«Бекітемін»
№3Хромтау орта мектебінің
директоры: _______ Ш.Т.Отаров
Өзін-өзі тану пәні бойынша сабақ
жоспары
|
Бөлім: 1 |
Ғасырлар даналығы |
|
|
Мұғалімнің Аты-жөні, тегі |
Тнаева Шайгул Каленовна |
|
|
Мерзімі: |
|
|
|
Сынып: 4 |
Оқушылар саны: |
Қатыспаған оқушылар: |
|
Сабақтың тақырыбы №1 |
Адамзат мәдениетінің рухани – адамгершілік әлемі |
|
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
Айналасындағы адамдармен тілектестік қатынас жасай алуға, жанашырлыққа,әділетті қылықтарды ажырата алуға үйренеді. |
|
|
Құндылық |
Дұрыс әрекет |
|
|
Қасиеттер |
Әділдік, ізеттілік, қарапайымдылық |
|
|
Сабақтың мақсаты |
Оқушыларды адамзат мәдениетінің рухани-адамгершілік әлемімен таныстыра отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. |
|
|
Сабақтың міндеттері |
|
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың кезеңдері / Уақыт |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Ресурстар |
|
Ұйымдастыру кезеңі (1 мин) 1. Жағымды көңіл күй (1-3 мин) |
Мұғалім оқушылармен амандасып, сабаққа қатысуын тексереді. 5 «Т» ережесі. Мұғалім «Су асты патшалығына саяхат» жағымды көңіл күйге келу жаттығуын өткізеді. |
Оқушылар мұғаліммен амандасып, 5 «Т» ережесін еске түсіреді. «Су асты патшалығына саяхат» жасап, жағымды күйге келіп, терең ойлауға бейімделеді. |
Оқулық, мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал, Слайдтар, АКТ |
|
2. Алдын ала берілген үй тапсырмасын тексеру (әңгімелеу) (3-5 мин) |
Мұғалім оқулықтан (6-бет) «Сократ – ежелгі грек ойшылы» мәтінін талдау үшін сұрақтар қояды. Сұрақтар:
Өзің ұлы адамдардың бойында қандай қасиеттер болады деп ойлайсың? |
Оқушылар Сократ – ежелгі грек ойшылының өте қарапайым адам болғаны туралы айтады. |
Оқулық, «Ұлылардан ұлағат» топтамасынан. |
|
3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз) (3-4 мин) |
Дәйексөз Алдымен өзіңді – өзің таны. Сократ
Сұрақтар: 1. Адам өзін-өзі қалай таниыды? 2. Өзімізді тану үшін қанша уақыт керек? |
Оқушылар Сократтың қанатты сөзінің мағынасын талқылайды, оны дәптерге жазады. |
Презентация, слайд. Жұмыс дәптерлері. |
|
4. Оқиғалар айту (әңгімелесу) (4-8 мин) |
Мұғалім «Мен соқырмын, көмектесіңізші.» аңыз әңгімені айтып береді. Бір күні соқыр адам бір мекеменің баспалдағында қайыр сұрап отырды. Алдында қалпағы бар еді. Кестеде «Мен соқырмын, көмектесіңіздерші» деген жазу бар еді. Қасынан өтіп бара жатқан ақкөңіл адам тоқтады да, бірнеше тиын тастап, кестеге жаңа сөздер жазып іліп кетті. Таңертең ол қайтып келгенде қалпақ ақшаға толғанын көреді. Соқыр қасына келген адамды жүрісінен танып, не жазып кеткенін сұрайды. Ол ерекше ештеңе жазбағанын, аздап өзгеше жазғанын айтады да, кетіп қалады. Ол сөздер мынау еді: «Қазір көктем, бірақ мен оны көре алмаймын». Сұрақтар: -Бір күні мекеменің баспалдағының алдында кім отырды? - Алдындағы кестеде қандай жазу бар еді? - Қасынан өтіп бара жатқан ақкөңіл адам қалай көмектесті? - Ақкөңіл адамның іс-әрекетінен кейін қандай өзгеріс болды? - Неліктен адамдар екінші жазуға көңіл аударды? - «Жақсы сөз-жарым ырыс», «Жақсы сөз – жан жадыртады» дегенді қалай түсінесіз? - Егер сендер осындай жағдайға кезіксеңіздер қандай іс-әрекет жасар едіңіз? |
Оқушылар оқиғаны тыңдағаннан кейін, қайырымды, жанашыр болуды, басқалардан жақсылықты іздеу, кішіпейілдік адам өмірінің шынайы тағдыры туралы терең ойланады. |
Әпсана әңгімелер кітабы |
|
5. Шығармашылық жұмыс (12-15 мин) |
Мұғалім оқушыларды 3 топқа біріктіреді және топта жұмыс ұйымдастырады: 1-топ: Грек даналарының ар-ұят, ақыл, білім туралы нақыл сөздерін топтастырып, өз түсініктерін ортаға салып қорғауды ұсынады. 2-топ: «Қарапайым, әділділік, ізеттілік» көрсететін адам қандай болатыны туралы топпен бірігіп жазып, қорғау ұсынылады. 3-топ: Оқушыларға кеспе қағаздағы (қайырымдылық, ізгілік, достық, адалдық) туралы мақал-мәтелді құрастырып түсініктерін айтуға тапсырма береді. |
Оқушылар өз жұмыстарын түсіндірілген үлгі бойынша орындап, сынып алдында таныстырады, қорғайды. |
Баяу әуен қойылады. Тапсырманың шарты айтылады. 10минут уақыт беріледі. |
|
6. Үй тапсырмасы (1-2 мин) |
Оқулықтан №2 сабақ 8-бет Оқиғалар топтамалары (Эзоп) Оқиғаларды оқып, талдау сұрақтарына жауап беру. |
Оқушылар үй тапсырмасын жазады. |
Күнделіктеріне жазып алады. |
|
7. Топпен ән айту (2-3 мин) |
Бала тілегі Өлеңін жазған: Сержан Молдасанұлы Әнін жазған: Фарида Жолдасова Бал-балалық, балдырған шақ сан арман, Барлық бала армандауға жаралған. Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер, Гүлденсін деп атамекен қара орман. Болашақтың иесіміз бәріміз, Туған жердің түрлендірер нәріміз. Алтын бесік-ұлан –байтақ елімде, Жарқын болсын шырқап айтар әніміз. Қалықтаған көгершінмін көгімде Мұңаймасын ешбір бала елімде Ата берген батаменен көркейсін Ұлы Отаным тілегім сол меніңде |
Оқушылар мұғаліммен бірге әдемі нотада ән шырқалады. |
Экранға өлеңнің мәтіні көрсетіледі. |
|
8. Сабақтың қорытынды сәті (1 мин) |
Мұғалім оқушыларға көздерін жұмып, сабақта не ұнағанын еске түсіріп, оны жүрегінде сақтауды ұсынады. |
Оқушылар рефлексия жасайды. |
Баяу композиция қойылады. |
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Адамзат мәдениетінің рухани – адамгершілік әлемі

шағым қалдыра аласыз