жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Адамның азаматтық тұлғасы.
Өзін - өзі тану сабағының жоспары
Мектеп Мерзімі: № 17-18сабақтар
Сабақтың тақырыбы: Адамның азаматтық тұлғасы.
Құндылық: Дұрыс әрекет.
Қасиеттер:ержүректік,ерік жігер,табандылық,қайсарлық.
Мұғалім: Сынып: Оқушылар саны:
|
Мақсаты: Жеке тұлғаның қоғам алдындағы әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігін сыни көзқарас тұрғысынан сезінуге үйрету. |
|
|
Міндеттері: Азаматтық тұлға,азаматтық ұстаным ұғымдары туралы түсінік беру; Азаматтық ұстанымдары мен көзқарастарын қалыптастыру; Оқушыларды алдыларына саналы мақсат қойып,қоршаған ортамен қарым қатынас орната білуг тәрбиелеу. |
|
|
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті. Жайлы, баяу музыка қойылады. Нұрға бөлену. Ыңғайланып отырыңыздар,денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз:Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан.Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды,әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек -қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын еслестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе тусуде,оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп,сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз,құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.Нұр көздерімізге де жетті,көзіміз тек жақсыға қарап,бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп,басыңызға тек ізгі,сәулелі ой келеді.Нұр бірте- бірте қарқынмен шұғылана бастайды,сіздің денеңізден шығып,жан -жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңызға,таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп журген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан- жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын...Ғаламның барлық түпкір түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын”. Осындай Нұр,махаббат және тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. |
|
|
Үй тапсырмасын тексеру.Жаңа сабаққа алдын ала берілген дайындық жұмысы. Әрқайсысы оқушы батылдық,ерлікке толы бір әңгімеден дайындап алып келу,сабақ үстінде мазмұндау.Сол жайында сұрақтар қойылады. |
|
|
Дәйексөз Ел мен үшін не істей алады деп сұрама,ел үшін өзім не істей аламын деп сұра. Дж.Кеннеди Оқушылар дәйексөзді дәптерге жазып,мағынасын ашып,өз ойларын жеткізеді. |
|
|
Әңгімелеу. Бәйшешек бақшасы. Дүниені көп көрген адамнан : “қандай қатты кейіс не қатты қуаныш көрдіңіз?”- Деп сұрағанда ,ол айтыпты : “Африканың зор шөлінде бір керуенмен еріп келе жатып,ауырып жүре алмай,бір судың басында қалып,аздан соң жазылып,керуендерге жеткенше азығым таусылып,аштан өлер болып,әлім кетіп бір жерге отыра кеттім.Өмірде осыдан қатты кейіген емеспін.Қайтерімді білмей,қасымдағы дөңкейген құмға қарасам,құмнан бір киімнің етегі шығып жатыр екен.Құмды ашсам,мендей бір сорлы өзін- өзі құмға көміп,өлерінде алдындағы тақырға таяғымен мынаны жазыпты: “Азықсыз аш адамға ат басындай алтыннан түк пайда жоқ,менің мына бір кесе меруертім мен белбеуімдегі жүз ділдәм мені бір шақырым жердегі мөлдір бұлақ,жемісті ағашқа жеткізе алмай,аштан өлдім,мені сол бұлақтың басына көміп,моланың басына не тас, не тақтайға: “Азықсыз аш адамға ат басындай алтынның пайдасы жоқ деп жазған адамға осы меруертім де ділдәларым да адал болсын “,-деп жазыпты.Бір шақырымда су бар екенін білгенде,жаным кіріп,етегімді беліме түріп,бар қуатымды жинап алып,жүгіріп келсем,мені тастап кеткен керуендер шөлден меспен су алып өтіп,сол бұлақта тынығып жатыр екен.Керуенге келіп,тамақтанып,көлік хәм жұмысшы жалдап алып,әлгі өлікті бұлақ басына қойған тасқа: “Азықсыз аш адамға ат басындай алтыннан түк пайда жоқ”- деп жаздырдым. Бір тілім нан -ардақты жанның досы, Ақша деген - мақтаншақ панның досы. “Арпа,бидай ас екен, Алтын күміс-тас екен” деген осы. Барлық ғылымның өзі қиялдан,ойлаудан туған.Адам осы жаратылыстың бір бөлігі,бұл жаратылыстан,табиғаттан бөлек емес.Сондықтан адамның бұл дүниеде,бұл табиғатта жоқ нәрсені ойлауының өзі мүмкін емес,болуға мүмкін ғана істі ойлап алады.Екінші:сол қиял ауыстырылып айтылған болашақ болуы мүмкін.Неге десеңіз ,фантазия,қиял деп жүрген ойлар бүгін мүмкін дағдылы іс екенін танып,құтыла ламыз ба?Әрине,қиялдың да шегі бар.Адам өмірін қалай түзетуге болады?Адам қайткенде тату тұра алады?Ойлы,саналы адамдардың ғасырлар бойы миын тыншытпайтын осы сұрақтар.Адам өмірін түзейміз деп сан ғалымдар түрлі ойлар айтып,ол ойларын халыққа таратып,том том кітаптар жазды.Солардың ойларының мен білетін бастылары: біреулер адам өмірі жаратқан иесін танумен түзеледі десе,кейбіреулер үкімет жойылса,әркім өөз бетімен өмір сүрсе,түзеледі деді.Ал біреулері оқу біліммен,халықты ағартумен түзеледі десе,біреулері тәрбиемен түзетуге болады дейді.Өмірдің өзі тіршілік таласы.Сондықтан адам өмірі жаратылыстың өзі солай жаратқан,бірін бірі жеп,талап,таласып өмір сүрмек дегендер де болған. Біздіңше,бұларды жекелей алғанда,ешқайсысы адам өмірін түзей алмайды. Бізше,адам өмірін түзеуге,барлық адамдар тату түруға адал еңбек,ақ жүрек,арлы ақыл болуға керек.Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай,адам баласына тыныш өмір сүруге мүмкіндік жоқ. Әрине,адам оқып,біліп үйренуі қажет.Білімсіз,ғылымсыз өнер табылмайды.Сол алған білім өнерлерін адал еңбекпен жаратылыстың мол байлығын пайдалануға салса,табылмайтын нәрсе жоқ.Сол тапқан байлықты барша адам баласының керегіне,пайдасына жаратуы керек.Мейірімділік,махаббат,қайырымдылық,адалдық ақ жүректен шығады.Ал арлы,ақылды адам қиянатты,зорлықты,өзімшілдікті,мақтануды білмейді және істемейді. Осы үшеуінің басы қосылса,адам жақсы өмір сүріп,бірімен бірі тту тұруында сөз жоқ.Бірақ осы айтылғандарға қарсы,жолдан қосылған,адамның бойына біржолата сіңісіп,біте қайнасып қалған күшті,зиянды жау нәрселер,әдеттер де бар.Олар : нәпсі,өзімшілдік,зорлық,алдау,мансапқорлық,рақымсыздық,мейірімсіздік,қанішерлік тағы басқалар.Ең алдымен барлық адамды адал еңбек ететін жолға салу керек.Ол үшін көптің қалауымен әкімшілік басына арлы,ақылды адамдарды қойып,сол адамдардың бұйрығы,ақылы бойынша туған,туашақ адамдарды,жастарды қазына қарауына алуға заң шығару керек те,ол заңды бұзғандарды жазалау керек.Жоғары айтылған жаман әдеттерді жоюға бұлар жеткіліксіз болғандықтан,сол адал еңбек,білім үйренумен қабат ар білімі деген білім оқытылуға керек.Бұл ғылымды ақылды адамдар ойластырып,пән ретінде жазып,нәпсіні жойып,адам бойында ардың қожа болып қалу жағын көздеу керек.Адам бойындағы нәпсі кеселі кетсе,өзгерісі оңай . . . |
|
|
Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс. Сынып екі топқа бөлініп отан,туған ел туралы мақал айтып жарысады. |
|
|
Топпен ән айту Елім менің Сөзі: Н.Назарбаев Әні: Б.Тілеуханов Арайлап таңым,асқақтап тауым, Ән ойнап көгім,күй тартты елім. Қол жетті міне аңсаған күнге, Жасай бер,жаса,қазағым менің! Қайырмасы: Қазақстаным жасыл орманым, Қуанышымды жасыра алмадым. Аңсаған бабам,аңсаған елім, Бостандық еді ау,асыл арманым! Елім менің аңсаған, Тас бұғаудан босаған, Құтты болсын отауың, Берік болсын босағаң! Бабаның қаны,анамның жасы, Сіңген бұл далам,қымбатсың маған. Береке , бірлік қамалдың басы, Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы,далам. Қайырмасы. |
|
|
Үй тапсырмасы. “Отаным туған мекенім ” тақырыбына презентация әзірлеп әкелу. |
|
|
Соңғы тыныштық сәті.Баяу әуен орындалып тұрады.Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізгі үлкен рахмет! |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген