жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу
Қысқа мерзімді жоспар
|
Пән: Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Күні: 03.04.2017ж Сынып: 10 «Ә» |
Мектеп: « Н.Төреқұлов атындағы №121 ЖОМ» КММ Мұғалімнің аты-жөні: Б.Қырбасова Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||||||||
|
Сабақ тақырыбы |
Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері, адамның генетикалық әртүрлілігі, адамның және адам нәсілдерінің шығу тегі туралы генетикалық мәліметтер |
||||||||
|
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері, адамның генетикалық әртүрлілігі, адамның және адам нәсілдерінің шығу тегі туралы генетикалық мәліметтер жайында түсінік қалыптастырту, талдай, ажырата алуға дағдыландыру. |
||||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Адамның және адам нәсілдерінің шығу тегі туралы түсінік қалыптастырады. Көптеген оқушылар: Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістерін ажырата алады, талдай алады. Кейбір оқушылар: Нақты мысалдар арқылы дәлелдей алады. |
||||||||
|
Жетістік критерийлері |
Адамның және адам нәсілдерінің шығу тегі туралы түсінік қалыптастырады, адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістерін ажырыта алады. |
||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Пәнге тән лексика мен терминология: Генеологиялық әдіс. Бұл әдістің негізінде адамда болатын түрлі белгілер мен қасиеттердің немесе аурулардың тұқым қуалауын оның шыққан тегіне қарай зерттеу жатады. Цитогенетикалық әдіс. Бұл әдіспен сау немесе ауру адамның кариотипіне (хромосома жиынтығына) цитогенетикалық талдау жасалады. Онтогенетикалық әдіс. Бұл әдіспен адамның онтогенезі (жеке дамуы) барысында тұқым қуалайтын өзгерістердің бар-жоғы анықталады. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Адамның шығу тегі, нәсілдер туралы мәліметтер айту пікір алмасу. |
||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
«Мәңгілік ел» Адам нәсілдерін зерттей алады. |
||||||||
|
Пәнаралық байланыстар |
География, тарих |
||||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
|||||||||
|
Бастапқы білім |
|
||||||||
|
Сабақ барысы |
|||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||||
|
Сабақтың басы |
Оқушылармен сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. (2 мин) «Фишбоун» әдісі . Оқушыларға өткен тақырып бойынша балық қаңқасына сұрақтар қойылады. Ең көп сұраққа жауап берген, ыстық орындыққа лайықты оқушыларды анықтау.Бағалау . (10 мин)
Бағдаршам түстері арқылы бағалау. |
Оқулық |
|||||||
|
Сабақтың ортасы |
Жаңа сабақ (10 мин) Адам генетикасының ерекшеліктері. Генетика ғылымы қарастыратын тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің барлық заңдылықтары адамға да тән болып есептеледі. Себебі ол да тіршіліктің бір түріне (Homo Sapіens) жатады. Тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі жағынан адамның басқа жануарлардан айтарлықтай өзгешелігі жоқ. Бәрінде де тұқым қуалайтын қасиет ұрпақтан-ұрпаққа хромосома құрамында болатын гендер арқылы беріліп отырады. Адамның жануарлардан айырмашылығы оның саналылығы мен екінші сигналдық жүйесінің (системасының) болатындығында, соған байланысты оның сыртқы ортаға бейімделу мүмкіндігі де мол болып келеді. Адамның генетикасын зерттеудегі кездесетін қиыншылықтар туралы жоғарыда айтылды. Соған қарамастан, оның тұқым қуалаушылығын зерттеуге мүмкіндік беретін әдістер бар. Олар: Генеологиялық әдіс. Бұл әдістің негізінде адамда болатын түрлі белгілер мен қасиеттердің немесе аурулардың тұқым қуалауын оның шыққан тегіне қарай зерттеу жатады. Цитогенетикалық әдіс. Бұл әдіспен сау немесе ауру адамның кариотипіне (хромосома жиынтығына) цитогенетикалық талдау жасалады. Онтогенетикалық әдіс. Бұл әдіспен адамның онтогенезі (жеке дамуы) барысында тұқым қуалайтын өзгерістердің бар-жоғы анықталады. Кейбір тұқым қуалайтын ауруларды соған жауапты рецессивті гендерден тұратын гомозиготалы организмнен ғана емес, аз да болса гетерозиготалылардан да байқауға болады. Популяциялық әдіс. Бұл әдіспен түрлі тұқым қуалайтын өзгерістердің адам популяциясына таралу жиілігі зерттеледі. Адамның әр түрлі популяцияларында тұқым қуалайтын генотиптік өзгерістердің таралуы түрлі мөлшерде болады. Бүкіл жер шарын мекендейтін, екі жарым мыңнан артық тілде сөйлейтін , саны 6,2 млрд. болатын тірі организмдер тобы… Саналы адам (Homo sapiens) Адамның барлығы да саналы адам (Homo sapiens) түріне жатады. Барлық адамдардың анатомиялық және физиологиялық құрылысы жағынан бірдей, тек морфологиялық айырмашылықтары мен ғана ерекшеленетін бірқатар белгілері бар. Атап айтқанда, дене бітімі, бет пішіні, терісінің түсі, шаш, ерін. Осы ерекшеліктеріне байланысты адамдар 3 нәсілге бөлінеді.: негройдтық (қара), еуропойдтық (ақ), монголойдтық (қоңыр).
Нәсілдерді зерттейтін ғылым нәсілтану деп аталады. Нәсілдердің шығу тегі туралы ғалымдар арасында қарама-қарсы тұжырымдар бар. Кейбір ғалымдар жер бетіндегі нәсілдер бір ғана жерде пайда болып, кейіннен басқа аймақтарға таралған деген пікірді қостайды. Оны моноцентризм деп атайды. Нәсілдердің пайда болуы туралы келесі тұжырым-полицентризм деп аталады. Ол тұжырым бойынша нәсілдер әрбір аймақта өз алдына жекелей пайда болған деп түсіндіреді. Көпшілік ғалымдар қазіргі кезде моноцентризм тұжырымын қолдайды. Кейбір кертартпа ғалымдар әр түрлі пиғылдағы нәсілшілдік пікірлерді уағыздайды. Кейбір нәсілдерді дарынды, қабілетті, ақыл-ойы жоғары дамыған деп жоғары қойып, кейбірін төмендетеді, кемсітеді. Олар табиғатта болатын табиғи сұрыпталу, тіршілік үшін күрес заңдылықтары адамзат қоғамында да болады деп уағыздайды. Мұндай теріс пиғылды теория ғылымда әлеуметтік дарвинизм теориясы деп аталады. Мұндай теорияны уағыздаушылар «қоғамда күштілер мен мықтылар өмір сүруге тиіс, ал әлсіздер жойылып отырады» деген пікірді ұсынады. Әлеуметтік дарвинизм теориясының ешқандай шындыққа жанаспайтынын кезінде Ф.Энгельс пен көрнекті орыс ғалымы К.А. Тимирязев әшкереледі. Соңғы кездегі биология ғылымдарының жетістіктері де әлеуметтік дарвинизм теориясының ешқандай шындыққа жанаспайтынын дәлелдеп отыр. Топтық жұмыс. Оқушыларды сандар арқылы топтарға бөлемін. Топтарға бес жолды өлең құрастыру және 5 сұрақтан дайындап, бір – бірлеріне қою, жаңа тақырып жайында түсінік қалыптастырту. (17 мин)
Зат есім: Адам. Сын есім: ардақты, күрделі. (қабілетті, дарынды) Етістік: Дамиды, ойлайды, сезінеді. (көбейеді, өседі, т.б.) Сөйлем. Бірінші сөзге қатысты көңіл-күйді білдіретін сөйлем. Адам деген ардақты ат. Синоним: Адамзат. (пенде) Тұлға. Индивид. |
Оқулық |
|||||||
|
Сабақтың соңы |
Үйге тапсырма: Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері, адамның генетикалық әртүрлілігі, адамның және адам нәсілдерінің шығу тегі туралы генетикалық мәліметтер.(1 мин) «INSERT» әдісі (2 мин) 1) Бүгінгі сабақта маған не ұнады... 2) Қандай қиындықтар болды? 3 ) Мен үйренгім келеді ... Оқушыларды бағдаршам түстері арқылы бағалау. (3 мин) |
|
|||||||
|
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және
қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||||||
|
А. Тақырыпты түсіндіру, мысал келтіру В. Жұптарда тақырыпты түсіндіру С. Терминдермен жұмыс |
Бағдаршам түстері арқылы бағалау Жасыл түс – «5» баға Сары түс «4» баға Қызыл түс «3» баға |
Денсаулықты сақтауға, тірі табиғатпен ізгілікті қарым –қатынаста болуға тәрбиелеу. |
|||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
|||||||||
Тексерілді:

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген