|
Осы сабақ арқылы
жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
5.О1.Мәтіндегі
негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау. 5.Т/А2.
Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты
диалог, монологтердегі (ән мәтіні, хабарлама, жарнама,
хабарландыру) көтерілген мәселені түсіндіру. 5.Ж3. Сюжетті
суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме
құрастыру.
|
|
Талқылауға арналған
сұрақтар:
1.«Сәлем - жастан, амандасу-
қарттан» дегенді қалай түсінесің?
2. «Ата, сізге амандасып
кетейін, деп келдім» деген дұрыс
па?
3.«Амансың ба, қарағым?» кім
айтады?
4.Ұлттық бейнемізді жоғалтуға
бастайтын не нәрсе?
5. «Қуаттысыз ба?» деген сөзді
қай кезде айтуға болады?
|
|
Басы(7
мин)
3
минут
4
минут
|
Шаттық шеңберін құру.
Бір-біріне жақсы тілектерін 3 тілде
жеткізеді.
Коллаборативтік орта
құру.
Сабақтағы оқу мақсаттарын
хабарлау, бағалау критерийлері жазылған парақшаларды
үлестіру.
Сурет
көрсету
«Суретте не болды?» Оқушылар
сурет бойынша тақырыпты анықтайды. Тақырыпқа байланысты Сәлемдесу,
амандасу деп екі топқа бөлінеді
1-тапсырма бойынша оқушылар
«Бағытталған оқу» әдісімен мәтінді оқып, ақпаратты
түсінеді. Жеке
жұмыс.
Мәтін
Қазақта: «Сәлем - жастан,
амандасу- қарттан» деген сөз бар. Қазір өкінішке қарай, сәлем
берумен амандасудың тәртібін білмейтін жандар көбейіп кетті. Бұлай
өлшемнің өзгеруі, ұлттық бейнемізді жоғалтып алуға бастайды.
Сондықтан сәлем берумен амандасудың тәртібін біліп қойғанымыз жөн.
Мысалы , қазір жас жігіт көптен көрмеген қарттың үйіне барып, «ата,
сізге амандасып кетейін, деп келдім» дейді. Бұл дұрыс емес,
менмендік. Ал, дұрысы «ата, сізге сәлем берейін деп келдім» деуі
керек. Бұл күштінің әлсізге берген қуаты. Себебі, бұл «келетін жас
болсын,кететін қарт болсын» деген, тілек мағынасында да, айтылған
сөз. Дегенмен амандасатын екі адамның жасы емес, алдымен қарты,
жасты бірінші болып көріп қалса, қарт одан сәлем дәметіп, сәлемді
бергенін күтпей-ақ, «амансың ба, қарағым?» деп бірінші үн қатуы
керек. Содан кейін жас қартқа сәлемін берсе болады. Қазір
көргенділігін көрсету үшін, кейбір жастар сәлем беріп алып, қарттың
аузын ашқызбай, денсаулығын ол туралы т.б. мәліметтерді төкпектетіп
сұрап жатады. Бұл қате, дәлірек айтқанда, көргенсіздік. Жас адам,
сәлем бергеннен кейін, қарттың тек сұрағына ғана жауап беруі керек.
Ал, қарт дұрыс амандаспай, сөйлеуге асықпаса «қуаттысыз ба?» деген
сияқты бір екі ауыз ғана, дінашар ретінде сөз айтуына болады. Ал
қарттан артық сөйлеп тұрған жігітті «тақылдаған», ал қызды
«тапсынған» деп күстаналайды. Сондықтан, үлкен кісінің алдында
артық сөйлеп, адамгершілік бейнеңе нұқсан келтіріп алмағаның
дұрыс.
«Сұрақ- бізден, жауап-
сізден» әдісі
1.«Сәлем - жастан, амандасу-
қарттан» дегенді қалай түсінесің?
2. «ата, сізге амандасып
кетейін, деп келдім» деген дұрыс
па?
3.«амансың ба, қарағым?» кім
айтады.
4.Ұлттық бейнемізді жоғалтуға
бастайтын не нәрсе?
5. «Қуаттысыз ба?»
деген сөзді қай кезде айтуға
болады?
ҚБ «Бас бармақ» әдісі
бойынша
|
Сәлемдесу
суреттері
(ғаламтор)
М.Көрпелиев «Үйлесімділік
әліппесі»

|
|
Ортасы
(25
мин)
10мин.
15
минут
|
Оқылған мәтін негізінде
тапсарма орындау. Топтық
жұмыс.
Әдіс «Ойлан, жұптас,
бөліс»
1.Мәтін мазмұнын
айту.
2.Мәтін негізінде диалог
құрастыру.
3.Мәтін желісі негізінде
әңгіме құрастыру.
Әр ұлттың сәлемдесу
үлгісі.

2-тапсырма. Топқа
тапсырма.
1.Суреттен қандай амандасу
түрлерін көріп тұрсыңдар,
анықтаңдар.
2. Сурет бойынша диалог
құрастыр.
3. Сурет желісі бойынша әңгіме
құрастырып жаз.
ҚБ «Үш шапалақ» әдісі
бойынша
«Галереяға саяхат» әдісі
бойынша жағдаяттық тапсырма. Топтық
жұмыс.
Топтасып жағдаят
ойластырыңдар. Жағдаятты дұрыс ойластырған топқа алғыс айтуды
ұмытпаңдар.
1.Кіммен және қандай жағдайда
қалай қоштасу керек?
2.Сендерге қай
тележүргізушінің көрерменмен амандасу, қоштасу әдебі
ұнайды?
3.Балалар бағдарламасының
жүргізушісі болсаңдар, көрермендермен қалай сәлемдесіп, қоштасар
едіңдер?
ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы
бағаланады.
Бағалау
критерийлері
-
Мәтіннің мазмұнын түсінеді
және негізгі, қосымша ақпараттарды анықтай
алады.
-
Мәтін желісімен сұрақтар
құрастыра алады.
-
Эссе құрылымын сақтай
отырып, белгілі бір мекенді сипаттап, суреттеп жаза
алады.
1-тапсырма бойынша
дескриптор: Суретке қарап, сұрақтар
құрастыра алды.
2-тапсырма
бойынша дескриптор:
-
Мәтін мазмұнын
түсінеді.
-
Жетекші
сұрақтарға жауап береді.
-
Жауаптарын
талқылайды.
3-тапсырма
бойынша дескриптор:
-
Эссе құрылымын
сақтайды.
-
Туған өлкені
сипаттап жаза алады.
-
Өз ойын көркем
жеткізеді.
|
Дәптер
слайд
А-3
форматы
Түрлі-түсті
стикерлер

|