Материалдар / Адамның досы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Адамның досы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Адамның досы» мәтінің мазмұның ашып идеясын түсінуге жағдай жасау.Оқушыларды білімділікке үйрете отырып, кітап оқуға деген қызығушылығын ояту. 2) Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, ақыл – ойын, тіл байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту. Шапшаң оқу дағдыларын қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2017
387
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Адамның досы.

Сабақтың мақсаты:

1) Ж. Әлмашевтың «Адамның досы» мәтінің мазмұның ашып идеясын түсінуге жағдай жасау.Оқушыларды білімділікке үйрете отырып, кітап оқуға деген қызығушылығын ояту.

2) Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, ақыл – ойын, тіл байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту. Шапшаң оқу дағдыларын қалыптастыру.

3) Кітапты ұқыпты, таза ұстауға баулу.

Сабақтың түрі: дамытушылық сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау, топпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: таза ұқыпты ұстаған сынып оқушыларының оқулықтары (көрмесе), кітаптар жиынтығы.

Қанатты сөздер:

Кітапты сүйіңдер, ол өмірінді нұрландырады.

( М. А. Горький)

Кітап – білім бұлағы,

Білім - өмір шырағы.


Сабақтың барысы:

1) Ұйымдастыру кезені.

2) Үй тапсырмасын сұрау: «Бәйге» ойыны

3) Жаңа сабаққа дайындық.


  1. Қызығушылығын ояту.

Үлкенге де сіз

Кішіге сіз

Құрметпенен сіздерге

Бас иеміз біз.

Ой қозғау. Сиқырлы кітаптың тапсырмасы

І-топқа Суретті кітап

Көп әңгіме, өлеңім,

Күнде ақыл беремін.

Жақсы көрсе мені кім

Мен де жақсы көремін ( Кітап )

ІІ-топқа. Ертегі кітабы

Кітап неден жасалады?


Сергіту сәті

а) Кітап туралы мағлұмат беру;

б) Кітаптың қандай түрлері болатынын айтып кету(энциклопедия, ертегі, мақалдар жинағы, т.б.)

Ең бірінші кітап 669-633 жылдары шыққан. Әр ел өз ойларын кез келген материалға жазған. Индия пальма ағашының жапырағына жазып, жапырақты біріктіріп жинаған. Қытайлықтар бамбук ағашына жазған. Басқа елдер де тасқа жазған, тасқа сурет салған.

Кейін адамдардың ойлап шығаруы бойынша кітап пайда болған. Қазіргі кезде кітапты компьютермен теріп жазып, арнайлы жерде тігіп бізге дайын түрінде беріп отыр. Кітаптың түрлері өте көп. Ең кішкентай кітап, ең үлкен кітап, қызыл кітап, Гинес кітабы болып бөліне береді.

Енді қазір біз Жолтай Әлмашевтың «Адамның досы » әңгімесімен танысамыз.

Жолтай Әлмашұлы 1957 жылы 14 ақпанда қазіргі Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы Қыраш ауылында дүниеге келген. 1974-1979 жылдар аралығында Әл – Фараби атындағы қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде оқыған. Балаларға арналған «Жетім жұлдыздар », «Күн тәртібі » кітабы бар.


Оқулықпен жұмыс.

1.Мәтінді оқушыларға оқытқызу. Сұрақ-жауап арқылы мәтінді талдау, ойларын бөлісу.

Мәтінді оқып болған соң сөздік жұмысын жүргізу.

2.Сөздік жұмыс

Сөре – кітап қоятын арнайы орын.

Уағына шейін – уақытқа шейін, кезге шейін.

Жан серігіміз – досымыз.

3. Мәнерлеп бір оқушыға оқыту.

4. Эстафета арқылы оқыту

5. Рөлге бөліп оқыту (уақыт қалып жатса) 3 оқушыға


Сергіту сәті


Дәптермен жұмыс:

І-топ. Кітап туралы мақал жазу

ІІ-топ. “Кітапхана” сөзінен сөздер жазу


Сабақты қорытындылау.

Егер мен кітап болсам” атты тақырыпта эссе жазғызу.

Сұрақ-жауап:

- Кітаптан не үйренуге болады?

- Сен өзің қалай ойлайсың?

- Кітап оқуды ұнатасыңдар ма, қандай кітаптарды?


Үйге тапсырма: « О мен қандай ақылды болдым » деген тақырыпта әңгіме жазып келу.


Бағалау.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!