Тақырыбы:
Дархан
халықтың дара
Абайы.
Сабақтың
мақсаты:
1.
Қазақтың ұлы ақыны Абайдың киелі есімін
артына қалдырған мағыналы, рухы биік
мәртебесін жоғары ұстап, асыл қасиеттерін
бала бойына сіңіру. Балаларға Абай
Құнанбайұлы туралы өз беттерімен
ізденуге, зерттеу әрекеттерін енгізуге
міндеттеу.
2.
Балалардың шығармашылық пен ойлау
қабілеттерін, санаткерлік пен жалпы
даму көрсеткіші негізінде тілін дамыту.
3.
Балаларды Абай өлеңін басшылыққа ала
отырып, отансүйгіштікке, адамгершілікке
дағдыландырып, қоршаған ортаны қадірлей
білуге тәрбиелеу.
4.
Сөз қорын кеңейту, жаңа сөздермен жұмыс
жасап тіл түзету жұмыстарын үйрету.
Әдісі:
Әдеби кеш.
Көрнекілігі:
Үш
бидің суреті.
Сабақтың
барысы:
Ұйымдастыру
Тәрбиеші:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, балалар
қауымы. Бүгінгі кемеңгер ойшыл, кемеңгер
ақын Абай атамызға арналып отырған
әдеби кешке қош келдіңіздер.
Көп
адам дүниеге бой алдырған,
Бой
алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді
деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын
артына сөз қалдырған, - деп төрелігін
өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен
де, жалынды жырымен де бізбен бірге жол
алып келеді.
Абай
ізінің кіршіксіз ақ жүрегін тербеткен
сансыз ойларын тамаша шығармалары мен
жалынды жырларының бетінен әр жолынан,
әрбір сөзінен бізге соншама ыстық,
соншама жарқын леп еседі.
Ол
өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің
соққан тынысы болса да бізге түсінікті,
жүрегімізге қонымды Абай – лебі, Абай
– үні, ана тынысы – заман тынысы, халық
үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды
жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.
Соның
бір дәлелі бүгінгі озыдырылып отырған
мынау кешті атауға болады. Енді осы
байқау кештің кезеңдерімен таныстырсам
деймін.
І-кезең:
«Кемел ақын, кемеңгер ойшыл» (буклет
немесе газет қорғау)
ІІ-кезең: «Өлең
сөздің патшасы ...» (мәнерлеп оқу)
ІІІ-кезең:
«Абай жаққан бір сәуле сөнбеу
үшін...»
ІҮ-кезең: «Әннің де естісі
бар, есері бар» (бір әнін орындау)
Байқау
кезеңдерімен танысып болсақ, осы сайыста
әділ бағасын беріп отыратын
әділқазыларымызбен таныс болсақ.
Ендеше
сайысымызды бастамас бұрын барлығымыз
экранға көз салсақ. Бастау ретінде слайд
арқылы Абай мұражайынан алынған кейбір
суреттерді сіздердің назарларыңызға
ұсынсақ дейміз.
Жүрегімнің
түбіне терең бойла,
Мен
бір жұмбақ адаммын оны да ойла
Соқтықпалы,
соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен
жалғыз алыстым, кінә қойма, - өсер ұрпақ,
келер дәурен, туар тарих қауымына өзін
осылай арнаған қазақ халқының ұлы ақыны
Абай Құнанбайұлының соқтықпалы, соқпақсыз
өмірінің бір сәтін жүрегімізбен тыңдап,
ғибрәтланып, тұшына білсек дейміз. Яғни
бірінші кезеңіміз «Кемел ақын, кемеңгер
ойшыл» тақырыбында өрбімек. Шарты
бойынша әр сынып оқушылары өз қолдарымен
жазған буклет немесе газеттерін қорғауы
қажет.
І-кезең:
«Кемел ақын, кемеңгер ойшыл»
Тәрбиеші:
Өлең
- сөздің патшасы, сөз сарасы.
Қиыннан
қиыстырар ер данасы,
Тілге жеңіл,
жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс
жұмыр келсін айналасы – деп жырлаған
Абай атамыздың терең сырлы, ойлы поэзиясы
мен тағылымды қара сөздері бүкіл әлемді
таң қалдырды.
Екінші кезең «Өлең
сөздің патшасы, сөз сарасы» деп аталады.
Мұнда әр сайыскер өзінің мәнерлеп,
мақамдап оқу шеберлігін таныта білуі
керек.
ІІ-кезең:
«Өлең сөздің патшасы...»
Тәрбиеші:
Абай өз заманындағы жас ұрпаққа, көңілі
ойлы, білім терең адамдарға үміт артып,
өзінің қалаған мақсат-мұратыңа тартуға
ұмтылды.
Абай
жаққан бір сәуле сөнбеу үшін,
Қоламтаны
үрледім сөнбесін деп,
Алудамыз
Абайдан үлгі - өнеге,
Бүгінгі
ұрпақ тұрмыз ғой бір кемеде. Келесі
кезеңде әр класс «Абай жолы» эпопеясы
бойынша және Абай поэмалары бойынша
дайындаған көріністерін ортаға салмақ.
Әр көріністің мазмұнына, кейіпкердің
мінез-құлқына сай ойнай білу шеберлігіне
назар аударылады.
ІІІ-кезең:
«Абай жаққан бір сәуле сөнбеу
үшін...»
Тәрбиеші:
Әннің
де естісі бар, есері бар.
Тыңдаушының
құлағын кесері бар,
Ақылдының сөзіндей
ойлы - күйлі.
Тыңдағанда
көңілдің өсері бар, - деп жырлаған Абайдың
өлеңге, әнге қояр талабы мен талғамы
өте жоғары болды.
Құлақтан
кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті
күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді
сүйсең менше сүй. Келесі кезең «Әннің
де естісі бар, есері бар», – деп аталады.
Бұл кезеңде Абай әндерін орындау керек.
ІҮ-кезең:
«Әннің де естісі бар, есері бар»
Қорытынды.
Қорытындысы
шығарылып, жеңімпаздар анықталады.
Тәрбиеші:
Мен
жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ -
барды ертегіні термек үшін.
Көкірегі
сезімді, тілі орамды,
Жаздым
үлгі жастарға бермек үшін – деп өзі
айтқандай біз үшін Абайдың әрбір өлең
жолы, қара сөздері үлгі-өнеге, тәрбие.
Абай
- әлемі ұлы қазына, біз тек ақын өлеңдерінің
аз ғана бөлігін қамтуға мүмкіндік алдық.
Бүгін ХХІ ғасырдың басында біз Абайдың
шығармашылығынан қазаққа қажет
руханилықты табамыз. Бізден кейінгілер
де өздеріне қажетін табатыны сөзсіз.
Себебі Абай – адамзат ақылманы.
Қатысушылар мен көрермендерге өз
алғысымызды білдіре отырып, біз сіздермен
қоштасамыз.
Қош
сау
болыңыздар.