400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Адастырушы діни ағымдар

Материал туралы қысқаша түсінік
студенттерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Т.Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық – техникалық колледжі











Адастырушы діни ағымдар

















Орындаған: Аманқұлова Арайлым Асқарқызы





2019ж

АДАСТЫРУШЫ ДІНИ АҒЫМДАР

Жүргізуші: Құрметті студенттер, оқытушылар, бүгінгі шарамыздың қонақтары «Адастырушы діни ағымдар» атты ұйымдастырылып отырған шарамызға қош келдіңіздер! Осы шарамызға арнайы шақыртылып отырған Жылой аудандық мешіттің имамы ... және дін қызметкері ... келіп отыр.

Шарамыздың мақсаты: Қазіргі кезде қоғамымызды, адам санасын улап жатқан діни ағымдардың саны уақыт өткен сайын көбейіп барады. Олардың қаншама біз білмейтін түрлері бар. Сонымен қатар оның адам санасына, өміріне деген қаншалықты зиян келтіріп жатқанын көптеп естіп жүрміз. Міне осы діни ағымдар туралы студенттерге мәлімет бере отырып, біздің мұсылман дінімізде оларды қолданудың, қабылдаудың зияны мен күнәсі көрсетілген. Осы адастырушы діни ағымдар туралы студенттерге мәлімет беру, олардан аулақ болуды түсіндіру. Білімдік - рухани адамгершілік құндылықтарды зерделей отырып теріс ағымдарға бағытталған қөзқарастардан бас тартуға, өзіндік дұрыс бағдарын таңдауға ықпал жасау.

I. Діни ағымдардың тыныс тіршілігінен бейнебаян тамашалайық.

Ендігі сөз кезегін аудандық мешіттен келген қонағымыз дін қызметкері .... сөз берейік.



ІІ. Өзге елден келген теріс жолды насихаттаушылар елімізде көбеюде. Ұлтымыздың салт - дәстүріне қарама - қайшы пікірлер айтылады. Ислам дінін жамылып ислам құндылықтарын жоққа шығарып шет елден келген секта, миссионерлері өздерінің қара ойларын іске асыруда. Олардың саны өкінішке қарай көбеюде. Олар жастар мен мектеп жасындағы балаларды теріс бағытқа тәрбиелеуде. Исламдағы теріс діни ағымдардың кесірінен қасиетті Ислам дінінің қазіргі заманда экстремизм, террор діні саналуы қынжылтады.Қазіргі жастар арасындағы еліктеушілік пен жауапкершілік туралы пікірталас. Осы жөнінде студенттеріміздің пікірлерін тыңдайық.

Пікірталасқа талқылауға ұсынылатын сұрақтар:

1. Ислам дінінің Қазақ еліндегі дәрежесі

2. Жастар арасындағы ислам дініне деген көзқарастар

3. (Паранжа) Орамал тартқан жас қыздарға деген көзқарасыңыз қандай?

4.Діни ағымдар деген не?

5. Біздің елімізде қандай ағымдар кездеседі?

6. Теріс ағымдарға заң не дейді?

7.Ағымдар туралы Ислам не дейді?

Құқықтану мамандығының 1 курс студенті Қылышбаева Перизат:

- Қанша жаста намаз оқу керек?

- Әйел адам намазды мешітке барып оқима?

Сәдуақасов Абылайхан:

-Пірге табыну туралы

Бастауыш білім беру мамандығының 2 курс студенті Сагидуллаева Қызжібек:

-Жаңа жыл тойлау харам деген ой қалай?



бейнебаян



Ү. Қорытындылау.

- Колледжіміздің басшысына Мадина Сабыржанқызына сөз берсек

- Колледжіміздің оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлзия Закарияқызы

- Колледжіміздің психологі Гүлзаря Марксқызына



Бүгінгі «Адастырушы діни ағымдар» атты пікіралысу шарамызды  Елбасымыздың сөзімен қорытындылағым келіп отыр.
Н. Ә. Назарбаев: « Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін - ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал» Қазір кейбір сыртқы күштер жастарымызды ислам дінінің хақ жолынан адастырып, теріс бағытқа тартуға тырысады. Мұндай ұлттың табиғатымызға жат келеңсіздіктерден бойымызды аулақ ұстауымыз керек.

Еліміз аман ,жұртымыз тыныш болсын,дінімізге берік болайық ағайын!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
23.03.2019
1347
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі