тәрбиелі отбасылық құндылықтар
Отбасылардың басты мақсаты бақытты ғұмыр кешу. Адамдар некеге тұрғанда көптеген жанжалдарды бастарынан өткереді. Бірақ олар өз қателерін кешіріп, қайта бірге болады. Оларды біріктіретін құндылық тәрбиелік отбасылық құндылықтардың бірі болып табылады.
Тәрбиелі отбасылық құндылықтарға құрмет, естеліктер жатады.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Тыныштық сәті.Нұрға бөлену (Тәртіп,талап,тыныштық,тазалық,татулық)
2.Сергіту сәті.
Ән «Көңілді күн»
Барлық оқушылар ортаға шығып айтады. 3 минут
3.Үй тапсырмасын тексеру
5-7 минут
«Менің отбасым» атты сөзжұмбақты дұрыс шешсеңдер,ерекше торкөзден «Отбасы» сөзі шығады.Тапсырманы дәптерде орындаңдар.
1.Есіктің екі жағы,екі жақтауы. (босаға)
2.Әкенің әкесі (ата)
3.Үлкендердің адамға ізгі тілек,алғыс білдіруі. (бата)
4.Бір әкеден жаралған ағалы-інілер. (қандас)
5.Ағасына жас жағынан кіші қыз бала. (қарындас)
6.Бірге туған қандас,туыс,ағайын.(бауыр)
4. «Көңіл күй суреті» жаттығуы
Адамның қарым-қатынасы оның көңіл күйінен білінеді, көңіл күй адамның ішкі жан дүниесінің құбылысы.Олай болса,көңіл күйімізді біліп,анықтап алайық:
Магнитті тақтадағы гүл алаңқайына назар аударайық. Сендер әрбір үйдің өсіп келе жатқан,ата-аналарың өбектеп,мәпелеп отырған ерке баласысыңдар,гүлісіңдер. Енді осы гүлге көбелек қондыруымыз керек. Мына қағаздан қиылған көбелекке өз көңіл күйімізді жазып,тақтадағы гүлге қондырамыз.
Мұғалім сөзі: Гүлдің бетіндегі көңіл күйлерің өте жақсы екен. Мен сабырлы жылылықты, көңілдеріңнің күндей екенін көріп тұрмын. Көңілді адамдардың бет әлпеті сұлуланып, нұрлана түседі. Көңіл күй адамға қанат бітіреді.Осы жақсы көңіл күймен сабағымызды ары қарай жалғастырамыз.
5. Ойланайық, пікірлесейік
Оқушыларға сұрақтар: Сұрақ жауап әдісі:
1.Отбасы дегеніміз не?
2.Отбасы қанша адамнан құралады?
3.Отбасы мүшелері кімдер?
4.Отбасы мүшелері сендерді қалай еркелетеді?
5.Отбасы мүшелерінің қандай қызметтері бар?
6.Кім өз отбасы туралы айтып береді?
7.Отбасыңызда өзіңізге ең жақын адам бар ма,ол кім? (Анам,отбасындағы барлық мүшелер)
Отбасы құндылығына туыстық қарым-қатынастар,салт-дәстүр,әдет-ғұрыптарымыз жататынын біле отырып, өзіміздің туыстық ұғым жөнінде ойларымызды ортаға салайық.
6. Мұғалім сөзі
Менің ойымша отбасы деген...сыйластық , жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. Бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы,жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын,адамгершілігін,мәдениеттілігін тәрбиелейтін-алғашқы қадам. Ең қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ,табиғаттың адамға ғана сыйлаған керемет бір сыйы.
7 -тапсырма
Суреттерге қараңдар. Қысқаша сипаттаңдар,тақырып қойыңдар.Өздерің де отбасылық альбомдарыңнан қызықты сәттеріңді жинастырып, «Менің отбасым» тақырыбында фотоиллюстрациялар әзірлеңдер.
Топ тапсырмалары,өмірлік ұстанымдарымыз
1 топ “Бірлік”
Біз сыйласа білеміз бе?
Үлкенді сыйлау дегенді қалай түсінесің?
Отбасы сыйластығы кімге байланысты?
2 топ “Ұрпақ”
Отбасында әкенің рөлі қандай?
Отбасында ананың рөлі қандай?
Отбасыңда қандай салт-дәстүрлер сақталады?
3 топ “Шаңырақ”
Отбасы бақыты неде?
Отбасы әдет-ғұрыптарын қалыптастыруға бола ма?
Отбасы тәрбиесінің тұлға қалыптасуына қандай әсері бар?
8-тапсырма
Дәптермен жұмыс
Отбасыларыңды біріктіретін қандай отбасылық салт-дәстүр, мерекелер бар?
Дәптерге жазып,әңгімелеп беріңдер.
Отбасы құндылығына туыстық қарым-қатынастар, салт-дәстүр,әдет-ғұрыптарымыз жататынын біле отырып,өзіміздің туыстық ұғым жөнінде ойларымызды ортаға салайық.
1-оқушы. Жалғас Әділ
Туыстық жүйенің ең негізі, бел ортасы-отбасы болып саналады.Барлық алыс-жақын туыстық-осы отбасынан есептеледі.Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады.Ол-ата,әке,бала.
2-оқушы. Нұрмағанбетов Қадір
Аталар мен апалар ауыл-аймақ,ағайын арасының берекесі,ақылшысы болып келеді.Олардың әрқашанда мәртебесі биік болып,сый-құрметке бөленген.Өйткені үлкенді сыйлауды қадір тұтқан қазақ салты бойынша көргені мен тұрмыста түйгені көп,тәжірибесі мол адамның сыйға бөленуі заңды құбылыс деп танылған.Үлкенді сыйлау,ақылын тыңдау көргенділік деп есептеледі.
3-оқушы.Жайлыбай Бекжан
Дәстүрлі қоғамда ата-апаның тәрбиесін көрмей өскен бала болмаған.Ата-апалар жыр,дастан,ертегі айтып,немере-шөберелерін рухани байытып,тәрбиелеп отырған.
Қазақтың ежелгі дәстүрі бойынша тұңғыш немересін атасы мен әжесі өз қолына алып,немере ыстық болғандықтан,балаларынан да артық көріп,тәрбиелеген.Тұңғыш немерелер ата-әжесін өз әке-шешесіндей санап,туған әке-шешесін тек қана өскеннен кейін де танып жатады.Кейде тұңғыш немересі кенже ұлының орнына,атасының қара шаңырағына ие болып та қалатын жайт кездеседі.
4-оқушы. Исатаев Айбол-
Әке - әулет басшысы,отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен аналардың орны ерекше. Әке үйі барлық балалары үшін үлкен үй,қара шаңырақ деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметті.
5-оқушы.Баттал Нұрсұлтан
Қара шаңырақ,үлкен үй деп атайтын әкенің үйіне болашақта кенже ұл ие болып, қарттарды бағып-қағатын,көне салт бүгінгі қазақ отбасыларында да сақталған.Ал үлкендері үйленіп,үй болысымен еншілерін алып,бөлек шыққан. Жасы кіші болса да,кенже иеленген үлкен үй басқа жасы үлкен туыстары үшін де қадірлі,қасиетті үй ретінде саналған.
9-тапсырма Мәтінді оқып,өзің үшін қажетті қасиеттер мен түйінді ойларды есіңе сақта. Өз отбасың үшін адамгершілік ережесін жаса
«Бақытты отбасы» аңыз әңгіме
10.Видеоролик «Әке мен бала»
Отбасы құндылығы 5-7 минут
1.Видеороликтен не байқадыңыздар?
2.Қандай отбасы бейнеленген?
3.Қандай құңдылық байқадыңыздар?
11. Ананың ұлы мен қызына айтқан өсиеті видеоролик тыңдау
12.Бүгінгі «Отбасы құндылығы» деп аталатын ашық сабағымызды қорытындылай келе, президентіміздің «Ұлттың ұлы бақыты-Қазақстан жаңа үшінші мыңжылдыққа дербес тәуелсіз мемлекет болып қадам басты! Дүниеде қазақ деген ұлт-біреу,демек оның ұлттық болмысы, салт-санасы мен әдет-ғұрпы да- жалпы қазаққа бірдей тән,оның ғажайып мол рухани қазынасы да-бөліп-жаруға келмейтін ортақ қазына» деген сөздерімен ойымызды,сабағымызды қорытындылай келе, мемлекет беріктігінің негізі отбасы бірлігінде, ал отбасының беріктігі қазақ, қазақ болғалы атадан балаға асыл мұра болып келе жатқан ұлттық салт-дәстүрмен санаңа сіңетін отбасы құндылықтарын берік сақтауда екенін білейік!
13.Кері байланыс. Рефлексия
Не білдім? Не білгім келеді? Не білемін?
.
14.Үйге тапсырма
«Ата-анам- берік қорғаным» тақырыбында эссе жазу.
15.Бағалау
7