400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепшілік іс шара, мектептегі дене шынықтыру пәні, "Біртұтасы тәрбие" бағдарлама аясы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан»

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім - тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық деп білемін.
Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.
Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы - жас өскелең ұрпақтың тәлім мен тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуде. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі, тыныс - тіршілігі - мұғалім. Қазіргі уақытта мектебіміздің тәрбие саласына өте көп көңіл бөлінуде, айта кететін болсақ «Біртұтас тәрбие бағыты» бойынша көптеген іс – шаралар орын алуда. 25- қазан Республика күніне орай Алматы қаласы алатау ауданы №151 жалпы білім беретін мектебімізде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша «Тәуелсіздік және Отаншылдық» айы аясында 6 сынып оқушылары арасында «Көңілді старттар» тақырыбында спорттық ойындар ұйымдастырылды.

Мектебіміздің дене шынықтыру мұғалімдері Булекбаев А.М,Кенембай М,Самижанұлы Ж, Усенов Ш.П, Сатышев Н.Д, Исмаилхан А.Е, Камалдинов А.А тәрбие ісінің орынбасарлары Смайлова А.К мен Абдалиева Г.Н бірлесе өте тамаша деңгейде , ең бастысы оқушыларға өте көңілді, әрі денсаулыққа пайдалы сайыстар өткізді. Мектеп директоры Молдабаева Г.Ж бұл жарыста оқушыларды құттықтап, «Денсаулық пен Қауіпсіздік» жайында түсіндіріп өтті. Сайыс соңында әртүрлі марапат қағаздары табысталып, оқушылар аман – есен сынып жеткшілеріне табысталып, оқушылар қуанышпен тарқасты. Бұл жерде айтпағым білім саласындағы, әртүрлі өзгерістерде ұстаздардың алатын орны зор. Әріптесеріме Республиканы күніне орай, дендеріңіз сау, бастарыңыз аман, отбасыларыңыз бақытты болып, тәрбиелеп отырған әрбір оқушыларыңыз еңбектеріңізді бағалап,тек биітерден көріне беріңіздер. Еліміздің болашағы балалар деп білсек, Көк туымызды желбіретер болашақ ұрпағымыздың өмірі бақытты болсын.

Алматы қаласы Алатау ауданы

№151 ЖББ мектеп

11 сынып жетекшісі,ағылшын тілі мұғалімі

Джампейсова Н.С





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 қазан
292
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі