400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Адамзаттың шынайы көшбасшылары

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақта шынайы көшбасшы туралы айтылған. оқушыларға «шынайы» көшбасшы ұғымдары туралы түсінік беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану сабағының жоспары


Мектеп: Бостандық ОЖББМ Мерзiмі:

Мұғалiм: Адиева Салтанат Замирқызы

Сынып 6 «А» Оқушылар саны: 14

Тақырып: Адамзаттың шынайы көшбасшылары № 30

Құндылық: Ішкі тыныштық

Қасиеттер: шыдамдылық, сабырлық, адалдық.


Сабақ мақсаты: оқушылардың ізгілікті қарым-қатынас туралы түсініктерін кеңейте отырып,ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: оқушыларға «шынайы» көшбасшы ұғымдары туралы түсінік беру.

Дамытушылық: оқушыларды ойдың, сөздің және істің бірлігінде өмір сүруге баулу.

Тәрбиелік: адалдыққа, сабырлылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Мультимедиялық тақта, оқулық, дәптер, мақал-мәтел, дәйексөз, маркер,

аққағаз, гүл, жүрек, көбелек суреттері

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

5 Т ережесін еске салу.

1. Тәртіп

2. Талап

3. Тыныштық

4. Тазалық

5. Татулық

Оқушыларды 3 топқа бөлу.

І Сабырлық

ІІ Адалдық

ІІІ Мейірімділік

Тыныштық сәтi.

Тыныс алуға зейін қою.
Мұғалім: Сіздерден аяқ - қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...
Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9 - 10 рет)Рақмет.


  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқулықтағы №30 сабақ Әйгерім Шынтемірқызының «Менің сүйікті әкем» (118-119 бет)

1. Әкесінің әрекеті неліктен мақтауға лайық болды?

2.Әкенің бойынан көшбасшыға тән қандай қасиеттерді байқадыңдар?

3.Көшбасшы болу үшін міндетті түрде атақты болу шарт па? Неліктен?

4.Күнделікті өмірде үлгі тұтатын көшбасшыларың бар ма? Әңгімелеп беріңдер

5.Өздерің шынайы көшбасшы болуға қаншалықты талпынып жүрсіңдер?

Сабақ барысын талқылау:

























  1. Дәйексөз.

«Ел қамын жеген ер басшы».

Тоныкөк бабамыз

1.Дәйексөздің мағанасын қалай түсінесіңдер?

Ұл балалар екі рет қайталайды, екі рет қыз балалар қайталап айтады, барлығы бір рет қайталайды.

  1. Әңгімелесу.

Сабыр суы

(аңыз әңгіме)

Бір адамның басынан мынандай оқиға өтіпті.Ол сол ауылдың ақсақалына жылап келіп,шағым айтады:

-Маған әрдайым көршілерім тиіседі,біздер ұрысып қала береміз. Көршілермен сөйлесуден қалдым.Мен әбден шаршап, өзіңізден ақыл-кеңес,көмек сұрап келіп отырмын.Не амал етсем екен?

Ақсақал ойланып отырып,келген адамға бірнеше сұрақ қояды.Содан соң бір құты су береді де:

-Осы су саған көмектесуі тиіс.Күнде көршілерің жұмыстан келген кезде осы суды ұрттап ал.Бірақ оны бірден жұтып жібермей,аузыңда біраз уақыт ұстауың керек,-дейді.

Арада бірталай уақыт өткенде,әлгі адам ақсақалға тағы жылап келеді.

-Сірә,суға бірдеңе қосып берген болсаңыз керек.Сіз берген судың көмегі тиген еді.Мен деген көршілеріммен жақсы қарым-қатынас орнатып қалған едім.Бәрі де жақсы болып келе жатыр еді.Менің көңілім көтеріліп,тыныштығым орнап қалған еді.Бірақ ол су таусылып қалды. Таусылғалы бері көршілерім баяғы «жырын»қайта бастады. Менің ішкі тыныштығым бұзылды.Сіздің көмегіңізсіз болмайтын болды,-деп тағы да су беруін сұрайды.Сонда ақсақал күліп:

-Айналайын,ол судың басқа ешқандай қасиеті жоқ,күнде өзің пайдаланып жүрген кәдімгі су.Оның саған көмегі-көршілерің жұмыстан шаршап келген кезде не болса соны айтуға аузыңның бос болмағаны, үндемей қарсы алуға мәжбүр болғаның.Ендеше өзіңді-өзің қолға алып, шыдам- дылыққа, сабырлылыққа үйренсең,өзіңді-өзің тізгіндей алсаң,бұл жағдайда саған басқаның көмегі керек еместігін түсінген шығарсың,-дейді.

Сұрақтар:

1. Ақсақал адамға қандай ақыл-кеңес берді?

2.Бала тыныштығын сақтау үшін не істеді?

3.Адамның жан дүниесінде ішкі тыныштық орнау үшін қандай қасиеттер қажет

5.Ақсақалды қандай көшбасшыға лайық деп санайсыңдар?

6.Өзің шынай көшбасшылық көрсеткен кезің болдыма?


  1. Шығармашылық, топтық жұмыс


1 топ: «Менің өмірімдегі шынай көшбасшы» тақырыбанда эссе жазу ұсынылады.

2 топ Ойы, сөзі, іс-әрекетінің бірлігімен үлгі болатын адам жайлы мысал келтіріңдер.

3 топ: Көшбасшыға тән қасиеттердің тізбесін жасаңдар?



  1. Топпен ән айту.

«Мейірімді болайықшы бауырлар»

Сөзі: Серік Қалиев
Әні: Құрмаш Маханов


Көктем етіп көркейтсе де маңайын,
Көріп жүрміз өкпешілдің талайын,
Өшігуді қояйықшы өзгеге,
Кешірімді болайықшы, ағайын!
Көк нөсерін көл етсе де жауындар,
Көк пен жерді сел етсе де дауылдар,
Пейілдерді пенделікпен тарылтпай,
Мейірімді болайықшы, бауырлар!
Болашаққа қол ұстасып барайық,
Ақиқаттың ауылын іздеп табайық,
Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз,
Кішіпейіл болайықшы, халайық!
Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп,
Сонда дағы бөлінумен шаршап ек,
Өзімізге қалайтұғын нәрсені,
Тілейікші өзгеге де болса деп.



  1. Үй тапсырмасы.

Оқулықтағы Ахмет Жұбановтың «Бір күйдің тарихы»122-123 бет, дәптермен жұмыс 3-тапсырма 85 бет


  1. Сабақтың қорытынды сәті.

Сабақтан алған жақсы әсерімізді жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық.  Жаман әдет пен қылықтардан тазарып, жаны таза, көңілі ақ рухани сезімдерге бай адам болайық.








Мұғалім С.З.Адиева



Директор А.А.Кусаинов

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 мамыр
868
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі