Адамның зәр шығару жүйесі

Тақырып бойынша 22 материал табылды

Адамның зәр шығару жүйесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Адамның зәр шығару жүйесі
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.3 А Бөліп шығару

Мектеп: Үшарал орта мектебі МДШО КММ

Күні: _

Мұғалімнің аты-жөні: Камалова С.Т

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Адамның зәр шығару жүйесі

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.5.1 адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы мен қызметін сипаттау

8.1.5.2 бүйректің құрылымдық бөліктерін танып білу


Сабақтың мақсаттары

  • адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысын түсіндіру

  • адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің қызметін сипаттау

Бағалау критерийлері

  • адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысын біледі;

  • зәр шығару мүшелерінің қызметтерін түсіндіреді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- бүйректің құрылысын, құрылымдық бөліктерінің орналасуы, қызмет ерекшеліктерін ауызша және жазбаша сипаттай алады.

- зәр шығару мүшелерінің атқаратын қызметтерін тиісті терминологияны пайдалана отырып ауызша жазбаша түсіндіре алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

несепағар, бүйрек артериясы, бүйрек венасы, қуық, бүйрек, зәр шығару түтігі

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Бөліп шығару ...маңызды.

Зәр жүйесі...,...,...,... құралады.

Бүйректің қызметтеріне...,...,... жатады.

Зәрді уақытша сақтайтын мүше....

Бүйректі қуық пен ...байланыстырады.

Бүйрекке қанды...әкеледі.

Құндылықтарды дарыту

Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Моделдеу арқылы креативтілік, жаңашылдық, тапқырлық, таңдау жасай білу, ризашылық білдіру, ынтымақтастықта бола білу, бейімділік құндылықтары дамытылады.

Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділіқ, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.

Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс артқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.


Пәнаралық байланыс

Зәрдің құрамы туралы түсінік арқылы химия пәнімен, заттардың қаннан бөлінуі кезіндегі диффузия, қысым түсініктері арқылы физика, зәр құрамындағы түрлі заттар туралы қарастыру арқылы химия пәнімен байланысады

Алдыңғы білім

Оқушылар «Жаратылыстану» курсынан тірі ағзалардың ортақ қасиеттері: тынысалу, бөліпшығару және бөліпшығарудың өнімдері туралы, 7-сыныптан

ағзалардың тіршілік әрекетіндегі бөліп шығарудың маңызы,

өсімдіктердегі бөліп шығару ерекшеліктері,

омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың бөліп шығару жүйелерінің құрылысы, ағзалардың тіршілік әрекетіндегі бөліп шығарудың маңызы туралы біледі.


Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин


Оқушыларға бөліпшығаруға қатысатын мүшелер мен бөліпшығару өнімдерін сәйкестендіру тапсырмасы ұсынылады. Оқушылар бөліпшығаруға қатысатын мүшелерді ағзадан шығаратын өнімдерімен сәйкестендіргеннен соң, олардан осылардың қайсысы зәр шығаруға қатысады екен деп сұрап, бөліп шығару мен зәр шығарудың айырмашылығына тоқталу қажет. Бұл сұрақ арқылы сабақтың тақырыбы ашылады. Мұғалім зәр деген не деп зәрдің ағзаға зиян келтіретін, улы, зат алмасудың соңғы өнімдері екеніне тоқталады. Бұл мүшелер туралы қандай білім қажет сұрағы арқылы оқушылар сабақтың мақсаттарын ұсынып бағалау критерийлері таыстырылады.

Критерий:

  • адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің қызметін сипаттау

1-қосымша

1 -3 слайдтар






Сабақтың ортасы

4-10 мин


Мұғалім сұрақтар қойып кері байланыс береді.

Кейбір оқушылар зәр шығару жүйесінің мүшелері туралы қосымша ақпарттармен танысып өз білімін тереңдете алады.

Кейбір оқушалрға зәр шығару мүшелерінде кездесетін ұлпа түрлерін атау тапсырмасын ұсынуға болады.

4-10 слайдтар

11-20 мин

Оқушыларға зәр шығару жүйесінің моделдеу тапсырмасы беріледі. Осы моделді пайдалана отырып, әр мүшенің құрылыс ерекшеліктері мен атқаратын қызметтерін сипаттап түсіндіреді. Бұл жұмыс жұпта ұйымдастырылады.




21-27 мин

Оқушыларды шағын топтарға бөліп 2 минут ішінде адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы мен қызметінің маңызы туралы 2 сұрақтан дайындау сұралады.

Тапсырма тізбек бойынша қайталанады.

1-топ сұрақ қояды;

2-топ сұраққа жауап береді;

2-топ сұрақ қояды

1-топ сұраққа жауап береді






28-36 мин

Оқушылардың оқу мақсатының мазмұнын түсінгенін анықтау үшін қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындау ұсынылады.

Оқушылардың жұмыстарына мұғалім кері байланыс береді.

Қосымша сұрақтар қойылады.

Кейбір оқушыларға зәр шығару жүйесінің басқадай бөліп шығару мүшелерімен байланысын көрсететін блок схема құрастыру тапсырмасын ұсынуға болады.

3-4 қосымша

12-слайд

Сабақтың соңы

37-40 мин

Кері байланыс

«Сәттілік ағашы» - жапырақтар жапсырады

Жасыл жапырақ –...жақсы түсіндім

Сары жапырақ – сұрақтар

Қызыл жапырақ – ...түсінбедім

13 слайд








Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушылар қосымша ақпараттар тауып өз білімдерін тереңдете алады.

Кейбір оқушыларға ағылшынша зәр шығару мүшелерін атау, олардың қызметтерін сипаттау тапсырмалары арқылы

Кейбір оқушылар зәр шығару жүйесінің мүшелері туралы қосымша ақпарттармен танысып өз білімін тереңдету арқылы

Кейбір оқушыларға зәр шығару мүшелерінде кездесетін ұлпа түрлерін атау тапсырмасы арқылы

Қабілеті төмен оқушыларға бейнероликтің транскриптін ұсынуға болады.

Қабілеті төмен оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қою арқылы

Кейбір оқушылар 3-қосымшадағы ақпартпен таныса алады

Кейбір оқушылар ақпаратты оқыса, кейбіреулері видеоматериалдарды қарай алады

Кейбір оқушыларға зәр шығару жүйесінің басқадай бөліп шығару мүшелерімен байланысын көрсететін блок схема құрастыру тапсырмасын ұсынуға арқылы-13 слайды

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Талқылау кезіндегі оқушылардың жауаптары арқылы

Сәйкестендіру тапсырмаларының жауаптары арқылы

Моделдеу, моделде түсіндірулері арқылы

Сұрақ қоя білуы мен сұраққа жауаптары арқылы Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары арқылы

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ескертіледі, мысалы, сумкаларын тиісті орынға қою, жеке заттарын ретті орналастыру, қабинеттегі қозғалыс кезінде қауіпсіздікті сақтау т.б.




































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.00.2023
329
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі