400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Адамның рухани әлемі 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге дайын сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы Өзін-өзі тану сабақ жоспары


Мектеп: № 3 Ембі қалалық ЖББОМ КММ

Мерзімі: -----------

Мұғалімі: Сейлханова Гульшат Серикбаевна

Оқушылар саны: 18

Сыныбы: 7 «а»

Тақырыбы: Адамның рухани әлемі

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: адалдық мейірімділік,ізгілік

Сабақтың мақсаты: оқушыларға адамның рухани әлемін түсіндіру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

- адамның рухани дүниесі туралы түсінік беру;

  • адамның жан дүниесінің ерекшеліктері арқылы руханилыққа құштарлық, ізгілікке ұмтылушылық қасиеттерін дамыту;

  • мейірімділік, адалдық қасиеттеріне тәрбиелеу.

Ресурстар:

оқулық, дәптер,

баяу әуен,қима қағаздар,

смайликтер

«Бақыт ағашы»

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: 5Т ережесі

Тәртіп

Талап

Тыныштық

Тазалық

Татулық

2.Тыныштық сәті « Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар,денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолдарың-

ызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.

Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп,кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан.Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды,әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп,сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз,құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.Нұр көздерімізге де жетті,көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп,басыңызға тек ізгі,сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды,сіздің денеңізден шығып,

жан-жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туыстарыңызға,мұғалімдеріңзге,

достарыңызға,таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұрды бүкіл әлемге,барлық адамдарға,жан-жануарларға,барлық тірі жанға таралсын.Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұрды бағыттаңыз.

Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын....Нұр менің ішімде... Мен нұрмын.»

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз.

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

Тыныштық сәтінен алған әсерлеріңіз қандай?


Сабақ барысын талдау:





баяу әуен қосылады

3.Үй тапсырмасын тексеру

Досым Омаров «Адам өмірінің үш бастауы» үзінді. 107-109 беттер

  1. Мәтінде адам өмірі қандай жағдайлармен тығыз байланыстырылады?

  2. Адам өмірінің бақыты үш бастаудың сапаларының үйлесімділігіне байланысты болуы мүмкін бе? Неліктен?

  3. Аталған бастаулар келешек ұрпақ тағдыры үшін неліктен маңызды болған?

  4. Адамның рухани баюына қандай қасиеттер себеп болады?

  5. Өздерің Шәкәрім бойындағы қандай қасиеттерді үлгі тұтасыңдар? Неліктен?

  6. Сенің өміріңде қандай бастау алдың?



4.Дәйексөз

« Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,

Сонан тапқан- шын асыл,тастай көрме».

Абай Құнанбаев

(Дәптерлеріне жаздырып, ұлдарға 2 рет, қыздарға екі рет оқытамын)


Әңгімелесу. Мұғалім сыйы

«Толған құты» әңгімесі

Философия пәнінің оқытушысы, бір профессор атақты Данышпанмен кездесуге барады. Жол бойы ол өз сұрақтарын ойластырып барады: олар сондай көп еді! Және ол әңгімелерін қалай қызықты етіп өткізуді ойланады. Ол кірген кезде, Данышпан оған:

  • Өтінемін, кіріңіз, бірақ тобырды есіктің сыртында қалдырыңыз.

Оқытушы айналасына қарайды, бірақ ешкімді көрмейді. Ал Данышпан болса жалғастырып:

  • Айналаңызға қарамаңыз, өзіңіздің ішкі дүниеңізге үңіліңіз: тобыр сонда!

Оқытушы абдырап қалды. Бірақ ол ақылды адам еді, өзін қолға алып:

  • Сіз дұрыс айтасыз. Онда тобыр бар. Бірақ мен профессормын ғой. Мен үнемі тобырмен жұмыс істеймін. Кешіріңіз, мен тобырды есік сыртында қалдырып кете алмаймын. Мен сізбен сөйлесіп, сізден ақиқатты білгім келіп еді. Өмірде ақиқат бар ма және оның маңызы неде?

Данышпан жауап берді:

  • Мен біреуге ақиқат жайында айтуға уәде беріп пе едім? Егер ол болса, барлық жерде бар. Егер Сіз оны өзіңіз жүрген жерден көре алмасаңыз, онда басқа жерден де көре алмайсыз.

Профессор айтты:

  • Егер Сіздің менімен сөйлескіңіз келмесе, мен кетейін, - деп ол біраз ренжіді.

Данышпан:

  • Асықпаңыз. Сіз шаршадыңыз. Сыртта күн ыстық. Отырыңыз. Біраз демалыңыз. Мен шәй дайындайын.

Данышпан тәрелкесімен шынаяқты алып келіп, қонақтың алдына қойып, жәймен шәй құя бастайды.

Профессор жағдайды бақылап отырды. Ыдыс жиегіне дейін толады. Бірақ Данышпан құюын жалғастыра береді, енді шәй тәрелкеге құйыла бастайды.

Профессор шыдамдылық танытуға тырысты, себебі «тобырдың» тыныш отыратындығына уәде берген еді. Бірақ іштегі бұл «тобыр» айтып жатты: «Бұл адам есінен айырылған! Осындай да тәсіл бола ма екен? Мұнымен не айтқысы келеді?».

Бірақ Данышпан тоқтамастан құя береді. Енді шәй үстел үстіне құйыла бастағанда, профессор шыдамай:

  • Өтінемін, тоқтатыңыз! Сіз не істеп тұрсыз? Ыдыс толды, енді оған бір тамшы да сыймайды.

Данышпан айтты:

  • Сіз дұрыс байқадыңыз, егер ыдыс толы болса, онда оған бір тамшыны да сыйғызуға болмайды. Сіз де осы ыдыс сияқты ернеуіңізге дейін толып тұрсыз. Түсініңіз, егер мен Сізді толтыруға тырыссам, оным бос әурешілік болады. Келесі жолы келгеніңізде «бос құты» әкелуге тырысыңыз. Сонда мен Сізбен барыммен бөлісе аламын.


    1. Профессор Данышпанға не үшін барды?

    2. Данышпан Профессорға қандай сынақ жасады?

    3. Данышпан қандай байлам айтты?

    4. Адалдық неден басталады?

5. Өзің Отан алдындағы парызынды қалай өтер едің?




6. Шығармашылық жұмыс. Жеке жұмыс

Оқушылар мозайка әдісі арқылы топтарға бөлінеді.

1. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Білімділерге бес сауал»

дегенге өз ойларын жазады.

2 . «Мен бақыттымын, себебі......» парақшаларға жазып, бақыт

ағашына жабыстыру.

3. Оқушыларға жүрекшелер таратылады, ізгі тілектерін жазып

топтарға сыйлайды.


3 топқа бөлінеді

7. Үйге тапсырма

« Менің әкем, халық ұлы –Шәкерім» үзіндіні оқу.

28 сабақ 110-112 беттер


8. Топпен ән айту «Әдемі»

Сөзін жазған: Ақылбек Шаяхметов

Әнін жазған: Ержан Серікбаев

Күн сәулесі төгілгені әдемі,

Кемпірқосақ керілгені әдемі.

Көк шалғында асыр салып жүргенде

Көк көбелек көрінеді әдемі.


Жас шыбықтың бүр ашқаны әдемі,

Алма ағаштың гүл ашқаны әдемі.

Қариялар жол үстінде кездесіп

Амандықты сұрасқаны әдемі.


Бұлбұл құстың сайрағаны әдемі,

Қозы-лақтың ойнағаны әдемі.

Ақ боз атын ерттеп мініп атамның

Қойды өріске айдағаны әдемі.


Ақ ботаның үлкен көзі әдемі,

Әжеміздің күлген көзі әдемі.

Бәрінен де жасқа толған бөпемнің

Тәй-тәй басып жүрген кезі әдемі.



9. Сабақтың соңғы минутасы

  • Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейік. Бүгінгі сабағымыздан алған әсерімізді жүрегімізге орнатайық. Әрдайым жақсыны көруге, жақсыны естуге, жақсыны айтуға үйренейік. Айналамыздағы адамдарға, жан – жануарларға, құстарға риясыз жақсылық жасайық, ешкімге ешуақытта қиянат жасамайық. Енді тыныштық күйде отыра тұрыңыздар. Көздеріңізді ашуға болады.

Сабақ аяқталды.

Бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүрегімізге орналастырайық.

баяу музыка қосылады



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
66 ұстаз жүктеп алған
4 қараша
5657
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі