400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Адамның дене мүшелері" Жаратылыстану 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін

Бастауыш сыныптар

жөніндегі орынбасар----------------- Ж.Бекпенбетов


Пәні:Жаратылыстану

Қысқа мерзімді жоспар :

Күні

Сынып:1


Мектеп

Мұғалімнің аты-жөні:Р. Нарметова

Қатысқандар саны:21

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Адамның дене мүшелері


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.3.1 адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атау;


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар : адамның негізгі дене мүшелерін атайды.

Көптеген оқушылар: Дене мүшелерінің атқаратын қызметін ажырата алады.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.


Ойлау деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану.


Бағалау критерийлері

Оқушылар: негізгі дене мүшелерін анықтау және ажырату икемділіктерін жетілдіреді;
суреттердің көмегімен оларды атайды;
қолдың және аяқтың бөліктері қалай аталатынын білетін болады;
дене мүшелерінің атқаратын қызметін анық­ тайды.


Тілдік мақсат



Адамның дене мүшелері

Бас (көз, мұрын, құлақ, ауыз), мойын, иық, дене, қол,саусақтар, аяқ)


Құндылықтарды дарыту

Ауызша және жазбаша тілін дамыту арқылы сөйлеу мәдениетін жетілдіру қарастырылады.Бірін-бірі тыңдау, сыйлау дағдыларын үйренеді.


Пәнаралық байланыстар

Бейнелеу өнері,дүниетану


АКТ қолдану дағдылары

Видеоролик


Бастапқы білім

Жыл мезгілдері жануарларға қалай әсер ететінін біледі.


Сабақ барысы




Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы 7минут
















Өткенді қайталау







Сабақтың ортасы

Минут 20 мин



Психологиялық дайындық.

Қуанамын менде,

Қуанасың сенде.

Қуанамыз бәріміз,

Арайлап атқан күнге.

Оқушыларды 1,2,3 реттік санау арқылы топқа біріктіру.

Топ басшыларының сәттілік тілеуі.

Сынып ережесін: (хормен айту)

1.Тыныштықты сақтаймыз 2.Уақытты үнемдейміз 3.Өзгелерге кедергі жасамаймыз

4. Сабаққа белсенді қатысамыз.

Өткен сабақты пысықтау

Оқушылар жыл мезгілдерін ажырата алады.

Жыл мезгілдеріндегі ерекшеліктерді атайды.

Жануарлар мен құстарға жыл мезгілдері қалай әсер ететінін түсінеді.

Жаңа сабақ

« Арманның түсі»

  Бірде Арман түс көреді. Түсінде оның дене мүшелері дауласады. Бас бірінші болып былай дейді.

Бас: - Мен бәрін басқарамын, менде көз, ауыз, құлақ, мұрын бар. Мен болмасам, адам ештеңені көрмейді, естімейді, иісті де сезбейді, сөйлей де алмайды, тіпті аштан өлер еді.

Мойын:- Егер мен болмасам, сені ары- бері кім бұрар еді?- деді Мойын.

 Осы кезде қызу таласқа Қол араласты:

Қол: - Егер мен болмасам, жүк тасу, тамақ дайындау, кір жуу,үтіктеу, жазу, сурет салу, әртүрлі аспапта ойнау да қиынға соғар еді.

Бір кезде Кеуденің де шыдамы таусылып:

Кеуде: Егер мен болмасам, адам болар ма едің?- деді

Аяқ:- Ал сендер біздің арқамызда мектепке, дүкенге, киноға барасыңдар. Күні бойы жүгіреміз, сонда да рахмет айтпайсыңдар,- деді Аяқ.

- Бұл дауласқан нелер?

-Әрине, дене мүшелері.        

- Ал, сендер қалай ойлайсыңдар, адамға қандай дене мүшелері керек?         

- Әрине барлық дене мүшелері адамға керек.  

Мысалы:

1. Мұрынмен дем аламыз. (барлығы дем алады)  

2. Аяқпен жүреміз, секіреміз.(көрсетеді)

3.Сонымен, құлақпен не істейміз?   (естиміз)

4.Көзбен  не істейміз? (көреміз)

Дескриптор

Оқушылар дене мүшелерін ажырата алады.

Дене мүшелерінің қызметін біледі.

Сұлбалар. “Көркем еңбек ” сабағында өткен“сұлба” терминін еске түсіреміз. Сұлба — ұсақ бөлшектерсіз бір түспен салынған заттың бейнесі. Суретке назар аударамыз. “Қай суретте Эвриканың бейнесі салынған?” (Шаш және киім үлгісі бойынша.) Әрбір сұлбаға назар аударамыз. Бейнеленген балалар сұлбасынан олардың қандай іс-әрекет жасап тұрғанын анықтауға бола ма ? (билейді, бокспен шұғылданады, саңырауқұлақ теріп жүр, доп ойнап жүр). “Бұған қандай дене мүшелері қатысады?”


(Аяқ және қол қимылы, бас бұру, дене иілуі.) Оқушыларға бұл қимылдарды қайталауын ұсынамын. Ойын ойнатуға болады: оқушылар кезекпен шығып кез келген мамандыққа немесе спорт түріне сәйкес келетін дене қалпын көрсетеді, ал қалған оқушылар кімді көрсетіп тұрғанын табуы керек. Аяқтау үшін тағы да дене мүшелерін атап өтіңіз: бас, мойын, тұлға, қол, аяқ.

Дескриптор

Бейнеленген балалар сұлбасынан олардың қандай іс-әрекет жасап тұрғанын анықтайды.

Дене мүшелерінің қызметін ажырата алады.


Қол. Оқушыларға өз қолдарына мұқият қарап және жұппен оның бөліктерін анықтап көруін ұсыныңыз. Сосын әр бөліктің атын білу үшін оқулықтағы суретке назар аударыңыз. Қол басын қарап, саусақ аттарын атап шығуды ұсынуға болады. Бас бармақтың басқа саусақтарға қарама- қарсы орналасуының арқасында адам бір нәрсені ұстай алатынын айтыңыз.


Аяқ. Оқушылардың назарын буындардың қозғалғыштығына, аяқ басындағы башпай санына ауда­ рыңыз. Аяқтың негізгі бөліктері қалай аталатынын айтамын. Оқулықтағы аяқтың барлық бөліктері (сан, тізе, жіліншік, табан және башпайлар) көрсетілген суретке назар аударамыз.

Зерттейік.Оқушының бойы толығымен сыятын ұзындықтағы қағаздан беремін.


Қағазды жайып қоятын орынды таңдап алу қажет. Оқушылардың біреуі қағазға жатады. Оған қозғалыссыз жатуы керектігін түсіндіремін. Екінші оқушы басынан бастап оның дене кескінін сызады. Топтың қалған оқушылары үздіксіз сызық шығу үшін маркерді бір-біріне береді. Дайын болған сұлбаны қиып алып, қабырғаға іліп және жанына дене мүшелері жазылған кестелерді жапсырып қоюды.



Ойлан! Оқушыларға адамның дене мүшелерінің қайсысы ең маңызды екенін ойлануға ұсыныс жасаймын. Олар барлығы өте маңызды және әрбіреуі өзінің қызметін атқарады деген қорытындыға келу керек. Артық дене бөлігінің болатын-болмайтынын сұраймын.


Сен білесің бе? Мүмкіндігі шектеулі адамдар жайлы айтқанда, Паралимпиадаға қатысушылар жайлы, оның ішінде қазақстандық Қабира Асқарова және Александр Колядин туралы айтыңыз. Бұл адамдар мақсатқа жетуде батылдық пен табандылықтың үлгісі болып табылатынын айтып өтемін.

Дескриптор

Дайын болған сұлбаны қиып алып, қабырғаға іліп және жанына дене мүшелері жазылған кестелерді жапсырады.

Мүмкіндігі шектеулі адамдар жайлы біледі.


















Жаратылыс-тану

оқулығы

1 сынып




































































Топпен жұмыс






























5 мин


























Сергіту сәті 2 мин






Дәптермен жұмыс




Дескриптор

1.Адамның дене мүшелерін тауып атауымен біріктіреді.

2.Адамның қанша дене мүшесі бар екенін санмен жазады.


Аяқпенен топ-топ-топ,

Ал қолменен ох-ох-ох.

Бір оңға- бір солға,

Ойналайықшы кел мұнда.

Қолымызды бір сілтеп,

Басымызды шайқайық.

Бір оңға, бір солға.

Ойнайықшы кел мұнда.

Секіреміз жоғары,

Қиын емес секіру.

Бір оңға,бір солға,

Секірейік кел мұнда.


Жұппен жұмыс




жұмыс

дәптері





















видеоролик



















Рефлексия



Бағалау

1 мин




«Басбармақ» арқылы бағалау




Саралау мақсатында мынадай тапсырма жоспарлап келдім.









Бағалау смайликтер арқылы бағалау.


Сабақ орташа! Сабақ керемет ! Сабақ ұнаған жоқ.

Себебі_________________________________________

_______________________________________________


Денсаулық және қауіпсіздік техникасы-ның сақталуы


Сыныптағы қауіпсіздік ережесін сақтау.


Сабақ бойынша рефлексия

Оқу мақсаттарына сай сабақ мақсаттары дұрыс қойдым.

Сабақта саралау сұрағы дұрыс жүргіздім.

Уақытты ұтымды пайдаландым.

Сабақта пайдаланған әдіс-тәсілдерім арқылы оқушылардың белсенділігін арттырдым.

Оқушылардың сөздік қоры, тіл байлығын дамыттым.



Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:Оқушылар сабаққа белсенді қатысты.

2: Жоспарланған әдіс –тәсілдер сабақтың тиімді өтуіне ықпал етті.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)

1: Сабақты жақсартуға жұптық жұмыс, топпен жұмыс ықпал етті.

2: Ресустар сабақты жақсы түсінуге көмектесті.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Ресустар сабақты жақсы түсінуге ықпал етті.

Оқу мақсатына жететін тапсырма бердім, ресурстарды дұрыс пайдаландым.

Бірін-бірі оқыту жүргізілді.

Алдағы уақытта қызықты ойын түрлерін пайдаланамын.Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын молайтамын.












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
64 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
5692
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі