400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Адамжасампаз" 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ барысында білім алушылар адамгершілік құнды қасиеттерді игереді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді: _______________ «____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: _______________

Күні: _______________

№: 6

Мұғалімі: _________________________

Сыныбы: 11

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Адам - жасампаз

Құндылығы: Дұрыс әрекет.

Қасиеттері: Адалдық, жауапкершілік

Мақсаты: Адам жасампаздығы ізгі ісінде екендігін түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Адамды жасампаз ететін ізгі ісі екендігін дұрыс әрекет құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру

  • Дамытушылық: адалдық, жауапкершілік қасиеттерін дамыту

  • Тәрбиелік: жақсы мінез – құлыққа тәрбиелеу

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

    1. Тәртіп.

    2. Талап.

    3. Тыныштық.

    4. Тазалық.

    5. Татулық.
      Жағымды күйге келу



  1. Үйге тапсырманы тексеру

Құтты білік дастанынан үзінді оқып келу.

Сұрақтар:

• Шығармада адамдық қасиеттердің қандай қырлары ашылған?

• Шығармадағы «Ұят, шындық, ізгі құлық – үшеуі қосылғанда құбылаң тең түседі» деген ойды қалай түсінесіздер?

• Өлеңде айтылған адамгершілік қасиеттердің адамның жасампаздығымен қандай байланысы бар?

• Өлеңдегі құндылықтар мен қасиеттердің қайсысы сіз үшін өте маңызды? Неліктен?


  1. Сабақтың дәйексөзі.

Бақытты болашақтың ең басты негіздерінің бірі — бұл жалпыға бірдей жақсылық тілеу...

Ілияс Есенберлин

Илияс Есенберлин – жазушы, драматург

Сұрақтар:

    1. Қандай адамды адамгершілігі мол, ізгі дейміз?

    2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?


4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы)

Дінмұхамед Қонаев

Адамдық қалыпты биік ұстау – кімге де болса, үлкен сын. «Адамгершілік» деген асыл қасиетті аласартып алмасақ екен. Өмір өзегі де – осы, азаматтық жол да – осы. Мақтансаң да, жарасқандай, өз басым мұрат тұтқан мынандай бес сипатқа тоқтала кеткім келеді. Жастайымнан атқа міндім. Біреуден ілгері, біреуден кейін тірлік кештік. Жақсылыққа мастанбасқа, жамандыққа жасымасқа бел буып өстік. «Кем-кетіксізбін» деуден аулақпын. Барды емес, жоқты іздедік. Жоқ іздеген кісі бұрынғы жоғын табатын кезі болады. Меніңше, «оны ойға тоқып қана қоймай, бойға сіңіре білуден асқан байлық бар» деп білмеймін. Жоғыңа жолыққан сайын көп нәрсеге қолың жете береді. Алысың жақын, жатың дос-жораға айналады. Сол бес сипаттың бірі – біреуге тіл тигізуден сақтану. «Ақыл – дос, ашу – дұшпан» дегеннің мәні – осы. Екіншісі – әдептілік. Қазақ әдептен аспай, кішілік көрсету арқылы кісілік танытқан. Үшіншісі – өзің өзгеге күдіктенбе, өзге өзіңе күдіктенбесін. «Иман жиям», – десең, пиғылыңды таза ұста. Күпірліктен адасың. Төртіншісі – не істесең де, зеректікпен тындыра біл, аяғына жеткізе біл. Ырысың – осы. Ал ең соңғысы – өз басыңа тілемейтін істі біреуге істеме. Қиянаттан асқан қылмыс болмайды. Сақтансақ, осыдан сақтанайық.


5. Шығармашылық жұмыс.

8-тапсырма. Facebook, Instagram, Twitter желілеріндегі руханиадамгершілік бағытындағы парақшаларға сараптама жүргізіп, қорытындысын диаграмма түрінде көрсетіңіздер. Осы парақшаларды ары қарай қалай жалғастыратындарыңызды айтып, жоспарын жасаңыздар.


6. Топпен ән айту.

Ерлікке шақыру.

Сөзі мен әні Мұхтар Шахановтікі

Міне саған ойланатын келді күн,
Азамат боп атқа міндің сен бүгін.
Бірақ атқа мінгеніңнен не пайда
Жүрегіңде қалғып жатса ерлігің?!


[Қайырмасы:]
А - а - а.
Бозбала,
Қанатыңды талдырма,
Алай-түлей жаңбырда.
Тізгініңді беріп қойма тағдырға,
Қуанышым,
Жан-тәніңмен бір адамды сүймегенің үшін,
Сүйе алмағаның үшін
Табиғаттың алдында кінәлісің.


Қорға, жаным, сеніміңді жеруден,
Қорлық бар ма, жанбай жатып сөнуден.
Өмірдегі үлкен жеңіс әрдайым
Басталмай ма өзіңді өзің жеңуден.


[Қайырмасы:]
А - а - а.
Бозбала,
Қанатыңды талдырма,
Алай-түлей жаңбырда.
Тізгініңді беріп қойма тағдырға,
Қуанышым,
Жан-тәніңмен бір адамды сүймегенің үшін,
Сүйе алмағаның үшін
Табиғаттың алдында кінәлісің.


Болашағың алдыңда әлі, бүлдіршін,
Ер жігіттің намысында бұл бір сын.
Бүгін көрсет қайратыңды, күшіңді,
Ертең мүмкін кеш бола ма, кім білсін?!


  1. Үй тапсырмасы.

Абайдың отыз екінші қара сөзін оқып келу


  1. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3].

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.








































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қазан
1921
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі