жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Адамзаттың Ұлы ұстазы-Әл-Фараби»
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шымкент қаласы
Қаратау ауданы
№32 Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі
«Адамзаттың Ұлы ұстазы-Әл-Фараби»
Орындаған:
тарих пәнінің мұғалімі:
Жанысбай А.Ж.
2019-2020 оқу жылы
Биыл елімізде Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аталып өтіледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қаулы қабылдап, мерейтойды дайындау және өткізу шараларын белгіледі.
Қазақ топырағынан шыққан ұлы данышпанның толық аты-жөні – Әбу Насыр Мұхамед ибн Мұхаммед ибн Тархан әл-Фараби. Әл –Фараби бабамыз 870жылы қазіргі Отырар деп аталатын Фараб қаласында дүниеге келіпті. Бұл қала арабтардың ықпалымен «Барба-Фараб» деп аталып кеткен. «Сол себепті әлемнің екінші ұстазы атанған ойшылды Әбу Насыр Әл –Фараб, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған» дейді зерттеушілер.
Тарихи деректерде Отырар қаласы ІХ ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы асс ірі мәдениет орталығы болған. Әл- Фараби дәулетті отбасынан шыққан. Әкесі әскербасы болатын. Ештеңеден кемдік көрмей өскен айырқша дарын иесі Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өскен. Алғашында Бұхарада, Самарқанда білім алады, одан кейін Хамадан, Бағдат, Шам, Каир, Дамаск, Александрия, Мәдина, Мекке қалаларында зерттеумен айналысқан. Ақыры Бағдатта тұрақтап қалады. Бұл жерде 20 жылдай тұрып, антикалық философиямен әлемдік мәдениетпен танысты. Содан кейін Шам жеріне саяхат жасап, білімін шыңдаған. Ғұлама ойшыл бар өмірін ғылым мен білімге арнады. Біздегі мәліметтерге сәйкес, ол 70-ке жуық тілді меңгерген- дейді профессор Жақыпбек Алтайұлы.
ӘЛ-Фараби осындай үлкен ізденістерінің арқасында Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанды. Яғни философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің «Категорялар», «Герменевтика», «Аналитика» секілді көптеген еңбектерін түсіндірген. Яғни грек тілініде ғана дамып жатқан ғылымның араб, парсы, түрік тілдерінде тәпсірін жасайды. Сонымен қатар Аристотельдің әлеуметтік- қоғамдық идеяларын түсінідіріп қана қоймай дамыта білген адам.
«Кемеңгерлік меруерті», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Мәселелердің түп мазмұны», «Ғалымдардың шығуы», «Бақытқа шығуы», «Бақытқа жету», «Азаматтық саясат», «Музыка туралы үлкен трактат» секілді көптеген философиялық еңбектер жазды. Жалпы саны 150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар жазып қалдырған.
«Қайырымды қала тұрғындары» атты атақты шығармасында ол қала басшыларын «қайырымды» және «надан» деп екіге бөледі. Әрі қарай «қала тұрғындары қай кезде бақытты болады?»деген мәселеге үңіледі. «Ғалымның пікірінше, бұл шаһардың әкімдеріне байланысты. Егер әкім білімді, әділ ойы таза болса, барлық қала тұрғыны бақытты болады. Әл-Фараби шын бақытқа жету үшін адам үнемі іздену керек дейді. Сондай-ақ адамның мінез-құлық да жақсы болуы керек»-дейді Жақыпбек Алтайұлы.
Ғұлама ғалым адамзат тарихында алғаш рет ғылымға классификация жасап оны теориялық ғылымдар және практикалық ғылымдар деп екі топқа бөлген. Оның алғашқысына жаратылыстану ғылымдары мен метафизиканы енгізсе, екінші тобына этика, фикһ, кәдәм (исламдағы өзекті тақырыптарын қамтыған ғылым саласы) ғылымдарын жатқызған. Нақтысын айтқанда, әл-Фарабидің еңбектері еуропалық Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал етті дейді ғалымдар.
Ғалымның бала шағы туралы тұщымды мақұлмат жоқ. Тек жасы елуден асқан шағында Бағдат шаһарына қоныс аударған кезінен бастап қана айтыла бастайды. Сондай-ақ, ұзақ жылдар бойы бабамыздың туған жері, ұлтына, тегіне қатысты қарама-қайшы пікірлер айтылып келді. Зерттеушілердің көбі Әбу Насырдың тегінде Тархан сөзіне қарап қана түркі текті деп болжам жасап жүрді. Махмұзд Қашқари өзінің «Диуани лұғат ат-түрк» атты әйгілі еңбегінде «Фараб қаласының түрікше атауы-Қарашоқы» деп жазды. Ал, арабтың Х ғасырда өмір сүрген әйгілі саяхатшы-географ ғалымы Әбул-Қасым ибн Хаукал өзінің «Саяхаттар мен мемлекеттер» деген еңбегінде «бұл шаһар-атақты философ- әл-Фарабидің туған жері» деп көрсетеді. Бірақ соған қарамастан оны «өзбек», «тәжік» деп ұлтынан деп дәлелдемек болғандар да бар. Алайда, Әбсаттар Дербісәлі, Ғафур, жоғарыда атап өткеніміздей Жақыпбек Алтайұлы сынды ғалымдар «бабамызыдың өмір сүрген заманында халықтар қазіргідей қазақ, өзбек, тәжік секілді жеке ұлт ретінде бөліне қойған жоқ, ол кісі түркі текті ойшыл болған. Яғни әл-Фараби бабамыз қазақ жерін мекендеген мекендеген түрік тайпасынан шыққан. Бұл тайпа кейін қазақ халқынның негізін құрады. Ақыры кеңес және араб ғалымдары арасындағы ұзақ уақыттарға созылған бұл дауға белгілі ғалым Ақжан әл-Машани нүкте қойды. Ғалымның табандылығы мен ғылыми ізденісінің арқасында әл-Фарабаидің қазақ жерінен шыққандығын бұлтартпас айғақтармен дәлелденді. Осылайша осыдан тура елу жыл бұрын әл-Фарабидің 1100 жылдық алғашқы мерейтойы Қазақ елінде аталып өтілді.
Жұрт арасында әл-Фараби айтыпты дейтін аңызәңгімелер мен ұлғатты сөздер өте көп. Белгілі зерттеуші Ақселеу Сейдімбек Әбу Насыр әл-Фарабидің нақыл сөздеррін айта кету керек. Енді осы еңбектегі Әл-Фараби айтыпты дейтін тәмсілдерге тоқатлып өтейік:
Бір күні әлде кім Әбу Насыр әл-Фарабиге тамаша болып піскен алманы көрсетіп, сауал қойыпты: «Осы алманың бітім-болмысындағы жақсы қасиет не? Түсі мен, шырыны ма, дәмі ме, әлде бітімі ме?» Сонда әл-Фараби: «Бәрінен де оның ұрығы тамаша. Өйткені, осы алманың өзі сол ұрықтан өсіп шыққан және одан бүкіл бақ жайқылып тұрады» –дейді.
Тарихшы Мұхамед Хусани ебегінде Фарби өміріне қатысты мынандай бір қызық жайды баяндайды. Әл-Фараби бірде Дамаскідегі (Сирия) шығыс базарын аралап келе жатып , терлеп-тепшіп етік тазалап отырған балағ көзі түседі, Балақан, осынша қиналып, маңдай теріңді төккенде күніне қанша дирхам (ақша) табасың?-дейді Фараби. Сонда бала: Екі-ақ дихрам, дейді мұңайып. Ұлы ғалым баланы аяп кетеді де, өзіне күн сайын Сайд ад-Даула жіберіп тұратын төрт дирхамды береді. Кейінірек сол бала Фарабидің ең жақсы шәкірттерінің бірі болған екен.
Әл-Фараби Бағадтқа келгенде оған Халифа Мұқтадид ибн-Музаффак әл-Биллах (892-902) былай деп сұрақ қояды.
-Осы сені оқудың түбіне жетіпті деп естідім, сонда сен көп білесің бе , әлде Аристотель көп біле ме? –дейді.
Сонда әл-Фараби:-Егер мен оның заманында өмір сүрген болсам, шүбәсіз оның үздік шәкірттерінің бірі болған болар едім-деп жауап берген екен.
Ғылымның мәні туралы әңгіме өрбіген бір отырыста әл-Фарабиге «Данышпан кім? Деген сұрақ қойылыпты. Сонда әл-Фараби:
-«Данышпан кім?» деген сұраққа мен алдындағы өмірін ұмытпаған кісі деп жауап берер едім. Менің алдым-тұңғиық. Бүгін халифаның қадірменді қонағы ретінде төредмін. Егер сынықтан сылтау шықса, ертең көрдемін ғой. Ғылым мен сопылық біріне бірі қарама-қарсы нәрсе. Ғылым –шындық, сопылық-сұмдық. Бұл-ақиқат-деген екен.
Бұл кез Бағдат халифасы Мұттақидан әл-Фарабидің зәбір көріп, қуғынға түсіп, бас сауғалап жүрген кезі болса керек.
Бірде әмір сарайында әкімдер,ғалымдар мен өнерсүйер қауымның бас қосуы болып жатады. Бұл қосу рәсімін ең құрметті орынға жайғасқан сұлтан Сейд әл-Дәулет басқарып отырса керек. Бір кезде хабаршы аяғының ұшымен басып жақындап келеді де, сарайға Мұхаммед әл-Фарабидің келіп тұрғанын хабарлайды.
-Есімі таныс қой, данышпанды кіргізіңдер!-деп әмір береді сұлтан. Әбу Насыр әл-Фараби залға тәжім етпестен кіргенде жиналған жұрт дағдарып қалады.
- Келіп отыруыңызды өтінемін,-дейді сұлтан.
-О, ұлы әмірші, қай жерге отырайын?-дейді әл-Фараби.
-Мұнда әркім өзіне лайық орынға отырады, деп тіл қатады сұлтан. Мұхаммед әл-Фараби сұлтанға жақындап келіп, оның әрірек ығысуын өтініпті. Әміршінің сақшылары тіксініп қалады. Сұлтан қонағына орнын босатып береді де, қызметшілерін тыныштандырып, сарайдың құпия тілінде былай дейді:
- Егер бұл шынымен –ақ ұлы ғұлама болса, кешірім жасайық. Олай болмай шықса жазасын тартады. Сабыр сақтаңдар! Сонда әл-Фараби жымиып күледі де:
-Сіз бұл құпия сарай тілін қайдан білесіз?-деп таңырқайды сұлтан.
-Мен жеті тіл білемін,-дейді Мұхаммед әл-Фараби. –О,сөздің қадірін білетін ұстазым, онда сөз басы сізде болсын, құлағым сізде!-деген екен сұлтан Сейд әл-Дәулет.
Туған жерден шалғайға жүріп, бар өмірін ғылым-білімге сарп еткен әл-Фараби қартайған шағында өз елінің керуен-кіре тартып жүрген адамдарын кездестіріп қаты толқиды.Ел-жұрттыңхал-жағдайын тәпіштеп сұрап, көңіл орнықтырған соң, қоштасарда өзінің жан серігі-«қыпшақ» деп аталатын домбырысының бетіне: «Айналайын атам қыпшақ, Туған жерім сағындым. Өз атыңа, үрметіңе Қайда жүрсем табындым! –деп жазып, туған жері мен еліне сәлемдеме белгі ретінде беріп жіберген екен дейді.
Қысқа мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Жанысбай Әмірхан Жанысбайулы |
|||||
Сынып: |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|||||
Сабақ тақырыбы: |
«Адамзаттың Ұлы ұстазы-Әл-Фараби» |
|||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
7.2.2.3- адамзаттың дамуындағы ғылым мен өнері мен әдебиетінің даму жолдарын анықтау. 7.2.3.3- Түркі халқының ұлы тұлғаларының ұлттымыз пен әлемнің мәдени мұраларындағы өшпес еңбектерін ұғындыру. |
|||||
Сабақ мақсаттары |
Ұлы Әбу Насыр әл-Фарабидің қазақ және әлем тарихында алар орнын зерттеу. |
|||||
Сабақтың түрі |
Жоспардан тыс. Аралас |
|||||
Бағалау критерийлері |
-Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірбаяны мен ғалымдыққа келу жолын пайымдайды. -Әбу Насырдың әл-Фарабидің өмір сүрген кезеңі мен қоғамдық ахуалды сараптайды. -Әбу Насыр әл-Фарабидің ғұламалық қызметтін талдайды. -Ұлттымыздың тарихында Ұлы әл-Фарабидің есімінің қалуынан қорытынды шығарады. |
|||||
Тілдік мақсаттар |
Бұл сабақ тілдік дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді: -Тыңдалым–видеоматериалды көріп болғаннан соң орындалатын тапсырма. -Оқылым –Мәтінмен және тарихи деректермен талдау жұмысы. -Жазылым –деңгейлік тапсырмаларды орындау кезіндегі жазба жұмыстар -Айтылым -топтық және жұптық талқылаулар арқылы мұғалімнің сұрақтарына жауап беру |
|||||
Бағалау критерийлері
|
Оқушылар: -Ұлы әл-Фарабидің өмір сүрген мерзімін, ақындық, ғұламалық еңбектерін ұғынады. -Ғибадатқа толы еңбектерінің құндылығы мен маңыздылығын, өмірге керектігін түсінеді. |
|||||
Құндылықтарды дарыту |
Басқа халықтардың тарихына құрметпен қарау. |
|||||
Пәнаралық байланыстар |
Қазақ әдебиеті, география, музыка |
|||||
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
|
Ол табысты болған жоқ, себебі.... Себептердің басқа да түрлері болды, мәселен мынандай..... |
|||||
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақтаны қолдану, презентациялар |
|||||
Бастапқы білім |
ХІХ ғасырдағы Қазақ мәдениетінің дамуын талдау. |
|||||
Сабақтың барысы |
||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы 3 минут
7 минут
|
І.Ұйымдасыру кезеңі: Сабаққа дайындалу. Оқушылармен сәлемдесу. «Асықтардағы жазылған сандар арқылы арқылы 3- топқа бөлінеді» Үй тапсырмасын тексеру. |
АКТ. Оқулық. Маркер, стикер.
|
||||
Сабақтың ортасы
10 минут
|
Адамзат қоғамындағы ахуалы мен ауыз әдебиетінің дамуы мен туралы айта отырып, алдыңғы білімді толықтырып, қорытынды жасайды. Мұғалім оқушыларды Әбу Насыр әл-Фарабидің портретіне назар аудартады.
Интернет ресурстармен жұмыс: Оқушылардың назарына бейне баян ұсынылады. Интернет ресурстармен жұмыс: Оқушылар цитатаны талқылайды, Әл-Фараби туралы өздерінің жорамалдарын айтады, |
презентация слайд 1
|
||||
Негізгі бөлім 10 минут |
Оқушылар келесі сұрақтар аясында зерттеу жұмысын жүргізеді: Постер қорғау әдісі жүргізіледі. 1-топқа.Әл-Фарабидің өмірі мен отбасы туралы түсіндіру. 2-топқа. Білім ізденіп ел аралауымен, ғалымдар мен араласуы, ойшылдық қабілетім мен білім және адамгершілікке шақыру пікірлерін баяндау. 3-топқа. Ұлы Әбу Насыр әл-Фарабидің қызметі мен қазақ тарихында алар орнын талдау. Оқушылар:Ұлы Әл-Фарабидің шығу тегі мен білім алуы, қоғамда жасаған еңбек жолдарын, аянышты өмір жолымен танысады, отбасының тарихын талдайды. Оқушылар:Ұлы Әбу Насыр әл-Фарабидің көзқарасының қалыптасуы мен ақындық әрі қазақты еңбек пен адамгершілікке шақырған үндеулерін сараптайды.Ұлттының өзге ұлттан кем болмауы үшін оқу –білімге ұмтылуын қалағандығын түсіндіреді. Оқушылар:Аудармашылық қызметі мен Хакім ғұламаның қазақ және әлем тарихында алар орнын анықтайды. |
|
||||
Сергіту сәті 3 минут |
Ғылым мен білім туралы мақал айту. |
|
||||
Сабақтың соңы 7минут |
Рефлексия: Оқушылар стикерлерге сабақ туралы өз пікірлерін жазады. Үйге тапсырма: Ұлы Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектері жөнінде дәптерге жазу. |
|
||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
||||
Жұптық жұмыс:, мықты оқушылар әлсіз оқушыларға қолдау көрсетеді, үлгерімі әлсіз оқушылар мұғалім тарапынан қолдау алады |
Бағалау критерийлері, Бақылау, оқушылардың пікірі. |
Кабинет қауіпсіздіктің барлық қағидаларына сай жабдықталған, оқушылардың партада дұрыс отыруын қадалағалау
|
||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
|
|||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:. 2: 3: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген