400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

адамның дене мүшелері 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне көмек ретінде жаратылыстану пәнінен сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Жаратылыстану


Мектеп: №67


Сынып: 1


Мұғалімі: Хамзина А.Р.

Күні:12.11.18.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Адамның дене мүшелері


Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме

1.2.3.1. адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атау;


1.1.2.1. қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу

Ойлау дағдысының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану

Оқу дағдылары

Тыңдалым,жазылым,айтылым


Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Адамның дене мүшесін біледі

Көптеген оқушылар:

Адамның дене мүшесін біліп, олардың қызметін ажыратады

Кейбір оқушылар:

Қоршаған орта құбылыстарына бақылау жасайды.

Алған білімдерін өмірде қолданады.


Бағалау критерийі

1.Адам дене мүшелерінің негізгі бөліктерін біледі және ажыратады.

2.Дене мүшелерінің қызметін атайды


Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Бас-голова-head

Қол-рука-arm

Аяқ-нога-foot

Адамның дене мүшелері-части тела человека-member of body

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

1.Сіздің ойыңызша дене мүшелері не үшін қажет?

2.Біздің дене мүшелеріміз қандай қызмет атқарады?

3.Денеміздің қай мүшесі маңызды деп ойлайсың?

4. Дене мүшелерін қалай күтеміз?

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың бір-біріне деген қарым-қатынасын, ынтымақтастығын арттыру

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, дене шынықтыру

АКТ қолдану дағдылары

Слайд, интерактивті тақта, ноутбук


Бастапқы білім

Жыл мезгілдерін білді


Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы

12 минут


3 минут






2 минут









7 минут

Психалогиялық дайындық. (дене қимылдары арқылы көрсетеді)

Орнымыздан тұрайық,

Басымызды оңға,

солға бұрайық.

Құстай болып ұшайық,

Орнымызға қонайық.


Топқа біріктіру. (дене мүшелерінің суреттері арқылы топқа біріктіру)

1-топ Бас

2-топ Қол

3-топ Аяқ


Миға шабуыл.

Жұмбақты шеш

1. Сырты орман,

Алды жазық құрлықты,

Араласаң,

Табасың жеті құдықты. (Бас)

Бас-голова-head (жауаптарын үш тілде атап кету)

2. Құрамалы сырық,

Берсең ырық.

Кетесің тұрып,

Барасың жүріп,

Қаласаң,

Отырасың бүгіп. (Аяқ)

Аяқ-нога-foot

3. Қатар өскен дос құсап,

Екі жақта қос бұтақ. (Қол) ...т.с.с жұмбақтар

Қол-рука-arm

-Балалар жұмбақта не туралы айттық?

- бас, аяқ, қол...

- Сіздің ойыңызша дене мүшелері не үшін қажет?

- (оқушы жауабы)

-бұл жұмбақтағы жауаптарды бір сөзбен не дейміз?

- дене мүшелері.

- дұрыс, онда бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы болмақ?

- дене мүшелері

- иә, дұрыс. Сабағымыздың тақырыбы: «Адамның дене мүшелері». Адамның дене мүшелері-части тела человека-member of body

- сендер бүгін адамның дене мүшелерімен танысасыңдар;

- әр мүшенің қызметі туралы білетін боласыңдар;

Бейне ролик






Қима қағаздағы дене мүшелерінің суреттері












Бас, қол,

аяқ... қима суреттер


Сабақтың ортасы

23 минут



10мин


Дағды

Айтылым

Жазылым






























Сергіту сәті

3 мин




Айтылым

Тыңдалым

Жазылым






10 мин




























Жұптық жұмыс. «Кластер» әдісі бойынша

1тапсырма. Суреттерді дене мүшелеріне (бас,қол, аяқ) қатысты сәйкестендір, қимылдарын көрсет және осы сұрақтар бойынша әңгімеле.

-Біздің дене мүшелеріміз қандай қызмет атқарады?

-Дене мүшелерін қалай күтеміз?

Бұл тапсырманы орындатудағы мақсатым, оқушыларға адамның дене мүшелерінің атқару қызметін түсіндіру және меңгерту..

Сонымен бірге белсенді оқудың «Түсіндіру және сипаттау» кезеңі іске асады.

Қолдауды қажетететін оқушылар «Кластер» жұптық жұмысында өмірде көріп жүрген дене мүшелерін сәйкестендіргенде, әңгімелегенде белсенділік танытып, көрінеді. Айтылым дағдылары дамиды.

Бағалау критерийі

Дескриптор

1. Адам дене мүшелерінің негізгі бөліктерін біледі және ажыратады.



1.Бас,аяқ,қол дене мүшелерімен қимыл жасайды.

2.Басқа байланысты

суреттерді сәйкестендір.

3.Қолға байланысты суреттерді сәйкестендір.

4.Аяққа байланысты суреттерді сәйкестендір.

5. дене мүшелерін қалай күтетінін айтады.

Топтар бір-бірін «Басбармақ»әдісі арқылы бағалау,





Би: «Қаражорға биі»

Бұл оқушы бүгінгі сабаққа сай болу керек.

Бұл сергіту сәтін жасатудағы мақсатым, балалардың дене мүшелерімен қимыл жасайды.


Топтық жұмыс. «Әлемді шарлау әдісі бойынша» 2 тапсырма.

Келесі тапсырма бойынша жұмысымыз:

1-Бас тобы. Дене мүшелері туралы әңгіме құрайды. «Денеміздің қай мүшесі маңызды деп ойлайсың?»

2-Қол тобы. Адамның дене мүшелерін топтастырады.


Shape1


3-Аяқ тобы. Қай дене мүшелері қозғалып тұрғанын суреттегі сұлбадан тап.

Сурет сұлба


Shape2





Бұл тапсырманы орындатудағы мақсатым, оқушыларға адамның дене мүшелері туралы әңгіме құратып,дене мүшелерінің аттарын меңгерткізу және естерінде сақтату. Белсенді оқудың зерделеу және зерттеу, есте сақтау кезеңдері орындалады.

Саралау кезінде, қаблеті жоғары оқушылыр «Әлемді шарлау» әдісі бойынша жасаған тапсырмада қимыл қозғалыстар мен дене мүшелерін топтастырғанда белсенділік танытып көрінеді.

Топтар бір-бірін «Бас бармақ» арқылы бағалау.

Бағалау критерийі

Дескриптор

1. Дене мүшелерінің қызметін атайды.


1. Дене мүшелері туралы әңгіме құрайды.

2. Адамның дене мүшелерін топтастырады.

3. Дене мүшелерінің қозғалысын суреттен табады.




суреттер , қарындаштар.


































Бейне ролик

«Қара жорға биі»

















Дене мүшенің суреттері, қозғалыс сұлба суреттері


















Сабақтың соңы

10 минут

7 минут







Рефлексия

3 минут

Кері байланыс:

«10 сөз ата» әдісі бойынша кері байланыс алынады. Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша меңгерген 10 сөзін айтады.

-(оқушы жауабы) -Бас,қол,аяқ,иық,саусақ,көз,ауыз,құлақ,мұрын,

иық.



«Желкенді кеме»










Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қаблеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және АКТ қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау кезінде, қаблеті жоғары оқушылыр «Әлемді шарлау» әдісі бойынша жасаған тапсырмада белсенділік танытып көрінеді.

Қолдауды қажетететін оқушылар «Сәйкестендір» жұптық жұмысында өмірде көріп жүрген дене мүшелерін сәйкестендіргенде белсенділік танытып, көрінеді.


«Бас бармақ»

«10 сөз»

Мадақтау: «Жарайсың!»

«Желкенді кеме»

АКТ-мен байланыс:

Слайд, смайликтер,

А4 фармат

қарандаш, қаламсап.

Флифчат плакаты,

картчкалар.

Сергіту сәті «Қара жорға» биі

Пәнаралық байланыс: дүниетану,денешынықтыру,

Құндылықтарды дарыту:

Оқушылардың бір-біріне деген қарым-қатынасын, ынтымақтастығын арттыру







































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
13 қараша
655
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі