жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Адамның жан сұлулығы
Тақырып:Адамның жан сұлулығы
Құндылық:Дұрыс әрекет
Қасиеттері: сыпайылық, сыйластық,ұқыптылық.
Сынып:5 «Б»
|
Мақсаты: Оқушылардың адам жанының сұлулығы туралы түсініктерін кеңейту арқылы дұрыс әрекет құндылығын ашу. Міндеттері: 1) Оқушыларға адам жананың сұлулығының ұғымы туралы түсінік бере отырып,сыпайылық қасиеттерін ашу. 2)Оқушыларға жан мен тән сулулығын ажырату арқылы сыйластық қасиеттерін дамыту. 3)Оқушыларды сыпайлылыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
|
Реурстар:дәптер,үнтаспа, құралдар,мәліметтер |
|
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастырушылық кезең -Сәлеметсиздер ме,құрметті оқушылар! -Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. -Көңіл күйлерініз қалай? «Өзін-өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» (тәртіп,талап,тазалық,тыныштық,татулық) Жағымды күйге ену Нұрға бөлену. Мұғалім: Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқындап, шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен Нұр ішіндемін... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.
|
Сабақтын барысын таңдау: Жәй баяу жағымды музыка қою)
|
|
2.Үй тапсырмасын сұрау Оқулықтың «Ішкі сұлулық пен сыртқы сұлулық» әңгімені оқып келу. Мәтін бойынша сұрақтар
|
Әр оқушы өз жұмыстарын оқиды. |
|
3. Жағымды ой – пікір. Дәйек сөз. «Сыртқы сұлулық толық болу үшін, ішкі сұлулықпен жандану қажет» Виктор Гюго
|
Топпен 3 рет қайталау |
|
Мұғалімнің сыйы. Оқиғаларды әңгімелеу « Жан сұлулығы » Ертеректе болған оқиға еді. Көшедегі орындықта жасы 12 шамасында көзі көрмейтін бір ер бала өткен адамдардың суретін салып отырды. Бала адамдардың бет бейнесін, ішкі жан дүниесімен айнытпай салып, адамдарды таң қалдырды. Көзі көрмеседе адамның мінез-құлқын сырт келбетімен керемет айнытпай қағаз бетіне түсіріп, ерекше қабілетімен өткендерді сүйсіндіреді. Осы уақытта аты көпке белгілі салмағын зорға көтеріп, бір бай келе жатады. Жиналған адамдарды көріп: -Ал, кәне менің суретімді сал,- деп маңғазданып менсінбей, орындыққа жайғасады. Жұмыс аяқталған уақытта жиналған жұрт қорқыныштан тып-тыныш бола қалады. -Өзімде солай ойлап едім, менің сұлулығымды салу соқырдың қолынан қайдан келсін, кәне көрсет суретімді!,- деп бұйырады. Суретте аттың құйрығымен, есектің құлағы бар сұмдық шошқа бейнесі салынған екен. Ашуға мінген бай баланы жуан таяқпен соққыға алуды бұйырады. Осы кезде ел кезіп жүрген қарт кісі тоқтатып, баланың еш кінәсі жоқ екенін, және де ол әр адамның ішкі жан дүниесін салып жатқанын түсіндіреді. Ызаға булыққан бай жас баланы босатып, жұлқынып кетіп қалады. Түні бойы көз ілмейді. Танертең қарт кісіні іздеп табады. Қарт кісі оған: -Сен өзіңді өзгерте алсаң ғана сыртқы келбетің өзгереді- дейді. Сұрақтар 1)Бала адаамдардың бет бейнесін қалай бейнеледі? 2) Бала бойынан қандай қабілетті байқадын? 3)Бай не себепті балаға ашуланды? 4) Бай қандай адамның қатарынан? 4) Қарт не себепті араға түсті? 5)Баланың салған суреті арқылы бай өзін өзгерте алды ма?
|
|
|
5.Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс: І –топ Мақалды аяқтау Сұлулық адамның жүзінде емес ....(жүрегінде ) болады Сұлулықжүректің...(кілті) Адам тәнінің сұлулығы...(саулығында ) Жаны сұлудың ........(тәні сұлу) ІІ- топ «Жаны сұлу» адамның модельін құрастыр |
|
|
Топпен ән айту : «Ана» сөзі,әні Сержанәлі Әлібек
|
Ән айту |
|
7.Үй тапсырмасы: «Қарындаштың бес сапасы» аңыз әңгіме оқып келу
|
|
|
8.Тыныштық сәті: Баяу әуен қосылады Сыйластық, ұқыптылықтың адам үшін маңызды екенін түсіндік.Өмірде бір- бірлерімізді қадірлей, бағалай, сыйлай білейік.
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген