жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Адамның сезім мүшелері
Сынып: 1 «Б»
Пән: дүниетану
Сабақ тақырыбы: Адамның сезім мүшелері Сабақ мақсаты: 1.Оқушылар адамның сезім мүшелері туралы білім алады. Көз, мұрын, тіл, тері, құлақ-сезім мүшелері құрылысымен танысады.
2. Оқушылар танымдылық қасиеттерін дамытады.Оқушы сезім мүшелері арқылы өмірдегі маңызын түсінеді.
3. Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: Сезім мүшелерін біледі, қызметі мен құрылысын түсінеді, жеке бас гигиенасын сақтайды. Сабақ түрі: Қайталау сабақ Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру. Керекті құрал-жабдықтар: қораптар, маркерлер, әтір, суреттер, тұз бен қант, дискке жазылған жануарлар дыбыстары, доп, АКТ, интербелсенді тақта.
|
Кезеңдер |
Мұғалім әрекеті |
Оқушылар әрекеті |
||||||
|
Ұйымдастыру кезеңі |
Оқушылар назарын сабаққа аудару. |
|
||||||
|
Психологиялық ахуал тудыру |
Ал, балалар, күндей жадырап, Жұлдыздай жарқырап, Судай таза, мөлдір көңіл-күймен бүгінгі сабағымызды бастайық. |
Амансың ба, алтын күн! Амансың ба, көк аспан! Амансың ба, достарым! Сендерді көрсем шаттанам! |
||||||
|
Тақырыпқа шығу |
Ал, енді, бүгінгі сабаққа үй тапсырмасы қандай? Сонымен, балалар, бүгінгі сабақ тақырыбы – сезім мүшелерін қайталау.Бүгінгі сабақта сендер нені білгілерің келеді? Алдарыңа
Яғни ,бүгін адамның сезім мүшелерін, олардың құрылысын, қызметін білесіңдер. |
Жұмбақтар жаттау. 1) Көреді бәрін өзгенің, көре алмайды өздерін. (Көз) 2) Екі шырақтың арасында бір өзім. (Мұрын) 3) Күмбір, күмбір, қарағым, қартайғанша жарадың. (Құлақ) 4) Денесі жұмсақ, сүйір, көп сөйлеуге үйір. (Тіл) 5) Бунақты көсеу, тармағы бесеу.
(Қол мен саусақ) -Топпен жұмыс істеуді; -Топқа баға қоюды; -Сезім мүшелері не екенін білгіміз келеді; -Оларды қалай күту керектігін білгіміз келеді; -Құрылысын білгіміз келеді. |
||||||
|
Топқа бөліну |
Балалар, маған қай топта жұмбақтың қай шешуі аталғанын айтыңдаршы. Ендеше әр топтың атауы осы жұмбақтардың шешуіне байланысты болады. Сонымен І топ – «құлақ», ІІ топ – «көз», ІІІ топ – «мұрын», ІҮ топ – «тіл», Ү топ – «тері». Енді топ болып топ басшыларыңды сайлап алыңдар. |
-Құлақ, мұрын, көз, тіл, тері. |
||||||
|
Бағалау ережесі |
Балалар, сендердің парталарыңның алдында топ атауы
жазылған қағаз бар. Топ атауларыңды есте сақтаңдар! Сендердің топ басшыларың әр тапсырмаға өз тобына баға қоятын болады. Бағалау үшін партада бағалау парағы бар. Әр тапсырмаға "+" немесе «-» қойып отырасыңдар. Егер барлығы дұрыс болса «+», толық емес немесе дұрыс емес болса «-» қоясыңдар. Сонымен, бастайық! Бағалау парағы
«+» - қызыл түсті гүл «-» - сары түсті гүл
|
|
||||||
|
Электронды оқу құралы |
|
-Мұрын –иіс сезу және дем алу мүшесі. Ол иісті сезеді, адам мұрынмен дем алады.. -Құлақ – дыбыстарды естиді. Ол – есту мүшесі. -Көз – көру мүшесі. Көз арқылы заттың түсін, пішінін көреміз. -Тіл – дәм сезу, сөйлеу мүшесі. Тілмен біз ащыны немесе тұщыны сеземіз.Онымен сөйлейміз. -Терімен ыстық пен суықты, қатты мен жұмсақты сеземіз. Тері – сипап сезу мүшесі.
|
||||||
|
Слайд
|
Балалар сендердің парталарыңның үстінде әр топтың атауына байланысты сурет берілген. Бұл суретте сезім мүшелерінің құрылысы көрсетілген. Осыны топпен қарастырыңдар да, интербелсенді тақтаға 1 оқушы шығып, баяндап бересіңдер.
1-тапсырма
Бағалау
Өз басқа топтарыға баға қойыңдар.
Сарамандық жұмыс Балалар, сендердің алдарыңда қорап бар. Қораптың ішіндегі заттарды өз топтарыңның атауларына байланысты таңдап алыңдар. Неге бұл затты алғандарыңды дәлелдеп беріңдер.
Құлақ тобы дискті таңдапты. Олай болса, бұл топты тексерейік. Мен сендерге дисктегі жануарлардың дыбыстарын қоямын, ал сендер олардың аттарын атау керексіңдер
Ал, енді, орнымыздан тұрамыз. Біздің сезім мүшелерімізді сергітейік. Олай болса, «Сезім мүшелері жаттығуын» жасайық. (Музыка ойнап тұрады)
|
Мынау – көз. Көзде көз алмасы, ақ қабаты және қарашығы бар. Көз – көру мүшесі.
- Мынау – тіл. Тілдің ұшы және екі ағы бар. Тілдің ұшы – тәттіні, ал екі жағы – ащыны сезеді. Тіл – дәм сезу және сөйлеу мүшесі.
-Мынау – мұрын. Мұрында танау бар. Танаудың екі тесігі бар. Олар арқылы иісті сеземіз, дем аламыз. Танау тесігінің ішінде түкшелері бар. Олар шаң-тозаңды енгізбейді. Мұрын – иіс сезу, дем алу мүшесі.
-Бұл – құлақ. Құлақта қалқан мен дабыл жарғағы болады. Қалқан – дыбыстарды жинайды, ал дабыл жарғағы – дыбыстарды естиді. Құлақ – есту мүшесі. –
Бұл – тері. Тері жасушадан тұрады.Терінің тесіктері мен түкшелері болады. Терінің тесіктері арқылы тері дем алады, ал түкшелер теріні қорғайды. Тері – сипап сезу мүшесі.
Көз: *Біздің топ –көз тобы. *Біз кемпірқосақ суретін таңдадық.
*Оның жасыл, қызыл, көк және т.б. түстері бар . *Кемпірқосақты көзбен көреміз, қолмен ұстай алмаймыз, иісін сезе алмаймыз.
*Көз – көру мүшесі.
Тіл: *Біздің топ – тіл тобы. *Біз қант пен тұзды таңдадық. *Қант – тәтті. *Тұз –ащы. *Тәттіні – тілдің ұшымен, ащыны – екі жағымен сеземіз.
*Тіл – дім сезу мүшесі. Тері: *Біздің топ – тері тобы. *Біз допты таңдадық. *Себебі оны қолмен ұстаймыз, ал қолда тері бар. *Доптың жұмсақ екенін, шипасы бар екенін сездік. *Тері –сипап сезу мүшесі.
Мұрын: *Біздің топ – мұрын тобы. *Біз әтірді таңдадық. *Әтірдің иісін мұрнымызбен сеземіз. *Оның иісі жағымды. *Мұрынмен дем аламыз. *Мұрын – дәм сезу және дем алу мүшесі.
Құлақ: *Біздің топ – құлақтобы. *Біз «жануарлар дауыстары» деген дискті таңдадық. *Себебі онда әр түрлі дыбыстар жазылады. *Ал дыбыстарды біз естиміз. *Құлақ – есту мүшесі.
|
||||||
|
|
Бағалау Топ басшылары бағаларыңды қойыңдар.
|
|
||||||
|
Бекіту |
Сендердің парталарыңның үстіндегі А3 қағазында сөздер жазылған. Осы сөзерді топтарыңның атауларына байланысты сәйкестендіріңдер. 1 оқушы шығып, айтып береді.
|
|
||||||
|
Қорытынды |
Ал, сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Бұл сабақта не білдіңдер? Олай болса, Қадыр Мырза Әлидің «Не үшін?» деген ӛлең жолдарын еске түсірейік.
|
Екі көзің не үшін керек? Жақсыларды кӛру үшін. Құлақ деген не үшін керек? Ақыл-кеңес тыңдау үшін. Екі қолың не үшін керек? Елге кӛмек беру үшін.
|
||||||
|
Бағалау |
Егер тапсырма бойынша «+» болса, мына құмыраға қызыл түсті гүлді жабыстыр. Егер тапсырмада «-» болса, сол құмыраға сары түсті гүлді жабыстырамыз. Ал, енді, балалар қараңдаршы. Қандай түсті гүлдер кӛп?
Ендеше біз бүгінгі сабақта білім шыңына жеттік. Себебі қызыл түс тапсырмаларды дұрыс және толық орындалғанын, сендер мақсаттарыңа жеткенін білдіреді.
|
-Қызыл
|
||||||
|
Үй тапсырмасы
|
Үйде 20 бетті оқып келіңдер.
|
|












Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген