400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

АДАМНЫҢ РУХАНИ СҰЛУЛЫҒЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Адамның қарапайым мінез қалыптастыруын баулуға, ұстамдылық қасиеттерін дамытуға, жағымды ойлай отырып, ойы, сөзі, іс-әрекеті үйлесім тапқан тұлға тәрбиелеуге.
Материалдың қысқаша нұсқасы

О марова Айымгүл

БҚО, Орал қаласы, Бәйтерек ауданы,

Ульянов жалпы орта білім беретін мектебінің

әлеуметтік педагог және өзін – өзі тану пән мұғалімі


«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары


Мектеп:Ульянов жалпы орта білім беретін мектебі

Тақырып: АДАМНЫҢ РУХАНИ СҰЛУЛЫҒЫ

Құндылық: Ішкі тыныштық.

Қасиеттер: Қарапайым өмір, ұстамдылық, жағымды ойлау.

Мұғалiм: Омарова А.

Сынып: 9

Сабақтың мақсаты: Адамның рухани сұлулығы арқылы «Ішкі тыныштық» құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

  1. Қарапайым мінез қалыптастыруға баулу.

  2. Ұстамдылық қасиеттерін дамыту

  3. Жағымды ойлай отырып, ойы, сөзі, іс-әрекеті үйлесім тапқан тұлға тәрбиелеу.

Ресурстар: (материалдар, дереккөздер, слайд, үнтаспа)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi

Амандасу,оқушыларды, оқу құралдарын түгелдеу.

«Өзін - өзі тану» сабағының «5 - Т» ережесін еске түсіру. Тәртіп, талап, тыныштық, татулық, тазалық.


Сабақтағы жағымды күйге келу. «Нұрға бөлену»


  • Жағымды куйге келе алдыңыздар ма?

  • Кім өз ойымен бөліскісі келеді?


  1. Үй тапсырмасын тексеру

№32 сабақ «Өмір» Ілияс Есенберлин

Үйтапсырмасын талдау сұрақтары:

  • Адам баласы үшін өмірдің мәні неде?

  • Адал, тура жолдан таймау үшін қандай қасиеттерді бойыңа сіңіру керек?

  • Адам өміріндегі жалпы адамзаттық құндылықтардың маңыздылығы?

Ескерту



















  1. Жағымды ой – пікір (дәйексөз)


Жақсылыққа жақсылық,

Әр кісінің ісі.

Жамандыққа жақсылық,

Жақсы кісінің ісі

Мақал


Дәйексөзді 2-3 рет топпен қайталап, дәптерге жазу


Сұрақтар:

1.Ішкі табиғат дегенді қалай түсінесің?

2.Ішкі тыныштық орнату үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?

3.Қай уақытта адам бойында жан тыныштығы орнайды?

4.Адамның рухани сұлулыққа қол жеткізудегі ішкі тыныштықтың мәні?

Мағынасын ашу: Тыныштық – кез-келген сыртқы жағдайда ақыл-ойдың тазалығын сақтау. Жан тыныштығы – ол адамға кез-келген жағдайдан шығуға көмектесетін күш. Жан тыныштығы таза жүректе орнайды.


  1. Оқиға айту (әңгiме)

«Сиқырлы жүзік»

Аңыз әңгіме

Бір кедей күні бойы жұмыс істеп, қатты шаршайды. Бір арша ағашын әрең кесіп жерге құлатқанда, жоғары жағынан екі жұмыртқа домалап түседі де, жарылып қалады. Біріншісінен бүркіттің балапаны шығады да, лезде өсіп, адам бойымен бірдей болады.Екінші жұмыртқа жарылып, одан алтын жүзік шығады.Бүркіт қанатын қағып-қағып алады да, кедейге:

  • Ей, адам ұлы! Сен мені құтқардың.Мен саған мынау алтын жүзікті сыйлаймын. Бұл – сиқырлы жүзік. Бірақ жүзіктен өмірде бір-ақ тілек тілейсің. Тілегің орындалған соң жүзігің сиқырын жоғалтып,жай жүзікке айналады. Сондықтан тілегіңді айтпастан бұрын жақсылап ойлан. Әйтпесе кейін өкініп жүресің, - дейді.Осыны айтып, бүркіт ұшып кетеді.

Егіншінің қуаныштан жүрегі жарылардай боп үйіне қайтады. Жолда зергердің дүкеніне соғып, зергерден өз қолындағы жүзіктің қанша тұратынын сұрайды. Зергер: - Екі алтындай болатын шығар, - дейді. Егінші қарқылдап күліп жіберіп, бұл жүзіктің сиқырлы екенін,оған ешбір баға жетпейтінін айтады.

Зергер теріс ойлы адам еді. Ол егіншіні қоярда-қоймай қонаққа шақырады. Үйінде ұйықтап жатқан жерінде егіншінің жүзігін ұрлап алып, соған ұқсас жай жүзікті салып қояды. Келесі күні егінші байғұс жөніне кетеді, ал зергер болса есік-терезені мықтап бекітіп алып:

  • Жүз мың алтыным болса,- деуі мұң екен, үстіне алтын жауа бастайды.Зергер жанталасып, ары-бері қаша бастайды, бірақ есікті аша алмады.Дүниеқоңыз зергер алтынға көміліп кете барады, ал атындарын көршілері бөлісіп алады. Ал қайырымды кедей, әйеліне жүзікті көрсетіп:

  • Жаратқан бізге рақым етті, енді қалаған тілегіміз орындалады,-дейді. Әйелі:

  • Біз жер тілейік.Егістікке жер жетпей жүр ғой,- дейді.

  • Жоқ! Бір жыл тырмысып еңбек етсек, жерді өзіміз-ақ сатып аламыз,- дейді егінші.

Сол жылы өнімдері мол болып, жер сатып алады. Әйелі:

  • Енді жүзіктен ат пен сиыр тілейік, - дейді. Егінші:

  • Соны да жүзіктен сұраймыз ба?Тағы бір жыл ерінбей еңбектенсек, оған да қол жеткіземіз,- дейді.

Келесі жылы ат пен сиыр сатып алады. Әйелі тағы да:

  • Бұрын сен тілек тілеуші едің, қазіртілегіңді кез келген уақытта орындай аласың.Патша боламын, зәулім сарайда тұрамын десең де, бәрі қолыңда. Шаршап-шалдығып жүргенше, рахатқа батып, тыныш отырмайсың ба? – дейді.

Сонда егіншітұрып:

  • Біз әлі жаспыз, өміріміз алда. Шүкір, бізде қазір бәрі бар.Жүзіктен бір тілек сұрасақ сиқыры жоғалады. Алдымызда қиын жағдайлар тап болмайтынына кім куә? Бізді қандай сынақтар күтіп тұрғанын қайдан білеміз?-дейді.

Ерлі-зайыптылар арасындағы келіспеушілік осымен бітеді. Егіншінің қоймалары жыл сайын астыққа толып, бақытты да байқуатты отбасының біріне айналады. Жылдар зуылдап өтіп жатады, адал еңбекпен өмір сүрген егінші де өмірден өтеді. Жерлейтін кезде немерелерінің бірі қолындағы жүзікті шешіп алмақшы болады, екіншісі оған қарсы болып:

  • Атамыз өмір бойы бұл жүзікті қатты қадірледі, өзі үшін аса қымбат ескерткіш болса керек. Өзімен бірге кеткені дұрыс болар,- дейді.

Осылай үйге бақыт пен байлық әкелген жай жүзік егіншімен бірге көміледі.

Сұрақтар:

  • Адамға ар ұждан қандай пайда әкеледі?

  • Аңызда таза ой жүрек тазалығы айтылғанба?

  • Кейіпкерлердің «сиқырлы жүзікті» ұмытуларына не себеп болды?

  • Егіншінің бақытты өмір сүруінің сыры неде деп ойлайсыңдар?

  • Рухани бай адамдар қандай қасиеттерімен ерекшеленеді?

Түйінді сөз.

1.Барға қанағат етіп, қарапайым өмір сүріңіз.

2.Адал еңбекпен келген іс қадірлі.


  1. Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс.

Сынып оқушыларына (ай, күн, жұлдыз, бұлт) ой тыныштығында сурет салу. Әр бала өз жұмысын қорғайды.



  1. Топпен ән айту

«Мен сені сүйем өмір»

Сөзі: Жадыра Байбұланова

Әні: Роза Әлқожа

1.Өмір өзіңді таппай іздеп өзек талса да

Өмір мен кешкен мөлдір таза мезет қаншама

Өмір жанымда бақ пенен зор кезек болса да

Мен сені сүйемін өмір мен сені сүйемін өмір

 Қайырмасы:

Алдымнан мұңартып шақырды дала-ау

Жарыққа күнә ғой жақындамау

Әлі де сөнбеуге хақым бар-ау

Мен сені сүйемін өмір

Берерің білмеймін әлі ертеңнің

Өткеннің үзігін әрең тердім

Сонда да келеді тағы өртенгім

 Мен сені сүйем өмір 2 рет

2.Өмір жеткенде бір биікке құлап қалсам да

Өмір бойдағы қайта тұрар қуатты алса да

Өмір алдына талай сыңып жылап барсам да

Мен сені сүйемін өмір мен сені сүйемін өмір

 Қайырмасы:

3.Өмір күз болып салдым əнін сағыныштардың
Өмір аппақ қар болып кейде алып ұшқанмын
Өмір көктемдей саған бірақ əлі құштармын
Мен сені сүйем өмір мен сені сүйем өмір.


  1. Үй тапсырмасы. №33 сабақ Шәкәрімнің ар ілімі (181 бет)

  2. 7- тапсырмада берілген «Жалпыадамзаттық құндылықтар» сөзжұмбағын шешу.


  1. Сабақтың қорытынды сәтi.

Көздеріңдіжұмып, ойша қайталаңдар:

Тыныштық – жүректің әні,

Тыныштық – бақыттың таңы,

Тыныштық – көңілдің сәні,

Тыныштық – өмірдің мәні,

Тыныштық – ашуды жеңер,

Тыныштық – ол нағыз шебер.

Болып жатырғанның барлығы жақсылыққа бастайды. Мен жақсы оймен, әділ іспен өмір сүремін. Айналамдағы адамдар да мейірімді әрі адал.

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар!












































«Мен сені сүйем өмір»

Сөзі: Жадыра Байбұланова

Әні: Роза Әлқожа

1.Өмір өзіңді таппай іздеп өзек талса да

Өмір мен кешкен мөлдір таза мезет қаншама

Өмір жанымда бақ пенен зор кезек болса да

Мен сені сүйемін өмір мен сені сүйемін өмір

 Қайырмасы:

Алдымнан мұңартып шақырды дала-ау

Жарыққа күнә ғой жақындамау

Әлі де сөнбеуге хақым бар-ау

Мен сені сүйемін өмір

Берерің білмеймін әлі ертеңнің

Өткеннің үзігін әрең тердім

Сонда да келеді тағы өртенгім

 Мен сені сүйем өмір 2 рет

2.Өмір жеткенде бір биікке құлап қалсам да

Өмір бойдағы қайта тұрар қуатты алса да

Өмір алдына талай сыңып жылап барсам да

Мен сені сүйемін өмір мен сені сүйемін өмір

 Қайырмасы:

3.Өмір күз болып салдым əнін сағыныштардың
Өмір аппақ қар болып кейде алып ұшқанмын
Өмір көктемдей саған бірақ əлі құштармын
Мен сені сүйем өмір мен сені сүйем өмір.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
2968
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі