"Адасқан құмырсқа" ертегісі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Адасқан құмырсқа" ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
балалардың сахналау білуге үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 10.10.2018 ж

Тәрбиеші: Сеилова А.А

Білім беру саласы: Коммуникация

Пән: Драма

Өтпелі тақырып: «Менің көшем»

Топ: Ересек топ

Тақырып: «Адасқан құмырсқа» ертегісі

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Таныс сюжеттер бойынша ертегілерді драмалау, достық қарым-қатынас және өзара көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру.

Оқыту: Таныс сюжеттер бойынша ертегілерді драмалау, достық қарым-қатынас және өзара көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру

Педогогикалық технологиялар: сұрақ-жауап,әңгімелеу,драмалау

Ресурстармен қамтамасыз ету: үстел-үсті театры,суреттер

Билингвалдық компонент: құмырсқа- муравей

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Ұйымдастырушылық кезеңі:

Шаттық шеңбері: -Балалар қазір жылдың қандай мезгілі?-Күз айларын атаңдаршы балалар?-Күзде жердің беті қандай күйде болады?-Күздің тағы қандай ерекшеліктерін білесіңдер ,балалар?-Далаға,көшеге шыққан кезде нелерді байқайсыңдар?-Жоғарыдан нелерді көресіңдер,ал төменнен нелерді,кімдерді байқайсыңдар?-Аспаннан құстардың ұшқанын, жерденадамдар,жануарлар,жәндіктерді көреміз.-Бұлар табиғаттың бізге берген сыйы, екен балалар.-Ендеше, мен сіздерге жұмбақ жасырғым келеді,жұмбақ тың жауабын кім тез табады балалар?

Жұмбақ жасыру.2.Қиналып көтеріп,өзінен ауырды.

Жорғалап кетеді,жүкшідей кәдімгі.

Негізгі бөлім: -Балалар,бүгін біз «Адасқан құмырсқа» ертегісіментанысамыз.Ертегіні мәнерлеп, нақышына келтіріп оқып беру.

Баяғыда бір құмырсқа өзінің бауырластарына өкпелеп,өз илеуінде тобынан бөлініп, сол маңдағы ара, қоңыз секілді жәндіктермен дос болыпты. 
Жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алыпты. Жалғыз өзі әрі-бері әуреленіп, дәнді орнынан қозғалта алмапты. Сонан соң көмек сұрау үшін әлгі қанатты достарын іздейді.Бір уақытта гүлден-гүлге қонып, шырын жинап жүрген араға жолығады– Досым, бір дәнтауып алып едім, жалғыз өзім көтере алмағаным. Маған көмектесіп жіберші, – деп өтінеді
– Көрмей тұрсың ба, мен де жұмыс істеп жатырмын ғой, – деп, ара көнбей қойыпты. Солайы солай ғой, мейлі деп, құмырсқа әрі жүріп кетіпті. Ол енді қоңызды тауып алады.Ол мән-жайды айтып, көмек сұрапты.– Сен үшін өз еңбегімді еш қыла алмаймын, – деп, қоңыз ызыңдап ұшып кете барады.Достарынан күдер үзген құмырсқа мұңайып қайтып келе жатады. Жолда өзінің илеулестерімен ұшырасып қалады. Олар мұның түрін көріп:– Не істеп жүрсің? – деп, жөнін сұрайды.Жалғыз құмырсқа өзінің басынан кешкенін айтып береді.
– Жалғыздық деген сол, – деп, илеулестері жұбатады да құмырсқаның дәнін көтерісіп, әрі алып кетеді. Құмырсқа үйіріне қайта қосылады.«Жаңа достың қадірі ескі досқа жетпейді» деген екен сонда бір кәрі құмырсқа.

Қорытынды:

Сұрақ-жауап-Ертегі қалай аталады?-Құмырсқаға бал ара мен қоңыз көмек көрсетті ме?-Құмырсқа қандай жәндік?-Көрдіңдер ме,балалар,құмырсқаның өз илеуіндегі достары бір-біріне көмек көрсетіп,осындай ауыр сәтте қиындықты бірге жеңіп шықты.Ендеше сендер де, балалар,бір-бірлеріңе мейірімді,қайырымды болып өсулерің керек.
Дид-қ ойын:«Құмырсқаның илеуіне жолды тап»Қортындылау.* «Жолдасы көптің,олжасы көп”* “Әрқашан тілектес,досыңа көмектес” деген мақал осыдан қалған екен балалар.Балалардың жауаптарына баға беріп,мақтап,мадақтау.Балаларға жұлдызшалар тарату.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
1142
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі