400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Адамның мүмкіндіктері. 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пәні бойынша сабақ жоспары. Оқушыларға адамның мүмкіндігінің шексіздігін түсіндіру арқылы, жалпыадамзаттық Қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары


Бөлім: 1

Таным қуанышы

Мұғалімнің Аты-жөні, тегі

Дакишева Айнагуль Наримановна

Мерзімі:

20.09.2021 ж.

Сынып: 6

Оқушылар саны: 17

Қатыспаған оқушылар: 0

Сабақтың тақырыбы №3

Адамның мүмкіндіктері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту

мақсаттары

басқа адамдардың ар-ұжданына нұқсан келтірмей, өз қағидаттарына, ұстанымдары мен сенімдерінде берік болады

Құндылық


Қиянат жасамау

Қасиеттер

Сыйластық, қамқорлық

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға адамның мүмкіндігінің шексіздігін түсіндіру арқылы, жалпыадамзаттық Қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері


  • Оқушылардың "өз орны", "қабілет" ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту;

  • өзіне және өзгелерге деген сыйластық қасиетін арттыру;

  • қамқорлыққа тәрбиелеу.


Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері/ Уақыт

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)


1. Жағымды көңіл күй (1-3 мин)


Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын тексереді. 5 Т ережесін еске түсіреді.


Мұғалім "Нұрға бөлену" жаттығуын өткізу арқылы оқушыларды жағымды күйге әкеледі.


Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді.


Оқушылар

жағымды күйге келіп,терең ойлауға бейімделеді.

Оқулық, мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал,

«Хрустальная грусть»

https://www.youtube.com/watch?v=LCiAfCCwc7A

2. Алдын ала берілген үй тапсырмасын тексеру (әңгімелеу) (3-5 мин)


"Неге арналса, соны істе" Ж.Аймауытов шығармасынан үзінді.

Мұғалім мәттінің мазмұнын оқушылардың қалай түсінгендерін сұрақтар қою арқылы сұрайды.

Сұрақтардың көмегімен оқушыларды «өз орны», «қабілет» ұғымдарын түсінуге жетелейді, сонымен қатар олардың өзара байланысын түсінуге көмектеседі..

Сұрақтар:

- Мәтіндегі «Неге арналсаң, соны істе» деген сөзді қалай түсінесіз?

- Әркімнің «өз орнында» қызмет етіп, қоршаған ортасына пайда келтіруіне оның бойындағы қандай қасиеттері жетелейді?

- Адам өз қабілеттерін қалай тани алады?

- Өміріңде өз қабілеттері арқылы жетістікке жеткен жандар бар ма? Мысал келтір.

Оқушылар мәтін мазмұнынан түсінгендерін ортаға салады және "өз орнында",

"қабілет" , ұғымдарын түсінеді.

Оқулық,

3 сабақ 16-бет

3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз) (3-4 мин)

Мұғалім сабақтың дәйексөзімен таныстырады. Оқушылардан дәйексөздің мағынасын қалай түсінгендерін сұрайды. Оқушылардың жауаптарына сүйене отырып өзі қорытынды жасайды. Дәйексөзді дәптерге жазуды ұсынады.


«Өз қанатың болмаса, өзгенiң қанатымен ұша алмайсың»

Халық даналығы

  • Өз мүмкіндіктеріңді қалай тануға болады?

  • Адамның өзіне деген сенімділігі неден көрініс табады?

Оқушылар нақыл сөздің мағынасын талқылайды, өз қабілетінің мәнін терең ұғынады, дәйексөзді 2-3 рет қайталайды және дәптерге жазады.

https://znanio.ru/media/shk_tynyshty-45433


4. Оқиғалар айту (әңгімелесу)

(4-8 мин)


Мұғалім оқушыларға "Жақсылық пен жамандық туралы" тәмсілді баяндап береді. Сұрақтар қою арқылы адам ар-ұждан дауысымен өмір сүру туралы түсініктерін кеңейтіп, адамның өзгелерге қамқорлық қасиетінің маңыздылығының мәнін талқылайды.

Сұрақтар:

- Адамның ішіндегі екі дауыс нені білдіреді?

- Ар-ұждан дауысымен өмір сүру деген не?

- Үнемі өзіне және өзгелерге қамқорлық танытатын адамның бейнесін қалай елестетесіз? Өзің басқаларға қамқорлығыңды қалай көрсетіп жүрсіз?

Оқушылар оқиғаның тыңдағаннан кейін, мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып, адам мүмкіндіктерінің шексіздігі және өз бойындағы өзіне және өзгелерге деген қамқорлық жасау туралы ойланады.

"Жақсылық пен жамандық туралы"


http://school.ozin-ozi-tanu.kz/learn/show/id/110

5. Шығармашылық жұмыс

(12-15 мин)


Мұғалім 3 қатар бойынша оқушылардың жеке жұмысын ұйымдастырады.

1-тапсырма.

«Сыйластық» ұғымына СИНКВЕЙН әдісі (2 сын есім, 3 етістік) арқылы өз тұжырымдамаңызды жазыңыздар.

2-тапсырма.

«Қайырымдылық – ізгілік бастауы» тақырыбында эссе жазыңыздар.

3-тапсырма.

Қ.Толыбайдың «Қабілет» шығармасын оқып, мәтннен кейінгі берілген кестені толтырыңыз.

Оқушылар өзбетімен берілген тапсырмаларды орындап, өз ойларымен бөліседі.

Оқулықтың 17 бетінде берілген 1,2,3 тапсырма, жұмыс дәптері, жай қарындаш, қалам, сызғыш.


6. Үй тапсырмасы (1-2 мин)

Алдын ала үй тапсырмасы беріледі.

Мұғалім оқулықтан №4 сабақ Сыдықов Ерланның «Мәдениет пен билік салмағы» әңгімесін оқып, сұрақтарға жауап беруге дайындалып келулерін сұрайды.

Оқушылар үй тапсырмасын жазады.

Оқулық. Сыдықов Ерланның «Мәдениет пен билік салмағы» әңгімесі,

19-бет

7. Топпен ән айту

(2-3 мин)



Мұғалім оқушылармен бірге

Елжас Әбділданың сөзіне жазылған Жарасхан Төлебайдың «Алғыс» әнін орындайды.

Оқушылар мұғаліммен бірге ән шырқайды.

Экранға өлеңнің мәтіні көрсетіледі.

https://sazalem.com/ru/track/karakatabildina-algys

8. Сабақтың қорытынды сәті (1 мин)

Мұғалім оқушыларға өз-өзіне сеніп, сыйластық, қамқорлық жасап, жақсылыққа кенелейік деп тілек айтады.

Оқушылар рефлексия жасайды.

Баяу композиция қойылады.

Вольфганг Амадей Моцарт

https://www.youtube.com/watch?v=Ziai7G38gY


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
06.11.2021
713
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі