Т.Рысқұлов ауданы
әкімшілігінің білім бөлімі
№4 Шағын орталықты орта
мектебі
Тақырыбы:
Ата-аналармен өткізілген
іс-шара
Психолог:
А.Исакулова
2017-2018 оқу
жылы
Тақырыбы: «Адамның бір
қызығы бала деген...» ата-аналармен өткізілетін
іс-шара
Құндылық:
Сүйіспеншілік,дұрыс
әрекет.
Қасиеттері: мейірімділік,
қамқорлық,кішіпейілділік,
Мақсаты: Мектеп пен ата-ана арасында
қарым-қатынасты нығайту. Барлық жалпыадамзаттық құндылықтарды бала
бойына сіңдіретін ата-ана тәрбиесі, ал оны дамытуға ықпал ететін
мектеп екенін ата-аналарға түсіндіру. Ата-аналарға кеңес бере
отырып,бала тәрбиесі бәрімізге ортақ екенін
ұғындыру.
Міндеттері:
-тәрбиеде ынтымақтастықтың
болуы жөнінде түсінік беру.
-тәрбиеге деген
жауапкершілігін дамыту.
-отбасында тәрбиені
сүйіспеншілікпен жүзеге асыруға,тәрбиелеуге
шақыру.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта,
бейнероликтер,музыка.
Жоспар:
Әке-асқар тау,ана-ағып тұрған
бұлақ,бала жағасындағы құрақ. Әке мен ана бала тәрбиесінде
отбасындағы жылулықты балаға сездіре білуі қажет. Сол арқылы бала
бойына жалпы адамзаттық құндылықтарды сіңіріп
өседі.
Балаға уақытында көңіл
бөлу,оның әр бір іс –әрекетімен санасу –оған деген сүйіспеншілікті
дамытады. Сүйіспеншілік бар жерде
ақиқат,дұрыс әрекет,қиянат жасамау,тыныштық
болады.
Ата-ана өмір тәжірбиесінен
мысалдар келтіре отырып,жалпы адамзаттық құндылықтарды бала бойына
сіңіру.Өмірден өз орнын табуға бағыттау.Адам болып қалыптасуына
ықпал ету.
Тыныштық сәті: «Нұрға
бөлену»
І.
Кіріспе
ІІ. Балам, балам, жан
балам
1.Менің балам
қандай?
2.Балаңыз кім болғысы
келеді?
3.Ән
«Балапаным»
ІІІ.Бала
жүрегі
1.Мен
қандаймын?
2.Кім
боламын?
3.Кір жаятын жіп
тәсілі
ІҮ.Ойын
1.Қолынан танып
біл
2.«Біз бақытты
жанұямыз»
3. Арт терапия «Қолға сурет
салу»
4.Ән «Ақ
мамам»
Ү.Ой
түйін
Бейнеролик көрсету «Менің
кінәм не?»
ҮІ.Кішкентай жүректегі
ой
Бала тілегі (бейне
ролик)
YІІ.
Қорытынды:
Ән :Төреғали Төрәлінің «Ана
мен сәби»
Барысы:
Тыныштық
сәті «Нұрға
бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар,
денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.
Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді
жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры
сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің
орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу
ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр
сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің
қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға
ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде.
Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға
бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және
баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр
сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге
апарады. Олар нұр мен махаббат құралына
айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,
тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана
айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз
бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек
жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз
түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой
келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын алып
және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға
сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, балаларыңызға,
мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды
уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,
олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық
адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға
таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша
айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен
Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және
Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге
орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны
осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға
болады.
Рахмет.
Дәйексөз
«Бала үйде не көреді,соны
үйренеді.Ата-аналар соған үлгі».
(Себастьян
Брант).
-
Кіріспе
Құрметті ата-аналар! Бүгін біз
сіздермен бала тәрбиесі жөнінде ой бөлісу мақсатында жиналып
отырмыз. «Адамның бір қызығы бала деген...» атты іс-шарамызға қош
келдіңіздер! «Ағаштан ағаш рең алады,адамнан адам тәлім
алады»демекші әрбір ата-ана өз баласының тәрбиелі де рухани азығы
мол азамат болып өсуін тілейді. Сіз бен біздің әрқайсымыз бала деп
өмір сүріп жатқан жандармыз, ал сол баламыздың тәрбиесі, оның
адамгершілік қасиеттері ойымыздан шығады
ма?
Ұлы бабамыз Әбу Насыр
әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілу керек,
тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген екен. Рухани
адамгершілікті қарым-қатынасқа дайын,өмірлік белсенділігі
қалыптасқан бала тәрбиелеу ата-ананың да, мектептің де міндеті. Әр
адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс-тіршілігінен, өзін қоршаған
табиғаттан бойына сіңіреді. Көрнекті педагог В.Сухомлинский: «Егер
балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады»-
дейді.Демек баланың жүрегіне адамгершілікті үздіксіз ұялата білсек,
ертеңгі азамат жеке тұлғаны өзіндік көзқарасының қалыптасуына,
айналасымен санасуына ықпал етуі сөзсіз.
-
Балам, балам, жан
балам
1.Менің балам
қандай? (әр ата-ана өз баласы туралы
айтады)
2.Балаңыз кім болғысы
келеді?(баласының болашақта кім
болғысы келетінін айтады)
Ата-аналар алдарындағы екіге
бөлінген «Менің балам қандай?», «Балам кім болғысы келеді?»
таратылған кестеге ойларынызды жазып.Сол бойынша оқып шығуларыңыз
қажет.
Балаңыздың
аты _______________________________________
-
Менің балам
қандай?
|
Балам кім болғысы
келеді?
|
|
|
Бала біздің
байлығымыз,бақытымыз .Тілектеріңіз қабыл болсын,аңсаған
армандарыныз орындалсын.
Олай болса сіздермен
«Балапаным »әнін хормен шырқайық.
3.Ән.
«Балапаным»
Балапаным, кіп-кішкентай
сүйкімді,
Сен келгелі жүрегіме күй
тұнды.
Әжең сенің бақыт тілеп
жолыңа,
Таң атқанша бағып отыр
ұйқыңды.
Қайырмасы
Томпиған түріңнен, айналдым
тіліңнен,
Сен аман бол, сен аман бол,
құлыным.
Сүйкімді аппағым, тіл көзден
сақтағың.
Сен аман бол, сен аман бол,
құлыным.
Сен болашақ ұланысың
еліңнің,
Иесі сен мына байтақ
жеріңнің.
Алдыменен адал ұл бол
ардақты
Менің саған көп қой, ботам,
сенімім.
Жарқырай бер күн нұрындай,
жарқыным,
Атасынан айнымаған
алтыным.
Балапаным, қос қанатың
талмасын
Еркесі бол, серкесі бол
халқыңның.
(Қолдарында гүлдері бар
балалары кіріп, аналарына гүл ұсынып, қастарына
отырады)
-
Бала
жүрегі
Балаға уақытында көңіл
бөлу,оның әр бір іс –әрекетімен санасу –оған деген сүйіспеншілікті
дамытады. Сүйіспеншілік бар жерде
ақиқат,дұрыс әрекет,қиянат жасамау,тыныштық
болады.
1.Мен
қандаймын? (Балалармен
әңгімелесу) 2.Кім
боламын? (Оларын
сұрау)
3.Кір жаятын жіп
тәсілі (Ата-аналардың жазған
қағаздарын жіпке іліп, ата-ана мен баланың жауаптарын
салыстыру)
-
Ойын
1.Қолынан танып
біл (Ата-ананың көздерін байлап,
баласының қолын тапқызу.)
2. «Біз бақытты
жанұямыз».(Баласының салған суретін
табады)
Баладан не салғанын
сұрау.
3. Арт терапия «Қолға сурет
салу» «Бір-біріне тілек» (ана мен
бала бір-біріне деген тілегін қолдарына сурет салу арқылы білдіреді
және тілегін айтады)
4.Ән айту «Ақ
мамам» (ән айтып біткен соң балалар
аналарының бетінен сүйіп, сыртқа шығады)
-
Ой
түйін
Бейнеролик көрсету «Менің
кінәм не?»
-
Кішкентай жүректегі
ой бөлімінде сіздерге арнаған
тілектерін тыңдаңыздар.
Бала тілегі (Балалардың
бейнероликке түсірілген ата-анасы туралы ой-тілегі
көрсетіледі)
Баланың бас ұстазы-ата-ана
екенін ескере келе,өз бойымыздағы мейірімділік, қамқорлық,
жауапкершілік қасиеттерін негізге ала отырып, тәрбиені ұлы
сүйіспеншілікпен жүзеге асырайық!
Бүгінгі іс-шарамызды Төреғали
Төрәлінің «Ана мен сәби»әнімен қорытындылағымыз келіп тұр.
Барлықтарыңызға ән айтуға шақырамын.
YII.
Қорытынды:
Ән :Төреғали Төрәлінің «Ана
мен сәби»
Сіздерге шығармашылық табыс
тілеймін!