жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Адамның рухани әлемі
Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі: №62 Н. Төреқұлов атындағы жалпы орта мектеп
Күні: 15.04.19ж
№: 28
Мұғалімі: Нурсейтова К.
Сыныбы: 7а
Оқушылардың саны: 21
Тақырыбы: Адамның рухани әлемі
Құндылығы: Ақиқат
Қасиеттері: ойдың, сөздің және істің бірлігі; шыншылдық; жақсыдан жаманды ажырата білу.
Мақсаты:оқушыларға адамның рухани әлемін түсіндіру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: 1. Білімділік: Оқушыларды жақсыдан жаманды ажырата білуге үйрету 2. Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы шыншылдық қасиеттерін дамыту 3. Тәрбиелік: Оқушыларды ойдың, сөздің және істің бірлігіне тәрбиелеу |
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 1.bilim-all.kz
|
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 5Т – ережесі: 1. Тәртіп. 2. Талап. 3. Тыныштық. 4. Тазалық.
5.
Татулық. Жағымды көңіл – күйге келу. Орманға ойша серуен. (Ескерту: егер бұл сабақ ашық алаңда өткізілсе, онда серуенді сыныпта емес, бақтағы бір орыннан бастау керек). Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады). 2. Үй тапсырмасын тексеру. 1. №27 – сабақ. «Рухани байлық – игілік көзі» тақырыбында эссе жазу. 2. Келесі сабақ. №28, Менің әкем, халық ұлы – Шәкерім мәтінін оқып келу. Талдау сұрақтары: 1. Ұлының әкесі жайлы естелігінен Шәкәрімнің қандай жақсы, жаңа қырларын таныдыңдар? 2. Ойшыл-ақын Шәкәрімге қолөнердің қандай пайдасы немесе қажеті болды деп ойлайсыңдар? 3. Шәкәрімнің қарапайым кездік соғудың өзінде де сонша ыждағаттық пен ұқыптылық танытуынан нені аңғаруға болады? 4. Мәтіннен Абай мен Шәкәрімнің қандай рухани жақындығын байқадыңдар? 5. Өздеріңнің Абай сияқты қандай рухани жақын адамдарың бар? Олардан не үйренесіңдер? |
|
3. Сабақтың дәйексөзі. (Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту) Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде, Сонан тапқан – шын асыл, тастай көрме. Абай Ұлы
ақын, ағартушы, қазақтың жазба
әдебиетінің және әдеби тілінің негізін
салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы
Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы
(бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында
(бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс
тауының бауырында дүниеге келді. Абай
атақты Тобықты руының Ырғызбай деген
тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан
оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ
зеректігімен көзге түседі. 1. Абай жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде деп не туралы айтты деп ойлайсыздар? 2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз? |
|
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы). Бақытты адамның көйлегі1 Бұрынғы заманда өте қуатты патша өмір сүріпті. Патшада адам армандайтын нәрсенің бәрі болыпты: әдемі сарай, байлық, билік, тіпті денсаулық та. Оның әйелі және балалары, көптеген қызметшілері болды. Оның барлық қалауы әп-сәтте орындалды, бірақ бұл оған қуаныш әкелмеді. Қуатты және тұнжыраған ол тағында отырып, осындай қанағаттанбаушылықтың қайдан келетіндігін, оған не жетіспейтіндігін түсінуге тырысты. Бір жолы ол өзінде бақыттың жоқ екенін түсінді. Ол сарай дәрігерін шақырып, былай деді:
«Не істеу керек? Біреуді қалай бақытты етуге болады, оны ешкім білмейді, бақыт деген – бұл ішкі жан-дүниең ғой! Бірақ патша ақылынан адасты, онымен ойнауға болмайды», - деп дәрігер абыржи бастады.
Балалар жамырап жауап берді:
Ол түні бойы ойланды, көптеген кітаптарды ақтарып шықты, алайда медициналық кітаптарда бақыт туралы ешнәрсе айтылмапты. Жүктелген мінде қиын болды, ол мүлдем күдерін үзе бастды. Ақырында таңға жуық ол шешімін тапты. Бәрі өте қарапайым!
Мұны естіген патша өте қуанышты болды: сондай қарапайы амал!Ол бірінші уәзірін шақырып алып, бұйрық берді:
Уәзір абдырап шықты. Ең алдымен ол ең бай адамға барып, оның көйлегін сұрады, бірақ ол:
Уәзір көптеген адамдарды аралап шықты. Бәрінің бірауыздан айтатыны: «Патшамыз бақыты болуы үшін, біз барымызды береміз, көйлек деген не! Біз өз өмірімізді де береміз, бірақ біз өзіміз бақытты емеспіз ғой, сондықтан біздің көйлектеріміз жарамайды». Уәзір өте қайғыра бастады: «Не істеуге болады?Басыма қайғы үйірілді, енді маған жауап беруге тура келеді!Дәрігер оңай құтылып кетті!»Ол енді өзін өте бақытсыз сезінді, мүлдем үмітсіздене бастағанда , кенет оған біреу кеңес берді:
Түн болған кезде олар өзен жағасына келеді. Адам сырнайда ойнап тұрды және бәрі сондай жақсы болды! Шығып жатқан дыбыстардың рақатқа бөлегені сондай, уәзір өзін шынайы бақытты сезініп кетті.
Уәзір қуанғанынан билей жөнелді де айғай салды:
Бірақ адам жауап бермеді.
Жер бетіндегі адамдардың барлығы бақытты болғылары келеді, бақыт деген – бұл өмірдің қалыпты жағдайы. Естеріңізге түсіріңіздерші, азанмен құстардың қалай сайрағанын, қалай рақаттанып еркіндікте қалықтағанын. Бірақ көптеген адамдар өздерінің бақытты болуын, олардың қалауларының орындалуымен байланыстырады. Мұндай көзқарас пен түсінік бақытқа емес, қайғыруға алып келеді. Түсінесіз бе? Қалауларының орындалуы тек бір сәттік қана рақат алып келеді және адамда одан да артық қалауларының орындалуына деген құмарлықты оятады. Заманауы ғылым дәлелдеп отыр: "Кезкелген әрекет күші бойынша тең және бағыты бойынша керісінше қарсы әрекетті тудырады». Егер сендер қателік жіберсеңдер және адамдарға әділ болмасаңдар, онда мақалда айтқандай болады «Не ексең, соны орасың!» Осы жайында ойланыңдар! Бақытқа түсіну арқылы келуге болады. Түсіну жолдарының көптеген түрлері бар. Бақыт – бұл сезім де емес және сезіну де емес, бұл толық өмірің бар кезде пайда болатынқуаныш пен үйлесімділік жағдайы. Ондай адам туралы: «Ол бақыттан бал-бұл жанып тұр!», - дейді емес пе. Және бұл – теңеу емес. Бұл шынайы ақиқат. Нұрадам бойын толтырып, сол арқылы осы әлемге құйылады. Ал енді көне замандарда бақыт туралы қандай тұжырымдар жасады екен, сол туралы айтып берейін. Сұрақтар: 1. Нені ұғынған соң адам бақытты болады? 2. «Кезкелген әрекет күші бойынша тең және бағыты бойынша керісінше қарсы әрекетті тудырады» деген пікірді қалай түсінесіздер? 3. Неге қалауларды үздіксіз қанағаттандыру өз-өзінеқиянат жасаумен бірдей қарастырылады?Жауаптарыңызды өмірден алынған мысалдармен дәлелдеңіздер. 4. Ақиқатты ұғынумен байланысты қоршаған ортаға қатысты қиянат жасалмаудың маңызын мысалдармен түсіңіздер. |
|
Тапсырма:
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Айқап»
журналында |
|
6. Топпен ән айту. Әдемі |
|
7. Үйге тапсырма. 1. №28 – сабақ.«Шәкәрімнің рухани бейнесі» немесе «Менің рухани бейнем» тақырыбына шағын зерттеу жүргізіп, жазбаша ой қорытынды жасаңдар. 2. Келесі сабақ. №29, «Бірден-бір сұлулық» мәтінін оқып келу. |
|
8. Сабақтың қорытынды сәті. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. Рахмет! |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген