400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Адамның бір қызығы бала деген....."

Материал туралы қысқаша түсінік
"Адамның бір қызығы бала деген..." атты тақырыпта ата-аналарға арналған коучинг
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАРАСАЙ АУДАНЫ ШАЛҚАР ОРТА МЕКТЕБІ КММ



Бекітемін

Мектеп директоры

Т.Касымбекова

_________________



Адамның бір қызығы бала деген.....”

(ата-аналарға арналған тренинг)

Қатысушылар: 4 сыныптардың ата-аналары







Жауапты: 4 сынып жетекшілері



Шалқар 2023 жыл



Адамның бір қызығы бала деген.......” ата-аналарға арналған тренинг

Тренингтің мақсаты:

  1. Ата-аналарға бала тәрбиесінің маңыздылығын түсіндіру

  2. Баланың бас ұстазы ата-ана екенін ұғындыру

  3. Адамның бір қызығы бала деген сөздің мағынасына үңілу

Тренингке қажетті құрал-жабдықтар : интерактивті тақта, қалам, А4 қағаз, лента, доп, қорап, орындық, орамал, түрлі-түсті қалпақтар.

Іс-шараның түрі: тренинг.

Тренингтің барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Мектеп психологтары Муканова Бақыт кіріспе жаттығу.

  2. Ата-аналармен танысу.

  3. 4 сөз ойыны

  4. Кедергілер ойыны

  5. Сұрақ-жауап.

  6. Қорытындылау.



  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық тренинг. 3-4 минут.

  1. Ата-аналармен танысу.

Әр ата-ана өз атының бірінші әріпіне сын есім қосып айтады.

Мысалы,

Ақкөңіл Айнұр

Мейірімді Марал

Дидарлы Дана

Ата-аналармен танысып болғаннан кейін тренингтің тақырыбының мағынасын ашу мақсатында Абайдың “Жасымда ғылым бар деп ескермедім ” өлеңінің видеоролигін көрсету.

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл махрұм[1] қалмағыма кім жазалы,
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?
Адамның бір қызығы – бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.

Өзім де басқа шауып, төске өрледім,
Қазаққа қара сөзге дес бермедім.
Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ,
Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.

Мұғалім: Ата-аналар Абай атамыз айтпақшы Адамның бір қызығы бала деген деп бүгінгі тренингімізде біз өмірдегі қымбат қазынамыз, өміріміздің сәні, қызығы, базары балаларымыз туралы сөйлесеміз. Нақтырақ айтсақ бала тәрбиесі, әр баланың ерекшелігі, табиғаты, мінез-құлқы туралы сөз қозғайтын боламыз.

Ендеше, өміріміздің сәні балаларымызды қалай еркелетеміз соған байланысты кішкене ойқозғау сергіту сәті болсын бір ойын ойнап жіберейік.

Ойын “4 әріп деп аталады.

Қазір сіздер жасырылып тұрған әріптерден бір әріп таңдап аласыздар. Сол әріптен басталатын сөзбен өз балаңызды қалай еркелетесіз соны айтасыз. Мысалы, “М” әріпі түссе маржаным, мақтанышым, маралым, мәнім, мейізім т.с.с.

Келесі ойнайтын ойын Кедергілер деп аталады. Сіздер қазір рет-реттеріңізбен кезек-кезек байлаулы көзбен тақтаның алдындағы кедергілерден өтесіздер.

Ойын ойнап болғаннан кейін , ойынды қортындылап, ойынның мақсатын түсіндіру. Яғни, бұл ойын арқылы біз ата-анаға баланың жас ерекшелігіне қарай өз кедергісі болатынын түсіндіру. Ол кедергіден өтуге балаға демеу болатын өз ата-анасы. Кедергіден өту барысында баланың жеке басына құл сұқпай, оған қолдау көрсетіп жанында бола білуге шақыру.

Сұрақ-жауап.

Егер балаңыз қымбат затты сындырып қойса не айтасыз немесе не істейсіз?

Баланыңыздың қолының жымысқысы бар екенін абайсызда біліп қалдыңыз, сіздің әрекетіңіз?

Балаңыздың оқуға ынтасы аяқ-асты күрт төмендеп кетті не істейсіз?

Балаңыз жуас, момын өзінің қатарластарынан әлсіздеу, әлжуаз сіз оны білесіз. Кейде жеңіліп те қалатын кездері болатынын сөздерінен байқайсыз сіз не істейсіз?

Балаңыз екеуіңіз сөз таластырып қалдыңыздар, балаңыз сізге дауыс көтеріп, есікті тарс жауып кетіп қалды. Не істейсіз?

Балаңыз не нәрсеге қызығады?

Балаңыздың телефонын, уатцап, әлеуметтік желідегі хаттарын тексеріп отырасыз ба?

Баланы қалай ынталандырасыз?

Баламен өткізетін уақытыңыз, айына, аптасына, күніне....

Соңғы рет балаңыздың көзіне қашан қарадыңыз?

Балаңыздың өтірік айтып тұрғанын сезесіз ба?

Балаңыздың арманын білесіз бе?

Баланы телефоннан қалай шектейміз? Осы сұрақтан “6 қалпақ” әдісі арқылы шығу.

Ақ қалпақ – ақпарат

Қызыл қалпақ - сезім мен эмоция

Қара қалпақ – сын (критика)

Сары қалпақ – оптимизм

Жасыл қалпақ- шығармашылық

Көк қалпақ- қорытынды





Тренингті қорытындылау.

Бала тәрбиесі туралы видеороликпен аяқтау.

Барлықтарыңызға рақмет, сәттілік тілейміз!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20.03.2025
405
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі