жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Адамның дене мүшелері
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
|
Пәні: математика |
||||||||||||||||||||||
|
Ортақ тақырып |
Бөлім |
Бөлімше |
Сабақтың тақырыбы |
|||||||||||||||||||
|
Менің мектебім |
Тірі табиғат |
Адам |
Адамның дене мүшелері |
|||||||||||||||||||
|
Құрастырған |
Байдильдаева Гаухар Жамаладиновна |
|||||||||||||||||||||
|
Сынып 1 |
Қатысқандар саны |
Қатыспағандар саны |
||||||||||||||||||||
|
Оқу мақсаттары |
1.2.3.1 адамның негізгі дене мүшелерін және олардың қызметтерін атау; |
|||||||||||||||||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар |
Адамның дене мүшелерін атайды, ажыратады. |
||||||||||||||||||||
|
Көптеген оқушылар |
Адам дене мүшелерінің негізгі қызметтерін атайды, сәйкестендіреді, көрсетеді, бөліктерін біледі. |
|||||||||||||||||||||
|
Кейбір оқушылар |
Адамның дене мүшелерінің маңыздылығы туралы өз ойын дәлелдейді. |
|||||||||||||||||||||
|
Ойлау дағдыларының деңгейлері |
Білу және түсіну. Қолдану |
|||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийлер |
-адам денесінің негізгі мүшелерін ажыратады, атайды -адам денесінің негізгі мүшелерінің қызметін сипаттайды. -адамның дене мүшелерінің маңыздылығын дәлелдейді. |
|||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсат |
Тілдік мақсаттарды лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз: негізгі дене мүшелерін анықтау және ажыратып, сөз арасында қолданады Пәнге тән лексика мен терминология: Адамның дене мүшелер-части тела-parts of the bodu Қол – рука- hand Аяқ-нога - leg Бас- голова - head Дене- тело-боди Мойын- шея –neck
Дене мүшелері, қызметі, маңызы, паралимпиада,
-Біздің ұқсастығымыз неде? -Біздің арамыздағы айырмашылықтар қандай? - Адам қандай мүшелерден тұрады? |
|||||||||||||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Өмір бойы білім алу, ынтымақтастық, құрметпен қарау |
|||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Көркем еңбек. Сұлба түсінігі. Дене шынықтыру. Жаттығуды орындау; иілу, отырып-тұру, айналу. |
|||||||||||||||||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақта.Презентация |
|||||||||||||||||||||
|
Бастапқы білім |
Адамның дене мүшелерін біледі, атайды. |
|||||||||||||||||||||
|
Жоспар |
||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланғанкезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 1-8 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі Ынтымақтастық атмосферасын калыптастыру. Дене мүшелерімен амандасу Бас түйістіріп, Қол алысып, Төс қағысып, Аяқ айқастырып
Амандасуды нелер арқылы жасадық?
-Балалар, мына сиқырлы дорбадан аталған мүшелердің суреттерін алу арқылы топқа бөлініп отырайық 1-топ: «Бас» 2-топ: « Қол » 3-топ: «Дене» 4-топ: «Аяқ» Миға шабуыл. Жаңа тақырыпты меңгертуге дайындық -Балалар, біз қандай топтарға бөліндік? -Бұлардың бәрін бір сөзбен қалай атаймыз? -Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ? (оқушы жауабын тыңдау) -Адамның дене мүшелері -Балалар,енді осы сабағымыздың мақсатын құрайық . Бұл сабақта не туралы біледі екенбіз? Адамның негізгі дене мүшелері және олардың қызметі туралы білеміз. -Балалар, біз осы мақсатқа жету үшін қандай тапсырмалар орындаймыз? Адам денесінің негізгі мүшелерін атауларымен сәйкестендіреміз, негізгі қызметін анықтаймыз, маңыздылығын білеміз -Балалар, мына берілген қолшатырдың суретін әр тапсырма аяқталған сәтте бояп отыруымыз қажет, осы арқылы мен сендердің білімдеріңді бағалайтын боламын |
Суреттер
|
||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 8-13мин
13- 28мин
|
Суреттер: Не болды? Оқулықпен жұмыс. Тыңдалым, айтылым Суретке назар аударту, сұрақтар қою: Әрбір сұлбаға назар аударту. -Қай суретте қыздардың бейнесі салынған? Оны қайдан білдіңдер? (Шаш және киім үлгісі бойынша.) -Бейнеленген балалар сұлбасынан олардың қандай іс-әрекет жасап тұрғанын анықтауға бола ма? (билеп жүр, бокспен шұғылданып жатыр, саңырауқұлақ теріп жүр, доп ойнап жүр). -Осы қимылдарды орындауға қандай дене мүшелері қатысты? (Аяқтары және қолдары қимылдады, басын бұрды, денесі иіледі.)
Ынталандырушы бағалау :«От шашу» арқылы. -Балалар, біз қазір сендермен әртүрлі дене мүшелерімен қимылдар жасап ойын ойнап көрейік. Орнымыздан тұрамыз. Ойын: «Бұл кім?»Айтылым Ойын шарты: Мен сендерге кез – келген мамандық иесін айтамын, солмамандыққа сәйкес дене қимылын көрсетесіңдер.
Қимылдарды біз әртүрлі дене мүшелеріміз арқылы жасай аламыз деген қорытындыға келеді. Оқушылар адамның дене мүшелерін атап шығады
Ынталандырушы бағалау :«От шашу» арқылы
1 – тапсырма.Адам денесінің негізгі мүшелерін атауларымен сәйкестендіріп сыз. Айтылым, жазылым. (Жеке жұмыс) ҚБ
-Өз денеңіздің негізгі бөліктерін көрсет және ата. Олардың атқаратын қызметін түсіндір. Дескриптор -суреттегі дене мүшелерін атауларымен сәйкестендіріп сыза алады; - өз денесінің негізгі бөліктерін көрсетеді және атай алады; -дене мүшелерінің қызметін сипаттай алады. Қалыптастырушы бағалау: «Қолшатырды» бояу әдісі арқылы Ынталандырушы бағалау :«От шашу» әдісі арқылы
2-тапсырма. Әр топ өзінің дене мүшесінің бөліктерін жекелеп атап көрсетіңдер. Топтастыру арқылы саралау. Тыңдалым -айтылым. (Т.Ж)
Дескриптор
Қалыптастырушы бағалау: «Қолшатырды» бояу әдісі арқылы жүргізілді. Ынталандырушы бағалау :«Отшашу» әдісі арқылы «Сен білесің бе?» Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін Паралимпиада ойындары өткізіледі. Оған қазақстандық спортшылар да қатысып, жетістіктерге жетуде. Лондонда өткен сайыста Қабира Асқарова 65 килограмдық зілтемірді көтерді. Александр КолядинСочида өткен Паралимпиадада оң аяғына жасанды сүйек қойылғанына қарамастан, шаңғымен 20 километрді 1 сағат 4 минутта жүріп өтті! -Адамда денесінің қандай да бір бөлігінің болмайтынын, сондай жағдайда сол бөліктің қызметін протездер немесе арнайы құрылғылар атқаратынын түсіндіріп өтемін. Ширату жаттығуы «Досыңның сұлбасын сыз». Жазылым (Топтық жұмыс) Оқушыға қозғалыссыз жатуы керектігін түсіндірдіріп, қалған оқушылар оқушы басынан бастап оның дене кескінін сызады. Оқушылар дайын болған сұлбаға жанына дене мүшелерінің атауы жазылған сөздерді қояды .
Ынталандырушы бағалау :«От шашу» арқылы
3-тапсырма «Ойлан-жұптас-бөліс» тәсілі. Суретке мұқият қара. Сурет бойынша қолмен орындалып тұрған әрекеттерді айтып бер. Айтылым (Жж) ҚБ
-Аяқ пен мойынның атқаратын қызметтері қандай? Мысал келтір.
Дескриптор -суретке сүйеніп, қолмен орындалған әрекеттерді әңгімелей алады; - аяқ пен мойынның атқаратын қызметтеріне мысалдар келтіре алады.
Қалыптастырушы бағалау: «Қолшатырды бояу»әдісі арқылы Ынталандырушы бағалау : «От шашу» әдісі арқылы
4-тапсырма. Адамның дене мүшелерінің қайсысы ең маңызды деп ойлайсың.Неліктен?Дәлелде Тапсырма арқылы саралау. Тыңдалым, айтылым (ТЖ) Оқушылардың ықтимал жауабы -Барлық дене мүшелері маңызды - Егер дене мүшесі толық болмаса ол мүмкіндігі шектеулі болады -Қол болмаса заттарды ұстай алмайды тамақтана алмайды ,жаза алмайды -Аяқ болмаса жүре секіре жүгіре алмайды.
Дескриптор -дене мүшелерінің маңыздылығы туралы дәлелдеп айта алады
Қалыптастырушы бағалау: «Қолшатырды» бояу әдісі арқылы Ынталандырушы бағалау : «От шашу» әдісі арқылы «Сұрақ – жауап» арқылы кері байланыс жүргізу |
Интерактивті тақтадан адам сұлбасын көрсетемін
Қарындаш , плакат, кеспе қағаздар
|
||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы 7 мин
|
Қорытынды арқылы саралау.Сабақты қорытындылау мақсатында төмендегі сұрақтарды қоямын. «Доп лақтыру» әдісі: — Адамның қандай дене мүшелері бар? — Дене мүшелері не үшін қажет? — Біздің дене мүшелеріміз қандай қызмет атқарады? —Аяқ қандай бөліктерден тұрады? —Қол қандай бөліктерден тұрады? Кері байланыс.Балалар алған білімдері бойынша өздерін өздері бағалайды. Бағалаудың үш сатысына стикерлер жапсырады. 1.Барлық дене мүшелерін атай аламын және олардың атқаратын қызметін білемін дегендер қызыл қоржынды таңдайды таңдайды 2. Атауларын білемін, бірақ кейбір дене мүшелерінің қызметін білмеймін дегендер көк қоржынды таңдайды. 3. Білемін, бірақ шатастырамын дегендер сары қоржынды таңдайды.
|
|
||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийлері: |
Дескрипторлар |
|||||||||||||||||||||
|
•Адам денесінің негізгі мүшелерін ажыратады, атайды.
|
-суреттегі дене мүшелерін атауларымен сәйкестендіріп сыза алады; |
|||||||||||||||||||||
|
- өз денесінің негізгі бөліктерін көрсетеді және атай алады; |
||||||||||||||||||||||
|
- дене мүшелерінің қызметін сипаттай алады. |
||||||||||||||||||||||
|
•Адам денесінің негізгі мүшелерінің қызметін сипаттайды. |
- суретке сүйеніп, қолмен орындалған әрекеттерді әңгімелей алады; |
|||||||||||||||||||||
|
- аяқ пен мойынның атқаратын қызметтеріне мысалдар келтіре алады. |
||||||||||||||||||||||
|
-бастың бөліктерін атай алады |
||||||||||||||||||||||
|
-бененің бөліктерін атай алады |
||||||||||||||||||||||
|
-қолдың бөліктерін атай алады |
||||||||||||||||||||||
|
-аяқтың бөліктерін атай алады |
||||||||||||||||||||||
|
•Адамның дене мүшелерінің маңыздылығын дәлелдейді |
-дене мүшелерінің маңыздылығы туралы дәлелдеп айта алады |
|||||||||||||||||||||
|
Қосымша ақпарат |
||||||||||||||||||||||
|
Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз. Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
||||||||||||||||||||
|
1.«Тапсырма арқылы» 2.«Топтастыру арқылы» 3.«Қорыту арқылы» 4.«Диалог және қолдау көрсету арқылы» саралау жүргізуді жоспарладым Қабілеті жоғары оқушыларды тапсырма арқылы саралау. 1.Кестемен жұмыс Адам қолмен және аяқпен істей алатын әрекетті + белгісімен көрсетіңіз.
Қолдауды қажет ететін оқушыларды тапсырма арқылы саралау 1.Адамның негізгі қанша дене мүшесі бар? Оқушылар әр суреттің жанына адамның дене мүшесінің санын жазады.
|
Ынталандырушы бағалау әдістері «Отшашу» Қалыптастырушы бағалау «Қолшатырды бояу » арқылы бағаладым. Сабақтың әр кезеңінде кері байланысты « Сұрақ – жауап» әдісі арқылы жүргізіп отырдым. |
- Дене мүшелерінің сымбатты болуына ықпал ету. Партада дұрыс отыру; - Оқу құралдарын қолданудағы қауіпсіздік ережесі Ширату жаттығуы «Досыңның сұлбасын сыз». |
||||||||||||||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
Сабақтың оқу мақсатын оқу бағдарламасынан сабақ тақырыбына сәйкес таңдадым. Сабақтың мақсаты шынайы болды.Сабақ мақсатын оқу мақсатымен сәйкестендіріп пән ерекшеліктеріне бағыттап алдым. Мақсатты оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, SMART форматында құрастырдым.Тапсырманы оқушылардың деңгейлерін ескеріп, саралап құрадым. Саралау шаралары балардың деңгейін анықтауға тиімді болды. Сабақ барысында қолданылған әдістер оқушыларды оқу үдерісіне тартуға бағытталған.Ойлау және практикалық іс-әрекет үдерісінде оқушылардың белсенділіктерін қамтамасыз ететін әдістер пайдаландым. Бағалауды оқу мақсатына сәйкес алдым. Бағалау критерийлерін пайдаландым. Сабақта оқушылар •Адам денесінің негізгі мүшелерін атады. • Адам денесінің негізгі мүшелерінің қызметін сипаттады,бөліктерін білді, бөліп айтты •Адамның дене мүшелерінің маңыздылығы туралы айтып өтті ойларын дәлелдеді. Сабақта уақытты тиімді пайдаландым. Мен өз алдыма қойған мақсатыма жеттім. |
|||||||||||||||||||||







Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген