15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Адамның сырт келбеті мен мінезі. Асыл қасиет. 5-сынып
|
Пәні |
Мектеп: Индер ауданы Жамбыл атындағы орта мектеп |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Адамның сырт келбеті мен мінезі. Асыл қасиет |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сыныбы: |
5 |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: |
5 Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаттары: |
Барлық оқушылар: Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтін жазады. Көптеген оқушылар: Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды анықтай алады және мәтін жазады. Кейбір оқушылар: Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийлері: |
- оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттары: |
Пәнге қатысты сөз тіркестері мен терминология: сыртқы келбет, мінез, шамданғыш, кербез, сәнқой; зат есім. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақта қамтылатын құндылықтар: |
Ұлттық құндылық, адамгершілік мәселесі, адам бойындағы асыл қасиеттер. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс: |
Өзін-өзі тану |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Алдыңғы білім: |
Отбасындағы тәрбиенің маңызын, тәлім-тәрбиеге қатысты мақал-мәтел біледі. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ кезеңдері |
Жоспарланған іс-әрекеттер |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 3 минут 2 минут 4 минут |
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу 2. Психологиялық ахуал туғызу Әр оқушыға 10-15 секунд уақыт аралығында ішінен өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек тілеу тапсырылады. Содан кейін қатысушылар жұпқа бөлініп, бір-бірінің қолынан алып, жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айтуы керек. 3.Топқа бөлу Заттар бойынша бөліну Барлық оқушылардың бір-бір нәрсесін алып, 4 топқа бөліп қойылады. Оқушылар өз заттары қойылған топқа барып отырады. 4.Ой шақыру Екі бөлікке бөлінген кестеге сөздер жазылып, ортақ тақырыбын оқушылардың өздеріне тапқызу, әр сөздің мағынасын ашу Графикалық органайзер
«Сұрақты қағып ал» әдісі
2) Досыңның өзіңе ұнайтын мінезін ата. 3) Досың сенің өзіңе ұнамайтын қандай мінезіңді жоюға көмектесті? 4) Досыңның сырт келбетінен қандай ерекшеліктерді байқайсың?
Сабақ тақырыбы, оқу мақсаттары таныстыры-лады. |
«Өзіңізге тілегенді-басқаларға тілеңіз!»
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 2 минут
8 минут
6 минут
5 минут
7 минут
|
Топтық жұмыс. Оқылым алды тапсырмасы «Зымыран сұрақтар» әдісі
Оқылым тапсырмасы. «Ойлан- жұптас-бөліс» әдісі
Оқу жылының басында алтыншы сыныптың жетекшісі өз шәкірттерінің барлығын бірдей жақсы көретінін, оларды көргеніне риза екенін айтты. Бұл, әрине, жалған болатын. Өйткені алдыңғы қатарда өзі жақсы көре қоймайтын бір бала бүрісіп отыр. Ол баланың өз сыныптастарымен ойнамайтынын және киімінің лас екенін, үстінен ешқашан жуынбағандай күлімсі иіс шығатынын байқаған болатын. Уақыт өткен сайын мұғалімнің бұл оқушыға деген көзқарасы өзгере бастады. Оның жазба жұмыстарын қызыл қаламмен шимайлап, «екілік» деген бағаны аямай қоятын жағдайға жетті. Бір күні мектептің оқу жөніндегі орынбасары алтыншы сынып оқушыларының мінездемесіне талдау жасауды тапсырды. Ұстазы сүйкімсіз оқушының мінездемесін жазуды соңына қалдырды. Ол мінездемені қалай жазу керектігін біраз ойланып, бұрынғы жазылған мінездемелерін қолына алды. Сол кезде төбесіне мұздай су құйып жібергендей күйге түсті. Бірінші сыныпта оқытқан ұстазы былай деп жазған екен: «Бұл – көзі нұр шашқан керемет бала. Үй тапсырмасын керемет мүлтіксіз орындайды. Ұқыпты әрі алғыр бала. Осындай талантты баланың ұстазы болудың өзі бір мәртебе». Екінші сынып мұғалімінің мінездемесінде: «Ол - ғажап оқушы. Жолдастарына да өте сыйлы. Әйтсе де отбасындағы мәселе оны алаңдатып жүрген сыңайлы. Анасы ауыр дертке шалдығыпты. Айықпас аурумен арпалысып, өлім мен өмір арасында жатқан көрінеді. Баланың да жанын сыздатқаны аңғарылады. Шамасы оның үйдегі жағдайы ажалмен арпалысқа айналған сияқты» деп түйіндеген екен. Үшінші сыныптағы тәрбиешісінің жазғанын тағатсыздана қолына алып, оқи бастайды. «Анасының өлімі баланың жан әлеміне ауыр соққы боп тиді. Ішкі дертіне қарамастан бала оқуға бар ынтасымен, ыждаһатпен ұмтылады. Әйтсе де үйде білім алуына әкесі көңіл бөлуді қойған. Баланың білім алу мәселесін тездетіп қолға алмасақ, жағдай қиындағалы тұр». Мұнан кейінгі жағдайды төртінші сыныптағы ұстазы былай деп жалғастырыпты: «Баланың оқуға құлқы жоқ. Достары да жоқ. Сабақүстіндежиіұйықтапқалабереді» депті. Мінездемелерді оқып шыққан мұғалімнің осы сәтте жүрегі сыздап қоя берді. Әдеттегідей келесі оқу жылы келіп жетеді. Жаңа оқу жылының басталғанымен құттықтап, әлгі бала да бір затты ұстаздың қолына ұстатады. Мыж-мыжы шыққан қағазға әлденені орап әкелген екен. Түйіншекті көрген сыныптастары жарыса күледі. Тек мұғалім ғана қағазды ашып, ішінен көзі сынған білезік пен құтысында бітуге таяған аздаған иіссуды көріп, ерекше қуанды. Баланы құшағына қысып: «Мынау тамаша сыйлық қой!» – деп, білезікті қолына тағып алды. Баланың қуанышында шек жоқ. Ұстаздың тосын мінезіне қайран қалған оқушылар да күлкілерін сап тыйған. Кейіннен көпшіліктің көзінше мұғалім құтыдағы иіссуды үстіне септі. Осылайша сабағын да бастап кеткен. Сабақ соңында көзінде нұры ойнаған бала ұстаздың жанына келіп, ерекше мейіріммен: «Білесіз бе, сізден анамның исі шығады», – деді.
Оқылымнан кейінгі тапсырма. «Оймоншақ» әдісі 1-тапсырма 1. Үзіндінің мазмұнын түсіну.
Қалыптастырушы бағалау. «Басбармақ» әдісі 2-тапсырма
Графикалық органайзер І топ. Төмендегі сипаттаулар мен суреттеулер кімге тән екенін табыңдар.
ІІ топ. Мәтін бойынша берілген ақпараттың дұрыс не бұрыс екенін анықтаңдар.
ІІІ топ. Сөйлемдерді мазмұнына қарай ретімен сәйкестендіріңдер.
ІV топ. Мәтін мазмұнына сәйкес берілген ойды әрі қарай жалғастырыңдар. Мақал-мәтел қолдануды ұмытпа (әр сөйлем-де болуы міндетті емес).
Қалыптастырушы бағалау. Топтар бірін-бірі бағалайды. «Трансфертті бет» әдісі
Жазылым тапсырмасы. Жеке жұмыс. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жаз.
|
http.// massaget.kz/
Кесте
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы 3 минут |
Рефлексия «Төрт сөйлем» тәсілі Сабақ тақырыбын негізге ала отырып қорытындылайды. Пікір. Бүгінгі сабақ бойынша өз пікіріңді 1 сөйлеммен жаз Дәлел. Өз пікіріңді 1 сөйлеммен дәлелде. Мысал. Пікіріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтір. Қорытынды. Сабақ бойынша қорытынды жаз.
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Қосымша ақпарат: |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Саралап оқыту - Оқушылар-ға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыларға тапсырманы қалай түрлендіресіз? |
Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-ны қолдану Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма (тапсырмалар сәйкес болды ма)? Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге? |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1. 2. Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері / қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген