жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Адамның дене мүшелері
Алматы облысы,
Ұйғыр ауданы
«Ақтам орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» кмм
бастауыш сынып мұғалімі
Акбуркитова Гулманат Толкыновна
Қысқа мерзімді жоспар
|
Пән: Жаратылыстану Мектеп: «Ақтам орта мектебі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1. Мен зерттеуші мектепке дейінгі шағын 2.Тірі табиғат орталығымен» кмм Бөлімше: 1.2.Табиғатты тану әдістері 2.3. Адам Күні: 30.03.2018 Мұғалімнің аты-жөні:Акбуркитова Гулманат Сынып: 1а Қатысқандар саны: 28 Қатыспағандар саны:- |
|||||||||||||||
|
Сабақ тақырыбы |
Адамның дене мүшелері |
||||||||||||||
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
1.2.3.1 адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атау; 1.1.2.1.қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу. |
||||||||||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушы: адамның негізгі дене мүшелерінің атауын біледі; |
||||||||||||||
|
|
Оқушының көпшілігі: адамның дене мүшелерінің атқаратын қызметін атайды; |
||||||||||||||
|
|
Оқушылардың кейбірі: белгілі бір адамның дене мүшесін нысанға ала отырып зерттейді |
||||||||||||||
|
Ойлау деңгейлері |
Білу,түсіну,зерттеу |
||||||||||||||
|
Бағалау критерийлері |
1.Адам денесінің негізгі бөліктерін атау 2.Адам дене мүшелерінің қандай қызмет атқаратынын түсіндіру 3.Адамның дене мүшелерінің не үшін қажет екенін зерттеу |
||||||||||||||
|
Тілдік мақсат (тілдік емес пәнге) |
академиялық тілді қолдана отыра, адам денесінің басты бөліктері мен олардың функцияларын атайтын болады |
||||||||||||||
|
Пәндік лексика және терминдер |
• қол, аяқ, саусақтар, бармақ, бас, шаш, көз және т.б. • көздің/шаштың түсі, бой; • бірдей, басқа, ең биік, ең аласа, кең тараған, сирек кездесетін Бас –голова- хэд, Аяқ – ног- лэг. Қол – рука- хәнд, Тұлға,дене-тело-боди, |
||||||||||||||
|
Талқылауға арналған сұрақтар: |
1.Жануарлар дегеніміз не? 2.Адамдар жануарлардан не алады? 3.Адам мен жануардың арасында қандай байланыс бар? |
||||||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
-Ынтымақтастық; -еңбек және шығармашылық; -құрмет; -адамгершілік. |
||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Математика.Есеп және сан . Көркем еңбек. Сұлба түсінігі. Дене шынықтыру. Жаттығуды орындау: иілу, отырып-тұру, айналу. |
||||||||||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Слайд,бейнеролик |
||||||||||||||
|
Бастапқы білім |
Адамның дене мүшелерін атайды, біледі. |
||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Дерексөздер/ Ресурстар |
|||||||||||||
|
Сабақтың басы 5 минут |
Амандасу.Шаттық шеңбері Дене мүшелерімен амандасу (көзбен, қол алысып, құлақпен, аяқпен амандасу) (МК) Оқушыларға жаттығу жасатудың алдында бір стақан суды кішкене мөлшермен ұрттап ішкіземін. Оқушыларға мынадай қимылдарды орындатамын:
1. Оң қолды сол
аяққа тигізеді.
(Ұ) «Сиқырлы
қапшық»
1-топ: «Мергендер» (қызыл
түсті) |
Шаттық шеңбері
Пол Эдиссон әдісі
|
|||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 25 минут |
Оқулықпен жұмыс. (Ұ) «Допты қағып ал» тәсілі бойынша сыныпқа сұрақтар қоямын.
- Неше қолың бар?
(Екі қолым бар.) (МК.Ұ)Интерактивті тақтадан адам сұлбасын көрсетемін. Оқушылар адамның дене мүшелерін атап шығады.
-Міне, балалар, бас, қол, аяқ, тұлғаны- адамның дене мүшелері деп атаймыз. (Д, Ж) Дәптермен жұмыс Әр оқушы жеке орындайды және жұпта бірін-бірі тексереді.
Өте жақсы! Жарайсыңдар! (кері байланыс)
Сергіту сәті (МК) Интерактивті тақтадан түрлі аңдардың сұлбасын тануды ұсынамын. Оқушылар аңдарды атап шығады. Қоян, керік, аю -Балалар, бұл аңдардың сұлбасы. Сұлба деп бір нәрсенің бейнесін айтамыз.
(Д, Т) Дәптермен жұмыс «Ойлан-жұптас-бөліс» тәсілін қолданамын. Кімнің сұлбасы? Тапсырмадағы түрлі кескіндерді анықтап, әрбіреуін түрлі түсті қарандашпен қоршап қояды және кімнің сұлбасы екенін топта талқылайды. Жауабы: балерина, зілтемірші, боксшы, саңырауқұлақ теруші, шаңғышы, оқушы.
Топтар өзара тексеру жұмыстарын жүргізіп, «Бас бармақ» тәсілі арқылы бағалайды. (ОТ, Ж) Ашық зерттеу жұмысы. Оқушыға қозғалыссыз жатуы керектігін түсіндірдіріп, қалған оқушылар оқушы басынан бастап оның дене кескінін сызады. Оқушылар дайын болған сұлбаға жанына дене мүшелерінің атауы жазылған сөздерді қояды . (ҚБ) Жүйелі жұмыс! Жарайсыңдар! (МК)«Сен білесің бе?» Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін Паралимпиада ойындары өткізіледі. Оған қазақстандық спортшылар да қатысып, жетістіктерге жетуде. Лондонда өткен сайыста Қабира Асқарова 65 килограмдық зілтемірді көтерді. Александр Колядин Сочида өткен Паралимпиадада оң аяғына жасанды сүйек қойылғанына қарамастан, шаңғымен 20 километрді 1 сағат 4 минутта жүріп өтті! Адамда денесінің қандай да бір бөлігінің болмайтынын, сондай жағдайда сол бөліктің қызметін протездер немесе арнайы құрылғылар атқаратынын түсіндіріп өтемін.
Саралау тапсырмасы. «Серпілген сауал» А. «Қолдауды көп қажет ететін» Кестемен жұмыс Адам қолмен және аяқпен істей алатын әрекетті + белгісімен көрсетіңіз.
В. «Қолдауды орташа қажет ететін» Қол бөліктерін атаңыз. С. «Қолдауды аз қажет ететін» 3. Денеміздің қай мүшесі маңызды деп ойлайсыз? Неліктен? «Қолпаштау, мадақтау» әдісі арқылы оқушыларды қолдап отырамын. Өте тамаша! Бәрекелді!
|
32-бет
АКТ
20-бет (д.ж.)
Бейнеролик
https://www.youtube.com/watch?v=h4eueDYPTIg АКТ
21-бет
33-бет
33-бет
ҚБ дәптері 21-бет Топшамалар
|
|||||||||||||
|
Сабақтың соңы 5 минут |
Рефлексия «Қимылдар арқылы» Егер оқушы бәрін түсінсе: Қолдарын ашып жұмады. Егер оқушы әлі де түсінбесе: Көздерін ашып жұмады. Егер оқушы түсіндім, бірақ әлі ізденуім керек десе: Орнында тұрып жүгіреді. Оқушылар сабаққа кері байланысты қимыл арқылы көрсетеді. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалайды және ұсыныстарын береді.
|
«Бас бармақ» тәсілі
|
|||||||||||||
|
|
|
||||||||||||||
|
Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||||||||||||
|
1.Тапсырма - Мұның құрамына білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар кіреді. Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай түрлі кестелерді немесе жаттығулар мен тапсырмаларды жасау. «Ойлан-жұптас-бөліс» тәсілін қолдану арқылы Кімнің сұлбасы? тапсырмадасындағы түрлі кескіндерді анықтап, әрбіреуін түрлі түсті қарандашпен қоршап қояды және кімнің сұлбасы екенін топта талқылайды 2. Қарқын - Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді. Саралау тапсырмасы кезінде «Серпілген сауал» әдісінде оқушыларға кестемен жұмыс орындатуды жоспарлап отырмын. 3. Диалог және қолдау көрсету. Мұғалім оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюына болады. Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады.«Допты қағып ал»әдісі бойынша оқушы мен мұғалім арасында диалог жүреді.Сол кезде жауап беруде кідірген оқушыларға қолдау көрсетіледі. 4. Бағалау. Оқушылар үнемі бағаланып отырады, осылайша педагогикалық қызмет пен саралаудың басқа да түрлері оқушылардың қажеттіліктеріне қарай үнемі түзетіліп отырылуы мүмкін. Дәптермен жұмыс кезінде жарайсыңдар! өте жақсы деген қолпаштау сөздер арқылы және де топтар өзара тексеру жұмыстарын жүргізіп, «Бас бармақ» тәсілі арқылы бағалайды.Зерттеу жұмысы кезінде «Жүйелі жұмыс! Жарайсыңдар!» деген қалыптастырушы бағалау жүреді.
|
Қалыптастырушы бағалауды жүзеге асырамын. Оқудың ілгерілеуі, үлгерімі туралы мәліметті жинау үшін бағалаудың екі түрі жүзеге асырылады: қалыптастырушы және жиынтық бағалау. Сындарлы кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында келешекте сабақ барысында қалыптастырушы бағалауды үздіксіз жүргізіп бағалап отырамын.Олар мадақтау,қолпаштау сөздері арқылы және де бас бармақ тәсілі арқылы.
|
Дене мүшелерінің сымбатты болуына ықпал ету; -партада дұрыс отыру; - оқу құралдарын қолданудағы қауіпсіздік ережесі
Пол Эдиссон әдісі оқушыларды салауатты өмір салтына жетелеймін. |
|||||||||||||









Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген