400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Адамның айналысатын хоббиі оның мінезінен хабар бере ме?

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақаланы оқу арқылы күнделікті өмірде айналысып жүрген хоббиіміз бен мінезіміздің байланысын біле аламыз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы, Талғар қаласы

Ж.Жабаев атындағы №6 орта

мектебінің 11 “Ә” сынып оқушысы

Малик Дина Азаматқызы



Адамның айналысатын хоббиі оның мінезінен хабар береді ме?

Әрбір адамда өзінің айналысатын сүйікті ісі яғни хоббиі болады. Хоббимен кез келген адам айналыса алады. Себебі сүйікті іспен айналысу арқылы миымыз тынығып, бос уақытымыз қызықты өтеді. Сарапшылардың айтуы бойынша хоббидің темперамент түріне тікелей байланысы бар. Досыныздың, әріптесіңіздің немесе таныстарыныздың хоббиін зерттей отырып, оның мінезінің қандай екенін түсінуге болады. Өзініздің сүйікті ісіңізді жасай отырып, сіз демалу арқылы жаңа күш аласыз. Сәйкесінше сіздің көңіл-күйіңіз бен мінез-құлқыныз тікелей өзгереді.

Спорт

Бос уақытында спортпен шұғылданатын адамдардың мінезі салмақты және төзімді болып келеді. Ондай адамдар жаңа таныстықтан қорықпайды. Хоббиі спорт болатын адамдарда уақыт аз болады. Сондықтан олар жиі бір жерге асығады да жүреді. Олар аздап жабық болғанымен сырт көзге жақсы көзқарас қалдырады. Спортпен айналысатын адамдар ерекше харизма иелері болып табылады.

Саяхат

Саяхаттауды жақсы көретін адамдар әдетте бір орында отыра алмайтын, әлемге ашық жандар болып келеді. Мұндай адамдарды экстраверттер қатарына жатқызуға болады. Ондай адамдар жиі ізденіс үстінде жүріп, тәжірибе алуға тырысады. Көбінесе мұндай адамдар шығармашылық жағынан дамыған, табиғатты жақсы көреді. Ең қызығы саяхаттауды жақсы көретін адамдарды қандай да бір темперамент түріне жатқызуға болмайды. Себебі олар әр кезде әртүрлі әмбебап бола алады. Сондықтан да мінездері де тура ауа-райындай құбылмалы болып келеді.

Өсімдіктерді баптау

Егер адамның хоббиі өсімдіктерді өсіру және баптау болса онда олар қамқорлық жасағанды ұнатады. Бұл хобби түрі үлкен жауапкершілік пен назар аударуды талап етеді. Бірақ, мұндай адамдар ностальгияға, сентименталдыққа бейім болып келеді. Олармен кез келген тақырыпта сөлесіп, пікір алмасуға болады. Қиын жағдайда бірінші өз қамын емес, өзгенің қамын ойлауға дайын.

Өнер

Сурет салу, ән айту, музыкалық аспаптарда ойнауды ұнататын адамдар үнемі айналасына позитив сыйлайды. Мұндай хоббиге көбіне әлемге басқаша көзқараспен қарайтын адамдар бейім болып келеді. Олар үшін өз білімдері мен эмоцияларын басқалармен бөлісу өте маңызды. Шығармашыл адамдарда табаңдылық пен мотивация болады. Сол үшін әрбір сәтсіздіктерді олар жеңіл қабылдауға бейім болып келеді.

Хоббидің болуы адам баласын үнемі дамуға алып келетіні сөзсіз белгілі. Хоббидің жақсы немесе жаман түрі болмайды. Әдетте хоббимен айналысу адамды тұрақты және күйзеліске төзімді етеді. Сүйікті іспен айналысу бұл - өмірдің рахатын сезіне отырып, алдыға ұмтылуға әкелетін прогресс. Хобби табу арқылы адам өзін-өзі танып, жанға пайдалы іс таба алады. Сол үшін өзіңізге ұнайтын іспен айналысып, өмірдің ләззатын сезініңіз!









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
31 қаңтар
223
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі