400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Адамның тыныс алуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Адамның тыныс алуы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді:

Бөлім:

Тыныс алу

Педагогтің аты-жөні:

Арғынова Нармина Алхиссақызы

Күні:

18.12.2025ж

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Тыныс алу мүшелері. Адамның тыныс алу жолдарының құрылысы мен газ алмасу мүшелері.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.1.4.5 - адамның тыныс алу мүшелерінің құрылыс ерекшеліктерін танып білу;

Сабақтың мақсаты:

Тыныс алу мүшелерінің құрылысын түсіндіре алады.Газ алмасу мүшелерін түсіндіреді және сипаттайды.

Құндылықтарға баулу:

БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ

Тек өзі үшін ғана емес, жалпы ұжым үшін де жауапты болуға дайын болу

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау.

2.Топ ережесін еске түсіру.

3.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.

Шеңбер бойынмен тұрған оқушыларға тапсырма: Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек 2 рет. Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!


Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.



Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.

1.Тыныс алудың маңызы қандай?

2.Тыныс алу жүйесі қандай мүшелерден тұрады?




Миға шабуыл сұрақтарына жауап береді.



Ұжым болып талқылап,жаңа тақырыпты анықтайды.

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Оқулық





Жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1. Тыныс жолдарын дәптерлеріне салып алады

Презентация

Бекіту тапсырмалары

Тапсырмалар айдарындағы 1-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1.Тыныс жолдары: бронхылар, мұрын қуысы, кеңірдек, көмей мүшелерін ретімен жазады.

1._________

2._________

3._________

4._________

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1.Ретімен дәптерлеріне жазып алады.

ДК экраны

7-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.


Тапсырмалар айдарындағы 2-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1.Салыстырады.

Оң жақ өкпеде_______

Сол жақ өкпеде_______

а)екі бөліктен тұрады

ә)үш бөліктен тұрады.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1.Салыстырады

2. Талдау жасап айырмашылықтарын анықтайды

ДК экраны

7-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.


Тапсырмалар айдарындағы 3-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1. Сурет сілтемелерін пайдаланып, тыныс алу жүйесі туралы айтып береді.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1 Тыныс алу жолдарын түсіндіреді.

ДК экраны

7-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Бір ауыз сөз» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Жеке жұмыс:

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді.

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша

бағалайды.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31.12.2025
4
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12