400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Адамның белгілерінің тұқым қуалау сипаты. Денсаулықтың генетикалық негіздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: Күні: 10 б сынып.

Мұғалімнің аты-жөні

Наурзбаева Мейрамгул Болатқызы

Д.Нұрпейісова атындағы орта мектеп

31-апта

1-күн

54-сабақ

Биология кабинеті

Сабақ атауы

Адамның белгілерінің тұқым қуалау сипаты. Денсаулықтың генетикалық негіздері.

Сілтеме

Білім стандарты,пән бағдарламасы, “Биология”, Алматы, ”Мектеп” 2014 жыл,

Т. Қасымбаева . К. Мұхамбетжанов

Жалпы мақсаты

Адамның белгілерінің тұқым қуалау сипаты және денсаулықтың генетикалық негіздері туралы білімдерін жүйелеу.

Адамның белгілерінің тұқым қуалау сипаты және денсаулықтың генетикалық негіздері туралы білуге, сауаттылыққа, білімділікке тәрбиелеу.

Адамның белгілерінің тұқым қуалау сипаты және денсаулықтың генетикалық негіздері бойынша оқушылардың білім дағдысын дамыту.

Күтілетін нәтиже

- Шағын топтарда жұмыс істеуі арқылы бірін-бірі оқытуын қалыптастыру

-тапсырмаларды орындауда өмірдегі білімі мен білетініне сүйену

- өз бетімен білім алушылық қабілетін қалыптастыру

-сыни ойлау арқылы терең білім алу қабілеттерін дамыту

Негізгі идеялар

- Адамның белгілерінің тұқым қуалау сипаты және денсаулықтың генетикалық негіздері туралы білуге, саналылыққа, сауаттылыққа баулу.

Дереккөздер

Интернет деректері, сайттар , ресурстар, суреттер,

Тапсырмалар



«Көпір» тапсырмалары

Ресурспен жұмыс

Шығармашылық жұмыстар.

Есептер шығару. Жұптық жұмыс

«Бір айналым сөйлем» әдісі

Кейінгі тапсырмалар

«Біліміңді тексер тапсырмасы» зерттеу.

Мұғалім жазбалары:

Ұйымдастыру жұмыстары: Ынтымақтастық атмосферасын орнату. Смайликтер бойынша

Блум таксономиясы. І. Білу.

«Көпір» тапсырмасы.

    1. Адамның тұқымқуалаушылығын зерттеу әдістерін ата. Генеологиялық, цитогенетикалық, онтогенетикалық, популяциялық, егіздік, биохимиялық

    2. Генеологиялық әдістің негізі қандай?-  адамда болатын түрлі белгілер мен қасиеттердің немесе аурулардың тұқым қуалауын, оның шыққан тегіне қарай зерттеу 

    3. Ағылшын королевасы Виктория әулетінің шежірелік сызбасын талда

    4. Цитогенетикалық әдісті алғашқы рет қолданған ғалымдарды ата. 1956ж . Дж. Тийо, А.Леван

    5. Цитогенетикалық әдісті қолдану нені байқауға мүмкіндік туғызады?- дене және жыныс жасушаларында пайда болатын хромосомалық өзгерістерді

    6. Адамның жеке дамуы барысында тұқымқуалайтын өзгерістердің бар-жоғын анықтайтын әдіс. Онтогенетикалық

    7. Егіздік әдіс нені анықтайды?- адамның кейбір тұқымқуалайтын ауруларға бейімділігінің алдын алады

    8. Адам популяциясына түрлі тұқымқуалайтын өзгерістердің таралу жиілігін зерттеуде қолданылатын әдіс ?- популяциялық әдіс

    9. Адамда болатын түрлі тұқым қуалайтын өзгерістер жасушадағы зат алмасудың бұзылуын зерттейтін әдіс- биохимиялық

    10. Қазіргі кезде жер бетінде тіршілік ететін барша адам қандай түрге жатады?- Саналы адам түрі

    11. Адам нәсілдерін ата. Нәсіл дегеніміз не?- Тұқым қуалау арқылы берілетін ұқсас сыртқы пішіндері бар адамдардың тарихи қалыптасқан тобы

    12. Негроидтық нәсілге сипаттама бер

    13. Еуропоидтық нәсілге сипаттама бер

    14. Монғолоидтық нәсілді сипатта.

ІІ Түсіну.

Бейнеролик көру. Тұқым қуалайтын аурулар

  • Оқушылар бейнероликтен нені байқап отырмыз?

  • ....

  • Бұл ауруларды зерттеуде қандай салаға жүгінген жөн?

  • Медицина

  • Олай болса бүгінгі тақырыбымыз : Адамның белгілерінің тұқым қуалау сипаты. Денсаулықтың генетикалық негіздері.


ІІІ Қолдану. Ресурспен жұмыс

І топ: Денсаулықтың генетикалық негіздері.

Қоршаған орта химиялық, физикалық және биологиялық (вирустар) факторлар әсерінен ластанады. Олар тірі жасушаларға әсер етіп, оның генетикалық бағдарламасын өзгертеді. Мұндай заттарды мутагендер деп атайды. Әр түрлі факторлардың әсерінен пайда болатын тұқым қуалайтын өзгерістерді мутация дейді. Үлкен қалалар және түрлі өнеркәсіп орындары суды пайдалана отырып, улы-зиянды қалдықтарын өзендер мен көлдерге құяды. Олар сол ортада өмір сүретін өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік жағдайына кері әсерін тигізеді. Фабрикалар мен зауыттар, жылу орталықтары, автокөлік пен ұшақтар, ғарыш кеңістігіне ұшатын ракеталар ауаны түтінмен ластап, зиянды улы газдар бөліп шығарады. Әсіресе ракеталар жанармай ретінде пайдаланатын гептил қосылысының қоршаған ортаға, жануарлар мен адамдарға мутагендік әсері бар екені дәлелденіп отыр. Ауыл шаруашылығында мол өнім алу мақсатында зиянды өсімдіктер мен жәндіктерге (шегіртке) қарсы түрлі химиялық улы заттар (пестицидтер) қолданылады, олар топырақты уландырып, жер асты суларына өтіп, оларды ластайды.

Aтом жылуын пайдалану, атом бомбаларын сынаудың салдарынан ауада, суда және топырақта радионуклидтердің мөлшері артып отыр. Мутагендік қасиеті бар заттар дене жасушасына әсер етіп жазылмайтын ауруларды тудырады. Мысалы, радионуклидтер сүйектердің қызыл кемігіне жиналып, қанның ақ түйіршіктерінің көбеюіне, қатерлі ісік ауруына әкеп соғады. 1986 жылы Чернобыль АЭС жарылуы және Семей жеріндегі 1949—1963 жылдары жер бетінде жүргізілген атомдық сынақтардың нәтижесінде пайда болған радионуклидтер тірі организмдердің жыныс жасушаларына әсер етіп, басқа да тұқым қуалайтын аурулардың түрлерін туғызды. Қазір адамдарда үш мыңға жуық мутантты белгілер кездеседі. Мутант дегеніміз — мутацияның әсерінен пайда болған даралар. Олардың 87%-ы тұқым қуалайтын болса, 13%-ы биохимиялық, иммунологиялық, физиологиялық, т.б. өзгерістерге жатады. Көпшілік мутациялар адамның жүйке жүйесіне, миға әсер ететіндіктен, баланың ақыл-ойы кем болып туады. Осыған байланысты көп балалар мектеп бағдарламасын игере алмайды.

ІІ топ: Тұқым қуалайтын ауруларға жалпы шолу

Т ұқым қуалайтын аурулар — ата-аналарынан ұрпақтарына берілетін аурулар. Тұқым қуалайтын аурулар гендік, хромосомалық және геномдық мутациялардың әсерінен генетикалық материалдың өзгеруіне байланысты қалыптасады. Генетикалық жіктеу бойынша тұқым қуалайтын аурулар:моногендік;хромосомалық;мультифакторлық (полигендік) болып бөлінеді.    Моногенді аурулар генетикалық ақпарат жазылған құрылымдық гендердің мутацияға ұшырауынан туындайды. Бұл аурулардың ұрпақтарға берілуі, Г.Мендельдің тұқым қуалау заңдылықтарына сәйкес жүретіндіктен мендельденуші тұқым қуалайтын ауру деп аталады. Моногенді түрі аутосом.-доминантты (арахнодактилия, брахидактилия, полидактилия, т.б. дерттер), аутосом.-рецессивті (екі, кейде үш немере ағайынды некелескен адамдар арасында жиі кездеседі; агаммаглобулинемия, алкаптонурия, т.б. дерттер) және жыныстық Х- және У-хромосомалармен тіркескен (генге байланысты еркек ауырады, ал ауруды әйел адам тасымалдайды; гемофилия, т.б. дерттер) тұқым қуалайтын аурулар болып бөлінеді.   Хромосомалық аурулар геномдық (хромосомалар санының өзгеруі) және хромосомалық (хромосомалар құрылысының өзгеруі) мутацияларға байланысты қалыптасады. Жиі кездесетін хромосома ауруларының қатарына трисомиялар жатады. Бұл кезде хромосома жұптарының бірінде қосымша 3-хромосома пайда болады. Мысалы, Даун ауруында аутосом, Патау синдромында , Эдварс синдромында. Гаметогенезде мейоздық бөлінудің бұзылуына байланысты әйелдерде  Шерешевский-Тернер синдромы,ер адамдарда Клайнфельтер синдромының қалыптасуына әкеледі. Жасы 35-тен асқан әйелдердің бала көтеруінде нәрестелердің хромосомлық  аурумен туу қауіптілігі жоғары болады. Мультифакторлық аурулар бірнеше геннің мутацияға ұшырауы мен өзара әрекеттесу нәтижесінде, ауруға бейімделуі артқан кезде және қоршаған орта факторларының әсеріне байланысты туындайды.

ІІІ топ: Тұқым қуалайтын аурулардың болу себептері










ІҮ. Талдау. А. Шығармашылық жұмыстар.

  1. Чернобыльдегі АЭС-нің жарылуы

  2. Семейдегі атом сынақ нәтижесі



А. Есептер шығару. Жұптық жұмыс

  1. Дені сау әйел ауыру адамға тұрмысқа шыққан. Ұрпақтарының пайыздығын көрсет.

  2. Дені сау ер адам ауыру генді тасмалдаушы сау әйелге үйленген. Осы отбасында қандай бала дүниеге келеді.

  3. Ауыру ер адам гетерозиготалы ауыру гені бар әуелге үйленген. Ұрпағының генотиптерін анықтаңдар

  4. Шешесі сау гомозиготалы, әкесі гемофилиямен ауыратын отбасының ұрпақтары қандай болмақ.

  5. Гетерозиготалы дальтонизм генін алып жүруші әйел, қалыпты көретін еркекпен тұрмыс құрса, ондай отбасында қандай ұрпақ күтуге болады? Белгі жыныс хромосомасымен тіркесіп беріледі.

  6. Әкесі мен баласы гемофилия ауруымен ауырады. Ата анасының , баланың ең ықтимал генотипін анықтаңдар.

  7. Әкесі және ұлы дальтонизм ауруымен ауырады, ал шешесі сау. Баланың және ата ананың генотипін анықтаңдар. Бұл отбасында ауру әкесінен ұлына берілуі мүмкін бе?

Y. Жинақтау.

«Бір айналым сөйлем» әдісі бойынша :

  1. Қазіргі заманғы адам генетикасы молекулалық, жасушалық, организмдік, популяциялық құрылым деңгейлеріндегі тұымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейді

  2. Тұқымқуалау материалының бұзылуынан тұқымқуалайтын аурулар байқалады.

  3. Адамның денсаулығы мен генетика проблемалары өзара тығыз байланысты

  4. Тұқым қуалайтын аурулар жыл сайын өсуде

  5. Ұылым мен техниканың дамуы болашақ ұрпақтардың денсаулығына зиян түрлі мутагендердің қоршаған ортаға жинақталуына әсер етуде

  6. Тұқым қуалайтын аурулар — ата-аналарынан ұрпақтарына берілетін аурулар

  7. Тұқым қуалайтын аурулар гендік, хромосомалық және геномдық мутациялардың әсерінен генетикалық материалдың өзгеруіне байланысты қалыптасады.

  8. Қоршаған орта химиялық, физикалық және биологиялық (вирустар) факторлар әсерінен ластанады.

  9. Молекулалық –генетикалық диагностикалауды жетілдіру тұқым қуалау ауруларын анықтауға мүмкіндік береді.


IY Бағалау. Тақырыпты бағалау.

Адамның белгілерінің тұқым қуалау сипаты. Денсаулықтың генетикалық негіздері туралы білу не үшін қажет деп ойлайсыз?

Табиғаттағы ролі қандай?

Жиынтық бағалау.

Рефлексия. Кері байланыс: «Смайликтер»

Үй тапсырмасы; Адамның белгілерінің тұқым қуалау сипаты. Денсаулықтың генетикалық негіздері.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
1435
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі