400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Адамның адамгершілік қасиеттері 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пән мұғалімдері
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: № 156 ЖББМ Күні: _______________

Құндылығы: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: Сыпайылық, сыйластық, қайырымдылық

Тақырыбы: Адамның адамгершілік қасиеттері № 10

Мұғалім: Джангурбаева Индира Нарбайкызы

Сыныбы: 9 Оқушылардың саны:

Мақсаты:Оқушыларға адамның адамгершілік қасиеттері туралы айта отырып, дұрыс әрекет құндылығың мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларды адамгершілікке, сыпайылыққа баулу

2. Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы сыйластық қасиеттерін дамыту

3. Тәрбиелік: Оқушыларды қайырымдылыққа тәрбиелеу

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

  1. u-s.kz

  2. https://infourok.ru


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды көңіл күй.

Төрт құбылыс тренингі
Мақсаты: Топтағы балалардың бір - бірімен жақындай түсуі және жеке тұлға арасында жағымды
қарым – қатынасты орнату, есте сақтау қабілетін дамыту.
Жүргізілуі: Балалар шеңбер жасап тұрады. Жүргізуші “су” деген дегенде балалар қолдарын алдарына созады, “ауа” дегенде қолдарын жоғары көтереді, “от” дегенде екі қолын айналдырады, “жер” дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатысса сол ойыннан шыға береді.

  1. Үйге тапсырманы тексеру

1. №9 – сабақ. 2 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №10, «Ұлы ұстаздың соңғы лекциясы» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

1. Мұхтар Әуезовтің рухани өзін-өзі жетілдіруінің мәнін қалай түсіндіресіздер?

2. Ұлы ұстаздың өмірінде риясыз сүйіспеншілік қалай көрініс табады?

3. Кемелденген, толық адам, ақылды, парасатты деп қандай адамдарды атайды? Мұндай тұлғаның бойынан қандай қасиеттерді атап өтесіздер?

4. Қарым-қатынастағы өзара сыйластық, түсінушілік адам бойындағы қандай құндылықтардың көрінісі?

5. Өмірде адамның шынайы адамдық табиғаты қалай көрінеді? 6. Автордың өзін және өзгені тануы мен бағалауы арқылы қандай құндылықтарды байқадыңыздар?

7. Автордың «... бірегей, бітімді бәйтерек қашанда халықпен бірге жасайды» деген тұжырымына қатысты өз ойыңызды ортаға салыңыз.

8. Өзіне сенімнің, риясыз сүйіспеншіліктің күнделікті өмірдегі көріністерінен нақты мысалдар келтіре аласыз ба?


3. Сабақтың дәйексөзі

(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.

Абай

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер

Сұрақтар:

  1. Адамгершілік дегенде нені түсінесіз?

  2. Адамгершілік қасиеттерге нелер жатады?

  3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?


4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы)

Ақылды егінші

Бір күніпатша нөкерлерімен бірге серуенге шыққанда жер өңдеп жүрген егіншіні кездестіреді. Тырбанып еңбектеніп жатқан қарапайым адам патшаның көңілінен шығып, онымен сөйлесуге ықыласы ауады. Бірнеше сауалдан кейін патша егістіктің бұл адамдікі емес екенін, күніне 15 теңге үшін жалданып еңбек ететінін ұғады. Патша егіншінің жалақысының аздығына қайран қалады. Себебі, патша сарайының бір күндік шығыны жүздеген алтыннан көп еді. Егінші, патшаның таң қалғанына қарап:

  • –Бұл ақша қанағатшыл адамға тіпті көп те болады. Мен ақшамды үшке бөлемін, – дейді.

– Бір бөлігімен өмір сүремін. Бір бөлігімен қарызымды өтеймін. Бір бөлігін біріктіріп,

қор жинаймын, – дейді.

Патша бұл жұмбаққа ұқсаған сөздерден еш нәрсе түсінбейді. Ақкөңіл диқан күлімсіреп былай дейді:

– Ақшаның бір бөлігімен қарызымды қайтарамын дегенім, бала кезімде үлкен қамқорлық көрсеткен әкем мен шешем ғой. Ақшамның бір бөлігін соларға беремін. Ақшамды қор ретінде жинаймын дегенім, бұл ақшамның бір бөлігін балаларымның іне төлеймін. Менің қолым, аяғым жұмыстан қалған жағдайда, олар маған көмектеседі деп үміттенемін. Қалған ақшамды өзімнің мұқтаждарыма жұмсаймын, – дейді.

Патша қарапайым адамның бұл әрекетіне риза болады. Намысты шаруаның балаларының біліміне төлейтін ақшаны өз мойнына алады.

Балалары да ер жеткен соң білімді,ақылды азаматтар болып,халқынақолдарынан келген көмектерін аямай көрсетіп,егіншінің үмітін ақтапты.

Сұрақтар:

1. Егіншінің бойынан қандай адамгершілік қасиеттер көріп тұрсыңдар?

2. Патша не үшін риза болды?

3. Сендер өз ақшаларыңды осы егінші секілді үнемдеп жұмсайсыңдар ма?

4. Ата-аналар алдындағы парыздарыңды қалай орындап жүрсіздер? Мысал келтіріңіздер.


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс

6-тапсырма. Мақалдарды аяқтап жазыңыздар және оларды біріктіретін идеяны табыңыздар.

• Адамның ұяты бетінде , ... .

• Қайырымдылық жасасаң, ... .

• Адамгершілік болмай, ... .

• Айырылмастай досыңа, ... .

• Өзіңді өзің сыйламасаң, ... .

• «Сіз» деген – әдеп, ... .

• Ұлық болсаң, ... .

• Кішіпейілділік – ... .

7-тапсырма. Атақты педагог В. Сухомлинскийдің ұлағатты сөзін мұқият оқып, мағынасын түсіндіріңіздер: «Адам бойында кішіпейілділікті басқа қасиеттерден оқшау қалыптастыру мүмкін емес: кішіпейілділік, сыр мінезділік – еңбекті кісілік сипатына, рухани өмірінің бір саласына айналдырған адамның ғана қолынан келеді».


6. Топпен ән айту

Құштармын Сөзін жазған Айсәуле Бейсенхан

Әнін жазған Данияр Сағынтаев

Күлімдесе көкжиектен шыққан күн

Қабағымды жадыратар қысқа мұң.

Піспегіне қарай бергім келеді,

Жылы жақтан келе жатқан құстардың.

Шағаладай шаттық жырын сыйлаған,

Бірін-бірі мұңайтуға қимаған

Достарымды аялағым келеді,

Жарық күннен тек жақсылық жинаған.

Қайырмасы:

Әуеніне әуен қосып құстардың,

Қанат байлап мен де биік ұшқанмын.

Жанарынан жан сәулесі төгілген,

Жүзі нұрлы адамдарға құштармын,

Жүзі нұрлы адамдарға құштармын.

Талаптанып үміттеніп бақ қудым,

Қайырмасын айта берем гәккудің.

Жер бетіне махаббатын тілеймін,

Адалдықтан айнымайтын аққудың.

Қайырмасы.


  1. Үй тапсырмасы

1. №10 – сабақ. 3 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №11, «Шанханайдың шынары» мәтінін оқып келу.


8. Сабақтың қорытынды сәті

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)немесе1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 қаңтар
1052
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі