Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Адамның ішкі әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың бойында адам туралы, оның табиғи ішкі мүмкіндіктері, мінез-құлқы туралы жақсы көзқарас қалыптастыра отырып, оларға өзін-өзі қадағалай алу, бағалай білу және өзін-өзі дамытып, жетілдіре алу және өсу, есею жөнінде түсінік беру. Міндеттері: Білімділігі: - адам өмірінің үнемі дамып, өсіп, жетіліп отыратын құбылыс екендігін ұғындыру;
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өзін-өзі тану» пәнінің сабақ жоспары


Мектеп: №3 ЖОББҚМ

Мерзім: 20,27.09.2018 №3-4

Тақырып: Адамның ішкі әлемі

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: Мейірімділік

Мұғалім: Сулименова Г.С.

Сынып: 7


Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың бойында адам туралы, оның табиғи ішкі мүмкіндіктері, мінез-құлқы туралы жақсы көзқарас қалыптастыра отырып, оларға өзін-өзі қадағалай алу, бағалай білу және өзін-өзі дамытып, жетілдіре алу және өсу, есею жөнінде түсінік беру.

Міндеттері:

Білімділігі:

- адам өмірінің үнемі дамып, өсіп, жетіліп отыратын құбылыс екендігін ұғындыру;

Дамытушылығы:

- адам бойындағы барлық қасиеттерді, өзіндік ерекшеліктерді дамыта отырып, оқушыларға әр адамның ішкі мүмкіндігінің зор екендігін және оны тиімді пайдалана алуға үйрету;

Тәрбиелілігі:

- оқушыларды өзін-өзі басқара алуға, өздігінен іздене білуге тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық сәті : «Нұрға бөлену»








Ресурстар:

(құралдар,мәліметтер) шарлар, гүлдер, интербелсенді тақта

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге ақыл-парасат, ерік-жігер туралы мақал-мәтел, нақыл сөздер тауып, жазып келу.

Оқушылардың дәптерлерін тексеріп, оқушылардың мақал-мәтелдерін тыңдап, өз сөзіммен қорытындылаймын.

Сабақ барысын талқылау:

3.Дәйексөз:

«Ар ұялар іс қылмас»

Абай

  • Осы дәйексөзді қалай түсінесіңдер?

  • Ар деген сөздің мағынасын кім қалай түсінеді?

  • Жұмыс дәптеріне жазып аламыз.


4.Әңгімелеу(сұхбат):

«Ұждан»

Ш.Құдайбердіұлы

  • Ел-жұрт неліктен тыныш ұйықтай алмады?

  • Адамдардың Ұжданмен кездесуінен кейінгі мазасыздануының себебі неде?

  • Ұждан адамдарды қалай дұрыс жолға салды?

  • Адамдар Ұжданға ұялмай, дұрыс жауап беру үшін өз міндеттері мен парыздарын қалай атқаруы керек екен?


5.Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс:( сахналау)

1-тапсырма

Сөздіктерден «ынсап», «әділет», «мейірім» сөздерінің анықтамасын тауып, оқыңдар. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табыңдар.

2-тапсырма

Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла..» сөзін басшылыққа алып, төмендегі рөлдерді қатыстырып,сахналау ұйымдастырыңдар.

1. Дәнекер(өмірмен байланыстырады)

2. Сөз тапқыш (мәтіннен жүрекке жылы сөздерді тауып айтады)

3. Сұрақ қоюшы (сұрақ қояды)

4. Реттеуші (реттеп отырады).



6.Топпен ән айту.

От

М.Жұмабаев

Күннен туған баламын,

Жарқыраймын, жанамын.

Күнге ғана бағынам,

Өзім – күнім, өзім – от

Отқа ғана табынамын.

Қызарып күн шыққанда,

Күн отынан туғанмын.

Жүрегімді, жанымда,

Иманымды, арымды

Жалынменен жуғанмын.

Жалынмын мен, жанамын

Оттан туған баламын.


7.Үй тапсырмасы.

6-тапсырма

«Өзіңнен ұяла жүрсең, сені ешкім де ұялта алмайды» тақырыбына эссе жазыңдар.


8.Соңғы тыныштық сәті.(Тыныштық....бар жерде,тыныштық.....бүкіл әлемде)

Қорытындылау тыныш әуен қойылады. Денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал ендікөздеріңдіашыңдар.


















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
566
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12