Адамның рухани әлемі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Адамның рухани әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға адамның рухани әлемін түсіндіру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: Алтынсарин атындағы орта мектебі

Мерзiмі: № 28 сабақ

Тақырып: Адамның рухани әлемі

Құндылық: ақиқат

Қасиеттер: ізгілік, мейірімділік, адалдық

Мұғалiм: А .Аитекеева

Сынып 7 «а,б,ә»

Оқушылар саны:

Сабақ мақсаты: оқушыларға адамның рухани әлемін түсіндіру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеті:

- адамның рухани дүниесі туралы түсінік беру;

- адамның жан дүниесінің ерекшеліктері арқылы руханилыққа құштарлық, ізгілікке ұмтылушылық қасиеттерін дамыту;

-мейірімділік, адалдық қасиеттеріне тәрбиелеу.

Ресурстар:үнтаспа,

суреттер,нақыл сөздер

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

5 Т ережесін еске салу.

1.Тәртіп

2.Талап

3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық


Жағымды көңіл-күйге келу. «Нұрға бөлену»


2.Үй тапсырмасын тексеру. №28 сабақ 110 бет

«Менің әкем, халық ұлы-Шәкәрім» мәтінін сұрақтар қою арқылы сұрау,

Сұрақтар:

  • Ұлының әкесі жайлы естілігінен Шәкәрімнің қандай жақсы, жаңа қырларын таныдыңдар?

  • Ойшыл-ақын Шәкәрімге қолөнердің қандай пайдасы немесе қажеті болды деп ойлайсыңдар?

  • Мәтіннен Абай мен Шәкәрімнің қандай рухани жақындығын байқадыңдар?

  • Өздеріңнің Абай сияқты қандай рухани жақын адамдарың бар? Олардан не үйренесіңдер?

Сабақ барысын талқылау:





3.Дәйексөз.

«Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,

Сонан тапқан-шын асыл, тастай көрме»

А.Құнанбаев


4.Әңгiмелеу. Жүрек жақындығы


Ұстаз өз шәкірттерінен сұрады:

- Неліктен адамдар жанжалдасып, айқайласады?

- Өйткені олар өздерін ұстай алмайды, - деді біреуі.

- Егер адам жаныңда тұрса оған айқайлаудың қажеті не? – деді Ұстаз. Бір – бірімен жай сөйлесуге болмай ма?

Шәкірттері түрлі жауап ұсынса да, Ұстаздың көңілі толмады.

Ақыры ол былай деп түсіндірді:

- Адамдар бір – біріне көңілдері толмай, дауласқанда олардың жүректері алшақтайды. Осы қашықтықты толтыру үшін және бір – бірін есту үшін оларға айқайласуға тура келеді.

Олар қатты ашуланса, қаттырақ айқайлайды.

- Ал адамдар бір – біріне ғашық болса қалай болады?

Олар айқайламайды, керісінше жай сөйлеседі, өйткені олардың жүректері өте жақын болғандықтан, ара қашықтық та кішкентай.

Ал сүйіспеншілік тереңдеген сайын сыбырласудың да қажеті болмайды.

Олар бір – біріне қарағаннан – ақ сөзсіз түсініседі.

Бір – бірін жақсы көретін адамдар бірге болғанда осылай болады, - деді Ұстаз.

Сондықтан, біреумен ренжіскенде, өз жүректеріңе бір – бірінен алшақтауға жол бермеңдер, бір – біріңнің араларыңды алыстататын сөздер айтпауға тырысыңдар. Өйткені ара қашықтық алыстағаны соншалықты, кейін қайтуға жол таба алмайтын күн тууы әбден мүмкін.

Аңыз әңгіменің мәтіні бойынша сабақтың құндылығы мен қасиеттінің мәнін ашатын және өмірлік тәжірбиелерімен байланыстырып сұрақтар қою.


5.Шығармашылық жұмыс.

3-тапсырма. Ш.Құдайбердіұлының «Қайырымдылық» әңгімесін рөлдерге бөліп, сахналап көрсету.

4-тапсырма. «Менің рухани бейнем» тақырыбында шағын жазбаша ой қорытынды жасау.


6.Топпен ән айту. Барыңда Оралыңның ойна да күл ән

Дүние өтіп барады шыр айналып

Өтерін бұл дүниенің жүр ойланып

Барында оралыңның ойна да күл, 2рет
Келгенше кім бар кім жоқ жыл айналып

Ақ көйлек, қызыл көйлек құрбым кисiн,

Сүйрілiпекі етегі жерге тисiн.
Барында оралыңның ойна да күл,
Көргенде дұшпандардың iшi күйсін. 2 рет

Дүние ойлап тұрсам шолақ екен, 
Адамзат бiр-бiрiне қонақ екен.
Барында оралыңның ойна да күл,2рет
Қызығы бұл дүниенің сол-ақ екен.


Басыңда керегенің оймақ тұрған,
Жігітке кедейшілік қой бақтырған
Жігіттің сүйген жары жақсы болсаң,
Алдында атын байлап ойнап тұрған . 2рет

Барында оралыңның ойна да күл, 2рет
Келгенше кім бар кім жоқ жыл айналып


7.Үй тапсырмасы.

29 сабақ «Бірден-бір сұлулық» мәтінін оқу, 114бет


8.Сабақтың қорытынды сәтi.

Балалар денелеріңізді түзу ұстап, бастарыңызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңыздар. Көздеріңізді жұмуларыңызға да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңыздар, денелеріңізді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңіздер. Тұла бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылыңыздар. Осылайша 1 минуттай отырады. Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет, сау болыңыздар.














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.12.2019
808
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі