Материалдар / Адамның дүниетанымы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Адамның дүниетанымы

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пәнінің колледж оқытушыларына арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2020
978
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары

Оқытушы: Абдрахманова А.С.

Тобы: КБС-123; ЭГД-106

Пәні: « Өзін – өзі тану»

Тақырыбы: Адамның дүниетанымы

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: адалдық, ақкөңілділік

Мақсаты: білім алушыларға дүниені мәңгі жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан танудың маңыздылығын түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Білім алушыларға дүниетанымның мәңгі жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделуі ізгілікпен өмір сүру екендігін ұғындыру;

  • Адалдық, ақкөңілділік қасиеттерун дамыту;

  • Ар-ұжданды тыңдап дұрыс әрекет етуге тәрбиелеу.

Ресурстар:

( материалдар, дереккөздер)

Интерактивті тақта, слайд , дәйексөз, жазушыларымыздың ой пікірлері, мақал - мәтелдер жазылған плакаттар

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасы. 5-6 тапсырманы тексеру. «Жеті сұраққа жауап» мәтіні бойынша сұрақтар қою.

Ескертулер

3.Сабақтың дәйексөзі.

Өмір – теңіз, жүзем онда демеңіз,

Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз.

Рудаки

Білім алушыларға сұрақ: дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?


4.Оқиға айту.

Жеті сұраққа жауап

(Үзінді)

Мамытбек Қалдыбай

... Баукең тұнжырай ойға еніп:

Сұрағың болса, бер, – деді жөткірініп.

Бауке, сіздің өміріңіз өте күрделі болды ғой. Әр түрлі оқиғаны бастан кештіңіз, әр түрлі кісілермен кездестіңіз. Бір білгім келетіні, адам бойындағы қандай қасиеттерді жоғары бағалайсыз?

Адамгершілікті, намысты жоғары бағалаймын. Ой, мынау адам емес екен деген, түсінсең өте ауыр. Намыс деген сөз өз орныңды білгін, қатарыңнан қалма, қолыңнан келсе, жақсылық істе, мысал боп жүр, жамандық істемегін деген сөз.

Е, намысы жоқ, арсыз екен. Бірге өсіп ек, намысым келіп отыр, – деп ыза болатындар бар. Бұл – дұрыс. Біреулер намыс деген жалғыз соғыста керек деп ойлайды. Ол – қате.

Адамның қандай қасиеттерін жек көресіз?

Ең кешірмейтінім – опасыздық, тұрақсыздық.

Оны кең түсіну керек. Өмір мың құбылмалы. Қиын жағдайда ол тұрақсыз болып шығуы мүмкін. Опасыздық – сұмдық сұмпайы іс.

Опасыздық та отбасынан басталады. Отбасындағы ырың-жырыңнан қай бір дені түзу адам шығады. «Қыз күнінде қыздың бәрі жақсы» дегендей, бала кезде баланың бәрі сүйкімді. Өскенде өзгереді. Кейбіреу туған баласының алдында аталық, аналық парызын орындай алмай жүр. Ол бүгін де ғана емес, бұрын да болған.

Қайрат, ақыл, жүрек үшеуінің қызметін қалай бағалайсыз?

Жүрек істемесе, бас та істемейді. Онсыз организмге қайдан күш кірсін. Сондықтан адам біткен атам заманнан бері жүректі бірінші санайды. Жүрегім өйтті, жүрегім бүйтті деп оны алдымен атайды. Әдебиет – халық өмірінің айнасы десек, онда да жүрек көп жырланады.

Ол қуанышта да, қайғыда да үлкен рөл атақарады. Неге десең, жүрек қан бермесе, дене жұмыс істемейді. Жүрек – мотор. Мейірбан, әділетшіл, арлы адамды жұрт жүректі кісі екен деп бекер айтпайды, оны бекер мақтан етпейді. Бұл – табиғи шындық.

Жүректі адам (шын жүректі болса) өсек-өтірікке, қулық-сұмдыққа, алданыш, айнығыш сезімге бармайды, ал барғандары жүрегі жоқтар.

... Ақыл деген нәрсе, қарағым, ол да табиғи құбылыс. Бірақ өмір көп нәрсеге үйретеді. Адам жас күнінен бастап жақсы мен жаманды салыстыра, байқай келіп, жіберген қателерінен тиісті қорытынды шығарып, өмір сүруге үйренеді. Бейнелеп айтқанда, бір жығылып, бір тұрып, тәй-тәй басқан жас бала секілді ақылдылыққа бірте-бірте бой ұрады. Ақыл қашқанға да, қуғанға да қызмет етеді. Ақыл, қысқасын айтқанда, орынды ойлана білу, орынды жерде ойыңның қортындысын айта білу.

Қайрат деген негізінде екіге бөлінеді. Бірінші, ақыл қайраты. Қарсыласыңды сөзбен, логикамен жеңуің керек. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деп қазекең тегін айтпаған. Екінші, күш қайраты. «Ақылыңа қайратыңды жолдас ет, қайратыңа ақылыңды жолдас ет» деген де сөз бар. Оның мағынасы, қара күшім бар деп менменсіне бермегін, ойлан деген сөз. Тағы да «Білегі жуан бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады» дейміз.

Ақылы мен қайратын қатар ұстай алмаған жігіттерді қазақтар: «Ардың-күрің, есерсоқ, құдай күш берсе де ақыл бермеген екен» дейді.

Сіздің ұрпағыңыз көп қиындықты жеңе білді. Жоқшылықты, соғысты жеңді. Ал енді кейінгі ұрпақ арасында тоқшылықты жеңе алмай жүргендер бар. Бұған қалай қарайсыз?

Нысапсыздық, өзімшілдік деген нәрсе әркімнің, әр жәндіктің бойында бар. Соны ауыздықтай білу керек. Әділдік әркімнің қолынан келе бермейді. Әрине, келетіндер де аз емес.

Бауке, кейбіреулер малды ауылда тұрса да ерініп, қымыз, айран әзірлемейді. Бұл – бойкүйездік қой. Бойкүйездікке қарсы қалай күресу керек?

Мейірбан, әділетшіл, арлы адамды жұрт жүректі кісі екен деп бекер айтпайды, оны бекер мақтан етпейді. Бұл – табиғи шындық.

Күресу бар, бірақ біреуінен нәтиже шығып, біреуінен нәтиже шықпай жатады. Бұл да тәрбиеге байланысты. Пәленшенің баласынан кем болмасын деп, балаларды жаман үйретіп аламыз. Қарапайым, сыпайы, еңбекқор бол деуден гөрі, үлде мен бүлдеге бөлейміз. Тегін нәрсенің қадірі жоқ, оны жерден тауып алғандай көреді. Мысалы, жап-жаңа киімді тазалап кисе, көпке дейін жарайды. Жаңа, сәнді киім керек деп, ескісін менсінбей, кесапатқа ұшырап жүрген балалар аз ба? Ондайлардың ертеңі қандай болмақ? Ондай мінез көрсеткендерге үлкендік орнымызды пайдаланып, «олай емес, былай істейсің, істемей көр!» дей білуіміз керек...

  1. Мәтін бойынша сұрақтар:

  2. Бауыржан Момышұлының «Біреулер намыс деген жалғыз соғыста керек деп ойлайды. Ол – қате» деген ойын қалай түсінесіздер?

  3. Бауыржан Момышұлы қандай адамдарды «жүректі кісі» деді?

  4. Бауыржан Момышұлы неліктен қайратты екіге бөліп қарастырды?

  5. Ақыл мен қайратты қатар ұстау адамды қандай игіліктерге жеткізеді?Неліктен?


5.Шығармашылық жұмыс.

Тапсырма. «Назары әдемінің ой-санасы әдемі келеді, ой-санасы әдемі адам өмірдің рақатын көреді» деген ойды басшылыққа алып, эссе жазыңыздар.


6.Топпен ән айту.

Құтты білік

(Үзінді)

Жүсіп Баласағұн

Барлық істе сабырлы бол, көшелі,

Сабырлы жан тілегіне жетеді!

Қай істе де бол ұстамды, сабырлы,

Ұстамдылық үйірер мал, бағыңды.

Тіліңді тый, қарай жүргін көзіңе,

Нәпсіңді тый, құлқының – жұт өзіңе.

Қиянатшыл елден без де, жолама,

Қараниет кісіге ерме додада.

Өкпелесең, ашуланба, налыма,

Сабыр соңы – салқын сая жаныңа.

Сабаз ердің сөзін ұқ та біле бер:

«Сабыр етсең – бұзылған іс түзелер!

Сабырлы ер өз тілегін табады,

Сабырлы аушы шыдаса, ақ құс алады!»

Егер қайғы жараласа жаныңды,

Күт сабырмен туатын шат шағыңды.

Егер дәулет жауып алса қақпасын,

Түзелер іс, төзіп сабыр сақтасаң.

Ер мінезі – сабырыңды сақтай біл,

Сабыр жолы көк төріне бастайды.


7. Үй тапсырмасы. 7-тапсырма. Өсиет әңгімені оқыңыздар. Мәтіннен адам ойы мен дүниетанымының өз өміріне және қоршаған ортасына тигізетін әсерін тауып, дәптерге жазыңыздар.Оқулықтағы 18-20 беттегі «Әйтеке бидің аталы сөздері» мәтінін оқып келу,сұрақтарға дайындалып келу.


8.Сабақтың қорытынды сәті. Оқушылардың сабақтан алған білімдерін қорытындылап, бір – біріне жақсы тілектер айтқызып, сабақты аяқтаймын.




Оқытушының қолы ___________________________________



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!