400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Адамның азаматтық тұлғасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жеке тұлғаның қоғам алдындағы әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігін сыни көзқарас тұрғысынан сезінуге, азаматтық ұстанымдары мен көзқарастарын қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: Адамның азаматтық тұлғасы

Мақсаты:Жеке тұлғаның қоғам алдындағы әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігін сыни көзқарас тұрғысынан сезінуге, азаматтық ұстанымдары мен көзқарастарын қалыптастыру.

Мемлекеттік тілге құрметпен қарап, өз елін мақтан ету сезімдерін тәрбиелеу.

Қасиеттер: Қасиеттері: жақсы көру, адамгершілік пен имандылық, ізгілік пен кісілік, сенім, мейірімділік.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Әдістері:сұрақ-жауап,көрнекілік,қорытынды жасау,салыстыру,шығармашылық.

Ресурстар: интерактивті тақта, оқушы дәптері, музыка т.б.

Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі : «5 » ережесінің сақталуын еске түсіру: тәртіп, талап, тыныштық, татулық, тазалық.

Шаттық шеңбері: Оқушыларды «Шаттық» шеңберіне жинаймын.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері барлық өкпе мен мұңды жібітеді.Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай аламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Мұхтар Шаханов «Төрт ана» мәтіні

Өлеңдегі «... Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала» деген жолды қалай түсінесіңдер?

Өздерің осы «Төрт ананы» сақтап, дамытуда қандай үлес қосып жүрсіңдер?

3.Дәйексөз:

«Ел мен үшін не істей алады деп сұрама, ел үшін өзім не істей алам»- деп сұра.Джон Кеннеди

«Үлкен болып қалу үшін ғаламда, үлкен арман керек екен адамға!»

Дәйексөзді талдау:

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінеміз?

Дәйексөзді ұлдар жеке хормен оқиды, қыздар жеке хормен оқып, сосын дәптерлеріне жазып алады.

4.Әңгімелеу(сұхбат):

Алдыңа қандай мақсаттар қоясың?

Өмірдегі таңдауларың мен қызығушылықтарың қандай?

«Азамат» дегенді қалай түсінесіңдер?

Адамның бойында, азаматтың бойында қандай қасиеттер болуы керек деп ойлайсыңдар?




Сенің ойыңша азмат болу үшін өмірде қандай құндалықтар мен қағидаларды, ұстанымдарды басшылыққа алу керек.


5.Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс: «Адамның азаматтық тұлғасы»

тақырыбында эссе жазу, өлең шығару, сурет салу

6.Топпен ән айту.

Анамның тілі – аяулы үні

Өмірге келдім, Анамды көрдім,

Деді ол: «Жаным», Арайлы таңым

. Самал боп желпіп, Жырымен ертіп,

Үйретті тынбай, Бал тілі, әнін.

Қайырмасы:

Анамның тілі – айбыным менің,

Анамның тілі – Ай, Күнім менің.

Сүйемін байтақ елімді туған, Сүйемін мәңгі өмірді думан

Мектепке келдім, Ұстазды көрдім.

Тыңдадым сөзін, Табынып, сүйіп.

Анамның тілі – Аяулы үні.

Жүрекке нұрын Жіберді құйып.

7.Қорытынды.

Сұраққа жауап бер.

-Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

-Бүгінгі сабақта не үйрендіңдер,не білдіңдер?

-Осы алған білімдерің өмірде керек болады ма?

-Не білгілерің келеді?

 Рефлексия. Балалар, егер сабақ сендерге ұнаса күнді күннің шуақтарымен толтырыңдар, ал егер ұнамаса бұлттан жауған жаңбырдың тамшыларымен толтырыңдар.

8. Сабақтың мадақтау сәті.

Бүгінгі сабаққа белсене қатысқан оқушыларға рахмет!




Жамбыл облысы,Т.Рысқұлов ауданы

Тұрар Рысқұлов орта

мектеп-лицей психологы

Асубаева Алина











 

 






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19.05.2019
829
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі