Материалдар

Сайт бөлімдері
×
Сертификат тегін алу үшін
Материал тегін жариялау
ҚР БАҚ(СМИ) тіркеу №9512
Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8 (771) 234-55-99 (Ватсап) осы номерге жазуға болады
Ұстаздарға арналған вебинар: Тақырыбы: X, Y және Z ұрпақтарының ерекшеліктері. Қалай тіл табысуға болады
Толығырақ: https://ust.kz/webinar

Адамның жан сұлулығы Ашық сабақ

Автор:Бірмағанбетова Айгул Айтбаевна
Бағыты: Өзін-өзі тану
Бөлімі: Ашық сабақ
Сыныбы: 5 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-03-15

Материал туралы қысқаша түсінік

Өзін-өзі тану мұғалімдеріне арналған сабақ жоспары жаңартылған білімге сай жасалған. Сабақта турлі тапсырмалар қолданылған.



Мектеп: Мерзімі:

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адам жанының сұлулығы туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.Міндеттері: а) Жан сұлулығы ұғымы туралы түсінік беру;ә)Оқушылардың бойында жан сұлулығы болып табылатын қайырымдылық, әділдік, жауапкершілік қасиеттерін дамыту;б) Адамды жан сұлулығына жеткізетін ізгі істерге, сенімділікке, әдептілікке, қайырымдылықа тәрбиелеу.

Ресурстар:слайд, үнтаспа, оқулық
Сабақ барысы:
  • Ұйымдастыру кезеңi. 5Т қайталау
  • Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену» Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз!... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.
  • Үй тапсырмасын тексеру.
  • Оқулықтың 17-бетіндегі 4-сабақта берілген А.Л.Бжиска «Сұлулық сыры» әңгімесін оқып келу берілген.Мәтін бойынша сұрақтар:
  • Бейбітті қандай ой толғандырды?
  • Бейбіт бос уақытын қайда өткізетін еді?
  • Бейбіт Мақсұт ағайының берген ақылынан қандай ой түйді?
  • Адамды тек сыртқы келбетіне байланысты сұлу деп айта аламыз ба? Неге?
  • Балалар адам сұлулығын қандай құндылықтарынан байқауға болады?
  • Сабақ барысын талқылау:
  • Дәйексөз.
  • «Сыртқы сұлулық толық болуы үшін ішкі сұлулықпен жандану керек»Виктор ГюгоСұрақтар:Дәйексөзді қалай түсіндіңдер?Дәйексөзді ұлдарға оқыту. Қыздарға оқыту. Хормен оқу, дәптерге көшіріп жазу.


    Оқиға айту, әңгiмелеу Қайырымды балаКетеван Челашвили Нодардың әкесі жылтыр қағазға оралған ойыншық әкелді. Нодар тездетіп қағазды ашты да, сыйлыққа қуанғаны сонша – алақайлап жіберді:Моторлы қайық! ... Міне, керемет! Қуанышын жасыра алмаған Нодар Гивидің үйіне қарай беттеді. Достар ойыншықты айналдыра әбден қарады. Оның тетігін бұрады. Сосын вананы суға толтырды да, қайықты жібере қойды. -Жүзді!Жүзді!-деп айғайласты балалар.-Нодар, менде де осындай қайық болғанда ғой, екеуміз қайықтарымызды жарыстырар едік. Кімдікі озар еді? – деп армандады Гиви.Нодар «Әкең сағанда сатып әпереді» деп айтайын деді де, Гивидің әкесінің жоқ екені есіне түсіп, қоя қойды. -Гиви, мына қайық сенікі болсын. Маған әкем тағы да біреуін сатып алып береді, деді де, дос көңілімен ойыншығын ұсынды.Гиви үнсіз басын шайқады. Сыйлықтан бас тартты. Ал Нодар ойыншығын қалдырды да, үйіне қарай беттеді. Бөлмеге кіре сала, Нодар әкесінің мойына асылды. -Әке, маған қайық сатып әперші, -деді ақырын ғана. -Саған бірдей екі ойыншықтың керегі не?-деп таңданды әкесі.-Ана қайықты мен досым Гивиге сыйладым, оның әкесі жоқ қой, деді бала қамығып. Әкесі Нодардың қарапайымдылығына сүйсініп кетті. Оған тағы да қайық сатып алып беруге уәде берді.Талдау сұрақтары:1.Нодардың қуануына не себеп болды?2. Нодар қуанышын кіммен бөлісті?3.Нодардың Гивиге жасаған іс –әрекетінен қандай құндылықтар мен қасиеттерді байқайдыңдар?4.Балалар сендер өмірлеріңде қайырымды, қарапайым адамдармен кездестіңдер ме? Әңгімелеп беріңдер.

  • Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
  • 1-топ «Адамның жан сұлулығы» тақырыбына эссе жазу. 2-топ «Адамның жан сұлулығы» тақырыбына сахналық қойылым қою.


  • Топпен ән айту
  • Сөзі: С.Молдасанұлы Әні: Ф.Лұқпанова Бала тілегі Бал-балалық балдырған шақ сан арман,Барлық бала армандауға жаралған.Кел достарым әндетіңдер ,билеңдер,Гүлденсін деп атамекен қара орман.

    Болашақтың иесіміз бәріміз,Туған жерді түрлендірер нәріміз.Алтын бесік ұлан байтақ елімде, Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.

    Қалықтаған көгершіні көгінде,Мұңаймасын ешбір бала елімде.Ата берген бата менен көркейсін,Ұлы отаным тілегім сол менің де.


  • Үй тапсырмасы.
  • 5-сабақ 28-бет Л.Воронкова «Қуаныш» мәтінін оқып келу. Дәптермен жұмыс.


  • Соңғы тыныштық сәтi.
  • Баяу әуен қосылады. Балалар, бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүрегімізге сақтайық. Барлығыңызға рахмет! Сау болыңыздар!






    Сертификатты жеке кабинеттегі жетістіктерім бөлімінен жүктеп алуға болады

    Материалды сайттан тегін жүктеу

    Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

    Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.