Материалдар / Әдеби-сазды кеш
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әдеби-сазды кеш

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, әндері мен поэмаларымен танысу. М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қазан 2018
902
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

« Бекітемін»

мектеп директоры----------

И.И.Катубаев


Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби- сазды кеш «Есіңе мені,алғайсың»

Кештің мақсаты:

Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, әндері мен поэмаларымен танысу.

М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

1 жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Қазақ поэзиясының Хантәңірі- Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған «Есіңе мені,алғайсың» атты әдеби-жыр кешімізге қош келдіңіздер!
Қуат алып Абайдың тіл күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден, – деп жырлаған ақын биыл тірі болса ақпан айының тоғызында 87 жасқа толар еді.

 2-жүргізуші: Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық-шынымен бақытты халық.

1-жүргізуші: Иә, Мұқағали- ғажайып, ақиық, сыршыл ақын. Ол-бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дауыстардан толы алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.

Өлең. «Арыз жазып кетейін»

2-жүргізуші:

Аламан бәйгеге оза шауып, өлең-жырда шамасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек, біріміз білмейміз. Олай болса, қыран тағдырлы ақын Мұқағали ағаның өмір жолынан деректерге назар аударайық.

/Интерактивті тақтадан Мұқағали Мақатаев туралы бейнеролик жүреді/

өлеңдеріне берейік.       

1.Толыбай Н. «Ей,өмір»

2.Толыбай А. «Отан» 

3.Қуаныш Н. «Әке»

Ән «Айтатын саған сырым бұл» 

Орындайтын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дамба Бейбітгүл

8 «А» сынып оқушысы Мусаева Гульфайруз

1-жүргізуші: «Аққу-киелі құс».Олар екеу болып қана өмір сүреді.Аққуды қазақ ежелден қастерлеп,бақыттың бастамасы,жақсылықтың жаршысы,пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп ұғады.Киелі, құс төресі деп санап оған ешқашан оқ атпайды.Оған дәлел ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы. 
2-жүргізуші: 
Аттанып бара жатыр аққу-қаздар, 
Қош енді,қош болыңдар гәкку-наздар! 
Кеудемде күңіренген дастан қалды, 
Киелі қанатымен аққу жазған. 
8 «А»сынып оқушылары «Аққулар ұйықтағанда» көрінісі 

 

1-жүргізуші: 
Ақынның өлеңдерінде ән жазылып, қазіргі эстрадада қалықтаған ән жұртының жүрегін жаулап алған. 
Ендеше әнге кезек берейік. 

1.«Көнеміз ғой» Орындайтын бастауыш сынып мұғалімі Смайлова Жұлдыз

2 «А» сынып оқушысы Толыбай Нурбек

2. «Сен көріктісін» Орындайтын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Салимбаева Аяла

2-жүргізуші

Отан!!
Отан!
Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен кетер ем.
Жалғыз Отан – мекенім
, – деп тайға таңба басқандай жазып кеткен ойлары, бүгінгі, болашақ ұрпақтың бәріне айтылған ақыл-өсиет. Бұл сөздерді әрбір қазақ жүрегіне үкі етіп тақса да артық етпейді. Отанды сүюдің, оған құлай берілудің – асқақ үлгісі бұл.
Ендеше ақынның Отанына, туған жері Қарасазға, қазақ еліне арнаған өлеңдеріне кезек берелік.

 1.Реймбаева Арайлым

2.Востров Николай

3.Юсуп Рамиля

4.Тельменбаева Алия

2-жүргізуші:

«Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе,
Неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім,» – деп жырлаған Мұқағали ақын шындығында да поэзиямен егіз дүниеге келген сияқты.
1-жүргізуші: Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр. 
Мұқаңның 35 мың жолға жуық өлеңі поэзия сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын жырына жырына айналды. Ақын өлеңдеріне 100-ден астам әндер жазылды. .

 Ән «Сарыжайлау»

 1-жүргізуші: Мұқағали мұрасы, маржан поэзия – мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін мұрасы. 
Халық көңілін сусындатқан, ақын өлеңдерінің көпшілігі өмір туралы, тірршілікке тірек боларлық өмір шырағын, өмір жұпарын жыр етеді. 
2-жүргізуші: 
Өмір дегенге 
Тірлікте сірә жетер ме ой!
Жарық сәуледен 
Басқаның бәрі бекер ғой, 
Бекер ғой бәрі, бөтен ғой, 
Өмір дегенің бір күндік сәуле екен ғой!

Біз, тірілер, ол туралы көрген білгенімізді айта береміз.Бірде асырып, бірде жасырып, бірде жеткізбей, бірде жеткізіп айтамыз. Мұқағали ағаның есімі аңызға айналды. Ол есімді аңызға айналдырып тұрған – жап-жарық, сәулетті де дәулетті жырлары. Ақынның өз үніне құлақ асайық:

Видеоролик: «Пай,пай өмір»

1-жүргізуші: Иә, ұлы ақынның сезімінде, туған еліне деген махаббатында шек бар ма?! Ендеше Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Есіңе мені алғайсың» әніне кезек берейік. 

Орындайтын

2-жүргізуші: Табиғатында адамға жаманшылығы жоқ, жаны жуас, жомарт, өзін басқаның бәрінен кіші санайтын ақын көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлең құмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек.

 Ән «Есіңе мені алғайсың»

 

1-жүргізуші: Өлең өнер, өлең дерт, оны туа біткен дарын иесі, шын талант қана өмірге әкеледі. Ақын әкелген әрбір сөз жүректерге ән болып, әуен болып жетіп жатыр. Оның әндері-таңғы шықтай мөлдір, сырлы әуенді. Ендеше, ақын ағаның жолын қуып, қауырсын жырларымен шашу шашсын деген ниетте кезекті оқушыларға береміз.

 

2 – жүргізуші: Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік болашақ  ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы.
Олай болса, 
жас ұрпақтың «Мұқағали» есіміне арнаған лебізі.

/оқушылар әріптер алып шығады/
М–Мұқағалидың
Ұ–ұрпаққа
Қ–қалдырған
А–аманатын
Ғ–ғасырлар
А–арнасына
Л–лайық деп
И–иіліп , бас иеміз. –барлығы бірге.
Рахмет!.

1-жүргізуші: Айтылмаған Мұқаңда арман бар ма?

Әр әні толы ғой армандарға

Шерте білген мұңдарын жас қайынға

Дәл Мұқандай қазақта ақын бар ма?

2-жүргізуші: Міне, бүгінгі кешке қатысқан тыңдарман қауым, Мұқағалидың сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болдыңыздар  деп ойлаймыз.

1-жүргізуші: Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт иелігіне асыратын XXI ғасырдың жастары-сендерсіңдер!

2-жүргізуші: «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали-мәңгілік өмір!

1-жүргізуші: Сонымен, ақиық ақын Мұқағалиға арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-жыр кешіміз аяқталды.

2-жүргізуші: Келесі көріскенше амандықта болайық.












«Төле би атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Мұқағали Мақатаевқа арналған «Есіңе мені,алғайсың» әдеби- сазды кешіне мәлімет:

2018 жылдың ақпан айының 9-нда мектепішілік жоспарына сәйкес мектебімізде Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай «Есіңе мені,алғайсың» атты әдеби- сазды кеші өткізілді.

Іс-шараның мақсаты

Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, әндері мен поэмаларымен танысу.

М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Мұқағали мұрасын ұлықтап, жырларын жүрегімен сезіп, нақышына келтіре оқи білген оқушыларды атап кетсек:

 2-сынып оқушысы Толыбай Нүрбек «Ей,өмір» өлеңін

5-сынып оқушысы Толыбай Аружан  «Отан» өлеңін

5- сынып оқушысы Орманғали Оразғали «арыз жазып кетейін» өлеңін

8-сынып оқушысы Рейімбаева Арайлым «Қара өлеңің»,

6 «А» сынып оқушысы Телменбаева Алия «Қайырлы таң» өлеңін

7 «а» сынып оқушылары өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Кеште  ақынның сөзіне жазылған әндер де орындалды. 

Кітапхана тарапынан «Мұқағали – мәңгілік жыр» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар  «Жазылар естеліктер мен туралы» тақырыбында қабырға газеттері өзіндік талаптарға сай, мәні мен мағынасы жағынан ерекшеленіп тұрды. Онда ақиық ақын М.Мақатаев туралы  мәлімет жинақталды.    
М.Мақатаевтың туылған күніне арналған «Есіңе мені,алғайсың»әдеби- сазды кешін ақынның «Арыз жазып кетейін» өлеңімен 5 сынып оқушысы Орманғали Оразғали бастады.Кештің жүргізушілері мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Дамба Б мен Ильясова С. жүргізді. Ақынның өмірі мен шығармашылығынан бейнеролик көрсетілді. «Аққу-киелі құс».Олар екеу болып қана өмір сүреді.Аққуды қазақ ежелден қастерлеп,бақыттың бастамасы,жақсылықтың жаршысы,пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп ұғады.Киелі, құс төресі деп санап оған ешқашан оқ атпайды.Оған дәлел ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан 8 «а» сынып оқушылары көрінісін көрсетті.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Э.Ж.Асабаева ұйымдастыруымен болған бұл іс-шара өз дәрежесінде өтті.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!