|
Сабақтың
басталуы
7 минут
|
Оқушылармен амандасу, қатысуын
түгендеу.
«Бір-бірімізбен
амандасайық»
Сабақтың
тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру;
Ойтүрткі
1. «Адамның бір қызығы бала
деген..» ұғымды қалай түсінесіңдер?
2.Бала тәрбиесі жайында қанадай
мақал-мәтелдер білесіңдер?
Сурет бойынша өз пікірлеріңді
айтып, ой бөлісіңдер.

|
«Бір-бірімізбен амандасайық»
Мақсаты: бір
–біріне жақын болуға, бір-бірін түсіне білуге, оқушылар арасында
жағымды атмосфера
қалыптастыру. 1. Оң және сол
жақ көршілеріңізбен құшақтасып
амандасамыз. 2.
Арқаларыңызды тигізу арқылы 3. Оң және сол
жақ тізелеріңізді тигізу
арқылы 4.
Мұрындарыңызды тигізу арқылы
Сұрақтарға жауап
береді.
Сурет бойынша өз
пікірлерін айтып, ой бөліседі..
Мақал
–мәтелдер:
1.Атадан жақсы
ұл туса, Қар үстінде от
жанар. Атадан жаман ұл
туса, Ат үстінде ит
қабар.
2. Балалық шағы,
патшаның тағы.
3. Әдепті бала
арлы бала, Әдепсіз бала
сорлы бала.
4. Бала- көңілдің
гүлі, көздің нұры
5.Ата —
бәйтерек, бала — жапырақ.
|
Ауызша
мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша!
Керемет!

|
Оқулық
Қазақ тілі
«Атамұра» баспасы
2018 ж
|
|
Сабақтың
ортасы
8 минут
5 минут
10 минут
10 минут
|
1
-тапсырма.
Мәтінді
тыңдап, сұрақтарға жауап бер. Мәтінде қандай мәселе
көтерілген?
1. Неліктен кәрістер балаларды
«төзімділікке», қытайлар «қанағатшыл болуға», американдықтар «өз
бетінше өмір сүруге», еврейлер «көп шағым айтуға жол бермеуге»
баулиды деп ойлайсың?
2. «Бұзықтық жасаған балаларды
жазалайды» деген пікірмен келісесің бе? Өз ойларыңды ортаға
салыңдар.
3. Ата-анаң сенің қандай адам
болуыңды қалайды? Ал сен өзіңді қандай баламын деп
ойлайсың?
Тілдік
бағдар Мезгіл үстеуі
Қимылдың, іс-әрекеттің
мезгілін, мерзімін және дәл уақытын білдіретін үстеудің түрі мезгіл
үстеуі деп аталады. Мезгіл үстеулері қашан? қашаннан? сұрақтарының
біріне жауап береді. Оларға кеше, бүгін, ертең, күздігүні, жуырда,
әуелде, жаздай, қыстай т.б. үстеу сөздер жатады. Мысалы: Ерте
ояндым, ойландым, жете алмадым (Абай). Бүгінгі жастар шетінен
сауатты (Ғ. Мұстафин). Мен бүгін сонша шаршадым (Ғ. Мұстафин).
Ертең олардың жатақханасына барып, өз алдына әңгімелесерміз («Қазақ
әдебиеті»).
3-тапсырма.
Сөйлемдерден мезгіл үстеулерді
тауып жаз. 1. Ол Дәуленді шығарып салғаннан кейін ертең болатын
сабағына ұзақ әзірленіп, кеш жатты (С. Мәуленов).
2. Күздігүні жерді жыртып
тастауға қол босамады (Ғ. Мұстафин).
3. Әуелде ұзын бойлы, ашаң
жүзді аққұба әйел еді (М. Әуезов).
4. Ертеңіне Бораш Москва
консерваториясына жүріп кетті де, мен баяғы шаштаразға келдім (Ғ.
Мүсірепов).
5. Жуырда болып өткен ақындар
айтысында бірнеше жас талапкер есімі белгілі
болды.
6. Ерте барсам, жерімді жеп
қоям деп, ықтырмамен күзеуде отырар бай (Абай).
8-тапсырма.
Жұптық жұмыс
Төмендегі суреттер бойынша мезгіл
үстеулерін қолдана отырып, сөйлем құра.
1-жұп
2-жұп
Бүгінгі ілгеріде
қыстай

Жаздай
Бұрында Қысқы
суық
жаздыгүні
3-жұп
Күздігүні

Күзгі
жаңбыр әуелде
|
Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап береді.
Мәтінде қандай мәселе көтерілгенін табады.
Сөйлемдерден мезгіл үстеулерді тауып
жазады.
Ертең, кеш, ұзақ, күздігүні,
ертеңіне, әуелде,баяғы, жуырда,ерте.
Жұптық жұмыста берілген суреттер бойынша
мезгіл үстеулерін қолдана отырып, сөйлем
құрастырады..
|
Дескриптор
Білім алушы
-сұрақтарға жауап
береді,
-көтерілген мәселені
анықтайды.
Смайлик арқылы
бағалау

Дескриптор
Білім алушы
-суреттер бойынша сөйлемдер
құрайды,
-мезгіл үстеулерін
қолданады.
|
Оқулық
Қазақ тілі
«Атамұра» баспасы
2018 ж
|